Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 09:42, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақшаның айналыс теориялары және дамуы, ақшаның металдық теориясы және метал ақша айналысы, ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары, ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы қарастырылады. Сонымен қатар, ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс - әрекеті, тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай, ауыстыру қағаз ақшалардың пайда болуы және металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымы туралы мәліметтер қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы.
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы..................................4
1.2. Қолма – қол ақша айналысы және қолма – қолсыз ақша айналымы...........7
1.3. Металл ақша айналысы..................................................................................10
ІІ Бөлім. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі........................................12
2.2. Монометаллизм жүйесі..................................................................................14
2.3. Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы...........................................................................................................17
ІІІ Бөлім. Ақшаның айналыс теориялары және дамуы.
3.1. Ақшаның металдық теориясы.......................................................................22
3.2. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары........................................................................................................24
3.3. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...............................................................................................................27

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31

Работа содержит 1 файл

Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

Егер «нағыз» ақшалар  айналыста өзінің меншікті құқының  арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар  айналыс процесінде нарықтық құнға  ие болады.

Ақшалар ешқашан алтынға  ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда  мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналыд бағасы бойынша алтынға ауыстыратын кездері болған.

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Ақшаның сандық теориясы және  айналыстағы ақша қаражаттарының  құрылымы.

 

Айналыстағы ақшаның  саны   К. Маркстің ашқан ақша айналысынң заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір сйәкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:

Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық эконогмика мектебінің ғалымдары, келесідей теп – теңдікті белгіледі:

                              РҮ  =  ТV +  DV´

мұндағы: Р – бағаның  жалпы деңгейі;

                 Ү - өндіріс көлемі;

                  Т – ақша белгілерінң саны;

                  Д – депозиттер;

V және V´ - ақшаның  және депозиттің айналыс жылдамдығы.

    

1929  жылы ұлы депрессиядан  кейін ақшаның сандық теориясы  өзінің күшін жоғалта бастады,  себебі кейнсиандық теория ақша  массасын емес, нақты экономиканы  басқаруға көп көңіл бөлді.

     Соңғы он  жылдықта етек ала бастаған процестер ағылшын, американ экономистерінің (мысалы, Милтон Фридмэн) монитаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі қазіргі кездегі монитаризм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монитаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынының алтын ережесін ұсына бастады.

     70 – жылдардың басында көптеген елдерде жараланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монитаризмнің жаңа ағымына әкелді және ол өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны тоқтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздықтың қарқынды өсуімен қатар жүргізілді.

     Ақшаның  төлем құралы ретінде қызмет  етуі айналысқа қажетті ақшаның  жалпы көлемін қысқартады. Бұл,  қарыз міндеттемелерінің көп  бөлігі қарыз талаптары мен  міндеттемелерін өзара есептеу  арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп; несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді: неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз санын қажет етеді. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн; айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:

                 Тб.с. – Нт.б.с. + Өт.м.с.

      Ас =  + АР,


                                  А

 

Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретінде қажетті ақша саны;

Тб.с.  – тауар бағасының сомасы;

Нт.б.с – несие сатылған тауар бағасының сомасы;

Тс – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;

АР – ақша резервтері;

 А – ақшаның  төлем және айналыс құралдары  ретіндегі айналымның орташа  саны.

 

     Теңдікте  көрсетілгендей экономикадағы ақша  массасының айналуы мүмкін себептердің  бірі ретінде тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құраларының әлсіз дамуы және т.б.

     Ақшаның  сандық теориясы айналысқа қажетті  ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік  бермейді, ол шаруашылық қатынастары  мен экономикалық даму факторларының  жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының  орнын анықтайды.

     Орталық  банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма – қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма – қолсыз ақша қаражаттарының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір – бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма – қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынандай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі – банк клиенті бұл қаражаттардың шоттан қолма – қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма – қолсыз ақшаны білдіреді.

     Ақша айналысының  екі облысының бірлігі, яғни  ақшаның қолма – қолсыз формасының  қолма – қол ақшаға ауысуы  және бұған керісінше болуы  ақша массасының өзіне қандай  конпоненттерді қамтитынын анықтауды  талап етеді. 

      

 

   

 

 

 

Қорытынды

 

     Қорыта келгенде “ақша айналысының жылдамдығы” және “төлемдердің жүру жылдамдығы” деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

     Жалпы айырбасталмайтын  несие ақшаларының эмиссияның  біржақты икемденуіне және ақша  жүйесінің негізі – ақша айналымының  объективті қажеттілігінен туындайтын – ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық механизімінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық өндіріс процесіндегі диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез – келген диспропорция ақша жүйесінің тұрақсыздануына, сайып келгенде ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға ұшыратады.

     Қазақстан  тәжірибесі инфляциямен күресу  тек қана фискалды – ақша  саясаты көмегімен жүзеге асырылатын  куәландырады. Бірақ дүниежүзілік  тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда  жоғарғы инфляция жағдайында  өмір сүре білу тәжірибесі  бар. Бұл облыстағы экономистердің зертеулері, қай елде болмасын, жылына 30 – 40 пайыздан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.

     Сонымен,  экономикасы нарықтық типпен  дамыған мемлекеттердің ақша  жүйесіне тән белгілер төмендегідей  болады:

     Орталық  банктің мемлекеттік аппараты  арқылы ақша жүйесін басқаруды  орталықтандыру, ақша айналымын  бағдарлы жоспарлау, мемлекеттің  орталық банкіне салыстырмалы  дербестік беру, шаруашылық айналымына  ақша белгілерін мемлекеттің  ақша – несие саясатына сай шығару, валюта курсын валюталар “қоржыны” негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі, ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы.

    

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақша, несие, банктер\  Жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 жыл.

2. Ақша, несие, банктер,  валюта қатынастары\ Жалпы ред.Б.А.  Көшенова Алматы, Экономика, 2000 жыл.

3. Ақша айналысы және  несие\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш.  ИздатМаркет Алматы, 2004 жыл.

4. Коммерциялық банктердің  операциялары\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш.  ИздатМаркет Алматы 2002 жыл.

5.Деньги, кредит, банки\  Под ред.О.И.Лаврушина. Москва, Финансы  и статистика 2000 год.

6. Финансы, деньги, кредит\ Под ред. О.В. Соколовы. Москва, Юристь 2001 год.

7. Общая теория денег  и кредита\ Под ред. Е.Ф. Жукова. Юнити, Москва 2000 год.

8. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.

9. Современная экономика.  Учебник Ростов-на-Дону: 1998.

10.Экономическая  теория.  /под. Ред. проф. А.И. Добрынина,  проф.       Л.С.Тарасевича.

11.Экономическая  теория. /под. Ред.  проф.  В.Д. Камаева .  Москва, 1999г.

12.Экономическая  теория.  М.А. Сажина,  Г.Г.  Чибриков.   13.Экономическая  теория.  /под. Ред.  Н.И. Базылева,  С.П.Гурко

14. Курс экономической  теории.Под ред. Чепурина М.Н.  Москва: 1995.

15. Экономикалық теория  негіздері. Оқулық. Алматы: 1998




Информация о работе Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы