Бағалық қағаздар нарығының инвесторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.
Екінші тарауда, ақша-несие саясатының негізгі құралдары талдауға түседі. Яғни, пайыз саясаты,міндетті резервтер, несиелік операциялар, ашық нарықтағы операциялар жайлы айтылады. Осы бөлімде ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысы көрсетіледі.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатының құралдары көрсетіледі. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға беріледі, экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар.11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығының инвесторлары.doc

— 170.50 Кб (Скачать)

     Қор биржасы листингтік компанияның  алдында бағалы қағаздармен сауданы күнделікті жүргізуге жағдай жасау және бұқаралық ақпарат құралдарына сауда қорытындыларын хабарлау сияқты міндеттер жүктелді.

     Листингпен қатар қор биржа  делистинг процедурасын атқарады. Делистинг – бұл қор биржа  айналысынан белгілі бір себептермен бағалы қағаздарды шығару операциясы. Делистингті келесідей жағдайларда жүргізеді:

  • эмитенттің өтініші бойынша;
  • эмитент қызметінің тоқтатылуы;
  • листингтік компанияның листинг талаптарынан ауытқуы, сай келмеуі
  • толық емес немесе жалған мәліметтерді беруі.

     Қор нарығының даму деңгейіне,  айналыстағы бағалы қағаздар  санына, сатып алуға, сатуға түскен  тапсырыстардың көлеміне, сауда  қатысушыларға байланысты бағалы  қағаздармен (немесе аукцион)  әр түрлі тәсілдері қолданылады.  Бағалы қағаздармен сауданың ұйымдастырылуы негізгі 2 тәсілі бар, ал олардың өзі бірнеше түрлерге жіктеледі.

                                                 Аукцион жіктелімі

      Жай аукцион  Қос аукцион 
      Ағылшын Онкольді
      Голландиялық  
      Үздіксіз
      Сырттай немесе жабық
 
 

     Жаңадан пайда болған, нарықта сатып алушылар мен сатушылар саны аз кезінде, сондай-ақ , бағалы қағаздар көлемі аз кезінде жай аукционның түрлері қолдануы мүмкін. Ал, дамыған қор нарықтарды бағалы қағаздармен сауда қос аукцион түрлері қолданылады.

     Ағылшын аукционында нарықта бағалы қағаздарды сатуға ұсынылатын сатушылардың шектелген санының болуы және бір-бірімен бәсекелес сатып алушылар тарапынан жоғары сұраныстың болуы сипат алады. Сатушылар бағалы қағаздың бастапқы бағасын белгілей отырып, қаржылық активтерді өткізуге ұсынады. Мұнда бастапқы баға активтің ең төменгі бағасы ретінде танылады. Сауда кезінде бағалы қағаздың бағасы жоғарылайды және сәйкесінше нарықтық бағасы қалыптасады. Ең жоғары бағаны ұсынған соңғы сатып алушы бағалы қағазды сатып алады.Мұндай аукционды сатушының аукционы деп те атайды.

     Голландиялық аукцион кезінде  нарықта сатушылар саны көп,  ал сатып алушылар саны шектелген.  Сатушылар қаржылық активті сату  кезінде бастапқы баға және  төменгі шекті баға бекітіледі. Сауда кезінде бастапқы баға төмендейді. Шекті бағадан төмен емес бағаға келіскен бірінші сатып алушыға бағалы қағаз сатылады.Мұндай аукциондф сатып алушының аукционы деп те атайды.

     Сырттай аукцион кезінде сатушы  бағалы қағаздардың бедгілі бір  санын бекітілген уақытта сататыны туралы жариялайды. Сатып алушылар бұл активті сатып алуға өтініш жібереді. Өтініште олар бағаны өздері қояды. Әрбір сатып алушының жіберген өтініші басқаларға жарияланбайды. Аукцион жүргізілу кезінде өтініштер  жинақталады және ең жоғары бағаны көрсеткен сатып алушыға бағалы қағаз сатылады.

     Қос аукцион кезінде бәсекелестік  сатушылар тарапынан да, сатып  алушылар тарапынан да сипат  тарапынан да сипат алады. Онкольдық  аукцион кезінде сатып алуға  және сатуға өтініштер жинақталады  және белгілі бір уақытта өтініштер сәйкестендіріледі, мәміле жасалады. Онкольдық аукционның үзіліссіз аукционнан ерекшелігі – бұл мәмілелер арасында бірқатар уақыт алшақтары бар. Үзілісссіз аукцион кезінде бағалы қағаздармен күніне мыңдаған мәмілелер жүргізіледі.

     Аукционды жүргіуіне қарай келесідей формалары қолданылады:

  • ауызша;
  • ауызша, жазбаша;
  • жазбаша.

     Аукционды жүргізу кезінде биржалық  табло, кітаптық , компьютерлік жазулар,  жест қолданылады. 
 

         2.2 Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары    

     Барлық мемлекеттерде дерлік Үкімет тарапынан бағалы қағаздар нарығының айналысы бойынша сұрақтар маңызды орынды алады. Себебі, бағалы қағаздар механизмі апқылы қаржы қорларының қалыптасуы мен оның бөлінуі сипат алады. Қорлардың бөлінуі бір саладан екінші салаға, жеке аядан мемлекеттік аяға, бір компаниядан екінші ресурстарға деген қажеттілігі бар қатысушыға аударылатын ерекше механизм деп айтуға болады.

     Бағалы қағаздар нарығы ерекше  механизм бола отырып, өзінің  күрделілігімен сипат алады. Қандай  да болмасын нарыққа тән сияқты өзінің объектілерінен, қатысушылардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары – бұл нарықтағы бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, сонымен қатар нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бір-бірімен байланысты өндірістік, қаржылық институттар жиынтығы деп тұжырымдауға болады. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына эмитентті, инвесторларды және бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жатқызыамыз. Эмитент – бұл бағалы қағаздардышығару арқылы қаржыресурстарына қажеттілік танытқан өндірістік, қаржылық ұйым. Ал, инвестор белгілі бір тәуекелге бара отырып, қаржы қорларын беруді ұйғаратын өндірістік, қаржылық ұйым немесе жеке тұлға.

     Бағалы қағаздар нарығының негізгі  қатысушыларына келесілерді жатқызамыз:

  1. эмитент ретінде (кәсіпорындар, қаржылық ұйымдар, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар);
  2. инвесторлар – жеке және институционалды инвесторлар. Жеке инвесторлар деп өз қаражаттары есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын жеке заңды тұлғалар. Ал, институционалды инвесторлар тек тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын заңды тұлғалар;
  3. сауданы ұйымдастырушылар (қор биржа және биржадан тыс баға кесу ұйымдары);
  4. кәсіби қатысушылар

     Мұнда кәсіби қатысушылар мен  сауданы ұйымдастырушылар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы деп атайды және олардың мақсаты бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

     ҚР кәсіби қатысушылардың келесідей  түрлері бекітілген: брокерлік, дилерлік, депозитарлық, кастодиандық, зейнетақы активтерін басқару қызметі, кастодиандық, зейнетақы активтерін басқару қызметі, инвестициялық портфельді басқару қызметі, клирингтік қызмет,  бағалы қағаз ұстаушылар тізімін жүргізу қызметі (немесе тіркеушілік қызмет) және трансфер агеттік қызмет.

     Брокер – бұл клиент есебінен  және оның атынан бағалы қағаздармен  мәиіле жүргізетін делдал. Дилер  – керісінше өз атынан және  өз есебінен бағалы қағаздармен  мәміле жүргізетін қатысушы. ҚР-да  бұл қызметтер қосарланалды және  сәйкесінше лицензия түрлері бар: 1-ші санатты брокер-дилер, 2-ші санатты брокер-дилер. Айырмашылығы – 1-ші санатты брокер-дилер бірқатар артықшылықтарға ие. Мысалға мәмілені тіркеу бойынша. Брокерлі-дилерлік лицензияны банктік және банктік емес ұйыьдар ала алады. Тек оларға алғашқы нарықтарда шектеулер қояды.

     Банктік типтегі брокер компанияның  алғашқы эмиссиясын шығару ға, орналастыруға құқы жоқ . Яғни  андеррайтер қызметін атқара  алмайды. Ал, бірақ мемлекеттік  бағалы қағаздарды шығару мен  орналастыруда тек коммерциялық  банктердің ғана құқығы бар. Андеррайтингтік қызметі 1-ші санатты банктік емес брокер-дилер атқаруы мүмкін. Андеррайтер эмиссия шығарылымын орналастырудың келесідей әдістері бар: қатаң міндеттеме, «барынша күш салу» және т.б. Эмиссия шығарылым орналастыру өте тәуекелді операция болып табылады. Сондықтан да бброкерлер эмиссиялық синдикатты құрайды.

     Клирингтік және депозитарлық  қызметтерді тек жалғыз институт  атқарады – ҚР Орталық  депозитарийі. Орталық депозитарий 1997 жылы құрылды.  Орталық депозитарий бағалы қағаздардың құжатсыздандыруын жүргізетін және мәміленің өзара есеп айырысуын қамтамасыз ететін ұйым. Ол ҚҚБ бірге қызмет етеді. ҚҚБ мәміле жүргізу үшін Орталықдепозитарийде «депо» шотын ашу қазет. Ол шотта бағалы қағаздар немесе ақша-қаражаттар сақталады. Тіркеуші – бұл бағалы қағаз ұтаушылар тізім жүйесін қалыптастыратын, сақтайтын және бағалы қағазға меншік құқығын куәландыратын кәсіби қатысушы. Бағалы қағаз ұстаушылар тізімінде келесідей мәліметтер бар:

  1. эмитент туралы;
  2. эмитенттің шығарған бағалы қағаздары туралы;
  3. бағалы қағаз ұстаушылар туралы;
  4. тіркелген мәмілелер туралы.

     Орталық  депозитарий тіркеушілермен  де өзара байланысы бар.

     Тіркелген нақты мәмілелері туралы  Орталық депозитарий нақты эмитенттің  тіркеушісіне ақпарат береді. Заңға  сәйкес, әрбір акция не облигация шығарушы эмитент белгілі бір тіркеушімен келісімшартқа отыру тиіс. Тіркеушіні инвестор мен эмитент арасындағы буыын деп атайды. Ол сондай-ақ акционерлер жиналысын ұйымдастыруға эмитентке көмектеседі. Кастодиан – бұл клиенттің қаржылық құралдарын және ақша-қаражатын есепке алатын, сақтайтын кәсіби қатысушы. Осы қызметке қажеттілік ҚР-да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен кезде туындады. Қазіргі кезде олардың негізгі клиенттері ретінде ЖЗҚ және инвестициялық қорлар болып табылады.

     Зейнетақы активтерін басқару  қызметі де 1997-98 жылдары пайда  болды. Яғни, зейнетақы қордың  ақша-қаражатын өсірту және инфляциядан  қорғау мақсатында аталған компаниялар  қаржылық құралдарға инвестициялайды. 

     Инвестициялық портфельді басқарушылар – клиенттің мақсатына, қағидасына сай портфельді қалыптастыру және сәйкесінше ақша-қаражаттарды қаржылық құралдарға инвестициялайтын қатысвушы.

     Трансфер-агент – бұл бағалы  қағаздар нарығы субъектілердің  арасында құжаттарды немесе ақпараттарды  қабылдау және оларды жіберу бойынша қызметті атқаратын кәсіби қатысушы. 
 
 
 

                                       Қорытынды

     Қаржы институттары мен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың  құрамдас бөлігі ретінде танылады.

     Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда,  бағалы қағаздар нарығын бірқатар  үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей  үлгілері кездеседі: 

  • банктік үлгі;
  • банктік үлгі емес;
  • аралас үлгі.

     Біздегі үлгі негізінен жапон-немістік үлгі ретінде танылады. ҚР-сы жарон-немістік үлгі ретінде тануы келесідей белгісіне қарай жатқызымыз:

  • ірі кәсіпорындардың сипат алатын мемлекеттің құрылымдық экономикасының болуы (кейбір салаларда монополистік құрылымды байқауға болады);
  • алдыңғы уақыттағы болған жекешелендірудің ерекшелігі ;
  • қаржылық - өнеркәсіптік топтардың болуы және оларға көптеген ірі кәсіпорындардың жатқызылуы ;
  • шағын, орта кәсіпорындар қызметінің жабық мінезде болуы және т.б. белгілері.

     Осыған қарамастан, мемлекет тарапынан ағылшын – американдық үлгіге көшу жағдайлары жасалуда. Мысал ретінде келесілерді атап өтуге болалы:

  • аймақтық қаржылық орталық бекіту арқылы бағалы қағаздар нарығын белсендіру ;
  • облигацияны шығару бойынша преференциялық шарттвр жасау;
  • бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру.

     Бағалы қағаздар механизмі арқылы  қаржы қорларының қалыптасуы  мен оның бөлінуі сипат алады.

     Бағалы қағаздар нарығы ерекше  механизм бола отырып, өзінің  күрделілігімен сипат алады. Қандай  да болмасын нарыққа тән сияқтыы өзінің обьектілерінен, қатысушылардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары – бұл нарықтағы бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын , сонымен қатар нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бір-бірімен байланысты өндірістік, қаржылық институттар жиынтығы деп тұжырымдауға болады

    Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушыларына келесілерді жатқызамыз:

  1. эмитент ретінде (кәсіпорындар, қаржылық ұйымдар, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар);
  2. инвесторлар – жеке және институционалды инвесторлар. Жеке инвесторлар деп өз қаражаттары есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын жеке және заңды тұлғалар. Ал, институционалды инвесторлар тек тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын заңды тұлғалар;
  3. сауданы ұйымдастырушылар (қор биржа және биржадан тыс баға кесу ұйымдары)
  4. кәсіби қатысушылар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      Пайдаланылған адебиеттер  

Қаржы. Ақша айналысы. Несие      Смағұлова Р. 
 

Информация о работе Бағалық қағаздар нарығының инвесторлары