Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:23, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
1. Пластикалық карточкалар……………………………………………….7
1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.
1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері
1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі
2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік……………25
2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі
2.2 Технологиялық мультибанк
2.3 Халықаралық төлем карточкалары

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...36

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

    1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері. 

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың  жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең  танымалдылығының ұдайы өсуі жүйегу қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз ету үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өтімділік және табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілген операциялардың табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген. Ол суреттің астыңғы жағында банк-эмитент пен банк-эквайерге анықтама бере отыра, олардың атқаратын негізгі қызметтерін атап көрсеткен жөн.

        Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:Карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және қолдану, эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);

        Несие қабілеттілікті талдау (өтініш  иесінің қаржылық жағдайын анықтау,  карталық шот ашу, несиелік лимит анықтау);

        Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі  туралы автоматты түрде немесе  телефон бойынша сатушының сұрауларына  жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту,ақпараттық  айырбастау жүйелерімен өзара  әрекеттесу);

         Ақпараттармен алмасу және интерчеиндж үшін силықтар алу;

         Биллинг (карточка иесіне қарыздар  сомалары мен оларды жабу мерзімдері  көрсетілген  көшірмелер дайындау  және жіберу);

         Карточкалық шот бойынша операцияларды  бухгалтерлік есепке алу);

         Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің  сақталуын бақылау;

        Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға  жауап беру, шығымдарды қарастыру);

        Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету  және алаяқтыққа бақылау орнату (ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды оқшаулау);

        Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу,  жарнамалау, карточкалық шоттар  бойынша операцияларды белсендіру  бағдарламалары);

        Эквайрингпен айналысушы банктің  міндеттемелері карточкалық жүйенің  оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсету бойынша релімен анықталады.Оның негізгі атқаратын қызметтері:

        Карточкалармен жасалған операциялар  бойынша сатушының банкке ұсынған  сауда шоттарының процессингі;

        Мәмілелер туралы ақпараттармен  айырбастау және банк-эмитентке интерчендж үшін силықтар төлеу;

        Сауда орындарының есеп айырысу  жүйесіне қосылуға білдірген  өтініштерін қарастыру, бұрынғы  және жаңа сатушылардың несиеқабілеттілігін  талдау, алаяқтылықпен байланысты  күндік туғызған сатушыларды  тексеру;

        Маркетинг, пластикалық карточкалар  үшін қажет құрылғыларды сатып  алуға сатушыларға көмектесу.

        Несие карточкаларының табыстылығы 

        А) Эмитент үшін.

        Несиелік карточкаларды шығару  бойынша бағдарламалардың пайдалылығын  табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға болады:

       Алдымен табысты құрамдас бөліктер  анықталады, яғни, пайыздан түсетін  табыстар карточка ұстаушысына  ұсынылатын несиенің пролангация  деңгейіне қатынасы бойынша жылдық  пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал, пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін несиелер сомасының барлық берілген несиелердің жалпы сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

     Банк-эмитентке төлеуі міндетті  банк-эквайердің жасаған мәмілелердің (өткізу көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын толтыруы, өтеуі болып табылады.   

    Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентіне төленетін сома. Карта ұстаушысы банкпен жасалған келісімшарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы, төлемдер өз мерзімінен кідірген жағдайларда. ПИНКОДТЫ жоғалтқан немесе несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әртүрлі айыппұл ықпал- шаралары пайда болуы мүмкін.

    Ал, енді шығын құрамдас бөлектерін қарастырсақ, ресурстар құны – карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың  басым, ең үлкен бөлігі болып табылады.Бұл  дегеніміз карта ұстаушыларына  ұсынылатын несиелер сомасын қамтамасыз ету банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан түрлері бойынша орташа шамамен алынған пайыздық мөлшерлеме.

    Несиелік  тәуекелдерге резервтер құру-қосымша  ресурстар тарту қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.

    Банк  міндеттемелеріне резервтер құру деп  коммерциялық  банктердің ізденді  және мерзімді міндеттемелер шоттары  бойынша міндетті резервтер қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар мерзімі өткен қарыздар немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте, жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді. Қызмет көрсету шығындары-бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражат.

    Операциялардың  орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы, операцияларды құжатты түрде  рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға  кететін шығындар, процессингтік,телекоммуникациялық  компанияларға бағытталған пайда  болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар болып табылады.

    Қаржы салымының өтемақысы пластикалық  карточкалар бойынша бағдарламаның  табысты дамуына салынған құралдардың  қайтарылуын, яғни, орнының толтырылуын  қамтамасыз ететін аударымдар екені  белгілі.

    Нәтижесінде, пайдалылық несиелік карточкалар бойынша берілген несиелер сомасының проценттік көрсеткіштегі табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылыққа қатынасы ретінде анықталады.

    Б) Эквайер үшін.

    Банк- эквайер үшін пайдалылық келесідей  көрсеткіштермен анықталады:

    Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер ( сатушы жеңілдіктері, саудалық түсірімдер, дисконттар) – бұл эквайер жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін сауда немесе қызмет көрсету орнынан алатын, карточкалар бойынша жасалған мәмілелер сомасының бір бөлігі.Жеңілдіктің мөлшері карточкалар бойынша өткізудің ақшалай көлемінің орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең.Ал, басқа да табыстар төлем терминалдары мен импринтерлері сияқты құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда болады.

    Шоттар  бойынша түсетін табыстар сауда және қызмет көрсету орындарының банк-эквайердегі өз есеп айырысу шоттарына орналастырылған ақша құралдарын қолдану нәтижесінде пайда болады.

    Эквайердің  эмитентке жүргізілген операцияларды  өтеуі шығындар көлемінің ең үлкен  бөлігін қамтиды.

    Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету  орындарының карточкалары бойынша  операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын  шоттарын жүргізу сияқты операцияларды  қолдауға кететін шығындар.

      Сонымен қатар, өткізулер мен  қызмет көрсетулер құнын және  персоналды қамтамасыз ету құнын қамтитын шығындар да болады. Пластикалық карточкалар бойынша жобаның дамуына салынған қаржыларды қайтару мақсатындағы аударымдар инвестицияның өтелуін қамтамасыз етеді.

    Дебеттік ( есеп айырысу) карточкаларының табыстылығы.

    А) Эмитент үшін.

    Дебеттік  карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын анықтаушы негізгі  табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға  тән позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен  ресурстар құнында.Дебеттік карточкалар  бойынша ресурстар карта ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк басқа да тартылған құралдарынан құралып, оларды банк басқа да тартылған құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.

    Пайыздық  табыс дебеттік карточка ұстаушылардың  шоттарына тартылған құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен анықталады.

    Жылдық  төлем (жылдық мүшелік жарна) – карта  ұстаушының банктік карточканы қолдану  құқығы үшін банк-эмитентке төлейтін сомасы.Банктен жасалған келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан алынатын айыппұлдар да бар.

    Ал, шығыстар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны дегеніміз карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар  бойынша банк-эмитентпен төленетін пайыз болып саналады.

    Дебеттік  карточкалар бойынша жобаның  шығындарының негізгісі карта ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы  және қылмыстық іс-әрекеттерінен  туындайтын зияндар.

    Б) Эквайер үшін.

    Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен толық ұқсас, ешқандай өзгешелігі жоқ.

    Жалпы карточкалық бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша әрбір белгіленген  қандай-да бір уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула арқылы анықтауға болады:

    Эn= (Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей  жанама) – ((Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей  жанама) - Тжеңілдіктер) * T – K + C

    Ттікелей –Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар, банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін сиақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе кәсіпорыннан алынатын пластикалық картаның құны);

    Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік ресурстық базасында қолданудан N-кезеңде табылған банктің пайдасы);

    Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);

    Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар; клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша пайыздық шығындар; жарнамаға шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);

    Тжеңілдіктер – Салықтық жеңілдіктер таралатын табыстар;

    Т – салықтық қойылым;

    К – инвестициялық шығындар;

    С - әртүрлі компенсациялар түрлері;

    Экономикалық  есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың негізгі көзі болып оның ресурстық базасында  клиенттердің шоттарындағы ақша қалдықтарын қолданудан түсетін табыстар болып табылады. Жоспарлау кезінде банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және сонымен қатар, банк табыстылығының орташа пайызын анықтайды.

    Алдын – ала есептеу банктің мүмкіншілік  деңгеиін бағалауға, карточкалық бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алудың керек немесе керек еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.

    Карта иегерлері үшін карточканың мынадай  негізгі жағымды жақтарын:

  1. Қолдану ыңғайлылығы;
  2. Банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
  3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмккіндігі;
  4. Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпараттарға ие бола алу мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп айырысулардың келесідей жасайтын жағдайларын:
  5. Сатылу көлемін кеңеите алады және жаңа сатып алушыларға ие болу мүмкіндігі көбейеді;
  6. Жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және есепке алудың арнайы жүйесін енгізу;
  7. Банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді төмендету сияқты жағдайларды және сонымен қатар, ең басты жағымды жақтарды, атап айтқанда:
    • Қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын азайтуға әсері;
    • Банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері; 
    • Банктер мен әртүрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының беделі мен бәсекеқабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;
    • Төлемдер кепілдігін ұсыну;
    • Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері сияқты жағдайдарды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады

Информация о работе Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы