Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

      Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел  және қысқа мерзімді міндеттемелерінің  сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік  береді және сонымен баланс құрылымының  тұрақтылық дәрежесіне ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

      Кәсіпорын өнімді қаржының болуын оларға ұтымдылық  қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

    • кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
    • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
    • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
    • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
    • жалпы экономикалық коньюнктура.

      Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі –  төлем қабілеттілігін толық қарастырады. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалар әсер етеді. 
 
 
 
 
 

      Кәсіпорынның  несиеге қабілеттілігін талдау 

      Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін сипаттайтын  манызды көрсеткіштердің бірі –  несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі  «несиеге қабілеттік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

      Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардын ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенде несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

      Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғандарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін беріледі.

      Банк  несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

      Несиен  беру және өтеумен байланысты мәселелер  келісім түрінде несиелік шарт жасау  арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім – шарттармен реттеледі.

      Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін сақтау негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі.

      Несиелеудің объектілері:

    • тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;
    • жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;
    • ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;
    • театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

      Қарыз алушыларға несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен  қарыздар болмаған кезде жүргізіледі  және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу  негізінде анықталатын белгіленгін  өлшемі көлемінде жүзеге асырылады.

      Несиелеуге  мыналар қабылданбайды:

    • дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, көліктік қиындықтарға, ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;
    • өтім шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;
    • мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;
    • өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;
    • артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықтар;
    • құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;
    • несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;

     Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол банкке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз-міндеттеме береді. Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын ашу бойынша ашылады.

     Несие алу үшін қарыз алушы, оны пайдалану  мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі құжаттарды өткізеді:

    • несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық - экономикалық негіздемелері;
    • қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;
    • банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелер, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар);

     Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын  ала тексеру жүргізуі және қарыз  алушының қаржы-шаруашылық қызметі  туралы аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.

     Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

     Банк  кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несие қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.). Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады.

     Кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Операциялық тәуекелділікті талдау 

    1. Тәуекелділік  түсінігі, мақсаттары, түрлері
    2. Операциялық қызметтегі тәуекелділік
 

       Кәсіпорынның  қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы  нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекел-ділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстар-дың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

       Тәуекелділік  ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың  ықги-малдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі  белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімдел-меген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

       Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір  жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықгималдығын да қарастыруы керек.

       Нарықтық  экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

       Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджи-ралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

       Өзіи-өзі  сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлі-гінің есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шы-ғындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстыр-ғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктін, көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде, ішкі шаралар кемегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.

       Шет елдерде тәуекелді азайтудьщ кең тараған тәсілі -хеджиралау (аудармасы - жоғалтулардан сақгау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа талап-тар мен міндетгерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба және т.б.) толығымен кәсіпкер-лерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәеіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.

       Кәсіпкерлік тэуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржы-лық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

       Өндірістік  тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметтін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.

       Коммерциялық  тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу проце-сінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себеп-тері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы жәк„ клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

       Қаржылық  тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен ' қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көле-мінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капитал-дың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау. 

       2. Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін  барлық фактор-ларды объективті  және субъективті деп бөлуге  болады. Объективті факторларға  кәсіпорыннан тәуелсіз инфля-ция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті фак-торлар тікелей нақгы түрін сипатгайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыс-тар, қаржылық жағдай.

       Тәуекелдің  сандык талдяуы - бұл жалпы қаржы-лық   тәуекелдің   және    ақшалай   шығындардың   жекетүрлері бойынша нақты көлемін анықгау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықгау түрлі талдаудың әдіс-тері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары: статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау, эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану.

Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері