Қаржының объективті қажеттілігі және оның қоғамдық дамудағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:30, реферат

Описание работы

Қаржы мемлекеттің дамуында аса зор рөл атқарады. Қаржының көмегімен экономика тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Сондай-ақ өндіргіш күштердің тиімділігі артып, осыған байланысты көптеген мәселелер өз шешімдерін табады. Менің бұл жұмысымда қаржының қажеттілігі мен қоғамдық дамудағы рөлі туралы мәселелер қамтылған.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................................................3
I Қаржы ұғымы және оның маңызы............................................................................................4
1.1 Қаржының мәні және объективті қажеттілігі.......................................................4-6
1.2 Қаржының функциялары........................................................................................7-9
II Қаржы – қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде....................................................10
2.1 Қаржылық реттеудің маңызы..............................................................................10-12
2.2 Қаржының қоғамдық дамудағы рөлі..................................................................13-14
III Нарықтық экономикадағы қаржының рөлі.....................................................................15-16
Қорытынды ..................................................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................................................18

Работа содержит 1 файл

салтана.docx

— 57.51 Кб (Скачать)

                 ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                         Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі

                                        Қаржы кафедрасы 
 
 
 
 

                  РЕФЕРАТ

          Қаржының объективті қажеттілігі  және оның қоғамдық дамудағы  рөлі 
 

                                      
 
 
 
 
 
 

                                                                            Орындаған: Абдықадырова С.

Тобы: Ф10К3

                                                                            Тексерген:  Бекмурзаева Ж. А.

 

                                                  Алматы, 2012

                                                        Жоспар

Кіріспе ............................................................................................................................................3 

I Қаржы  ұғымы және оның маңызы............................................................................................4

    1. Қаржының мәні және объективті қажеттілігі.......................................................4-6
    2. Қаржының функциялары........................................................................................7-9
 

II Қаржы – қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде....................................................10

    2.1 Қаржылық  реттеудің маңызы..............................................................................10-12

    2.2 Қаржының қоғамдық дамудағы рөлі..................................................................13-14 

III Нарықтық экономикадағы қаржының рөлі.....................................................................15-16 

Қорытынды ..................................................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................................................18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                       
 
 
 

                                                      Кіріспе 

   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «экономика  – бүкіл организмнің тіршілік  қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын»  қамтамасыз етіп отыратын күре  тамыры, ал қаржы, өз орайымен  экономиканың «қан таратушы жүйесі»   деген болатын.[1] Бұдан біз қаржының экономикада атқаратын рөлінің соншалықты маңызды екендігіне көз жеткізіп отырмыз.

   Қоғамдық дамудағы ең өзекті  мәселелердің бірі – қаржының  қоғамның әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы орны мен рөлін  анықтау. Қаржының мемлекеттің, жеке салалардың және әр түрлі халықтар тобының дамуына әсері ерте кезден бастап қарастырылап келе жатқан мәселелердің бірі. Өйткені қаржының қоғамдық дамуға әсер ететін өте көп қырлары бар.

    Қаржы түсінігі іргелі, жинақтаушы, алуан түрлі мәнді экономикалық  категория ретінде мемлекеттік  қаражаттың жинақталуын, бөлінуін, пайдаланылуын, сондай-ақ заңды  және жеке тұлғалардың табыстары,  шығындары, жинақтары қалыптасуы  барысында туындайтын ақшалай қатынастарды сипаттайды.

   Қаржы ұғымын түсінбес бұрын,  оны ақша ұғымынан ажыратып  алу қажет. Қаржының ақшадан  мазмұны жағынан да, функциялары  жағынан да айырмашылығы бар.  Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияланылған  өндірушілердің еңбек шығындары  өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – ішкі жалпы өнім  мен ұлттық табысты бөлудің  және қайта бөлудің экономикалық  құралы, ақшалай қорларды жасау  мен пайдалануға бақылау жасаудың  құралы.

    Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория тұтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады. 
   Қаржының қоғамдағы рөлі өте үлкен. Қаржының көмегімен экономиканың артта қалған салаларына демеу жасалып, көмекке мұқтаж азаматтар мен мүгедектерге, жұмыссыздарға, көп балалы отбасыларына көмек көрсетіледі. Қаржының атқаратын қызметтерінің арқасында қаржының дұрыс және мақсатты жұмсалуы жүзеге асырылады. Қаржының көмегімен кірістер мен шығыстардың арақатынасы реттеліп отырады және керек емес шығындарды болдырмауға көмектеседі.

   Қаржы мемлекеттің дамуында аса  зор рөл атқарады. Қаржының көмегімен экономика тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Сондай-ақ өндіргіш күштердің тиімділігі артып, осыған байланысты көптеген мәселелер өз шешімдерін табады.

   Менің бұл  жұмысымда қаржының қажеттілігі мен қоғамдық дамудағы рөлі туралы мәселелер қамтылған.  
 
 
 
 

                           
 
 
 
 

                          I Қаржы ұғымы және оның маңызы

    1. Қаржының мәні және объективті қажеттілігі
 

   Қаржы – бұл ақша емес, ол – құн қозғалысымен байланысты қоғамдағы экономикалық қатынастардың арнайы формасы. Қаржы экономикалық категория болып табылады. Кез-келген экономикалық категория сияқты, қаржы да арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы.

    Қаржы сондай-ақ тарихи категория да болып табылады. Ол тарихи дамудың белгілі бір сатысында пайда болып, бірнеше даму кезеңдерін бастан кешірді.

   Қаржының пайда болуының ең басты объективті себебі – қоғамда өндірілген өнімді ақщалай түрде бөлу қажеттілігі. Бұл қажеттілік қоғамдық өндіріс процесінен туындайды. Кез-келген қоғамда оның қызмет етуінің негізі – материалдық өндіріс болып табылады. Бұл процесс негізінде заттай өнім шығарылады. Оның бірнеше формалары бар:

  • Жалпы ұлттық өнім;
  • Жалпы қоғамдық өнім.

   Қоғамда өндірілген өнім тұтынуға  дейін, ол бөлу мен айырбастың  заңды сатыларынан өтеді. Белорусь қаржы мектебінің көзқарасы бойынша қаржының объективті қажеттілігі бөлу сатысында туындайды. Осылайша қаржы бөлу сипатына ие. Бөлу кезінде қаржының көмегімен ақшалай табыстар, жинақтар, ақшалай қорлар пайда болады. [5]

   Қаржының пайда болуының бастапқы  шарты ақшалай қатынастармен  ортақтастырылған тауар өндірісі  болып есептеледі. Тауар өндірісінің  негізі тауар өндірушілердің  экономикалық оқшауланушылығын  шарттастыратын қоғамдық еңбек  бөлінісі болып табылады. Олардың  әрқайсысы өндірістің материалды-заттай  факторларының айырмашылығы мен  олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша тетіктің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының көмегімен жетеді. Қаржы тауарлық қатынастардан тыс өмір сүре алмайды. Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болды.

   Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді  қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау  және тұтыну үдерісінде қалыптасады,  бұл тауарлар игіліктер және  қызметтер осы үздіксіз жалғасып  жататын төрт стадияның өзара  байланысы және өзара тәуелді  үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті  сипаттайды.[2]

   Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс  құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері  қорларын жасай отырып натуралдық-заттай  нысанда да, сонымен бірге ақшалай  нысанда да еңбектің аталған  өнімдерін сатып алуға арналған  ақшалай қорлардың қозғалысы  арқылы болып жатады. Ақшалай  қорларды қалыптастыру, тауарлық қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен жүргізіледі. Сөйтіп қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олардың салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына жәрдемдеседі.

   Қаржыдан басқа, бөлу процесіне  басқа да экономикалық категориялар  қатысады. Олар:

  • Баға;
  • Несие;
  • Басқа да категориялар.

   Қаржының пайда болуының және қызмет етуінің басты объективті шарты:

  • Тауар өндірісі және соған сәйкес ақшалай қатынастар;
  • Экономикалық қатынастардың субъектісі ретіндегі мемлекеттің пайда болуы. [4]

   Мемлекет объективті экономикалық  шарттарға сәйкес қаржыға шынайы  нысандар белгілейді. Ол қаржылық  қатынастарды ұйымдастырудың әдістері  мен тәсілдерін белгілейді. Сондай-ақ, мемлекет қаржының қоғамдағы нормативті-құқықтық қызметін анықтайды. Бір жағынан, қаржы мемлекетке қоғамда өндірілген өнімдерді бөлу үшін қажет.[8]

   Салықтар, мемлекеттік несиелер, ақшалай  эмиссия арқылы мемлекет үкімет  аппаратын, армияны ұстау және  басқа өзінің функцияларын орындау  үшін қажетті ақшалай қаражаттарды  шоғырландырды және пайдаланды. Мемлекет әрдайым қаржылық қатынастардың  міндетті субъектісі болып табылады, бұл көптеген ғалымдарға қаржының  қажеттігін негіздемелеуде мемлекеттің  рөлін асырып жіберуге негіз  болды.

   Қаржының экономикалық рөлі мына  бағыттардан көрінеді :

  • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
  • кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;
  • қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
  • қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды;
  • қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

                         

     
     

     

                                   

                                             1-сызба. Қаржының жан-жақтылығы 

   1-сызбада көрсетілгендей, қаржыны  жан-жақты түсінуге болады. Бұдан  қаржының өте кең ұғым екендігіне  көз жеткізуге болады.                                       

   Сонымен бірге қаржы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді

 рөл  атқарады: олардың көмегімен экономикалық  және әлеуметтік дамудың индикативтік  жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы  қүндық бөлу процесіне қатыса  отырып, баға, жалақы, несие сияқты  категорияларымен өзара тығыз  байланыста болады және өзара  іс-қимыл жасайды. 
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. 
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі. 
   Қаржының көмегімен қалыптасқан жинақтар, қорлар арқылы қоғамның қажеттіліктері қанағаттандырылады. Әсіресе, шаруашылық саласында қаржының арқасында үнемі өзгеріп отыратын өндірістік қажеттіліктер қанағаттандырылады. Қаржылар баламасыз болып келеді, себебі ол өндірістің үлестерін тұтынудың қажеттіліктеріне байланысты топтастыра алады.

    Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. 
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады. 
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. 
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ. 
Қаржының ерекше белгілері: қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепе-тендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес). 
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар. 
Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. 
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды. 
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. 
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы бөлінеді. [2] 

Информация о работе Қаржының объективті қажеттілігі және оның қоғамдық дамудағы рөлі