Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу, шетелдік және отандық тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 12:21, курсовая работа

Описание работы

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын.
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3

1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары .......5
1.2 Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері ...................................................................................................................6
1.3. Агролизингтің дамуының әлемдік тәжірибесі ............................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2.1 Ұлттық ауыл шаруашылығы: экономикалық маңызы мен құрылымы ....15
2.2 Егін шаруашылығының түрлері және оның ауыл шаруашылығындағы алатын орны ..........................................................................................................21
2.3 Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны ..........................................................................................................28

Қорытынды ...........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе Ержан ЮАЙБИ 2011-00.docx

— 82.26 Кб (Скачать)

      Кейбір  машина жасайтын кәсіпорындар  техниканың әлеуметтігін сақтау  мақсатында одан әрі дамытуды  қажет ететін ауыл шаруашылығы  техникасын шығару жөніндегі  жекелеген жобаларды іске асыруда.  Мәселен 2007 жылғы шілдеден бастап  «Шағын литражды двигательдер  зауыты» ЖШС Петропавл зауытынан  Украиналық машина жасаушылармен  бірлесе отырып өнімділік қабілеті 7-8 кг/сек және 9-11 кг/сек эксперименттік 9 «Нан» комбайны құрастырылып  шығарылды.

      Тіркемелі  кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін  Қазақстандық кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып  шығару игерілді; «ЗИНСТО» ААҚ-да  трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш  және шөп шабатын, агрегаттар  шығару жолға қойылды. «Агромаш»  АҚ (Астана) тұқым сепкіштер, топырақ  эрозиясына қарсы қолданылатын  құралдар шығаруды қайта қалпына  келтірді.      Бүгінгі  күнде республикамызда ауыл шаруашылығы  техникалары мен қосалқы бөлшектер  шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар.  Бұл зауыттар ауыл шаруашылығы  мақсатындағы өнімнің 391 түрін  шығарады. Зауыттардың 2008 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  жалпы кредиторлық және дебиторлық  берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды,  оның ішінде кредиторлық берешек  – 2,7 млрд теңге болады.2007 жылдан 2011 жылға дейін ауыл шаруашылығы  іс жүзінде жаңа техника алған  жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды  қоса алғанда соңғы үш жылда  барлығы 7279 бірлік техника сатып  алынды, оның 1193-і трактор және 2388-і  комбайн. Бұл республикадағы осы  саланы техникалық жарақтандырылуына  тұтас алғанда айтарлықтай ықпал  етпейді.

      Ауыл шаруашылығы  дақылдарын өсіру агрономиялық  тәсілдерді жетілдіруді әрқашан  талап етіп келеді және талап  ете бермек. Осы уақытқа дейін  өндірісте кең тараған технология  белгілі бір ауыспалы егіс  топырақты негізгі және егу  алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал  жинау, аурулармен, зиянкестермен  күресу жүйесімен сипатталады.  Топырақ құнарының арту жағдайы  егін шаруашылығы өндірісінде  жақсы агротехникалық ортада  барынша жоғары өнім беретіндігімен  ерекшеленетін сапалы  жаңа  сорттарды  пайдалануды қажет етеді. Селекцияда  мұндай сорттар интенсивті жеке  типтегі сорттар, ал бұл сорттарды  өсіру технологиясы интенсивті  технология  деп  аталады. 

      Бүгінгі  күнгі егін шаруашылығы жағдайында  интенсивті  технология -   ның  мәнісі:

1) Егістікті ауыспалы  егіс жүйесіндегі ең жақсы  дақыл бойынша,ең алдымен таза  қара парлар бойынша орналастыруда;

2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке  жататын сорттарды өсіруде;

3) Өсімдіктерді минералдық  корек элементтерімен және олардың                    топырақтың мөлшерін есепке ала  отырып үйлесімді түрде қамтамасыз  ету, вегетация кезінде оларды  бөлшектеп қолдануда;4)Өсімдіктерді  арамшөптерден, зиянкестерден және  аурулардан қорғаудың  интеграцияланған  жүйесін құруда;

5) Топырақты эрозиядан  қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға  ауыл шаруашылығы дақылдарының  дамуына қолайлы жағдай жасауға  бағытталған технологиялық тәсілдердің  уақтылы және сапалы орындалуында  интенсивті технологияның түпкі  мақсаты дақыл өнімінің өсуі  мен тұрақтылығын арттыруды және  дәннің жақсартуды қамтамасыз  ету.

      Интенсивті  технологияны енгізу шараларын  жүргізгенде ;

1) Белгілі бір дақылды  күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы  жөніндегі ұсыныстарды, зерттей  үйреніп, оның негізгі элементтерінің  мазмұндарын қорыту керек;

2)  Интенсивті  технологияны  енгізген озат шаруашылықтарды  таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін  қорыту қажет.

3)  Пайдаланып отырған  шаруашылық бойынша белгілі бір  дақыл үшін негізге алатын  мәліметтер қолда болуы тиіс.

4)  Ауытқуларды анықтап,  тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға  келтіріп мазмұндау керек.

      Астықты  интенсивті технология бойынша  өндіруді ұйымдастыру мен оның  тиімділігін талдай отырып, сондай-ақ  қосымша шығынның көзін табу  қажет. Ол үшін интенсивті технология  бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы  дақылының барлық егіс көлеміне  есептегенде шығынның жалпы арту  мөлшерін есептеп шығару керек.

       Астық  – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің  негізгі компоненті. Соңғы үш  жылда (2011-2007ж) дәнді дақылдар  егіс алаңдарының тұрақтанғандығына  орай олардың түсімділігі өткен  үш жылмен салыстырғанда 4,8 ц  / га –ға немесе 67% -ға өсіп, 11,5 ц / га –ға жетті. Астық өндіру 3,9 млн тоннаға немесе 39 % - ға ұлғайды  және орташа жылдамдық деңгейі  шамамен 13,9 млн тоннаға жетті.  Негізгі экспорттық дақыл –  бидай өндірудің көлемі 2009-1998 жылдардағы 7,1 млн тоннадан 2011-2007 жылдарда 11,0 млн  тоннаға дейін өсті. Қазақстан  астық экспорттаудан әлемде алтыншы  орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей  климаты басқа елдердің бидай  ұнының қасиеттерін жақсартушы  ретінде әлемдік рынокта сұранысқа  ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың  қалыптасуына ықпал етеді. Астықты  ішкі рыногын тұрақтандыру және  реттеу, нан және тоқаш нан  тағамдарының бағасы негізсіз  қымбаттауына жол бермеу мақсатында, көктем, жаз кезеңінде астықтың сату резервтеріне интервенция жүргізуінен тұрады. Соңғы үш жылда (199-2007ж)  күрішті өндіруден орташа түсімділігі 28,8 ц /га болып , жыл сайынғы түсімі 204,1 мың тонна көлемінде тұрақтанды, майлы дақылдардың егістік алаңының азаю үрдісі байқалуда. Сонымен қатар түсімділігінің 4-6 ц /га деңгейінде тұрақтануы майлы дақылдардың жалпы өнімін 18-20 % -ға арттыруға мүмкіндік береді.

      Қазақстанның  астық саласының техникамен орташа  қамтамасыз етілуі, техникалық дақылдың  коэффициентін қоса есептегенде  55 % - дан аспайды. Астық өндірісі  құрылымының жетілмегендігі, астық  өндірісіндегі бидайдың үлес  салмағы жемдік, дәнді бұршақ, жарма  дақылдары есебінен 2011-2007 жылдары  орта есеппен 79 %-ды құрады, егістік  алаңдары құрылымындағы шаусыр, қыша және рапс сияқты майлы  дақылдардың үлесі 4-%-ды құрайды. 

      Өсімдік  шаруашылығы егістіктен, бау-бақша  және жүзім шаруашылықтарынан  құралған. Егістік дақыл түрлеріне  дәнді дақыл, техникалық дақыл,  мал азықтық дақылдар жатады. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы  ауыл шаруашылығының негізгі  мамандану бағытын айқындайды. Сондықтан  өсімдік шаруашылығы жетекші  рөл атқарады. Өсімдік шаруашылығының  алдына қойған негізгі міндеттері  – мәдени дақылдарды жан-жақты  зерттеп, мол өнім алудың тәсілдерін  ойластыру. Өсімдік шаруашылығында  жарық пен жылудың, ылғал мен  минералды қоректердің, топырақ  құрамының бір-біріне қатынасы  ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне  мол әсер етеді. Республикамызда  егістік жер солтүстік, солтүстік  –батыс, шығыс және оңтүстіктегі  тау етектеріндегі игерілген  аумақты алып жатыр. Жалпы егістіктің  көлемі 1990ж. 36 млн гектарды құрады. Кейінгі жылдары елімізде жүргізіліп  жатқан жекешелендіруге және  құнарлығын арттыруға байланысты  егістік көлемі 12-13 млн га жерге  артты. Бұл бұрынғы көлемге  қарағанда 1,5-2 есе азайған. Себебі: егіс танаптарының құнарлығы  кемігендіктен ол жер шабындыққа, мал жайылымына берілді. Ауыл  шаруашылығы дақылдарының жалпы  алқабындағы дәнді дақылдардың  үлесі 48%-дан, 65 %-ға дейін, ал  дәнді дақылдардың құрылымында  тиісінше 71%-дан 82 %- ға дейін ұлғайды.

       Елімізде  негізгі астық дақылы – бидай,  барлық егіс көлемінің 1/2-ін  алады. Бидайдың өсіп-өнуі үшін  топырақ пен жылудың маңызы  зор. Құнарлы қара топырақ зонасы  республикамыздың солтүстік, солтүстік  – батыс және солтүстік –шығыс  бөлігін алып жатыр. Біздің  елімізде бидайдың екі түрі  бар. Жаздық бидай және күздік  бидай өсіріледі. Жаздық бидай  ылғалды көп қажет етеді, ол  қара және қызыл – қоңыр  топырақта жақсы өседі. Оны  көктемде себеді.

 

 

 

 

 

2.3 Мал шаруашылығының  түрлері және оның агроөнеркәсіп  кешенінде алатын орны.

 

      Мал шаруашылығы  – ауыл шаруашылығының мал  өнімдерін өндіру үшін мал  өсірумен айналысатын саласы. Мал  шаруашылығы халықты азық –түлікпе   (сүт,  май,  ет,  т. б.)   жеңіл   және  тамақ өнеркәсіптерін  шикізатпен

( жүн, тері, ет өнімдері  қалдықтары т.б.)  ауыл шаруашылық  өндірісін күш – көлік  ( ат, өгіз, түйе, т.б.)  және   тыңайтқышпен  қамтамасыз  етеді. Мал шаруашылық   өнімдері   мен   оның   қалдықтарынан мал азықтары ( майы  алынған  сүт,  ет –сүйек,  және  сүйек  ұндары,  т. б. ),  дәрі –дәрмектер мен биологиялық   белсенді   ( активті )   заттар   ( емдік   сарысулар,  гормонды  қосылыстар, т.б.) алынды. Мал шаруашылығы  салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы  және түйе шаруашылықтары жатады.

      Мал шаруашылығының  тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын  жабайы жануарларды қолға үйрету  кезеңінен бастау алады. Алғашқыда  мал шаруа-шылығы табиғи сипатта   дамығандықтан  малдардың   өнімділік  бағыттары мен   тұқымдары  санын  ұлғайтуға   жеткілікті  жағдайлар   болмады.    Мал тұқымдарын   шығарудың  қарқын алуы мал шаруашылық  өнімдерін өндіру тауарлары   сипат  алған  капиталистік  қатынастардың өркендеуімен тығыз  баыланысты жүрді. Мыңдаған жылдық  тарихы бар мал шаруашылығының  Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік  және  мәдени  дамуындағы орны  ерекше  болды.  20-ғасырдың   басына  дейін   адамдардың  әл – ауқаты мен тұрмыс  тіршілік  деңгейі  түгелге   жуық  мал  шаруашылығының өркендеу  деңгейімен  анықталды.  Қазақстан   жерінде    мал    шаруашылығы   ежелден жайылым   ауыстырып   отыруды   талап   ететін   көшпелі  жүйе   бойынша дамығандықтан    негізінен    қой,    ешкі,   жылқы   және   түйе өсірілді. Салыстыр -   малы  түрде   күтімді  және  құнарлы  азықтарды   көп қажет ететін сиырдың кең  таралуы, сондай – ақ, қазақ  төрт түлік мал санатына қоспайтын  шошқа өсірудің  қолға  алынуы  19 – 20 ғасырларда  Ресейден  орыс  шаруалары –  ның  қоныс   аударып   келе  бастауымен  тығыз   байланысты. Сол  кездерде    Орталық Қазақстан аймағындағы  мал шаруашылығы ерекшеліктерін  анықтау мақсатында жүргізілген  зерттеулер нәтижесі мал түрлері  үлес салмағының төмендегідей  болғандығын көрсетті.

      Қазақстанда  19 – гасырдың соңына дейін  негізінен қой, ешкі, түйе және  жылқы түліктері өсірілуінің  бірнеше басты себептері бар.  Жер аумағының  70 % - ға жуығын (182 млн га) осы малдарды өсіру  арқылы тиімді пайдалануға болатын  жайылым алқаптары алып жатты,  айтылған малдар жергілікті табиғат  жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым  азығын пайдаланып өсіп - өнді ,  сонымен бірге, жергілікті халық  олардың өзіндік құны төмен  және зор сұранысқа ие өнім  түрлерін өндіру мен оларды  өңдеудің тиімді технологияларын  (ет, май, сүттен, тағам, жүн теріден  киім – кешек, көшпелі баспана  – киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал  шаруашылығының дамуы мен тұқым  түрлерінің үлес салмағына қатысты  аудандардың жер, су, ауа райы  ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру ежелден – ақ  топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80 % -дан аса) уақ малдар ( қой, ешкі) құрады. Қазақстанда 1916 ж. 18,4 млн бас қой мен ешкі, 4,3 млн жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн бас сиыр өсірілді. 1918 – 21 ж. Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 – 29 ж. аралығында ауыл шаруашылығын игеруге қолданылған жан – жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейіне жеткізілді. Алайда, 1930 – 33 ж. ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында  жіберілген қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 ж. Орталық комитет қабылдаған «Қазақстан мал шаруашылығы туралы» шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасына 100–ге қой – ешкі, 8–10    сиыр, 3–5 түйе мен 8 – 10 жылқы ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отыршылық өмір салтының орнығуы мал шаруашылығының жаңа бағыттары – сүтті  және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934–90 ж. аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы мал шаруашылығының барлық салаларын  айтарлықтай жоғары қарқында  дамытуға мүмкіндік берді. 1990 – 92 ж.   Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының теңдік қорын  тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн т. ет ( сойыс   салмағымен ), 5,5 млн. т. сүт, 100 мың  т. (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елітірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990–2006 ж. ауыл  шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде  сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7,  жылқы  1,7 түйе 1,5 есе азайды. Нәтижесінде  негізгі  мал шаруашылық  өнімдерін  өндіру  көлемі  2,5 – 3,0  есеге  дейін  қысқарды. Бұл   ауыл   халқының  әлеуметтік  жағдайының  күрт  нашарлауына   алып келді,   республика  бойынша  жан  басына  шаққанда  ет  және  ет  өнімдерін тұыну   мөлшерінің  73 кг – нан   40 кг – ға  , сүт   және  сүт   өнімдерінің 311 кг – нан 208 – ға дейін  төмендеуіне  әкеліп  соқты  (ғылыми  негізделген мөлшерден    2 еседей аз).  Ел   экономикасының   тұрақталуына  байланысты,   2006 жылдан    бастап  мал  шаруашылығында  оңды  өзгерістер     орын  ала    бастады. 2011 – 2006   жылдармен     салыстырғанда,   2010 ж.   сиыр     24,0 – 22,7 % - ға ,   оның   ішінде   аналық   сиырлар   16 – 15,4  % - ға,    жылқы    5,4 – 7,2 % - ға,   түйе   18,0 – 17,6 % - ға  көбейді.   Бұл  ретте  ірі   қарамен   (сиыр,    жылқы,  түйе)    салыстырғанда,   уақ   малдар   саны   (қой,   ешкі)  20 ғасырдың   90 – жылдарының  басында тез кеміген болса, ал   қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады.  Бірінші жағдай реформаның   алғашқы   жылдарында  уақ   малдың   баспа – бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді  болғандығымен, ал   екінші жағдай олардың өсімталдық  қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта барлық  сиырдың 87,3 % - ы   жеке   меншікте,   6,2 % - ы шаруа қожалықтарында, 6,5 % - ы мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінде жиналталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша   80,2;  12,3   және   7,5 % - ға, жылқы түлігі  бойынша 83,8; 10,6  және 5,6 % - ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0 % - ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына бөлінуінің  артықшылығы ретінде 2006 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол бермеу   нәтижесінде   соңғы 3 – 4  жылда түлік   түлектері   бойынша   мал санының   орташа   өсімі 3 – 10 % - ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 – 6,5 % -ға тұрақты артып келеді.

     Мал шаруашылығы  – қазақ халқының ата –  бабаларынан   қалған дәстүрлі  кәсібі. Қазақстандағы мал шаруашылығының  жетекші салалары – қой, ешкі, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе  шаруашылықтары. Шошқа, марал, құс,  ара және жібек құртын өсіру  – мал шаруашылығының қосымша  салалары. Орасан мол табиғи жайылым  мен шабындық жердің Қазақстанның  мал шаруашлығын  өркендетудегі  маңызы зор. 

      Қазақстанның  табиғи жайылымыды дала, шөлейт, шөл зоналарында және биік  таулы  аудандарында қой шаруашылығы  дамыған.

      Еліміздің  табиғи жағдайы қой шаруашылығымен  айналысуға өте қолайлы.

      Республикамыздағы  қой шаруашлығы көп таралған  өңірлер Оңтүстік, Батыс, және  Шығыс Қазақстан аудандары.     Қой шаруашылығы бірнеше бағытта  дамыған. Қазақстанда биязы және  жартылай биязы жүнді, жүнінің  технологиялық сапасы жоғары  арқар – меринос, ет – май  бағытындағы еділбай тұқымды,  елтірі беретін қаракөл тұқымды  қойлар өсіріледі.

      Биязы және  жартылай биязы жүнді қой шаруашылығы  еліміздің оңтүстігіндегі астықты  аймақтары мен биік тау шалғындарында  өркендеген.

     Арқар –  меринос тұқымды қой шаруашылығы  биік таулы альпілік және субальпілік  шалғындарда өсіріледі. 

      Ет –  май бағытындағы еділбай тұқымды  қой шаруашылығы шөлейт және  шөл зоналарындағы аудандарда  кеңінен таралған.

     Елтірі беретін  қаракөл тұқымды қой шаруашылығы  шөл арқылы өтетін өзен бойларында, Маңғыстау түбегінде және Оңтүстік  Қазақстан облысында мамандандырылған.

     Еліміздің  солтүстігіндегі орманды дала  және дала зоналарында, сонымен  бірге биік таулы аймақтарда  етті – сүтті мүйізді ірі  қара малы өсіріледі. Себебі  бұл жерлер малды шырынды азықпен  қамтамасыз етуге қолайлы.

      Етті –  сүтті ірі қара өсіру – республиканың  егіншілікке маманданған бөлігі  – Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан және Шығыс Қазақстанның  тау бөктерлеріндегі аудандарға тән. Ондағы жазық өзендердің аңғарларындағы мен көлдердің қазан шұңқырларындағы шүйгін шабындық жер және тау бөктерлері етті – сүтті мүйізді ірі қара мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Мүйізді ірі мал  басының өнімділік дәрежесі әр түрлі. Шырынды азықпен қамтамасыз етуге қолайлы солтүстік аудандарда сүтті – етті, ал қала халқы тығыз орналасқан аудандарда сүт бағытындағы ірі қара өсіруге маманданған.

Информация о работе Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу, шетелдік және отандық тәжірибе