Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................4-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................6-8
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Инфляция саясаты .................................................................................13-16
II. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары .................................................................16-18
2.1. Инфляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................18-24
2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер. Инфляциялық таргеттеу .........................................................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ..................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі ..........................................................................................30
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әдетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстардыәр түрлі факторлармен
анықталатын төмендетудіңберілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс – қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда – делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелрмен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі
механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс – қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық – қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелердің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметі қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық – импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымда байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай – ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағасын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.
Ақша реформасы – ақша айналысын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе
ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздануы дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлдендіру, қалпына келтіру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.
Өршімелі инфляция кезінде бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен күрестің айрықша нысаны – естен тандыру терапиясы. Оның мәні – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде – халықтың тұрмысы дәрежесінің төмендеуінде болады.
2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер.
Инфляциялық таргеттеу.
Неоконсерваторлар өздерінің экономикалық саясатының басты міндеті “шоқырақтаушы” инфляциямен күрес деп білді. Бұл түсінскті де. Себебі “шоқырақтаған” инфляция жағдайы тұрғын халықтың алуан түрлі жіктерінің наразылығын туғызуы үстіне терең экономикалық дағдарыс орын алу қаупін де алға тартты.
Неоконсерваторлардың инфляцияға қарсы күресінің теориялық базасы – неокапиталистік бағыттағы монетарлық теориялар және оларға негізделінген “экономикалық ұсыныстар” деп аталған жаңа қағидалар кешені болды. Кейнсиандықты жақтаушылар бұл ұсыныстарды жоққа шығарады және мемлекеттік шығындарды қатаң шектеу, ақша көлемінің өсуін шектеу шараларымен қарулануға алады.
Неоконсерваторлардың инфляцияға қарсы саясатының шешуші ерекшелігі “шығындар инфляциясына” жаңа тұрғыдан келу болып табылады. Ол екі бағытта жүрді.
Біріншіден, кәсіпкерлікті тікелей ынталандыру бағытында (корпорацияға салықтардың айтарлықтай төмендетілуі, экологиялық және өзге де шектеулердің босаңсытылуы, әлеуметтік бағдарлардың мейлінше қысқартылуы және т.б.).
Екіншіден, инвестициялардың қайнар көзі ретінде тұрғын халықтың қаржы жинауын жанама ынталандыру, осы шаралар жиынтығы “рейганомика”деген ат алды және сол жақтан табанды сыңға ұшырағанына қарамастан тұтастай алғанда табысты болып шықты. Ол нарықтың бәсекелестіктің жандануына, еңбек өнімділігінің артуына жәрдемдесті. Ал бұдан соң инфляцияның “жорғалап” келе жатқан инфляция түрлеріне дейін кемуіне жеткізді.
Инфляцияны
басқаруды жақсарту және
Ұлттық
банктің негізгі міндеті
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.
Ұлттық
банк рыноктық мөлшерлемелерді
репо мөлшерлемесімен
Қазіргі
уақытта инфляциялық
Инфляциялық
таргеттеуге көшуге қажетті
ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
өзінің
бағалы қағаздар портфелін
бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;
трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;
инфляциялық
таргеттеуді пайдалана отырып, шешім
қабылдау қағидаттарын іске
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша – несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шеегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты