Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

diplom оригинал.doc

— 673.50 Кб (Скачать)

Талдау процесі кезінде баланстық пайда құрамын, құрылымын, өзгеруін және есеп беру жылындағы жоспардың орындалуын оқып – білу қажет. Пайда өсіңкілігін зерттегенде соманың өзгеруіне құнсыздану факторының әсерін ескеру қажет. Ал, бұл үшін, түсімді баға дамуының орташа өлшемдік индексінен сала бойынша кәсіпорынның орташа өніміне түзетеді, ал, өнімдерді өткізу бойынша болған шығындар талдау жасалатын мерзімдегі тұтыну ресурстарының бағасының жоғарылауы нәтижесіндегі олардың артуынан азайтылады. Табыс сомасының өсу қоры әр тауар өнімінің түріне байланысты анықталады. Оның негізгі көздері болып өткізу көлемінің ұлғаюы, өзіндік құнының төмендеуі және тауар өнімінің сапасының жоғарылауына байланысты бағасының өсуі, ең тиімді өткізу нарығын іздестіру, ең қолайлы мерзімдерде өткізу.

Е. В. Негашев өз еңбегінде белгіленген уақыт мерзіміндегі кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі бір – бірімен байланысты нақты көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Оларға: түсім /жалпы табыс/ өнім өткізуден /жұмыс, қызмет/, нәтиже /табыс немесе шығын/ басқа да өткізулерден, өткізуден тыс операциялардан табыстар мен шығындар қалдығы, баланстық пайда немесе зиян, салық салынатын пайда, таза пайда кәсіпорын басшылығында қалатын.

Ш. Т. Балабановтың еңбегінде шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесіне келесі міндеттер көрсетілген:

* пайдалылық пен қаржылық тұрақтылықты көрсету;

* қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін зерттеу;

* шаруашылық субъектінің ережесін /жағдайын/ және оның қаржы тұрақтылығы мен бәсекелестігінің сандық өлшемін қаржы нарығында белгілеу;

* жоспарлы қаржы мероприятиясының орындалу деңгейіне, бағдарламаларға, қаржы көрсеткіштер жоспарына баға беру;

* пайда болған жетіспеушіліктер мен қаржы ресурстарының қайтарымдылығының жоғарылауын жоюға жасалған өлшемдік баға.

Шаруашылықтың қаржы жағдайын талдау мыналардан тұрады:

  • табыстылықты талдау;
  • қаржы тұрақтылығын талдау;
  • несие өтеу қабілеттілігін талдау;
  • капиталды қолдануын зерттеу;
  • өзін -өзі қаржыландыру деңгейін зерттеу;
  • валюталық өз шығынын өзі өтеу мен өзін - өзі қаржыландыратын талдау.

Ол қаржы нәтижелерін талдауды жүзеге асыратын келесі негізгі амалдарды бөледі: салыстыру, жиынтық және топтастыру. Кейбір жағдайларда экономика – математикалық модельдеу әдісі қолданылуы мүмкін /кері және корреляциялық талдау/. Сонымен бірге шаруашылық субъектінің табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Нақты табыстылық көрсеткіші – бұл табыстар жиынтығы. Салыстырмалы көрсеткіш – табыстылықтың деңгейі.

Талдау процесінде қаржылық нәтижелер есебі көлемінің өзгеру динамикасы, пайдалылық деңгейі және оған әсер ететін факторлар зерттеледі. Қаржылық нәтижелер есебіне әсер ететін негізгі факторлар болып, өнімді өткізуден түсім көлемі, өзіндік құнының деңгейі, пайдалылық деңгейі, өткізуден тыс операциялар табысы, олар бойынша шығындар табыс салығы мен басқа да салықтар көлемі жиынтық табыстан төленетін кәсіпорын табыстылығын талдау өткен кезеңмен жоспарды салыстырумен жүргізіледі.

Талдау бір жылға жүргізіледі. Шаруашылық субъектіде жоспарлы көрсеткіштері өз еркімен ішкі пайдалануларына жасалады.

А. П. Шеремет былай белгілейді: қаржылық талдаудың мақсаты - өткен қызметтеріне, нақты кезеңдегі жағдайына және келешектегі кәсіпорын жағдайын бағалау. Бірінші кезеңде талдау жасаудың бағытын анықтау қажет, яғни, кәсіпорынның өткен көрсеткіштері мен мерзімдегі орташа көрсеткіштерімен салыстыру керек пе, жоқ па?

Осының бәрі талдаудың өз әдістерін, көптеген ақпараттар жинағын қажет етеді. Екінші кезеңде құнсызданудың, табыстың сапалары бағаланады, сонымен бірге есептеу тәсілдері мен басқа да қаржылық нәтижелерді қалыптастыруға әсер етуін бағалау. Өнімдерді өткізуден түсетін табыс мөлшері үмітсіз қарыздарды есептен шығару әдістеріне тәуелді, тауарлы материалды құндылықтардың қабылданған бағалары тозуға қосымша төлем әдісі. Үшінші кезеңде негізі әдістерді қолдана отырып талдау жасалады:

көлденең – баланстың әр позициясын /өткен кезеңімен салыстыру немесе басқа есеп беру формасын алдағы кезеңмен салыстыру:

тік – жалпы қаржы көрсеткіштер құрылымын әр позициялардың нәтижелерге әсерін анықтау;

трендалық – тренданы анықтау. Әр есептеме позициясын өткен кезеңдегі бірқатар есептеме беру мен салыстыру.

Тренда бойынша келешектегі мүмкін мағыналы көрсеткіштер негізделеді, содан, бағдарлы талдау жүреді.

Қаржылық нәтижелер есебі мен кәсіпорын рентабельділігі өндірісті қарқындандыру және маркетингтік қызметтің көрсеткіштері болады. Қаржылық нәтижелер есебін тереңірек талдау үшін әсер етуші факторларды мақсатқа сай топтастыру керек.

Сыртқы факторлар тобына:

  • табиғи жағдайлар көліктік және басқа да факторлар, яғни, бір кәсіпорында қосымша шығындар шығаратын, екіншіден қосымша пайда әкелетін;
  • өзгерістер, кәсіпорын жоспарында қаралмаған өнімнің көтерме бағасы, қолданылатын шикізат, материал, жанармай, жартылай фабрикаттар, қызметтер мен тапсырмаларға белгіленген бағалар, сауда жеңілдігі, амортизацялық аударым жарнасының мөлшері, еңбек ақы мөлшері және оған қосымша төлем;
  • тағы басқа жинақтардың мөлшері кәсіпорын төлейтін салық;
  • кәсіпорынға әсер ететін шаруашылық сұрақтары бойынша жабдықтаушылармен, жабдықтау - өткізу, жоғарғы шаруашылық, қаржылық, банктік және басқа мемлекеттік тәртәп органдары мен бұзушылық.

Ішкі факторлар топтары: а) негізгі факторлар, 1/ еңбек нәтижелерін анықтайтын және мемлекеттік тәртіпті бұзумен байланысты факторлар.

А. П. Шеремет пен Р. С. Сейфуллин айтқанындай:

Кәсіпорынның әр түрлі өндірістік, тұрмыстық және қаржылық қызметтері соңғы ақшалай бағасын қаржы нәтижелер көрсеткіші жүйесінде алады. Оған кіретіндер:

 өнімді өткізуден табыс, зиян;

басқа да өткізулерден жұмыс, қызмет, пайда, зиян;

өткізуден тыс операциялардан табыс, шығын;

баланстық пайда салық салынатын табыс, таза табыс және тағы басқалары.

Қаржы нәтижелері көрсеткіші кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін сипаттайды. Табыс бойынша авансыланған қаржыны қайтарым деңгейі кәсіпорынға салынған активтердің табыстылығы анықталады. Табыс көрсеткіштерін есептеудің бастапқы кезеңі, өнімді өткізу айналымы болып табылады. Өнімді сатудан жұмыс, қызмет түскен қаржы кәсіпорынның өндірістік ісінің аяқталғанын авансыланған қаржының қайтарылуын сипаттайды. Сату көлеміндегі өзгеріс қаржы нәтижелеріне маңызды әсер тигізеді.

Сонымен, қаржы нәтижелерін талдаудың негізгі міндеттері болып: табыс көрсеткіштерінің өзгеріс бағасы, олардың нақты мөлшерінің ұйымдастырылуы мен бөлінуі; табысқа әсер ететін әр түрлі факторлардың өлшемі табылады.

Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерін экономикалық талдаудың теориялық базасы болып, барлық кәсіпорындарға қабылданған шаруашылық механизмнің бірыңғай үлгісі табылады.

Бухгалтерлік балансты құру кезінде алдына қойылған міндеттер келесідей принциптерге негізделеді:

  • Ақшалай өлшем – бухгалтерлік бақылауға алынған объектілер бір ақпаратты модельге жалпылау үшін көрсеткіштерді бірдей ақшалай өлшемге алып келінеді;
  • Ерекшеленген кәсіпорын- бухгалтерлік баланс оған байланысты тұлғаларға ( дебитор, кредитор, инвестор т.б) емес, кәсіпорынға қатысты; активінде толық бақылауға алынған және мүлік құқығын иеленген кәсіпорынға тиісті мүліктер есептеледі;
  • Қызмет етуші кәсіпорын – кәсіпорын қызмет атқаратын мерзімі анықталмаған, оның ликвидациясы белгісіз;
  • Өзіндік құны бойынша есеп – бухгалтерлік баланста актив ағымдағы нарықтық құнымен емес, бастапқы сомасы бойынша бейнеленеді;
  • Екі жақты жазу – бұл концепция келесідей фактіден көрінеді: бухгалтердік баланстың сол жағындағы актив сомасы меншікті және тартылған капитал сомасына тең болуы.

Кәсіпорынның  нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен аяқталады.

Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

 «Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің №2732 Жарлығында анықталған.

Жарлықтың 13-бабында былай делінген: «Табыстар – бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы».Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.

Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директифті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек?Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.

Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.

Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқы мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады.

ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады.

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын мен бірлестіктерінің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді.

Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қаржылық нәтижелер есебі және аудиті «Азовсков» ЖШС үлгісінде

 

    1. «Азовсков» ЖШС экономикалық жағдайына сипаттама және оның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

 

Дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Азовсков» жaуaпкеpшілігі шектеулі сеpіктестігі ҚР «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» заңына және Азаматтық Кодексіне негізделіп, Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасының қаулысына сәйкес 1996 жылы 12 наурызда құpылғaн.

Міне содан бері 18 жыл көлемінде шарап түрлерін алып, шараптар мен сусындардың бірнеше түрлерінің көптеген қыр-сырын игеріп сатып-өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.

Негізгі қызмет түрлері:

  • Кәсіпорынның болашақ жоспарында шараптың басқа да түрлерін көбейтіп, ескірген шараптарды жаңартып және шараптың жаңа түрлерін сату қаралған.
  • Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті тұрғындармен, жекеменшік тұлғалармен келісім-шарт арқылы шарап түрін көбейтеді.
  • «Азовсков» ЖШС-нің сататын өнімдері Қазақстанның қалалары аудандары және алыс жақын жерлерге жіберіледі.
  • Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме, бөлшек сауда арқылы және дүкендер арқылы жүргізіледі.

Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны