Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

                      2. Кәсіпорынның нарықтық  белсенділігі көрсеткіштерінің  жүйесі

                      3. Кәсіпорын қызметінің  тиімділігі көрсеткіштерін талдау 

          Лекция  мақсаты:  Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері, кәсіпорынның нарықтық белсенділігі көрсеткіштері, кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау әдістерімен таныстыру 

    Лекцияның мазмұны: 

     Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін сипаттайтын  маңызды көрсеткіштердің бірі –  несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттілік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

     Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілетілігі айқындау болып табылады.

     Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды заңдар әсерінен кәсіпорынға оларды ұйымдастыру  – құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

     Кәсіпорынның  несиеге қабілеттілігін талдаудың  негізгі міндеттері: кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау, қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын- ала сақтандыру, қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру, несиелердің тиімділігін көтеру.

     Кәсіпорынның  несие қабілеттілігін бағалайтын негізгі  көрсеткіштерге: өткізілген өнім көлемінің  таза ағымдық активтерге қатынасы; өткізілген өнім көлемінің меншіктік капиталға қатынасы; қысқа мерзімді қарыздың меншіктік капиталға қатынасы; дебиторлық қарыздардың өткізілген өнімге қатынасы; ликвидті активтердің қысқа мерзімді қарыздарға қатынасы жатады. Осы аталған көрсеткіштердің мәндерін келесі кестеде көрсетеміз.

Кесте

Несие қабілеттілігін бағалайтын көрсеткіштер, мың тг

Р/н Көрсеткіштер 2002 жылы 2003 жылы Ауытқу +,- өзгеру қарқыны
1 Өткізілген  өнім көлемі, мың тг 1274649 1352792 78143 106,1
2 Ағымды активтер, мың тг 803425 2174526 +1371101 2 есе
3 Меншіктік капитал, мың тг 1592657 1983224 +390567 122,6
4 Дебиторлық  қарыздар, мың тг 473920 1315365 +841445 2есе
5 Қысқа мерзімді қарыздар , мың тг 197303 1283631 +1086328 6,5 есе
6 Айналымдылық  коэффициенті (1/2) 1,587 0,622 -0,965 39,2
7 Меншіктік айналым  қаржылардың айналымдылығы (1/3) 0,8 0,682 -0,118 85,25
8 Қысқа мерзімді қарыздың меншіктік капиталдағы  үлесі 0,12 0,65 +0,53 8,3 есе
9 Дебиторлық  қарыздың өнімдегі үлесі 0,37 0,97 +0,6 2,6 есе
10 Өтімді активтердің  қысқа мерзімді қарыздардан үлесі 2,41 1,04 -1,337 0,43

     Кестеден  айналым коэффициенті және меншікті айналым қаржылардың айналымдылығы  кемігенің, ал қысқа мерзімді қарыздың меншікті капиталдағы үлесі және дебиторлық қарыздың өнімдегі үлесін өскенің көріп отырмыз. Айналым коэффициенті 2002 жылы 1,587 ден 2003 жылы 0,622 дейін кеміген, яғни 0,965 кеміген. Осы көрсеткіштің жоғары деңгейі кәсіпорынның несие қабілеттілігін жағымды жағынан сипаттайды. Ал меншіктік айналым қаржылардың 2003 жылы 2002 жылға қарағанда 0,118 кеміген, яғни 14,75%-ға кеміген. Бұл көрсеткіш меншікті қаражаттардың айналымдылығын сипаттайды.  Қысқа мерзімді қарыздың меншікті капиталдағы үлесі, керісінше, 0,12 ден 0,65 артқан, яғни 0,53 ке. Бұл көрсеткіш қысқа мерзімді қарыздардың меншікті капиталдағы үлесін көрсетеді. Дебиторлық қарыздың өнімдегі үлесі 0,37 ден 0,97 дейін артқан, яғни 2,6 есе.

     Кәсіпорынның  іскерлік белсеңділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі. Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсеңділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейімен қозғалысын зерттейді. Іскерлік белсеңділік коэффициенттерінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Кәспорынның іскерлік белсеңділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады: капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті, негізгі құралдардың айналымдылығы, меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті, ағымдағы активтер (мобильдік қаражаттар) немесе айналым капиталының айналымдық коэффициенті, материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті, дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті, кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті, ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті, инвестицияланған капиталдың айналымдылығы; істегі капиталдың айналымдылығы; перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы; іскерлік белсеңділік индексі. Осы коэффициентердің мәндерін келесі кестеде қарастырамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кесте

Несие қабілеттілігін және іскерлік белсеңділікті сипаттайтын  көрсеткіштер 

Р/н Көрсеткіштер 2002 ж 2003 ж Ауытқу +,- өзгеруі,%
1 Капиталдың  жалпы айналымдылық коэффициенті 1,29 0,535 -0,755 41,5
2 Негізгі құралдардың  айналымдылығы  1,02 0,68 -0,34 66,7
3 Меншікті капиталдың айналымдылық 

Коэффициенті

0,8 0,682 -0,118 85,25
4 Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат)

Немесе айналым  капиталының айналымдылық коэффициенті

1,587 0,622 -0,965 39,2
5 Материалдық айналым  қаражатының айналымдылық коэффициенті 2,39 1,44 -0,95 60,25
6 Дайын өнімнің  айналымдылық коэффициенті 20,3 3,42 -16,88 16,8
7 Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 0,37 0,97 +0,6 2,6 есе
8 Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 6,46 2,91 -3,55 45,0
9 Ақша қаражатының  айналымдылық             

коэффициенті (ағымды активтегі үлесі,%)

0,36 0,61 +0,25 169,4
10 Инвестицияланған

капиталдың         айналымдылығы

6,46 1,053 -5,4 16,3
11 Істегі капиталдың айналымдылығы 1,46 0,83 -0,63 56,8
12 Перманенттік  капиталдың айналым жылдамдығы 0,8 0,68 -0,12 85,0
13 Іскерлік белсеңділік  индексі 19,71 1,494 -18,216 7,58

 

      Кесте мәліметтерінен іскерлік белсеңділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мәнін негізгі қызметтің рентабельділігіне көбейту арқылы есептеледі. Ол 2002 жылы 1,29, ал 2003 жылы 0,535 құрады, яғни 0,755 немесе 58,5%-ға кеміді. 

      Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау 

      Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

      Арнайы  есептік-талдау әдебиеттерінде төлем  қабілеттілігін анықтау жөнінде  әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарастарды ұстайды.

      «Төлем  қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

      Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп  кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді.

      Профессор В.В. Ковалев төлем қабілеттілігі  деп оның «қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында  және толығымен жүргізу қабілеттілігін»  түсінеді. «Төлем қабілеттілігі, - деп  жазады ол, кәсіпорынның жедел  өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы». Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді.Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек».

      Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса  да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады.

      Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтеуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601 – 603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

      Қарыздарды  өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде  ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

      Қарыздарды  өтеу үшін құралдар сонымен бірге  кәсіпорында бар тауарлы-материалдық  құндылықтардың қоры бола алады. Оны  сатып кәсіпорын ақша қаражатын  алады. Төлем қабілеттілігі бар  деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінең көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

      Ағымдағы  төлем қабілеттілігі баланс жасау  мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

      Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты  бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел  міндеттемелерімен салыстыру жолымен  анықталады.

      Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек. Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

      Қаржылық  икемділік кәсіпорынның алдың ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі кездерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттың өзгерту дегенді білдіреді.

      Ақша  қаражатын қарызға алу қабілеттілігі  әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын  табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

      Көбіне  ол несие нарығының өзгеруі бағыттары  мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға  тәуелді. Несие алу қабілеттілігі  ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бақылау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

      Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі  ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық  және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

      Үш  көрсеткіші жиі қолданылады:

      1)  абсолютті өтімділік коэффициенті;

      2)  аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

      3)  жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

      Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

      Аралық  өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауыпты  өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл  коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады.

      Ағымдағы  өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің  жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның  төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері