Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................4-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................6-8
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Инфляция саясаты .................................................................................13-16
II. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары .................................................................16-18
2.1. Инфляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................18-24
2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер. Инфляциялық таргеттеу .........................................................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ..................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі ..........................................................................................30
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Жоғарыдағыны ескере отырып, мынандай қорытындыға келуге болады.
Қазіргі заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екінші – тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл рынок шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады.содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.
Қажет тауарды іздеуде сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп, бұдан
ақша өндірісті айналым өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде
тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:
Бірінші белгі тұрғысынан баяу (ползучий, умеренный) инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10%, Секірмелі (голопирующий), мұнда бағаның өсуі жылына жүздеген процентпен өлшенеді; Гипенинфляция, мұнда бағаның өсуі 1000% - н жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады; тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда - әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді рынок жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10% - ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөледі.
Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді.
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бұның салдары жалақының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.
Шығынның өсу қайнар көздері және экономика дисбалансының факторлары:
әлемдік экономикалық әдебиетте осы үш факторды инфляцияның
басты себептері деп атайды.
Инфляция салдары бір мағыналы емес. Кейнс біркелкі инфляция
экономика үшін пайдалы
екенін, ақша массасының өсуі іскерлік
белсенділікті
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері.
Инфляция – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.
Инфляция - бұл кез – келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция келесідей факторларға байланысты болып келеді:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтеріліп, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының «көтерілуі» себептерінің ең негізгісі - әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе – күнге өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе – теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауынан, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарлатады және ақшаны құнсыздандырады.
Сұраныс инфляциясы келесідей факторлардың әсерінен туындайды:
Шығын инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақы өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төменденуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әр бір өлшамінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуі бүкіл әлемде болатын заңды процесс.оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әр бір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан – жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жоболауыншаинфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыру мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Дамушы елдерде инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларды 80 жылдардың аяғы 90 жылдардың бас кезінде экономикалық тепе – теңдік жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизімінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990ж ақшаның құнсыздануы 8500 пайызға, Перуде – 8291,5 пайызға жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе – теңдіктің жоқтығы байқалып,
ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға несиені ұлғайту еркше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40 пайыз өсуі шамасында) сақталып, бірен – саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде экономикалық тепе – теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5 процент) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шет ел валютасының құйылуы зор рөл атқаруда, жұмыссыздық бір қалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы – бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.
Инфляцияны келесідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Информация о работе Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты