Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:23, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
1. Пластикалық карточкалар……………………………………………….7
1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.
1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері
1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі
2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік……………25
2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі
2.2 Технологиялық мультибанк
2.3 Халықаралық төлем карточкалары

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...36

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

    Ұлттық  Банктің негізгі рөлі есеп айырысу  мекемесінің қызметін ұсыну болып табылады. Онда ашылған шот бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырған жөн.

    Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:

    1. заң шығарушы база.
    2. төлем жүйесінің қатысушылары.
    3. төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру әдістері).
    4. ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
    5. инфрақұрылым және технология (есептеуіш техника мен бағдарламалық жабдықтау).

    Заң шығарушы база –  кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттерді заңнамаға сай құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.

    Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік  базасының үнемі жетіліп, жаңарып  отыруын талап етеді.

    Төлем жүйесінің қатысушылары (түтынушылары): ең алдымен, төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттары да анықталады.

    Төлем жүйесінің қатысушылардың негізінен  үш топқа бөлуге болады: 

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар – олардың күнделікті қызметі  төлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді.Оларға банктердің әр түрлі төлем қызметтерін  қолданатын жеке тұлғалар және әр түрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ әр түрлі делдалдық және диллерлік компаниялар жатады.

    Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға ақша аударымдары және төлемдер сияқты қызмет көрсететін коммерциялық банктер.

    Барлық  коммерциялық банктердің шоттарына қызмет көрсететін және банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыратын Ұлттық Банк.

    Төлемдер  мен ақша аударымдарын жүзеге асыру жолдары.       

    Ақша  аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем құралдарын қолдану қажет.Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға байланысты:

    1.Төлемді  жүзеге асырудың мақсаты.

    2.Нақты  төлем құралын қолдану құны.

    3.Ақшаны  қолма-қол немесе басқа жолмен  беру.

    4Төлем  сомасының қомақтылығы.

    5.Нақты  төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.

    Бір төлемді бірнеше төлем құралының  көмегімен жүзеге асыруға болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен тұтынушының талғамына  байланысты болады.

    Ақша  аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем құралдары  қолданылады.

    1.төлем   тапсырмасы;

    2.төлем  талап-тапсырмасы;

    3.тікелей  банктік шотты дебеттеу;

    4.инкассалық  өкім;

    5.чек;

    6.вексель;

    7.төлем  карточкасы.

    1.Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының есеп айырысу шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлем тапсырмасы бойынша ақша аудару тек ақша аударушының есебінде тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау үшін ақша алушының есебіне ақша аударушының есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат болған жағдайда аударылады.

    2.Төлем талап-тапсырмасы – ақшаны алушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы.Бұл талап ақша аударушыға қызмет көрсететін банк арқылы ақша алушының акцепті бар болған жағдайға жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала келісім-шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша аударушыдан акцепт талап етпесе де болады.

    3.Банктік шоттың тікелей дебеттелуінде тұтынушының жүйелі төлемдерін жүзеге асыру үшін қолданылады.Бұл жолмен ақша аудару ақша төлеушінің қызмет көрсетуші банкі оның есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат беруіне өз келісімін беру арқылы жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе коммуналдық қызмет көрсету компаниясы).

    4.Инкассалық өкім – уәкілеттілігі бар тиісті органдардың ақшаны жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген соманы аудару туралы жарлығы. Мұндай құжаттарда міндетті түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни себебі және қай заңның қай бабы екені көрсетілуі тиіс.

    5.Чек – бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне көрсетілген соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын көрсететін құжат. Чектер дүкендерде көрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін төлем ретінде және қолма-қол ақша алу үшін де қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді.Қамтамасыз етілген чектер чек берушінің банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз етіледі.Ал, қамтамасыз етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмеиді.

    6.Вексель – біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң нысанды төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы келісімдер бойынша төлем мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі. Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте оңай, вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте төлеуге міндеттеме алып, вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген мерзім келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу үшін ұсынады. Вексельді санауды (есептеу)екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады.

    7.Төлемдік карточкасы – бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең қолайлы жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет көрсетулерге ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады.

    Төлемдік  карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге дебеттік-кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен кеиін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі сыйақы төлеиді.

    Ал, кредиттік карточкаға қарағанда  дебеттік карточканың иесі тек шотта  бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.

    Дебеттік  – несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.

    Соңғы жылдары төлем карточкалары өте  көп қолданылып келеді, себебі бұл  құралды қолдану өте ыңғайлы  және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз. Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде өте ыңғайлы болып табылады.

    Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем  жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VISA белгісі бар карточка тек  VISA төлем жүйесінде ғана қолданылады.

    Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік  жолақшасы және микропроцессоры  бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магни жолақшасы  бар карточкалардан гөрі микропроцессоры  бар карточкалар көп қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функцияналды болып табылады.

    Микропроцессорлы  технологиялардың дамуымен дүние жүзінде  электронды ақша қолданатын түрлі төлем  жүйелері енгізіле бастады.

    Электронды  ақшалар қолда бар ақша тәріздес.Электронды ақшалар микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша аударылады.Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы ақшаның бәрінен айырылады.Ал, дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы банкте,оның есебінде сақталады.

    Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің  әйгілі болуы әр елдің тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы:АҚШ және Батыс Европа елдерінде  чектер молынан пайдаланылады. 

    Ақша  аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.

    Төлем жүйесі – белгілі бір ережеге  бағынатын бір банктік шоттан екінші банктік шотқа ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыратын механизм.

    Екі банк арасында төлемдерді жүзеге асыру механизмі. Екі банк арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатымен банктер бір-бірінде кореспонденттік шоттар ашады. Екі жақты қарым-қатынас орнаған жағдайда банктер арасында ақша аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

    1. Төлеушінің банкісінде ашылған  ақшаны алушының банкісінің корреспонденттік шотына ақшаны аудару арқылы;

    2. Ақшаны алушының банкісінде ашылған  ақшаны төлеушінің банкісінікорреспонденттік  шотынан ақшаны алу арқылы.

    Алайда, тура қатынас орнату барлық жағдайда мақсатқа сәйкес болмайды, себебі ақшаны басқа банкте орналастыру барысында несиелік тәуекел болуы мүмкін, ал күрделі банктік жүйе жағдайында қатынас есептердің көптеп ашылуы көп қаржыны қажет етеді, бұл банктің өтімділігін төмендетеді. Осыған байланысты банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктерге бір есеп айырысу банкінің қызметтерін қолданғаны дұрыс. Мұндай банк ретінде комерциялық немесе Ұлттық Банк болуы мүмкін.

    Егер  мұндай банк коммерциялық банк болса, онда жоғарыда айтылғандай бұл банк банкротқа ұшырауы ықтимал немесе банк-корреспонденттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін.

Егер  есеп айырысу банкі уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болса, ол бүкіл төлем жүйесіне қауіп  төндіреді.Сондықтан көбіне есепайырысу  банкі ретінде Ұлттық банк алға шығады, себебі ол өзінің дәрежесіне сай өз төлем жүйесін несиелік тәуекел мен өтімділік тәуекелге жол бермейді.

    Ұлттық  банк қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу  жүйесінің негізінде  жүргізілетін төлемдермен  ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.

    Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар қаржы айналасында әр төлем құратын жеке-жеке өңдеу арқылы жүзеге асады.Бұл жүйе арқылы ақша аудару банктерге ақшаны нақты уақытта аударуға мүмкіндік береді. Төлемнің аяқталуы сол күні болады.

    Жалпы өнім есебі жүйесінде әр төлем құжаты жеке-жеке өңделеді де, ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асырылады.

    Ұлттық  банк қатысуымен өтетін клиринг төлемдері  арқылы нетто-есеп жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.

    Нетто есеп жүйесінде ақша аударудың клирингтің әр қатысушысының таза позициясына негіздеп жүзеге асады.

    Клиринг – есеп айырысуға қатысушы тараптардың  екіжақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер  мен тауарлар үшін қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:

    1.Валюталық  клиринг.

    2.Банкаралық  клиринг.

    Валюталық клиринг – бұл халықаралық  төлем келісімдері негізінде  жүргізілетін сыртқы сауда мен мемлекеттер  арасындағы экономикалық қатынастардың  басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді.

    Банкаралық  клиринг – бұл елдің заңды  тұлғаларының екіжақты ақшалай талаптарын есепке ала отырып, банктер арасында есеп айырысу.

    Банк  ісіне хабарлама берудің электрондық  жолдарын енгізу және  банк жүйесінің  белгілі орталықтарында есеп айрысудың көп шоғырлануы автоматтандырылған есеп айырысу палаталарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп айырысу палаталары дегеніміз – магнитті хабар тасушылардың негізінде төлеудің банкаралық жүйесі. 

Информация о работе Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы