Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

       Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтару-лардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсция және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі.

       Вариация - бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің сандық бағасының  өзгеруі (тербелмелігі). Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылық-тың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

       Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:

       1)   құнның ең басында жете бағаланбауы;

       2)   жобалаудың шектерінің өзгеруі;

       3)   өнімділіктегі айырмашылық;

       4)   алғашқы құнның өсуі.

       Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін. Мысал ретінде, қаржы-қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық тұрақтылық көрсеткіш-тері қызмет ете алады.

       Эксперттік-багалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.

       Сапалы  пікір алу үшін сараптауға жоғары білікті және қойылған проблема аумағында  үлкен практикалық тэжірибесі бар, даму тенденциясын теңдей көрсететін қабілеті бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар қатыстырыл ады.

       Үқсастьщтарды пайдалану әдісі  қүбылыстардың, құралдардың, жүйелердің ұқсастығын тауып пайдала-нуында болып табылады, яғни жаңа идеялар мен үсыныстар үқсас объектілерді салыстыру негізінде пай-да болады.

       Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін пайдалану түсінікке, талдаушының тәжірибесі мен білі-міне байланысты болғандықтан, анықтау субъективті  сипат алады.

       Жоғарыда  айтылғандарды ескере отырып, кәсіпкер-лік тәуекелді талдау кезінде тәуекелді төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек. Тәуекелді тиімді болжаумен   фирма  ішілік  жоспарлау   бойынша  сапалы

       жұмыстар  жүргізу нәтижесінде төмендетуге  болады. Тәуекелділікті төмендетудің ең жақсы әдісі инвести-циялық шешімдерді сауатты таңдау болып табылады.

       Инвестиция  жайында шешім қабылдау басқарманың  стратегиялық қиын міндеті болып  табылады. Инвести-циялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту-дағы тиімді шараның бірі.

       Барлық  инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді және нақты (капиталдандырылған).

       Портфельді  инвестиция деп (кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты) жобалар тобына капитал салуды айтады. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асы-рылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбі-несе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.

       Някты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құрал-дарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын инвестициялар.

       Объектісіне қатысты инвестициялар  келесі түрлерге жіктеледі:

       1)    мүліктік   инвестициялар   (материалды   инвести-циялар);

       2)    қаржылық йнвестициялар;

       3)    материалдық емес инвестициялар.

       Мүліктік  инвестициялар - бүл нақгы инвестициялар.

       Қаржылық  инвестициялар - бұл қаржылық мүлікке  салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.

       Ал  материалдық емес құндылықгарға  қатысты инвестицияларға   зерттеу   мен   талдау   жасау,   кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвести-циялар жатады.

       Әрекеттің   бағытына   қарай   инвестициялар   келесі түрлерге бөлінеді:

       1)    бастапқы    инвестициялар    немесе    нетто-инвес-тициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе  сатып алуда жүзеге асырылатын  инвестициялар;

       2)    өндірістік  потенциалды  үлғайтуға   бағытталған, кеңейту   инвестициялары   (экстенсивті   инвести-циялар);

       3)    қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның  негізгі қорының   құрамын    қолдау    мақсатында   жаңа  өндіріс құралдарын жасауға немесе  сатып алуға бағытталған  бос  инвестициялық қаражатгармен байланысты  инвестициларға мыналарды жатқызуға болады:

       •   бар объектілерді жаңа объектілермен  ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;

       •   рационализациялауға     арналған     инвестициялар, технологиялық жабдықгарды  немесе  процестерді жетілдіруге жұмсалады;

       •   шығару    бағдарламасын    өзгертуге    жұмсалатын инвестициялар;

       •   диверсификациялауға     арналған     инвестициялар, олар     өнімнің     номенклатурасының     өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату рыногын   үйымдастыруға   жұмсалатын   инвести-циялар;

       •   болашақта кәсіпорынның қалыпты жүмыс істеуін қамтамасыз    етуге    бағытгалған    инвестициялар. Бұған   ғылыми   жұмыстарға,   кадрларды   дайын-дауға,     жарнама,     қоршаған     ортаны    қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.

       Инвестициялар  белгілі  бір  тәуекелмен  байланысты. Бүл    тәуекел    салымдардың    қайтарьшу    мерзімі    көп болган жағдайда артады, бұл  мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат  бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.

       Жогарыда  айтылған  тәуекелдермен  қатар,  экономи-калық әдебиеттерде инвестициялық-қаржылық портфель-дің құнсыздауынан пайда  болатын инвестициялық тәуе-кел  белгіленеді.  Бұған  әдетте,  құнды  қағаздарға инвес-тициялатын ақшалардың тәуекелі жатқызылады. Қаржы-лық   инвестицияны   жүзеге   асыра   отырып,   кәсіпорын табыс алу, капиталды көбейту немесе бұрынғы деңгейде сақтап  қалуды  көздейді.   Әдетте  тікелей  инвестициялар кезіндегі   шығындардың   көлемі   салынған   капиталдың көлеміне   тең   болады.   Портфельді   инвестиция   кезінде (болашақта табыс алу мақсатында сатып алынған құнды қағаздар)    шығын    көлемі    әдетте    жұмсалған    капитал сомасынан аз болады. Инвестордың шығынының ең көп мүмкіндігі    және    ақшалай    қаражаттарының    меншікті көлемінің     (табыс     және     амортизация)     арақатынасы тәуекел  деңгейін  көрсетеді,  ол тәуекел  коэфициентінің (Кч) көмегімен өлшенеді. Инвестициялаудың маңызды ережесі, қүнды қағаз-дарға салынған салымдардың табысы инвестор баруға дайын тәуекелге тура пропорционал болады.

       Жүйелік амал түрғысынан инвестициялық тәуекел-дерді  екі топқа бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз.

       Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептері: инфляция, экономикалық құлдырау, жоғары пайыздық мөлшерлеме, әскери-саяси дау-жанжалдар және тағы басқалар.

       Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік инвестициямен (жоба, құнды қағаз және т.б.) байланысты тәуекелдің барлық түрлері жатады. Олардың пайда болу себептері фирмалар үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндет-терін орындауы (сатып алу тәуекелі), сатып алушылар-дың қыр-сыры (өнімді өткізу тәуекелі), бәсекенің әсері, үлкен келісім шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және тағы басқалар да жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері