Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

    Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

    3.   Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлік пен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

    Тереңдетіліп  нақтыланған талдау экспресс-талдаудың  бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

    Қорыта  айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер  мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Лекция  тақырыбы: Қаржылық жағдайды талдаудың  мағынасы, міндеттері және ақпараттық базасы

    Лекция  жоспары: 1. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың ролі

          2. Қаржылық  жағдайды талдаудың мазмұны, әдістері, және міндеттері

          3. Қаржылық есеп – қисап –  қаржылық талдаудың ақпараттық  базасы

          Лекция  мақсаты: Қаржылық жағдайды талдаудың ролімен, мазмұнымен, әдістерімен және міндеттерімен, сонымен қатар талдаудың ақпараттық базасымен білімгерлерді таныстыру.

    Лекцияның мазмұны:

    1. Нарықтық қатынастары жағдайында ксіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

    Кәсіпорынның  қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика  жағдайындағы кәсіпорынның сенімді  болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

    Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы  өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

    Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға біреуге мүмкіндік береді және сондай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

    Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібіне сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

    Біздің  ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн  және оған мыналар жатады:

    • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
    • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
    • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің талдау;
    • баланс өтімділігін талдау;
    • кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

    2. Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасына жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

    Тереңдетіліп  нақтыланған талдау экспресс-талдаудың  бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады  және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

    Қорыта  айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер  мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

    3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

          ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» заң күші бар Жарлығына  сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
  3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

    Онда  сонымен қатар түсіндірме хат  болады, сондай-ақ қаржылық есап беруге негізделген немесе қаржылық есептен  алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

    Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

    1. зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
    2. қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
    3. активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

       Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

          Нарықтық экономика  жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде  қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген  бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің  өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.

          Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат  көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

          Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы  кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді.

    Баланс  көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдығы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

          1997 жылға дейін  бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын  кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті  кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

          Қаржылық жағдайда талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыздылары келесілер болып табылады:

          1. Баланс табиғаты  жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер  оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері