Бағалық қағаздар нарығының инвесторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.
Екінші тарауда, ақша-несие саясатының негізгі құралдары талдауға түседі. Яғни, пайыз саясаты,міндетті резервтер, несиелік операциялар, ашық нарықтағы операциялар жайлы айтылады. Осы бөлімде ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысы көрсетіледі.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатының құралдары көрсетіледі. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға беріледі, экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар.11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығының инвесторлары.doc

— 170.50 Кб (Скачать)

     «Репо» операциясының қарқынды дамуы ең алдымен отандық бағалы қағаздар нарығындағы өтімді активтердің аз болуын куәландырады. Сондықтан да биржа қатысушыларының негізгі сауда айналыс объектісі ретінде «репо» операциясына тіреледі.

     Жоғарыдағы қарастырылған жағдайларға қарамастан отандық нарықтың коммерциялық банктер қызметіне тәуелділігін төмендетпейді және ағылшын-американдық үлгінің бірқатар жағдайларын енгізу арқылы отандық бағалы қағаздар нарығын ары қарай даму мүмкіндігіне ие болатынына күмән туғызбайды. 
 

                    1. 2  Бағалы қағаздар және олардың  түрлері 

     Бағалы қағаз – бұл капиталдың  ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға  мүліктік құқұқты куәландыратын  құжат. Мұнда жеке ресурстарғаменшік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. ҚР Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады : ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

     Бағалы қағаздар нарықсубъектілерінің  қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаз арқылы субъектілерақша-қаражаттарға  деген сұранысын, ал осы құралдарға  инвестициялаған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктері орындауға бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.

     Бағалы қағаздар келесідей қызметтер  атқарады:

  1. экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында, мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны қайта бөледі;
  2. иелеріне қосымша құқық береді (капиталға құқық, басқаруға құқық, ақпаратқа құқық және т.б.);
  3. капиталға табыстың алуын және (немесе) сол капиталдыңқайтарымдылығын қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздар келесідей жіктеледі:

  • экономикалық белгісіне қарай бағалы қағаздар үлестік, қарыздық, тауарлық және туынды бағалы қағаздар;
  • құқықты беру әдісіне қарай олар атаулы, ұсынушылық және ордерлік бағалы қағаздар;
  • шығару формасына қарай құжаттық құжатсыз бағалы қағаздар;
  • капиталды тарту мерзіміне қарай олар қысқа, орта, ұзақ және мерзімсіз бағалы қағаздар;
  • айналыс территориясына қарайбағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және халықаралық бағалы қағаздар;
  • эмитент бойынша олар мемлекеттік, кооперативтік және шетелдік бағалы қағаздар;
  • табыс бойынша бағалы қағаздар тұрақты табысты, бір реттік табыс, бекітілген процент бойынша табысты, өзгермелі процент бойынша табысты бағалы қағаздар.

     Бағалы қағаздар нарығы – бағалы  қағаздардың шығарылымы, айналысы  және өтеу бойынша нарық қатысушылары  арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы 2 үлкен топтан тұрады – қор нарығы және туынды баалы қағаздар нарығы. Сонымен қатар, инвестициялау процесіндегі орнына байланысты бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталамалы бағалы қағаздар нарығына жіктеледі. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық  және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары – бұл эмитенттер (бағалы қағаздарды шығарушылар – мемлекет, кәсіпорындар, банктер), инвесторлар (бағалы қағаздарды сатып алушылар), кәсіби қатысушылар (бағалы қағаздар нарығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар – брокер, дилер, кастодиан, депозитарий т.б.) және өзін-өзі реттеу ұйымдары жатқызылады.

     Бағалы қағаздың көп түрлері  бар. Олардың айырмашылықтары  негізінен шығару мақсаттарына  байланысты ерекшеленеді. Төмендегі  кесте бойынша бірқатар бағалы  қағаздардың түрлеріне байланысты бағалы қазағдардың шығару мақсаттары мен түрлері қарастырылады.

     Акция – бұл акционерлік қоғам шығаратын және оның түрі мен категориясына байланысты акция ұстаушының дивидендті алуға, қоғамды басқаруға және қоғамжойылғаннан кейін оның мүлігін алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. Акция біринвестордың екінші инвесторға акцияны беру тәртібіне қарай атаулы және ұсынушылық акция болып жіктеледі. Атаулы акция кезінде инвестордың кім екенін акция номиналында жазылады. Ал ұсынушылықта жоқ . Акция ұстаушылардың құқықтары бойынша акция жай және артықшылығы бар акция  болып жіктеледі. Артықшылығы бар акция келесідей белгілермен сипатталады:

  • дивидендтері бекітілген және акцияға қарағанда жоғары;
  • дивидендтерді төлеу бойынша 1-ші кезекте;
  • қоғам жойылғаннан кейін мүлік құқығы жай акцияға қарағанда алдыңғы орында.

    Ал, артықшылығы  бар акцияның кемшілігі ретінде  – қоғамды басқаруға құқы жоқ .

    Облигация – бұл облигация шығарудан көрсетілген мерзімде номиналы бойынша

 соманы  алуға, сондай-ақ облигация бойынша процент не басқа да табысты алуға куәландыратын бағалы қағаз. Облигация –бұл қарыздық міндеттеме, себебі облигация бойынша сатудан түскен ақша-қаражат тек қарызға алынады және белгілі бір уақыттан кейін қайтарылады. 

                      Бағалы қағаздар және олардың өзара айырмашылықтары 

   НЕГІЗГІ БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАР    ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАР
                         1.Акция                       1.Опцион
Шығару  мақсаты: ұзақ мерзімге капиталды тарту Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану
Анықтамасы: ұстанушының АҚ капиталына үлесін қосқан және сол АҚ-ды басқаруға, дивиденд алуға құқық беретін бағалы қағаз. Анықтамасы: ұстанушының  базистік активті болашақта белгіленген  бағамен сатып алу-сатуды куәландыратын  бағалы қағаз.
Ерекшелігі: акцияның түрлеріне қарай инвесторлардың құқықтары да әр түрлі. Ерекшелігі: инвесторларда  болашақта мәміледен бас тарту  құқы бар.
                  2.Облигация                        2.Фьючерс
Түрлері : Жай акция 

Артықшылығы бар акция

Түрлері : мерзіміне қарай – американдық және еуропалық ;

Қатысушыларына  қарай – колл және пут

Шығару  мақсаты: қарыздық каапиталды тарту Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану
Анықтамасы: ұстанушының белгілі бір уақытта  және сыйақы мөлшерде жұмсалған капиталды қайтаруды куәландыратын бағалы қағаз. Анықтамасы: ұстанушының  базистік активті болашақта белгіленген  бағамен сатып алуды куәландыратын  міндеттемелік бағалы қағаз 
Ерекшеліктері: инвестор компанияның тек қарыз  берушісі болып табылады және АҚ-ды басқаруға құқығы жоқ . Ерекшеліктері инвесторда болашақты мәміледен бас тарту  құқығы жоқ ; стандарттық келісім-шарт
 

     Облигацияның жіктелімі :

  • мерзімі бойынша – қысқа, орта, ұзақ және мерзімсіз облигациялар;
  • элементтері бойынша – мемлекеттік, корпоративтік, шетел облигациялар;
  • шығару формасына қарай – құжаттық , құжатсыз облигациялар;
  • иемдену тәртібіне қарай – атаулы, ұсынушылық облигациялар;
  • табысты алу тәртібіне қарай – проценттік немесе купондық , процентсіз немесе дисконттық облигациялар;
  • өтеу әдісіне қарай – сериялық , бір реттік;
  • айналысқа қарай – конверсияланатын, конверсияланбайтын;
  • қамтамасыз етуіне қарай – кепілмен қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген.

    Облигацияның  акцияға қарағанда келесідей  айырмашылықтары бар;

  • Облигация бойынша процент міндетті төленеді, ал акция бойынша девиденд тек таза пайда болғанда ғана;
  • Облигацияны сатып алған тұлға – несие беруші, ал акцияны сатып алған тұлға – қоғам иеленушісі;
  • Облигацтя бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивидендті төлеуге дейін жүргізіледі;
  • Облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық салынатын пайдаға дейін шегеріледі.

         Эмитент белгілі бір уақытқа  капиталды тарту мақсатында негізгі  эмиссиялық бағалы қағаздарды  шығарады. Ал, туынды бағалы қағаздарды  шығару негізінен эмитенттің болашақтағы тәуекелден сақтану әдісі ретінде қарастырылады. Осы кесте бойынша опцион түрін жекелей қарастырайық .Сондай-ақ , отандық бағалы қағаздар нарығында опционның айналысы жүргізілмеуінен осы құралға деген қызығушылықты арттырады.

         Опцион. Опцион негізгі бағалы қағаздарға қарағанда пайда болуы жақын болса да, қазіргі жағдайда өзінің қызметіне байланысты өзекті құралға жатқызамыз. Опцион белгілі бір базиске негізделген бағалы қағаз. Оның базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар болады. Аталған базистердің болашақтағы бағаларынан төмендеуі немесе жоғарлауынан сақтану үшін қатысушылар опцион келісімшартына отырады. Опцион мәмілесін сызба түріндеталдайық . Базис ретінде ең өзекті тауар – мұнайды мысал ретінде аламыз. Айта кететін жағдай, опцион тек қана биржада айналысатын бағалы қағаз болып табылады.

         Компания  “А” тауар биржасында негізінен мұнай сатушысы “В” мұнай сатып алушысы ретінде қызмет етеді. Компаниялардың қаржылық менеджерлердің немесе сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының болашақ бағасы болжамдалды. “А” компанисының болжамы бойынша мұнай бағасы болашақта төмендеуі, ал “В” компаниясының сарабына сәйкес, бұл мұнай бағасының жоғарылауы туралы пікір қалыптасты. Осы жағдайға сәйкес компаниялар болжамдалған бағадан сақтану әдісі ретінде опционды таңдады. Опцион келісімшарты кезінде компаниялар болашақтағы мұнай бойынша мәмілеге жүргізун бекітті. Яғни, қазіргі уақытта олар болашақ мәміленің көлемі мен бағасын бекітеді. Ал, опцион көрсетілген уақытта мәмілені жүргізеді. Әрбір қатысушыдаөзіндік міндеттері мен құқықтары бар.

         Опцион ұстанушының (немесе опцион  сатып алушының) құқықтары – бұл  мәмілені жүргізу кезінде одан  бас тарту мүмкіндігі, ал міндеттемесі  – бұл опционда көрсетілген сыйақыны төлеу.

         Опцион шығарушының (немесе опцион  сатушының) құқықтары – опцион  ұстаушысынан сыйақыны талап  ету, ал міндеттемесіне – бұл  опцион бойынша келісімшартынан  бас тарту мүмкіндігінің жоқтығы.  
     

         Опционның опцион пут және  колл түрлері бар. Олардың бір-бірінен  айырмашылығы – бұл опционды шығарушы мен ұстаушысының түрлеріне байланысты

          Колл опцион кезінде базистік актив сатып алушысы опционды сатып алады,  ал тауар сатушысы опционды сатады. Мұнда компания «А», егер Колл опционды қолданса, онда мәміле уақыты келгенде компанияның болжамы орындалмаған жағдайда, сыйақыны төлеп, опционнан бас тарта алады.

     Мысалы, Аталған компаниялар коллопцион  келісімшартын бекітті. Опцион  мерзімі – 6 ай. Бекіткен бағасы 1 баррельге 50 доллар. Көлемі – 1000 баррель.

     6 айдан кейін мұнайдың нарықтық  бағасы 35 долларды құрады. Мұнда  компания «А» болжамы орындалып,  опцион келісімшартына сәйкес, мұнайды  50 мың долларға сатады. Сөйтіп, 15 мың долларға ұтып отыр, ал  компания «В» болжамы орындалмай 15 мың долларға ұтылды. Егер де, мұнайдың нарықтық бағасы бекіткен бағадан жоғары болған жағдайда, онда компания «А» опционнан бас тартуы керек.

     Колл опционнан басқа, биржада  опцион пут мәмілемі кеңінен  қолдануда. Опционпутты, керісінше  қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелері өзгереді. Опцион путты мұнай сатып алушысы сатады. Ол опцион да болашақта мұнайды бекіткен  бағаға сатып алу міндеттемесін куәландыратын опцион путты шығарады. Сөйтіп, егер мұнайдың нарықтық бағасы қанша өзгерсе де, ол мәміледен бас тартуға болмайды және келісілген бағаға сатып алуға міндеттейді. Ал, опцион туттың сатып алушысы, керісінше өз қалауынша, мәміледен бас тартуға құқығы бар және сәйкесінше бағаға сату құқықғына ие.

     Осылайша, дамыған мемлекеттердегі  опцион келісімшарты жүргізіледі. Қорытындылай келе, опционнның тиімді құрал ретінде рөл атқаруы анық . Бірақ , ҚР-да опционның қолданбауы бағалы қағаздар нарығының бәсең дамуын дәлелдейді.

     ҚР-ның туынды бағалы қағаздардың,  соның ішінде опционның дамымауына  келесілерді жатқызамыз: акция,  облигация мәмілелерінің бәсең дамуы, қатысушылардың опцион туралы хабардар болмауы, мемлекеттік реттеудің жеткілікті деңгейде жүргізілмеуін атап өтуге болады.

     Астық қохаттары. Аталған бағалы қағаздардан басқа тауарлы бағалы қағаздардың түрлері де бар. Оның негізгілерінің бірі астық қолхаттары. ҚР-да астық қолхаттары бағалы қағаз ретінде танылады.

Информация о работе Бағалық қағаздар нарығының инвесторлары