Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................4-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................6-8
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Инфляция саясаты .................................................................................13-16
II. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары .................................................................16-18
2.1. Инфляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................18-24
2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер. Инфляциялық таргеттеу .........................................................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ..................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі ..........................................................................................30
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Инфляция жекелеген адамдарға, сондай – ақ тұтастай барлық қоғамға өте ауыр зардап әкеледі:
Инфляцияның
экономмикалық субъектілердің
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі – инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі – оның антиинфляциялық шараларын жояды.
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау. Жеке деңгейде табыс индексациясы кәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын, жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.
Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық, әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда тиімді.
Тәжірибеде көп елдер инфляциямен күрес ретінде “келісімді” жолды таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама – қарсы деген тұжырым жатыр.
Демек, үкімет жұмыссыздықты немесе инфляцияны таңдауы тиіс. Алғашқы номиналдық жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты айқындауға әрекет жасаған Филлипс (1958 ж.). Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген, бұл АД қисығы (Филлипс қисығы).
Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қорытынды қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5 – 10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды, бұл тұжырымды кәсіподақтар мен фирмалар жалақы мен бағаны көтере отырып ұрындырады.
Статистика дәлелдегендей, инфляция 1 % - ке түсу үшін, жыл бойына жұмыссыздық 2 % табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Инфляцияны түсіру үшін, жұмыссыздықпен өтеу керек деген оймен барлық экономистер келіспейді. Әзірше бұл мәселе бір шешімге келген жоқ.
Өндіріс стагнациясымен ере жүріп, жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және бір уақытта бағаны өсіру инфляциясы стагфляция деп аталады.
Антиинфляциялық саясат шартты түрде екі типке бөлінуі мүмкін: инфляцияға ыңғайласу және онымен күрес. Бірінші жағдайда табысты индекстеу болжамданады. Алайда бұл шара өте шектеулі, себебі 100% - дық индекстеу “жалақы – бағалар” деген инфляциялық шиыршықты тудыруы мүмкін.
Күреске қатысты алсақ, оны жүргізу нұсқаларының ішінен – естен тану терапиясы деп аталатын әдісті баса көрсетуге болады – қатаң ақшалай несиелік саясат инфляцияны тез басады және айтарлықтай өндіріс құлдырауымен қатар жүреді. Мұнан басқа, мұндай бағдарламалар, әдетте, әлеуметтік бағдарламалар шаруашылық өмірді, бағаны ырықтандыру, мемлекет рөлін шектеу және т.б. есебінен бюджеттің жетімсіздігін азайту жағын қарастырады.
Инфляция
қарқынын біртіндеп түсіруге
бағдар алу, керісінше,
Қорытынды.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Реформаның
барлық кезеңінде кейде әсіре
инфляцияға айналған өршімелі
инфляция экономикалық
ҚР Ұлттық
банкісі жүргізген қатаң
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ұлттық
экономикада өндірістің терең
құлдырауынан болған тауар
- өндірілген
өнімдерге энергетиканың,
- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
- мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, оны
- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
- басқа
мемлекеттердегі экономикалық
Көп
уақыттар бойы айналыстағы
Инфляция
процесінің Қазақстандағы
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды – ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30 – 40% - дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ә. Әубәкіров, Б. Байжұмаев, Н. Жақыпова және т.б. Экономикалық теория оқу құралы, Алматы 1999 – 193 б.
2. Ә. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері, оқулық, Алматы 2004 – 406 б.
3. Қ. Қалдыбаев, Успенов және т.б. Экономика: кәсіпкерлік, бизнес негіздері, Алматы 2003 – 30 б.
4. Г.М. Осипова. Экономикалық теория негіздері, Алматы 2002 – 243 б.
5. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер оқулық, Алматы 2001- 49 б.
6. С. Әкімбеков, С. Баймұхаметова, А. Жанайдарова. Экономикалық теория оқу құралы, Астана 2002 – 318 б.
7. С.Е. Тәжбағамбетова. Экономикалық теория кестелі оқу құралы, Алматы 2003 – 77б.
8. Оралбай Әмір. Ақша, тауар инфляция, Нұр Астана 2005 – мамыр – 6 б.
9. Саидов Андрей. Антиинфляционный “стоп кран” Деловая неделя 2005 – 21 октябрь – 4 б.
Информация о работе Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты