Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:23, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
1. Пластикалық карточкалар……………………………………………….7
1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.
1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері
1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі
2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік……………25
2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі
2.2 Технологиялық мультибанк
2.3 Халықаралық төлем карточкалары

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...36

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым айқындала  түседі: карталық бизнестің табыстылығы  үш алып китке негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу; маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы  негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ, үшеуінің бірісіз жүйенің жұмыс жасауы мүмкін емес, ал, бұл үшеудің біреуінің әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеп соқтырады. 

  1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі 

  Нұсқа №1. Өз ақшаңызды шетелде пайдалану үшін. Айталық, Сіз Италия арқылы Германияға туристік сапармен бара жатырсыз.  Жолға шыққанға дейін Сіз доллар сатып аласыз. Келесіз де, долларды ауыстырып, лир сатып аласыз. Италиядан Германияға кетерде, Сіз қалған лирді сатасыз да, неміс маркасын сатып аласыз. Нәтижесі: Сіз айырбастау бағамдарына байланысты біраз жоғалтасыз, ал карточканы пайдалану, Сізге ақша үнемдеуге және айырбастау проблемаларынан қашуға мүмкіндік береді.  Пластикалық карточкаңыз болса, әрқашан Сіз ешқандай машақатсыз қазіргі сәтте жүрген еліңіздің валютасын ала  аласыз.

  Нұсқа №2. Он мыңдаған қазақстандықтар сияқты, карточканы жалақы  алу үшін пайдалану.Жалақыны карточкмен беру, сіздің қайда жүргеніңізге қарамастан, Сізге  өз ақшаңызды алуға мүмкіндік береді. Егер Сіз тіпті басқа қалада  жүрсеңіз де, ауырып жатсаңыз немесе демалыста болсаңыз да ақша карточкаға мерзімінде түседі де, Сіз оны пайдалана аласыз.

  Нұсқа №3. Кредиттік карточка.Сіз карточканы кредиттік лимитпен ала аласыз. Бұл Сізге қолма-қол ақша алуға немесе тауарлар мен қызметтерге  төлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, Сіз кез келген уақытта және әлемнің кез келген елінде  Банктен несие ала аласыз. Әрине достарыңыздан және жақындарыңыздан алған арзанырақ, бірақ  бұл әрқашан мүмкін бе? Кредиттік лимит туралы толығырақ төменірек қараңыз.

  Нұсқа №4. Шығыстарды басқару құралы.Практика шығыстарға ұқыпты бақылау жасау, орынды экономикаға және ақшаны анағұрлым тиімді пайдалануға әкелетінін көрсетіп отыр.Мысал: Жеткіншектің анасы жалақысын карт-шоттан алады. Баласы оның ақшасын анасы белгілеген лимит шегінде «Ортақ әмиян» функциясы арқылы: аптасына 500 теңге алады. Оған қолма-қол ақша қолына бермейді.Әр айдың соңында анасы карт-шот бойынша үзінді-көшірме алады, онда қашан және қанша ақша жұмсалғаны анық көрсетіледі.Карточканы пайдалану, анасының бюджеті мен ұлының ақшаны жұмсау ептілігіне оң әсерін тигізеді.

  Нұсқа №5. Ақшаны тез және қауіпсіз аудару құралы.Мысалы, Сздің балаңыз шетелге оқуға кетіп бара жатыр. Ол өзіне берілген ақшаны шетелге келгеннен кейін, бір кеште  жұмсап қоймасына қалай сенімді болуға болады? Ұлыңыз ақшасын әуежайда жоғалтып алмасына қалай сенімді болуға болады? Карточканы пайдалану Сіздің өміріңізді едәуір жеңілдетеді. Сіз Қазақстанда-ақ ұлыңыздың карт-шотына ақша сала аласыз, ал ол оны әлемнің кез келген жерінде пайдалана алады. Карт-шоттағы ақшаны жоғалту мүмкін емес (төм. қараңыз), ақшаны карт-шотқа қажеттілігіне қарай біртіндеп салуға болады.Мұндай нұсқалар өте көп. Карточканың ыңғайлылығы және «икемділігі» оны Сіз қолма-қол ақшаны дәстүрлі пайдаланып жүрген жерде  үлкен пайдамен пайдалануға мүмкіндік береді.  
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 

  2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік 

  ПИН-кодты  енгізу операциялары кезінде аса  сақтық қажет. Өйткені алаяқтықтың  жаңа түрі - электронды емес фишингтің  еріксіз құрбанына айналуыңыз мүмкін. «Дәстүрлі» фишингте интернетті пайдаланушыларды веб-сайтқа кіруге шақырған электронды хаттар жіберіледі, олар түрлі фирмалар мен банктердің электронды коммерциясының сайттарына ұқсайды, бірақ несиелік карточкалардың нөмірін білу мақсатында оларды алаяқтар құрған және бақылап отырады. Электронды емес фишинг нұсқаларында саудалық қызмет көрсету кәсіпорындары құрылады немесе бұрыннан қызмет етіп келе жатқандары пайдаланылады.

  Алаяқтықтың мұндай түрі алғаш рет туристік мерзімде Қазақстанның көптеген туристері демалуға аттанатын Түркия елінде анықталды. Олардың көбісінің банктік карталары бар және қолма-қол ақшаны алу қажеттілігі жиі-жиі туындайды. Алайда Түркиядағы банкоматтардың саны туристердің сұранысын қанағаттандыра бермейді. Көбінесе олар қонақ үй маңында орналаспаған, кейде олар жұмыс істемейді, болмаса ақшаны белгілі бір мерзімде ғана береді, бұл әрине карточка ұстаушыны қанағаттандырмайды. Осыған байланысты Түркияда жаңа қызмет түрі – қолма-қол ақшаны сауда кәсіпорындарынан алу енгізілді. Оларды көбіне post-office (пошта бөлімшесі) деп атайды. Картаны ұстаушылар үшін бұл әдіс бұрынғыдай ақшаны банктердің қолма-қол ақша беру нүктелерінен алумен бірдей. Негізінде бұл халықаралық төлемдер жүйесінің ережесіне сәйкес емес және банктердің қолма-қол ақша беру пункттерінен өзгешелеу. Картаны шығарған банк-эмитент үшін мұндай операциялар дүкендегі жәй сауда жасаумен бірдей, ал сауда кәсіпорындары алдауы мүмкін .

  Осылай ақшаны алатын кезде ұстаушының өз ПИН-кодын енгізуін сұрайды, оның дұрыстығын банк-эмитент тексеруі қажет . Бірақ ПИН эмитентке жіберілмейді, ПИН-ПАД-қа ұқсас (ПИН-кодтарды енгізуге және оны құпия сақтауға арналған сауда терминалының қосымша үлгісі ) құрылғының көмегімен алаяқтар жазып алады. Түркиядан оралған картаны ұстаушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің банктік картасының есепшоты бойынша көшірмеден өзі алмаған, алайда банкоматтарда алынған операцияларды көруі мүмкін.

  Түркияға демалуға барарда ПИН-кодты енгізуде өте сақ болыңыз. Оны тек қана банкоматтарда және қолма-қол ақша беру пункттері бар банктерде ғана қолданыңыз. Қолма-қол ақша беру пункттері – бұл жәй дүкен немесе сауда нүктесі емес, тауар саудасынан бөлек пластикалық карта бойынша ақшаны қолма-қол ақша берумен айналысатын банк мекемесі екеніне көз жеткізіңіз.  

  2.1. Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі 

  Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді.  Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.  

   Қазақстанның төлем жүйелері төлемдер мен ақша аударымын қазіргі заманға сай жүргізуде экономиканың, банктердің жəне қаржы нарығына басқа қатысушылардың нақты секторының мұқтажын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің ақша-кредит саясатын тиімді іске асырылуына жəне мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері халықаралық қаржы ұйымдары дамыған елдердің төлем жүйелеріне қоятын барлық талаптарға жауап береді.

  Бұл ретте, төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отырады.

  Төлем жүйелерін құрған сəттен бастап жүйелермен өңделетін төлемдер саны мен көлемдері өсімінің тенденциясы сақталады. Осылайша, 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, қолма-қол емес төлемдер саны мен көлемі 2 eceгe жəне 3,3 есеге тиісінше артты. Бұл ретте, елде қолма-қол емес төлемдердің барлық көлемі Қазақстанның төлем жүйелері арқылы өтетіндігін ескерсек, Қазақстанның экономикасын тиімді дамытуға олардың маңызды рөлін атап өту қажет.

  Төлемдер ағымының жоспарлы өсімімен қатар төлем жүйелерінде ел халқы қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру үшін кеңінен таралған жəне ыңғайлы құрал болып табылатын төлем карточкалары бойынша төлемдер саны мен көлемінің едəуір өсімі байқалды. Осылайша, 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, төлем карточкалары бойынша транзакция саны мен көлемінің өсімі 2,4 есені жəне 3,4 есені тиісінше құрады.

  Бұл ретті, төлем карточкаларының нарығы елдің қаржы рыногының едəуір серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Жыл сайын айналымдағы карточкалар, карточкаларды ұстаушылар саны өсуде, төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымы кеңеюде. Бүгінгі күні, елдің экономикалық жағынан белсенді халықтың 45%-ы төлем карточкаларының нарығына тартылған, ал 3 жыл бұрын осы ара қатынас 20,4%-ды құрады.

  Алайда, сонымен қатар, қазіргі уақытта бөлшек сауда саласында қолма-қол ақша айналымының басымдылығымен, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуымен байланысты белгілі

   проблемалар да бар. Бұдан басқа, төлем жүйелерінің  операциялық сенімділігі мен қауіпсіздігін одан əрі арттыру  жөнінде шаралар қабылдау шеңберінде шешім талап ететін мəселелердің бірі жаңа Төлем жүйелерінің резерв орталығын құру болып табылады, бұл төлем жүйелерінің негізгі жəне резерв орталықтарының орналасқан жерлерінің жеткіліксіз алшақтығына байланысты (Алматы қаласында).

  Электронды ақша құру жөніндегі бағдарламаны қоса алғанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде электрондық карточка негізінде алыс өңірлерді қоса алғанда, барлық халыққа қол жетімді электрондық қаржылық қызметтер ұсынуға көшу жөнінде жұмыс ұйымдастырылады жəне оның базалық қосымшаларының бірі ретінде азаматтарды зейнетақылық қамтамасыз ету жөніндегі электрондық қызметтерді қарастыру қажет. Бұл салымшыны сəйкестендіруге жəне үнемі оның жеке зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беруі, электрондық қызметтер шеңберінде аударымдар мен төлемдерді ұйымдастыруы бойынша оған зейнетақы қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

  Халықаралық карточкаларды төлемге қабылдайтын сауда және сервис орындарының саны 14 млн. асып түседі. Дамыған елдерде 30 жылдан бері төлем карточкалары адам өмірінің ажырамас бөлшегі болып табылады, төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелерін  тіпті ең қашық және тұрғындары аз аудандардан да кездестіруге болады. Кейбір елдерде карточкаға қарағанда, қолма-қол ақшамен төлеу қиынырақ. Бұл нақты ақшаның инкассацияны, ұсақ ақшаны  және т.б талап етуімен байланысты,  сондықтан дүкендер карточкамен есеп айрысқанды артық көреді. 

  2.2 Технологиялық мультибанк 

  Қазақстанда төлем карточкаларының иелері жасаған саудаларына  карточкамен төлегеннен гөрі, банкоматтан анағұрлым жиі ақша алды, ал банкоматқа қолма-қол ақша алатын машина ретінде ғана қарады.

  Бүгін «жай» банкоматтардың дәуірі өтіп бара жатыр, қосымша қызметтер ұсынатын технологиялық мультибанктері келуде:

  Карточкадан карточкаға қолма-қол ақшасыз аударым.Қазір карточкаларының иелері  кез келген уақытта жеңіл және  қарапайым түрде  алушы қайда болғанына, Қазақстанда немесе шетелде, қарамастан туысқандары мен жақындарына қаржылық көмек көрсете немесе  ақша аудара алады. Банктердің клиенттері кез келген банкоматта  өз карт-шоттары ішінде  қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу/сату операцияларын жедел жүргізе алады. Бұл операцияны үш валютада – теңге, АҚШ доллары және еурода - жүзеге асыруға болады. Жекелеген банкоматтар  осы үш валютаның кез келгенін қолма-қол ақша түрінде алуға мүмкіндік береді.

  Карточкадан ағымдағы шотқа қолма-қол ақшасыз аударым.Банк клиенттері өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде ыңғайлы уақытта карточкадын ағымдағы шотқа ақша аударудың жаңа мүмкіндігіне ие болды, мысалы, тұтынушылық несиесін өтеу мақсатында (ипотекалық, автокредит, экспресс-кредит)

  Ұялы байланыс операторларының қызметтеріне төлем жасау.Бұл қызмет карточка иелерінің арасында кең қолданыс тапқан. Ақша санаулы минуттарда ұялы байланыс абонентінің шотына түседі. Өзіңіздің ұялы телефоныңыз үшін, сондай-ақ  достарыңыздың, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың ұялы телефондары үшін  төлем жасауға болады.

  Телефондық байланыс жүйесі қызметіне төлеу Бүгін банктің төлем карточкалары иелері қалалық телефон шотына өзіне ыңғ айлы кез келген уақытта, жылдам төлем жасай алады. 

  2.3 Халықаралық төлем карточкалары 

Банк  шығаратын халықаралық төлем  жүйесіндегі MasterCard International және Visa International Төлем Карточкаларын алумен, пайдаланумен, Банкінің қызметін пайдаланумен, және Карточка Ұстаушының осындай қызметтерді Банкінің тарифіне сәйкес төлеуімен байланысты Банк пен Карточка Ұстаушы арасындағы құқықтық қарым-қатынас болып табылады. Банктің Карточка Ұстаушыға көрсетуге құқылы қызмет түрлері белгіленді.  Карточка Ұстаушының келіскен Банктен алатын Қызмет түрі бөлінбес бөлігі болып табылатын Карточка Ұстаушының Өтінішінде және/немесе оның қосымшасында анықталады. Банк шығаратын Төлем Карточкаларын пайдалану, Банктің басқа да қызметтерін оның Тарифіне сәйкес пайдалану бойынша Банк пен Карточка Ұстаушысы арасындағы қатынастарды реттеудің стандартты нысаны болып табылады. 

Айырбастау  бағамы VISA және MasterCard халықаралық жүйлерінің есептеу орталығымен автоматты  түрде таңдалады және  көп жағдайда ол Сізге айырбастау орындарында ұсынатын бағамдарға қарағанда, анағұрлым жақсы. Кейбір елдерде айырбастау бағамынан сомасынан 3%-ға дейін ұтасыз!

 MasterCard  жүйесі карточкаларының VISA жүйесі карточкаларынан  айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы – қызмет көрсету аймағында. Кейбір экзотикалық аймақтарда тек VISA карточкаларын ғана қабылдайтын дүкендер бар. MasterCardты ғана қабылдайтын дүкендер бар. Бірақ әлем бойынша басым көпшілігі екі жүйенің де карточкаларын қабылдайды.

  •  Ақшаны тез және жайбарақат шетелге аудару?!
  • Басқа қалада немесе басқа мемлекетте жүрген жақындарыңызға немесе достарыңызға ақшалай көмек көрсету!
  • Жақындарыңыздан немесе достарыңыздан ақша алу!
  • GO!Card несиелік бонус картасындағы қарызды өтеу!

Информация о работе Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы