Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 07:54, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде Ұлттық банктің банк жүйесіндегі, экономикадағы, қаржы саласындағы орны мен рөлін анықтау, оның қызметтерін толық ашу.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы міндеттерім мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылу тарихына үңіліп, сол уақыттағы жағдайға, проблемаларға тоқталу;
- Ұлттық банктің негізгі міндеттерін, қызметтерін талдау;
- Ұлттық банктің операцияларын, саясатын талдау;
- Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттеудегі рөлін анықтау.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
I Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің қалыптасуы, міндеттері мен қызметтері...............................................................................................4
1.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері...............................4-8
1.2 Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары.....................................................................................9-15
II Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары.................................................................16
2.1 Ұлттық банктің саясаты мен оның экономикадағы
маңызы....................................................................................................16-25
2.2 Ұлттық банктің қолданатын бақылау, реттеу шаралары.............26-28
Қорытынды .................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 79.16 Кб (Скачать)

    Экономиға мемлекеттің  араласу көлемінің қысқаруы және  қаржылай ырықтандырылудың орын  алуы, еліміздегі банк жүйесінің  тұрақтылығы мен өміршеңдігіне  ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ бұл  жерде банк мекемелерінің қаржы делдалдары ретінде халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, оларды тұтынушылар арасында орналастыратынын ескерсек, банктердің тұрақтылығы туралы мәселені мемлекеттің назарынан тыс қалдыру дұрыс емес. [6]

    Қазақстандағы  екінші деңгейлі банктердің қызметін  реттеу 2004 жылға дейін Ұлттық  банктің Банктік қадағалау департаменті  көмегімен жүзеге асты. 2003 жылы  шілде айында қабылданған «Қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңына сәйкес, елімізде банктік қадағалауды 2011 жылдың сәуіріне дейін – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі жүзеге асырып келді. 2011 жылдың сәуір айынан бастап, Қаржылық бақылау агенттігі мен Алматы өңірлік қаржы орталығы Ұлттық банктің құрамына кірді. Қаржылық Бақылау Агенттігі – Қаржылық Бақылау Комитеті болып құрылды.

    Қаржылық Бақылау  Комитетінің Төрағасы Қуат Қожахметов  өзінің берген сұхбатында Қаржылық  Бақылау Агенттігі мен Алматы  өңірлік қаржы орталығының Ұлттық  банктің құрамына кіру себебін  атап өтті. Олар өздеріне жүктелген  міндеттерді тиісті дәрежеде  атқара алмаған болса керек. 

    Комитет құрыла  салып, өз жұмысына кірісті.  Оның алғашқы қадамы – 4 қазақстандық банктерді – «Сенім», ТАИБ Қазақ банкі», «Al Hilal», «Кредит Алтын» уақытша лицезияларынан айырды. [10]

    Банктік қадағалау  – бұл банк қызметіндегі қандай  да бір ауытқуларды білу мақсатында  бақылауды сипаттайды.

    Банктік қадағалаудың  басты міндеттерінің бірі –  бұл банктердің қызметін реттеуді  экономикалық тиімді жолмен жүргізуді  қамтамасыз ету, яғни банктік  сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын  қолдау. Ал, ол міндетті шешуде  банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісі қолданылады. 

    Бұл қашықтан  қадағалау әдісі және инспекциялық  әдісі.

    Қашықтан қадағалау  әдісі – бұл банктердің қадағалау  органдарына мәліметтер беру  түрінде жүргізілетін пруденциялық  қадағалау әдісі.

    Инспекциялық  қадағалау – банктерді орналасқан  жерінде тексеру арқылы олардың  жағдайлары туралы нақты мәліметтер  алуға мүмкіндік беретін банктердің  қызметін реттеу әдісі.

    Инспекциялау  әдісінің артықшылығы – банктің  барлық операциялары мен тәуекелін  тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің  басқарылуы туралы нақты көрініс  алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар  сирек – кейбір жағдайда бірнеше  жылда бір рет жүргізіледі,  сондықтан банктің жағдайының  барлық жақтарына үзіліссіз бақылау  қызметін жасай алмайды.

    Банктердің пруденциалдық  нормативтерді орындауына Қаржылық  Бақылау Комитеті бақылау жасайды.  Әр айдың алтыншы жұмыс күнінде  банктер Қаржылық бақылау комитетіне  пруденциалдық нормалардың есебін  жүргізу үшін қажетті мәліметтерін, сондай-ақ әр айдың бірінші  күніне Банктің активтері мен  міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін тапсырады.

    Пруденциялық  реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған  банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

   Банктер пруденциялық  нормативтер мен орындалуы міндетті  басқа да нормалар және лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің  нормативтік-құқықтық актілерін  бұзса, олардың лауазымды тұлғалары  мен қызметкерлері банктің қаржылық  жағдайына және тұрақтылығына,  немесе депозиторлары мен клиенттерінің  мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз  әрекеттер жасаса, онда ҚР Қаржылық  бақылау комитеті шектелген ықпал  ету шараларының мынадай түрлерін  қолдануы мүмкін:

  • Міндеттеме-хатты талап ету;
  • Банкпен жазбаша келісім жасау;
  • Ескерту жасау;
  • Орындатуға міндетті бұйрық хат беру.

    Міндеттеме хаты  – банк қызметінде жіберілген  кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы  оларды қатаң түрде белгіленген  мерзім ішінде жоюға дайындығы.

    Жазбаша келісімі  –анықталған кемшіліктерді дереу  жою және онымен байланысты  бастапқы шараларды бекіту туралы  банк пен Ұлттық банк арасындағы  келісімі.

    Ескерту хаты  – банктік заңдылықпен қарастырылған санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.

    Бұйрық хат  – айқындалған кемшіліктерді  белгіленген мерзімде жоюға нақты  шараларды қолдану қажеттілі  туралы банкке тапсырмасы. [6]

    Соңғы уақыттағы  қолданылған санкциялар мен ықпал  ету шараларына тоқталатын болсақ, 01.08.2011 – 30.09.2011 кезеңде «Қазкоммерцбанк» АҚ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша тексеру кезінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі жəне ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі №275 қаулыға сәйкес әкімшілік жазаға тартылды. Ол 1508500 теңге көлемінде айыппұл төледі. Сондай –ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі жəне ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жəне "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсан № 152 қаулысы бойынша әкімшілік жазаға тартылып, 1510205,94 теңге көлемінде айыппұл төледі. [5]

  

 

Қорытынды

 

    Мен курстық  жұмысымды аяқтай келе, келесідей  қорытындыларға келдім:

  1. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтпақшы, біз экономикамызды тақыр жерден бастаған болатынбыз. Сол тақыр жерді гүлдендіруде Ұлттық банктің құрылуы аса маңызды рөлге ие болды.
  2. Ұлттық банк қазіргі кезде өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді тиісті дәрежеде атқарып келеді.
  3. Ұлттық банктің жүзеге асырып отырған операциялары мемлекеттің бюджет тапшылығын жоюға біршама көмектесіп келеді.
  4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты еліміздің экономикасының, қаржы саласының тұрақтануына себепші болып келеді. Оған мысал инфляцияның 2011 жылы 5,1 %-ға дейін төмендеуі.
  5. Ұлттық банктің қадағалау, реттеу шаралары екінші деңгейлі банктерді бақылауда ұстап, олардың әрекеттеріне сай шараларды қолданып келеді.

    Ендігі кезекте  мен Ұлттық банктің қызметіне  қатысты мынадай ұсыныстарды  айтқым келеді:

  • Алтын-валюта активтерін басқаруды жетілдіру. Себебі олар халықаралық төлемдер аясын мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарына жатады. Олардың мөлшері елдің қаржылық жағдайының мықтылығын білдіреді. Әлемдік тәжірибеде өтімділіктің деңгейі алдағы 6 айға сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемінен аз болмауы тиіс деген пікір қалыптасқан.
  • Валюталық шектеулерді енгізу экономикалық жағдайға қатаң түрде негізделуі тиіс – егер валюталық шектеулер резиденттерге халықаралық бизнес жүргізуге рұқсат беру бойынша объективті шектеулердің пайда болуы кезінде енгізілсе, онда олар ақталады.
  • Төлем жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
  • Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге және макропруденциалдық реттеу шараларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлу.

    Енді Қазіргі  кезде Ұлттық банк 2010-2014 жылдарға  арналған стратегиялық бағдарламасын  жүзеге асыруға тырысуда. Ол стратегия  бойынша төмендегідей мүмкіндіктерді  жүзеге асыру көзделуде:

  • Қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Ақпарат технологиясын жетілдіру;
  • Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру;
  • Қызметкерлерге басшылық ықпал етуді жетілдіру;
  • Қаржы жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлауға қатысу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
  • Өңірлік бірлестіктер шеңберінде интеграциялық үдерістерге қатысу;
  • Ықтимал тәуекелдер.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» - Астана, 2007 ж.
  2. Баян Көшенова, Оқу құралы   Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: Экономика, 2000ж.
  3. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы”  ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155.
  4. С.Б. Мақыш, Оқу құралы  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi,  2004 ж.
  5. www.nationalbank.kz
  6. C.Б. Мақыш «Банк ісі» - Алматы: Издатмаркет, 2007.
  7. Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева «Қаржы, ақша айналысы және несие» - Алматы: Экономика, 2008.
  8. www.acf.eabr.org
  9. ҚР Президентінің Əкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 01-39.19 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық Банкінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
  10. «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі.
  11. www.kurs.kz

 

 

 

 

 

 

   

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары