Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 09:42, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақшаның айналыс теориялары және дамуы, ақшаның металдық теориясы және метал ақша айналысы, ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары, ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы қарастырылады. Сонымен қатар, ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс - әрекеті, тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай, ауыстыру қағаз ақшалардың пайда болуы және металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымы туралы мәліметтер қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы.
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы..................................4
1.2. Қолма – қол ақша айналысы және қолма – қолсыз ақша айналымы...........7
1.3. Металл ақша айналысы..................................................................................10
ІІ Бөлім. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі........................................12
2.2. Монометаллизм жүйесі..................................................................................14
2.3. Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы...........................................................................................................17
ІІІ Бөлім. Ақшаның айналыс теориялары және дамуы.
3.1. Ақшаның металдық теориясы.......................................................................22
3.2. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары........................................................................................................24
3.3. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...............................................................................................................27

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31

Работа содержит 1 файл

Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

      Ақша  жүйесі негізінен мына элементтерден  құралады:

    • ақша өлшемі – ол барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен бекітілген ақша белгісі. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі – теңге және тиын. Ақша өлшемі, міндетті түрде еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы, Қазақстанның 1 теңгесі 100 тиынға тең, АҚШ – тың 1 доллары – 100 центке: 1 ф. ст. – 100 пенске; 1 индонезиялық рубия – 100 сенге және т.б.);
    • Баға машстабы – ол тауарлар бағасының белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген техникалық құрал. Несие ақшалары алтынға айырбасталмайтындықтан ресми баға машстабы өз экономикалық мәнін жойды. Сондықтан ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға машстабы қолданылады;
    • Ақша түрлері – ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем құралдары – несие ақшасы (банкнота) және қағаз ақшалары (қазыналық билеттер), сонымен бірге ұсақ монеталар. Мысалы, АҚШ – та айналымдағы: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 доллар (500 доллар және одан жоғары банкнота шығару тоқтатылған) болатын банк билеттері; 1 доллар, 50, 25, 10, 1 цент болатын күміс – мыс және мыс – никель қоспаларынан жасалған монеталар жүреді. Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген  мемлекеттерде қазыналық билеттер, яғни мемлекеттік қағаз ақшалар шығарылмайды.

     Біздің  елде 1991 жылдың 1 қантарына дейін айналыста 10 рубль және одан жоғары көрсеткіші бар банк билеттері (банкноталар) және 1, 3, 5 рубль қазыналық билеттер жүрсе, қазір Қазақстан Республикасының ақша белгілері болып банкнота (яғни қағаз ақшалар және тиындар) есептеледі. Олардың көрсетілген құны төлемдердің барлық түрін өтеуге міндетті деп қабылданады. Олар Ұлттық банктің орындалатын міндеттемелері болып есептелінеді және оның барлық активтерімеен қамтамасыз етілген;

    • Эмиссиялау жүйесі – ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа түсіру тәртібі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма – қол ақша айналысының негізін құрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің монополды (айрықшы) құқығы бар. Ал қолма – қол ақшаның шамалы бөлігін (10 процентке жуығын), яғни ұсақ купюралар (қазыналық билеттер) мен майда монеталарды кейбір мемлекеттерде (мысалы, АҚШ –та ) қазынашылық (казначейство) шығарады.

     Қазақстан  Республикасында қолма – қол  ақша шығаруыныфң, оны айналысқа  түсірумен және айналыстан кері  шығарумен тек Ұлттық банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банктерге банкнота және тиындарды қолма – қол ақшасыз есептеу арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

     Ақша айналымын  реттейтін мемлекеттік орган  ол орталық банк, яғни айналыстағы  ақша массасын реттейтін орталық  банктің ақша - несие саясаты. Ақша – несиелік реттеуге; реттеу тәсілдері; реттеуші органның құқығы және міндеттері; реттеудің мақсаты және объектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдардан бастап өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша массасын және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ – тың Федералдық резерв жүйесі (ФРС) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқару қарқынының жоспар туралы әлсін - әлі есеп береді. Бұл жүйе мақсатты бағдарды және ақша қаражатының өсу қарқынын жиі – жиі ақпарат құралдарында хабарлап тұрады;

    • Валюта курсын белгілеу, немесе бағав укесук тәртібі – ол бірмемлекттің ақша өлшемінің екінші мемлекеттің ақша өлшемімен көрсетілген бағасы. (Мысалы, 1 АҚШ доллары = 140 теңге). Қазіргі кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын құрамы белгіленбегендіктен, ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің ауытқуын, сондай – ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сұраныс пен ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесіу әдісі валюта “қоржынына” негіздеген, онда әрбір ұлттық валюта  “қоржынға” кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен салыстырылады.

     Сонымен,  экономикасы нарықтық типпен  дамыған мемлекеттердің ақша  жүйесіне тән белгілер:

      1. Ақша айналымын басқаруға әртүрлі банктердіәң қатысуы.
      2. Қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерін шығарумен банк жүйесінің әр түрлі буындарының шұғылдануы. Бұнда қолма – оқол ақшаны шығарумен мемлекеттердің орталық банкі шұғылданса, қолма – қол емес ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шшығарады.
      3. Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша – төлем айналымдары ұғымының арасын заңмен жүктеудің болмауы.
      4. Ақша – несиелік реттеу механизімін құру және оның дамуы.
      5. Орталық банктің мемлекеттік аппараты арқылы ақша жүйесін басқаруды орталықтандыру.
      6. Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
      7. Қолма – қол емес және қолма – қол ақша айналымдарының тығыз байналысы, оның ішінді қолма – қол емес айналым үлесінің көп болуы.
      8. Салық органдарының ақша қаражатын қырағы бақылауы.
      9. Мемлекеттің орталық банкімен салыстырмалы дербестік беру.
      10. Ақша белгілерін банк жүйесінің активтерімен (алтын, қымбат металдар, тауарлы – материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар) қамтамасыз ету.
      11. Шаруашылық айналымына ақша белгілероі мемлекеттік ақша – несие саясатына сай шығару.
      12. Валюта курсын валюталар “қоржыны” негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі.

     Жалпы айырбасталмайтын  несие ақшаларына көшу эмиссияның  біржақты иемденуіне және ақша  жүйесінің негізі – ақша айналымының  объективті қажеттілігінен туындайтын ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез келгеен диспропорция ақша жүйесінің тұрақсыздануына сайып келгенде ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға ұшыратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Бөлім. Ақшаның металдық теориясы және қағаз ақшалар олардың  айналыс  заңдары.

3.1. Ақшаның металдық теориясы.

 

     Бұл теорияның  өкілдеріне капиталдың алғашқы  қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығын алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылды. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теоряның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771 – 1839 жж.) болып табылды. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материаалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХғ. теориктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы ХХ ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіңнде сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етеді. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы ХІХ ғ. екінші жартысында алтын – монета стандартының Германияда 1871 – 1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.

Неміс экономистері (К. Кейнс  және т.б.) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай – ақ металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кезеді ақшаның металдық теориясы ақша реформасында негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кекйін Француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынды. Себебі, 70 – жылдардың басында жойылған Бреттон – Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ – тың экс – президенті Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделінуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз – несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквтваленттке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмады, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнның тым аса ұлғайюына әкеліп соқтырып, соның салдарынан  ақшаның айырбасталуынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болды.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет теуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет теуінен барып одан бірте – бірте монеталар пайда бола бастады.

Капиталистік тауарлы  өндірістің дамуы барысында қағаз ақшадар пайда борла бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы  ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрлі болып табылды. әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс – никельден, мыс – мырыштан және альминийдің құймаларынан жасайды.

 

3.2. Ақшаның номиналистік теориясы  және қағаз ақшалар, олардың  айналыс заңдылықтары.

 

Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің метализмге қарсы  іс - әрекеті болып табылды. Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.

Номинализмнің негізгі  ережесі төмендегідей:

    • ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
    • бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.

Сонымен ногминалистер  ақшаның құндық жаратылысын толық  жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл  айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның  құны  екі жақты мәнге ие деп санайды:

қандай – да бір  заттың пайдалылығын көрсетеді;

басқа тауарды сатып  алу мүмкіндігі.

ХІХ ғ. аяғында және ХХ ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынға  номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне  қағаз ақшалар жатады.

Номинализмнің мәні неміс  экономиксі Кнапптың («Государственная теория денег», 1905 ж.) еңбегінде жақсы  берілген. Оның негізгі ережелері  төмендегідей құрылды:

ақша – құқықтық тәртіптің  өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;

ақша – мемлекеттік  хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылды;

ақшаның негізгі қызметі  – төлем құралы.

Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін  құқықтық нормасында деп жазды.

1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж.М. Кейнс (1930ж. «Трактат о деньгах») алтын ақшаларды «жабайылық сарқыншағы», «арбаның бесінші дөңгелегі» деп хабарлайды. ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызады. Ол қағащ ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды.

Ақшаның номиналистік теориясы жағында белгісіз американ экономисі  П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен  уақытта ған тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілеріне айналуында деп сендірді. «Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырылды. қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық»

Қағаз ақшалардың пайда  болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тауарлы  өндірісінің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктермен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның  шығу тарихы б.ғ.д. І ғ. тән, яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде пайда бола бастады.Сырттай  қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған – толық  құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады.

Металл ақшадан қағаз  ақшаға ауысу себептері:

      1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруышылқтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.
      2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
      3. Мемлекеттік билік пен жалған монетиаларды жасаушылардың монеталарды бұзуы.
      4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды.

   Қағаз ақшалар  ақшаның номианлдық құрамының  нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі  нәтижесінде пайда болған құн  белгісінің ақырғы формасы.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себеі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны – бір жапырақ жай қағаздарға айналады.

Информация о работе Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы