1.2. Қаржының функциялары
Қаржының
мәні, іс-әрекет механизмі және ролі
оның функцияларынан айқын көрінеді.
Қаржының мәнін толық ашу оның
үғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық
арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Экономистердің көзқарасы бойынша қаржы
екі функция орындайды : бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қоғамдық жалпы өнім мен
оның бөлігі – үлттық табысты бөлу және
қайта бөлу процесінде көрінеді. Қоғамдық
өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе
қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық
өнімнің жалпы көлемінен өтеу қоры шығарып
тасталады және жаңадан жасалған қүн –
ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің,
шаруашылық субъектілердің және халықтың
алғашқы табыстары қалыптасады.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен
қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
-өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету;
- елдің аймақтары арасында қаржы ресурстарын
мақсатты бөлу;
-қаржы ресурстарын сала ішінде бөлу.
Қаржының бақылау функциясы қаржылық
бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға
бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша
жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Қаржының
бақылау функциясының экономикалық мағынасы
кәсіпорынның қаржы қызметіне теңгемен
бақылау жүргізу. Бүл бақылау материал,
еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз немесе
тиімді пайдалануын көрсетеді.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің
иелігіне материалдық өндіріс
сферасында жасалған қоғамдық
жиынтық өнім құнының бір бөлігін
алады. Бұл үдеріс қаржының
ақшалай қорларын жасау функциясы
арқылы жүзеге асады, бұл өзінің
нақты түрдегі практикалық көрінісін,
ең алдымен, мемлекеттің салық
саясатында табады. Нәтижесінде
қоғамда дәйекті түрде сан
алуан ақшалай қорлар – орталықтандырылған,
орталықтандырылмаған, мақсатты қорлар
және т.б. жасалады.
Бұл ақшалай қорларды нақтылы пайдалану
қаржының басқа функциясы арқылы жүзеге
асады, оның заттай мазмұны негізінен
мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде
көрінеді. Ақшалай қорлардың қаражатты
қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты
ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі
тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық
жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз
етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп,
бөлу үдерісі ақшалай қорларды қалыптастыру
және пайдалану түрінде жүзеге асады.
Қоғамдық өнімді ақшалай қорларды қалыптастыру
және пайдалану арқылы бөлу экономикалық
қатынастардың пайда болуына себепші
болады.
Қаржының арқасында экономиканың
барлық құрылымдық бөліктерінде
және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім
құнын қайта бөлудің сан алуан
үдерістері жүзеге асады. Қаржының
бөлгіштік функциясы шаруашылық
жүргізуші субъектілерді мақсатты
арналымның ақшалай қорлары нысанында
қолданылатын қажетті қаржылық
ресурстармен қамтамасыз етуде
болып табылады. Салықтар арқылы
мемлекеттік бюджетте кейін өндірістік,
сондай-ақ әлеуметтік сияқты ұлттық
шаруашылықтық проблемаларды шешуге,
ірі салааралық, кешенді нысаналы
бағдарламаларды – ғылыми-техникалық,
экономикалық және басқаларды
қаржыландыруға бағытталатын қаражаттар
шоғырландырылады. Салықтардың көмегімен
мемлекет шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, халықтың табыстарының
бір бөлігін оны өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға,
капиталды және қорларды қажет ететін
шығындар өтелімділігінің ұзақ мерзімі
болатын салаларға жұмсалатын инвестицияларға
бағыттай отырып, қайта бөледі.
Жалпы қоғамдық өнімнің (оның ақшалай
нысанында), сонымен бірге ақшалай нысанда
тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі
қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің
объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның
қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
үдерістің қатысушылары болып
табылатын заңи және жеке тұлғалар
(мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер,
мекемелер, азаматтар) қаржылық
бөлісте субъектілер болып келеді.
Тап осы функция арқылы қаржының
қоғамдық арналымы – шаруашылық
жүргізудің әрбір субъектісін
оған қажет арнаулы мақсатты
ақшалай қорлар нысанында пайдаланылатын
қаржылық ресурстармен қамтамасыз
ету жүзеге асырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясының
іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты бөлумен және қайта
бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз
етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан;
ақшалай қорларды жасаудан туындайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты
бөлу және қайта бөлу екі
әдіспен жүзеге асырылады:
- қаржылық-бюджеттік
әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда
және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз
тәртіппен бергенде қолданылады;
- кредиттік-банктік
әдіс. Ол уақытша бос қаржылық ресурстарды
жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде
кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық
өнімді құндық бөлудің үдерісі мемлекет
белгілеген қаржылық құралдардың – нормалардың,
мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен
қайта бөлудің негізгі мақсаттары
мыналар болып табылады:
- өндірістік
емес саланы қаржылық ресурстармен қамтамасыз
ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны
белгілі;
- елдің жеке
экономикалық өңірлері арасында қаржылық
ресурстарды мақсатты бөлу;
- қаржылық
ресурстарды ұтымды түрде сала ішінде
бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабельдігімен
және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы
тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы
бөлу категориясы ретінде қаржының
мәні ашылады, ақшалай нысандағы
жиынтық қоғамдық өнімнің, оның
құрамды элементтерінің қозғалысымен
байланысты болатын экономикалық
қатынастар айшықталады және
сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай
нысандағы қоғамдық өнімді өткізу
үшін жағдайлар жасалады.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы
бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен
пайдалануды ортақтастырып, жүзеге
асырады.
Қаржының көмегімен бөлгіштік
үдеріс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында – материалдық өндірісте,
айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері
экономиканы басқарудың түрлі
деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық,
жергілікті деңгейлерді қамтиды.
Қаржылық бөліске бөлудің әр
түрлі түрлерін – ішкішаруашылықтық,
ішкісалалық, салааралық, аумақаралық
бөліністі тудыратын көпсатылық
тән.
Ұдайы өндірістік тұжырымдама
жақтаушыларының қаржының мәнін
осылай кең ұғынуға сәйкес
олар қаржыға мына функцияларды береді:
- Ұдайы өндірістік
функция – қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін
қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету
бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы
толықтырылуы деп оларды қалыптастыруды,
бөлуді және пайдалануды түсінген жөн.
Ұдайы өндірістік функция қаржының бағынышты
қосалқы категорияларына тән түрлі модификацияларда
көрінеді.
- Бақылау
функциясы.
Қаржының ұдайы өндірістік функциясының
мазмұнын табыстар мен қорларды
жасау және пайдалану үдерісінде
болып жататын экономикалық қатынастардың
сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің
қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі.
Табыстарды жасудың тікелей көзі материалдық
өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс
болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы
бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы
буындарының – фирмалардың, компаниялардың,
үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары
жасалады. Қайта бөлу үдерісінде түрлі
меншікті мақсаттарға пайдалану үшін
қордалану жолымен бұл табыстардан ақшалай
қорлар қалыптасады және міндетті аударымдар
түрінде, қоғамдық қатынастардың басқа
қатысушыларының ақшалай қорлары жасалынады.
Бұл үдерісте мемлекеттік бюджет зор рөл
атқарады. Ол арқылы аумақтық, салалық
және ведомствалық белгісі бойынша сан
алуан қорларды жасау жолымен ақшалай
қаражаттардың едәуір бөлігі қайта бөлінеді.
Нәтижесінде, көп жағдайларда қоғамдық
ұдайы өндіріске қатысушылардың бірінің
табыстары есебінен түпкілікті тұтынуға
бағытталатын басқа қатысушылардың қажеттеріне
пайдаланылатын ақшалай қорлар жасалады.
Тап осы үдерістер қаржының айтылған функцияларында
көрінісін табады.
Ақшалай нысанда тұлғаланған
қоғамдық өнім құнының қозғалысымен
байланысты болатын қаржы жалпы
алғанда ұдайы өндірістік үдерісті
және оның түрлі фазаларын
сан жағынан бейнелеп көрсетуге
қабілетті болады. Бұл қоғамда
қалыптасатын экономикалық үйлесімдерді
өн бойы бақылап отыруға мүмкіндік береді,
бұл қаржының басқа функциясын – бақылау
функциясын бейнелейді.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік
функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты
және таза табысты тиісті ақшалай қорлар
бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға
бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының
мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан,
жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен,
таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен,
оны бөлумен, ақшалай қорларды жасаумен
және материалдық өндіріс үдерісінде
ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен
және басқа жағынан, мемлекеттің орталытандырылған
ақшалай қорларын жасаумен байланысты
болса, қаржының бақылау функциясы да
тисті түрде материалдық өндірістің бүкіл
ұдайы өндірістік үдерісіне де қызмет
етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық
бірлігі мен өзара байланыстылығы осында.
[2]
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда
– ішкі жалпы өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды
мақсатты арналым бойынша жұмсауға
бақылау жасауда көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде
қаржылық ресурстардың қозғалысы
арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен
және қайта бөлумен байланысты болатын
экономикалық үдерістерді бейнелейді.
Сонымен бірге нақты нысандағы қаржылық
ресурстардың қозғалысы жиынтық қоғамдық
өнімді құндық бөлу үдерісіне мемлекет
тарапынан бақылау жасаудың негізі болып
танылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың
теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі
мүмкін емес.
II Қаржы – қоғамдық
дамуға әсер ететін
механизм ретінде
-
Қаржылық реттеудің
маңызы
Қаржылар экономиканың қоғамдық секторындағы
тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің
құнын бөлумен байланысты қоғамдық өндіріс
қатысушыларының арасындағы мемлекетпен
реттелетін ақшалай қатынастардың көрінісін
сипаттайды. Қазіргі кезде өндірісті мемлекеттік
реттеу механизміндегі қаржының рөлі
одан да арта түсті. Бұл өте көп себептермен
байланысты, ал ең алдымен экологиялық
және ғылыми-техникалық бағдарламаларға,
әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық
сақтау бағдарламаларына деген шығындардың
өсіп кетуі.
Мемлекеттік араласу, негізінен,
тек қайта бөлу және тұтыну
облыстарымен шектеледі, ал бұл
қоғамдағы қаржылық қатынастардың
мәнін, маңызын одан әрі арттыра
түседі. Әсіресе, бәсекелестікке
негізделген экономика экономиканы
реттеудің жанама формаларын талап
етеді, мұнда қаржылық реттегіштер аса
үлкен рөл атқарады.
Ақша құралдарының, жалпымемлекеттік
қорларлдың құрылуы мен пайдаланылуы
кезінде құн сала және аймақтық
масштаб бойынша қайта бөлінеді. Осының
нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық
жүйеде білім берудегі, ғылымдағы, денсаулық
сақтаудағы, инфрақұрылымдағы жиынтық
қажеттіліктердің негізгі бөлігін қамсыздандыру
үшін материалдық база құрылады. Сондай-ақ,
қоғамда нарықтың жетіспеушілігін жоюға
мүмкіндік туады, мысалы «кірістерді бөлу
дефектісі» және т.б. Ал кірістерді бөлу
дефектісі айтарлықтай әлеуметтік теңсіздікті
тудырады. Зейнеткерлердің, еңбекке жарамсыздардың,
көп балалылардың, жұмыссыздардың және
басқа да мұқтаж азаматтардың белгілі
бір өмір сүру деңгейін сақтап тұруға
көмектесетін ақшалай ресурстардың орталықтандырылуы
қоғамның жиынтық тұтынуын жоғарылатады.
Сондай-ақ, өз кезегінде өндірістің тиімділігін
көтеретін фактор болып табылады.
Бөлу мен өндірістік тұтынуды
байланыстыратын қаржының көмегімен
экономиканың бірінші кезекті
даму мәселелері шешіледі, монополиялардың
қызметі шектеледі, керек емес
шығыстарды төмендетеді, өндіріс
деңгейі реттеледі және жұмыссыздықтың
мәселелері реттеліп отырады.
Бұл тізілген артықшылықтар әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз етеді
және микродеңгейдегі тұрақтылықты
қамтамасыз етеді, макроэкономикалық
тұрақтылықты, қарқынды экономикалық
өсуді, шаруашылықтың тиімділігін,
өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз
етеді. Сондай-ақ, қаржы өндірісті қоғамдық
бақылау мен өндірілетін өнімдердің бөлінуін
бақылаудың негізгі құралы болып табылады.
Қаржының көмегімен қоғам мемлекет
бейнесінде тек жалпы мемлекеттік
қорлардың құралдарының қозғалысын
байқап қана қоймайды, сондай-ақ
ол құнның құрамдас элементтері
туралы, өндірістің жүруі мен
жағдайы туралы ақпараттық базаны
түсінуге көмек береді.
Қоғамдық өмірдің құбылысы ретіндегі
қаржылық реттеудің мәні оның
түзетуші қасиетімен байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді
қаржылық реттеу - ұдайы өндірістің өлшемдерін
түзету мақсатындағы ақшалай қатынастарды
қолданудағы мемлекетпен ұйымдастырылған
қызмет.