Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың атауына және оларды орналастыру тәртібіне қажет болған жағдайда қызметтің қаржылық жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті компоненттерінің мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды.
Мекеме табыстар мен шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінді де, қаржы есептілігіне ескертулер де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
Егер табыстар мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуі тиіс.
Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық дерекетерін көрсетеді де, пайдаланушыларға мекеменің түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1 – «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсырудың тұжырымдамалық негіздемемен белгіленген. (7)
Мекемелер аталған есепті жасау және тапсыру мақсатында жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарының сыныпталу және есепке алу тәртібін жүйелі түрде анықтайды да, мекеменің әр түрлі есепті кезеңдердегі және әр түрлі заңды тұлғалардың қаржылық нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Көрсетілген нормативтік құжаттар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстар мен шығыстардың әр түрлі баптарының, сондай ақ басқа да табыстар мен шығыстардың мазмұнын ашып көрсетеді.
Пайда мен заладар туралы нысан бухгалтерлік есеп шоттарының ілгілік жоспарының «Кірістер» және «Шығыстар» бөлімдерінің шоттарының деректері негізінде жасалады. Есепті кезеңдегі танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары есепті кезеңдегі таза пайданы немесе залалды анықтаған кезде қосылады.
«Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» бабы 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» №11 журнал-ордер деректерінің негізінде толтырылады.
«Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» бабы бойынша сатылған өнімдер, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны, яғни мекеменің аталған жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған нақты тікелей шығындары көрсетіледі. Бұл бап 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты бойынша жүргізілетін №11 журнал-ордер деректерінің негізінде толтырылады.
«Жалпы пайда» бабы мекеменің өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан және қызмет көрсетуден түскен табыстардан олардың өзіндік құнын шегергеннен соң анықталған қаржылық нәтижесін көрсетеді.
«Басқа табыстар» бабы 6200 шоттары бойынша жүогізілетін №12 журнал-ордер деректерінің негізінде толтырылады.
«Әкімшілік шығыстар» бабы бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынған өндірістік процеспен байланысты емес әкімшілік басқару және жалпы шаруашылық шығыстар көрсетіледі.
«Қаржыландыруға арналған шығыстар» бабы бойынша келесі 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», 7330 «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар», 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» шоттарында есепке алынған қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар, активтерді қаржылық жалдау бойынша шығыстар, әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндетеменің әділ құнын өзгертуден келетін шығыстар, қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.
Жоғары аталған үш баптар келесі 7100 «Өнімдерді сату мен қыз меттер көрсету бойынша шығыстар», 7200 «Әкімшілік шығыстар», 7300 «Қаржыландыруға арналған шығыстар» бөлімшелерінің шоттары бойынша жүргізілетін №10 журнал-ордердің №3 тізімдемесінің деректерінің негізінде толтырылады.
«Салынатын салыққа дейінгі пайда» бабы жалғастырылған қызмет кезеңінде алынған пайда бабымен тоқтатылатын қызметпен байланысты пайда бабының деректері негізінде есептеліп шығаралады.
«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» бабы 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотында есепке алынған шығыстар сомасы көрсетледі. Бұл бап №5 журнал-ордердің деректері негізінде толтырылады.
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы- бұл бүгінгі таңда да жалғасы тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.
Аудит-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың серіктестіктердін және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты- кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты- кемшіліктерді кеміту жәнә қастықты шектеу.
Аудит жаңа ғылым саласы ретінде бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, заң тағы басқа экономика ғылымдарының негіздерімен жан – жақты байланысты. Сондықтан да аудиттің ғылым саласы ретінде өзіндік ерекшеліктеріне сай (қамтитын) методикалық әдістері бар. Ол әдістер аудиттің мақсаты мен атқаратын функцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістермен үйлестікпен құралған. Олар әсіресе сыбайлас ғылымдар саласының методикалық әдістерімен тығыз байланысты.
Бухгалтерлік баланс элементерінің дұрыстығына аудит жүргізу келесі кезектілік бойынша жүзеге асады: Бухгалтерлік баланс – Бас кітап – журнал – ордерлер және басқа да есеп регистрлары – алғашқы құжаттар. К.Д. Биримкулова «Аудит: Проблемы и решения» атты еңбегінде былай жазады: « Баланстан бастап алғашқы құжаттарға жеткеннен кейін аудитор соңынан бастап қайта тексереді. Алғашқы құжаттардың түпнұсқалылығына және дұрыс толтырылуына көз жеткізгеннен кейін аудитор бухгалтерлік баланс пен Бас кітапты толтыру үшін негіз болып табылатын жинақтаушы және топтастырылған ведомостілер, есеп регистрларының дұрыс толтырылғанын тексереді». (8)
«Азовсков»ЖШС-нің қаржылық нәтижесінің аудиттік тексерісі белгілі бір тәртіппен құрылады. Көбінесе « жалпыдан жеке» тәртібі қолданылады. Аудит есептік форманың жалпы жиынтығынан тұрады, яғни, нәтижесінде реквизиттің дұрыс және толық толтырылуын анықтайтын, сондай – ақ, бекітілген есептеме формаларында жеке өзгерістердің болмауын және айтылмаған түзетулердің, тазалаулардың, түртпелердің, тексттер мен сандардың түзетулерінің жоғына көз жеткізіп, нақты тексеріс жүргізуі тиіс.
Бәрінен бұрын форманың адресті бөлімінің толтырылуына мән берілуі қажет. Мұнда басты құжаттармен сәйкес «Азовсков» ЖШС-ның толық аталуы көрсетілуі қажет, ал берілген қызмет түрін лицензиялау кезінде «Азовсков» ЖШС-ы лицензиясының барын және қызмет ету мерзімін тексеру қажет. Шаруашылық субъектінің қызмет түрін анықтау оның негізгі және қосалқы қызметтерден табысы мен шығысы дұрыс шектелуі қажет.
Содан соң, форма бойынша есептің дұрыс толтырылуын тексеріп, шотық тексеріс жүргізу, яғни, қорытынды көрсеткіштердің арифметикалық есептелуінің дұрыстығын, олардың салыстырылуы мен байланысын, қаржы есептемесінің түрлі формасында бейнеленгенін тексеру қажет.
Ерекше мәнді келесі негізгі кезеңдерге негізделген бухгалтерлік баланстың дұрыс құрылуына береді:
Бухгалтерлік баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдісі. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвестиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.
Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, қоғам тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы қоғамның алатын орны анықталған.
Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.
Аудит тұрғысынан бухгалтерлік балансты тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға аудитор бір жылдық жұмыс қорытынылығын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін қаржылық есептерді түгелдей тексеруге міндетті. Бухгалтерлік балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін “Бас кітап” көрсеткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазуды салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есеп тізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу құжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады.
Сатып өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы сатып алушылардың сұрауынан басталып, дайын өнімнің немесе қызметтің дебиторлық борышқа айналуымен аяқталады. Дебиторлық борыш компанияға тиесілі, бірақ ол әлі алмаған қаражаттар. Дебиторлық борыштарды сипаттаушы шоттар сатушы мен сатып алушыға өнімді жөнелтуге, шот жазып беруге, ақшаны алуға және тіркеуге керекті уақытқа қарағанда біршама көбірек уақыт аралығын қамтиды.
Сатып - өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі нормативтік- құқықтық құжаттары (Қосымша 1) келтірілген.
Сәйкестікке тексеру жүргізу мақсатына қол жеткізу үшін аудитор кәсіпорынның ішкі бақылау саясаты мен процедураларына олардың тиімділігіне және бухгалтерлік есеп принциптері мен есеп саясатында белгіленген нұсқауларға сәйкестігіне көз жеткізу ниетімен зерттеу жүргізеді.
Дайын өнімді сатып өткізуге ішкі бақылау жасау процедуралары төмендегі негізгі элементтерден тұрады:
Сәйкестікке тексеру жүргізудің негізгі мақсаты ішкі бақылау жүйесінің сапасына,нормативтік құқықтық құжаттарға және тексеру сәтінде әрекет етуші ішкі саясаттарға, процедураларға сәйкестігіне тест жүргізу болып табылады.
«Азовсков» ЖШС-ның бухгалтерлік баланс аудитін талдау үшін оның жеке баптарына тоқталып бастауды жөн көрдім. «Азовсков» ЖШС-ның баланс мәліметтеріне сүйеніп қарасақ, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау – тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексерілді.
Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС , 28 БЕС, ҚР – ң «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық – нормативтік актілерді басшылыққа алған. Жалпы, материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс- жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепте ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны