Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 07:54, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде Ұлттық банктің банк жүйесіндегі, экономикадағы, қаржы саласындағы орны мен рөлін анықтау, оның қызметтерін толық ашу.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы міндеттерім мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылу тарихына үңіліп, сол уақыттағы жағдайға, проблемаларға тоқталу;
- Ұлттық банктің негізгі міндеттерін, қызметтерін талдау;
- Ұлттық банктің операцияларын, саясатын талдау;
- Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттеудегі рөлін анықтау.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
I Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің қалыптасуы, міндеттері мен қызметтері...............................................................................................4
1.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері...............................4-8
1.2 Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары.....................................................................................9-15
II Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары.................................................................16
2.1 Ұлттық банктің саясаты мен оның экономикадағы
маңызы....................................................................................................16-25
2.2 Ұлттық банктің қолданатын бақылау, реттеу шаралары.............26-28
Қорытынды .................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 79.16 Кб (Скачать)

    Қазақстан Ұлттық банкінің ресми ставкалары

 

    Ең төменгі  резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы  тепе-теңдікті қаматамасыз етуде,  банктерге берілетін несиелер  көлемін реттеуде, банктің өтімділік  деңгейін реттеуде және олардың  міндеттемелері бойынша төлемсіздікті  төмендетуде, сол сияқты банктің  салым иелері мен акционерлерінің  мүдделерін қорғау мақсатында  Ұлттық банк ең төменгі резервтік  талаптар механизмін қолданады.

    Резервтік талаптар  ашық нарықтағы операциялар және  пайыз саясатымен қатар коммерциялық  банктерді жанама ақшалай-несиелік  реттеудің негізгі құралдарының  біріне жатады. Қазақстан банк  жүйесінің бүгінгі даму жағдайында  резервтік талаптар, бір жағынан,  сақтандыру институттарының жоқ  кезінде, коммерциялық банктердің  депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы  ақшалай мультипликация процесін  реттеу қызметтерін атқарады.

    Ақша-несие саясатының  бұл құралы 1993 құралы 1 қаңтарда енгізілген  «ҚР коммерциялық кооперативтік  және жеке банктердің қызметін  реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы  депозиттік міндеттемелердің 18-20% мөлшерінде  бекітілген болатын. Кейіннен  оның мөлшері 6%-ға дейін төмендеді.

    Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің «Ең төменгі  резервтік талаптар туралы» Ережесіне  сәйкес банктерді мүмкін және  күтпеген шығындардан сақтау  үшін екінші деңгейлі банктер  Ұлттық банк белгілеген резервтік  талаптардың нормаларын орындауы  міндетті.

  Банктердің ең төменгі  резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылады:

  1. Баламалы – ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Баламасыз – қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

Ашық нарықтағы операциялар  – бұл Ұлттық банктің айналыстағы  ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің  бағалы қағаздарын сату және сатып  алумен байланысты операциялары.

    Ұлттық банк  нарықта бағалы қағаздарды сату  арқылы оны сатып алушылардың  резервтік шоттарынан тиісті  соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше,  банктерге несие беруді және  ақша шығаруды ынталандыру мақсатында  Ұлттық банк бағалы қағаздарды  сатып алады да, тиісті соманы  банктердің резервтік шотына  қайта аударады.

    Айналыстағы ақша  массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

 

ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдістері



 

  1. Аукциондық әдіс, яғни алғашқы агенттердің өтініштерінде көрсетілген дисконттау бағасы бойынша қысқа мерзімді ноталарды орналастыру, яғни ең жоғарғы дисконттау бағасынан бастап аукционның шарттарында хабарланған шегінде сатып алушыларды қанағаттандыру бағасымен аяқтау.
  2. Толық орналастыру әдісі (аукциондағы қалыптасқан орташа өлшемді дисконттау бағасында эмиссиялауға сәйкес қысқа мерзімді ноталардың қосымша көлемін орналастыру).
  3. Алғашқы агенттермен келісілгендей дисконттау бағасында ҚҰБ шығарған қысқа мерзімді ноталарын сату әдісі. [6]

    2009 жылғы тамызда  ақша-кредит саясатының кейбір  құралдарына өзгерістер енгізілген  болатын. 2009 жылғы 10 тамыздан бастап  Ұлттық Банк айналыс мерзімі  1 ай қысқа мерзімді ноталарды  орналастыруды тоқтатты.

Енді 3 жəне 6 айлық айналыс  мерзімдерімен мақсатты түсімділігі  тиісінше 2,9% жəне 3,3% (+/-0,1%) ноталар шығарылады. [9]

    Қазақстан Ұлттық  банкі ақша-несие саясатының басты  бағыттарына және қаржы нарығының  конъюнктурасына сәйкес және  бекітілген қысқа мерзімді ноталарды  шығару шарттарына сай аукционға  қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға  құқылы.

    Валюталық интервенция  деп – ұлттық валюталық бағамына  әсер ету мақсатында Ұлттық  банктің шетел валютасын сату  және сатып алу жолымен валюталық  нарықтағы операцияларға қатысуын  айтады. [6]

    Төмендегі кестеде  соңғы үш жылдағы теңгенің  долларға шаққандағы бағамдары  көрсетілген. Кестеден көріп отырғанымыздай, бұл көрсеткіштің тұрақтанып  келе жатқандағын байқауға болады. Өйткені, көрсеткіштердің арасындағы  айырма өте аз. Теңгенің долларға  шаққандағы ең бірінші бағамы, яғни 1993 жылы 4,75 теңгені құраған  болатын. Ал бүгінгі күнгі бағамы 147,94 теңгені құрайды. [11]   

 

 

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы

30.11.2009

 

148,72

30.11.2010

147,49

06.11.2011

147,94


 

   20 жылдың ішіңде  біз үлкен көрсеткіштерге қол  жеткіздік. Бұдан Ұлттық банктің  жүргізіп отырған ақша-несие саясатының  маңыздылығын, тиімділігін байқауға  болады. Қазақстан экспорттайтын мұнай, металл мен астықтың әлемдік нарықтағы бағасының жоғары болуы теңге үшін қолайлы жағдай туғызса керек. Григорий Марченконың айтуынша, Ұлттық банк валюта нарығын бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономикадағы соңғы кездегі келеңсіз жағдайлар Қазақстанға елеулі әсер ете алмайды деп отыр. [5]

    Таргеттеу (ағылшын сөзінде –target қазақша - мақсат) бұл реттеу ұйымының жауапкершілігіне жататын мақсатты көрсеткіштердің сандық бағдарларына жетуге арналған экономикалық саясаттың құралдарын қолдануды білдіреді. Егер Орталық банк ақырғы мақсатына тікелей қол жеткізе алмаған жағдайда, аралық көрсеткіштерді таргеттеуді қолданады. Халықаралық тәжірибеде таргеттеудің төмендегідей нұсқалары таралған:

  • Инфляцияны таргеттеу;
  • Валюталық бағамды таргеттеу;
  • Номиналдық табыстарды таргеттеу.

    Инфляциялық таргеттеу  – орталық банктің инфляцияның  сандық бағдарына қол жеткізу  мақсатында ақша-несие саясатының  құралдарын қолдануын білдіреді.

    Инфляциялық таргеттеу  тұсындағы ақша-несие саясатының  негізгі құралдарының біріне  ашық нарықтағы операция, оның  ішінде РЕПО операциясы және  вексельдерді қайта есепке алу  операциялары жатады. [6]

   Ұлттық банктің  жүргізіп отырған ақша-несие саясаты  мемлекетіміздегі экономиканың  тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 2009 жылы инфляциялық үрдістер  тұтыну бағасының өсу қарқынының  бəсеңдеуімен сипатталды.

2009 жылғы желтоқсанның  қорытындысы бойынша (2008 жылғы  желтоқсанда – 9,5%) инфляция жылдық  көрсетуде 6,2% құрады.  Ал 2010 жылы 7,8 %-ті құраса, 2011 жылы 5,1 %-ға дейін  төмендеген.

Баға тұрақтылығын ұстап  тұрудың негізгі құралдары қысқа  мерзімді ноталар шығару жəне банктерден депозиттер тарту болды. 2009 жылғы  желтоқсанның соңында айналыстағы  қысқа мерзімді ноталардың көлемі жыл  басынан бері

1,5 есе ұлғайып 473,3 млрд. теңгені құрады, ал банктердің  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкіндегі депозиттері бойынша  қалдықтар 488,9 млрд. теңгеге дейін  өсті (14,8 есе). Сонымен қатар 2009 жылы  ақша ұсынысы мынадай негізгі  үрдістермен сипатталды. 2009 жылғы  желтоқсанда

ақша базасы 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 60,7%-ға 2451,2 млрд. теңгеге  кеңейді. Ақша базасы кеңеюінің негізгі  себебі Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі есебінен болды. Ақша массасы 2009 жылғы 11 айда банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің өсуі есебінен 13,2%-ға 7094,5 млрд. теңгеге  дейін ұлғайды. 2009 жылғы қаңтар-қарашада айналыстағы қолма-қол ақша 2,5%-ға 836,7 млрд. теңгеге дейін қысқарды. [9]

    Қазақстан Ұлттық  банкі тарапынан жүзеге асатын  ақша-несиелік реттеу объектісіне ақша массасының жиынтығы жатады.

    Ақша массасы  – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға  және мемлекетке тиісті және  шаруашылық айналымына қызмет  ететін сатып алу және төлем  құралдарының жиынтығы.

    Қазақстанда ақша  массасы Ұлттық банк пен екінші  деңгейдегі банктердің баланстық  шоттарын шоғырландыру негізінде  анықталады және оның құрамына  айналыстағы қолма-қол ақша және  резидент заңды тұлғалар мен  үй шаруашылығы депозиттері жатады.

    Белгілі бір  күндегі және белгілі бір кезеңдегі  ақша айналысының сандық өзгерісін  талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының  өсуі мен көлемін реттеуге  байланысты шараларды жасау үшін  әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.

    Төмендегі кестеде  2010 жылдың соңы мен 2011 жылдың  бірінші жартысына қатысты ақша  агрегаттарының көрсеткіштері берілген. Кестеден көріп отырғанымыздай, 2010 жылға қарағанда ЕДБ-дің және басқа да ұйымдардың ҚҰБ-дегі депозиттері 2011 жылдың мамыр айында 275490 млн теңгеге көбейген. Сондай-ақ ЕДБ-дің ҚҰБ-дегі резервтік депозиттердің 2010 жылға қарағанда артқанын байқауға болады.  [5]

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақша агрегаттары 

   

млн.теңге/ кезеңнiң соңына

   
             
 

12.10 

01.11 

02.11 

03.11 

04.11 

05.11 

             

1. Ақша базасы (резервтiк ақша)

2 572 217

2 641 507

2 630 137

2 810 231

2 906 459

2 842 547

айдағы өзгеріс, %

8,4

2,7

-0,4

6,8

3,4

-2,2

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

5

2,7

2,3

9,3

13

10,5

оның iшiнде:

           

1.1 ҚҰБ-нен тыс қолма-қол  ақша

1 306 208

1 252 898

1 248 329

1 253 260

1 279 954

1 301 055

1.2 ЕДБ-дiң және басқа  ұйымдардың

           

ҚҰБ-дегі депозиттерi

1 266 009

1 388 608

1 381 808

1 556 971

1 626 505

1 541 493

             

Ақша базасы (тар  мағынада)

2 142 999

2 196 323

2 143 030

2 351 402

2 350 156

2 307 583

айдағы өзгеріс, %

5,9

2,5

-2,4

9,7

-0,1

-1,8

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

9,2

2,5

0

9,7

9,7

7,7

оның iшiнде:

           

ЕДБ-дiң ҚҰБ-дегі резервтiк  депозиттерi

292 371

387 193

342 311

499 793

454 557

308 051

             

2. МО

           

(айналыстағы қолма-қол  ақша)

1 148 489

1 094 781

1 091 552

1 097 141

1 124 804

1 142 660

айдағы өзгеріс, %

6,9

-4,7

-0,3

0,5

2,5

1,6

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

25,7

-4,7

-5

-4,5

-2,1

-0,5

             

3. М1

3 116 049

3 112 623

3 137 096

3 440 728

3 489 824

3 519 077

айдағы өзгеріс, %

4,9

-0,1

0,8

9,7

1,4

0,8

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

26,8

-0,1

0,7

10,4

12

12,9

оның iшiнде:

           
             

3.1 халықтың теңгедегi аудармалы  депозиттерi

226 520

204 599

215 104

218 561

226 724

222 000

3.2 банктік емес заңды  тұлғалардың

           

теңгедегi аудармалы депозиттерi

1 741 040

1 813 243

1 830 440

2 125 027

2 138 295

2 154 417

             

4. М2

6 570 099

6 649 830

6 802 837

7 167 153

7 252 484

7 209 417

айдағы өзгеріс, %

-0,7

1,2

2,3

5,4

1,2

-0,6

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

23,1

1,2

3,5

9,1

10,4

9,7

оның iшiнде:

           

4.1 халықтың теңгедегi басқа  депозиттерi

           

және шетел валютасындағы

           

аудармалы депозиттерi

1 042 679

1 068 366

1 102 930

1 129 511

1 159 940

1 179 218

4.2 банктік емес заңды  тұлғалардың

           

теңгедегi басқа депозиттерi

           

және шетел валютасындағы

           

аудармалы депозиттерi

2 411 371

2 468 841

2 562 811

2 596 914

2 602 721

2 511 122

             

5. М3 (ақша массасы)

8 482 828

8 608 602

8 605 665

8 923 852

9 016 130

8 968 234

айдағы өзгеріс, %

-0,5

1,5

0

3,7

1

-0,5

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

13,3

1,5

1,4

5,2

6,3

5,7

оның iшiнде:

           

5.1 халықтың шетел валютасындағы

           

басқа депозиттерi

925 678

935 916

929 259

928 641

935 429

931 758

5.2 банктік емес заңды  тұлғалардың

           

шетел валютасындағы

           

басқа депозиттерi

987 051

1 022 856

873 569

828 059

828 217

827 059

2010 жылғы желтоқсанның  деректерінде қорытынды айналымдар  есепке алынды

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Ұлттық банктің қолданатын бақылау, реттеу шаралары.

    Қазақстан Республикасы  екінші деңгейдегі банктердің  қызметін реттеу және қадағалау  бойынша нормативтік-құқықтық актілермен  анықталады.

    ҚР Ұлттық банкі  халықаралық банктік тәжірибеде  қолданылатын пруденциялық нормативтер  мен орындауға міндетті басқа  да нормалар мен лимиттерді  белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар  банктердің пруденциялық нормативтерді  және орындауға міндетті басқа  да нормалар мен міндеттерді  бұзғаны үшің жауапкершілікті  белгілейді.

    Қойылған талаптарға  банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банк капиталының көлемін анықтауға құқылы.

    Пруденциялық  нормативтер немесе орындауға  міндетті басқа да нормалар  мен лимиттердің нормативтік  белгілері мен есептеу әдістемесін,  белгіленген күнге банктің капиталының  көлемін, ашық валюта позициясының  лимиттерін және оларды есептеу  тәртібін, резервтік талаптар нормасын  және оларды есептеу әдісін, есеп  берудің сәйкес формалары мен  оны тапсыру мерзімін Ұлттық  банк белгілейді.

    Банктік қызметті  жүзеге асырумен байланысты шығындарды  табу мақсатында банктер резервтік  қор құруға міндетті. Банктердің  резервтік қорларының көлемін  ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

    Банктер жүргізетін  операцияларының түрлері мен  көлеміне байланысты өздерінің  қызметінің сенімділігіне бақылауды  қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан  Республикасындағы банктер туралы  заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банк  бекіткен тәртіпте күмәнді және  үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы  провизиялар құру арқылы берілген  несиелер мен басқа да активтерді  жіктеуге міндетті.

    Банк қызметін  реттеу шараларының ішіндегі  ең маңыздысы – пруденциялық  нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық  банк Басқармасының №213 қаулысымен  бекітілген «Екінші деңгейдегі  банктерге арналған пруденциялық  нормативтер туралы» Ережеге  сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
  2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
  3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
  4. Өтімділік коэффициенті;
  5. Ашық валюталық позиция лимиті;
  6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары