Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Кассалық операциялардың есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді, ол беттері нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуы керек. Кассалық кітаптағы беттер саны кәсіпорынның бас бухгалтерінің қолымен сендірілуі керек. Кассалық кітаптағы жазулар екі данада жазылады. Екінші данасы жыртылмалы болады және кәсіпорынның кассирі есеп беруінде қолданылады, кассалық кітапқа түзетулер енгізуге болмайды. Жіберілген қателар кассир мен бас бухгалтердің қолымен сендіріледі. Кәсіпорын кассасында қолма-қол ақшамен қатар чек кітапшалары және басқа да бағалы қағаздар, қатаң есеп беру бланкілері болуы мүмкін. Халықаралық қаржылық есеп стандартынаа сәйкес шот жоспары төрт белгіден құралады. Кәсіпорын 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС көшуге байланысты өзінің жұмыс шот жоспарын жасаған болатын және шаруашылық операциялары сәйкесінше бейнеленетін болады.
Кассаны түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен ққжаттар және бланкілерді (әуе- жэне теміржол билеттері, жанар-жағар май (бензин) талондарын және т.б.) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысумен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта ессптеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша (бірнеше касса) оларға сүргі салынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалған жоқ деген қолхат алынады. Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады.
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапқа сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликаты (көшірме нұсқасы) қайда сақталады. Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу,
бюджетпен, қызметксрлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай кредит берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан үзінді көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.
Баланстан берешектің есептеп шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды жүзеге асыру аса қажет.
Егер айырысуларды түгендеу дебиторлық және кредиторлық берешектер сомасын негіздсу және қысқарту, айыппүл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне (айыбы) және күмәнді қарыз бойынша резерв пайда болуына жол бермеу үшін төлем тәртібінің сақталуын қадағалау, бекітідген келісімшарт бойынша өзара есеп айырысу, төлем мерзімін нақтылау максатында жүргізіледі.
• есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу - Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іссапар және өкілдік щығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес апаруашылық, өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру және шағын кәсіпорындардағы 24 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» Стандартына сәйкес тексеріледі;
• кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу — тексеру барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне (кредиттік келісімішартпен анықталады) сәйкес тексеріледі;
Заемды белгілі орны бар банктер коммерциялық келісімшарт негізінде несиелік қабілеттілігі жоғары кәсіпорындарға береді.
Банк заемы – банк белгілі мерзімге сыйақысын төлеу арқылы клиентке соманы бөледі немесе беретін келісімшарт болып табылады.
Банктік емес мекемелердің заемдары – бір жақ – «заем беруші» - екінші жаққа – «заем алушыға» - ақша немесе материалдық қорларды қайтарып беру шарты бойынша бір периодқа қарызға беру туралы келісімшарт.
Банк заемдарының түрлері:
Орта және ұзақ мерзімді заемдар кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуына қолданылады.
Несиелендіру түрлері:
«Азовсков» жауапкершілігі серіктестігіндегі бухгалтерия бөлімі компьютерлермен және бағдарламалармен жабдықталған. Соның ішінде, «Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бағдарламасы.
Сурет 1
«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті (регламентті) есеп беруді дайындау.
«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» кәсіпорынның алдында тұрған бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалар шешімін қамтамасыз етеді. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» -ге қоса 1С кәсіпорын 8 жүйесінің «Қазақстанда сауда басқару» және «Қазақстанда жалақы және персоналдарды басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік кепілденген.
Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген деректер заң талаптарына сай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы шот және аналитикалық есеп қимасын (разрез) құруға болады.
Сурет 2
«Құжаттан» есеп және ұқсас операциялар. Есепте шаруашылық операциясының көрініс табуының басты тәсілі алғашқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес конфигурация құжаттарын енгізу болып табылады, сонымен қатар бөлек жазбаларды тікелей енгізуге болады. Жазбаларды топтық енгізуге ұқсас операцияларды қолдануға болады. Оңай пайдаланушы және жылдам құра алатын автоматтандырудың қарапайым құралы.
Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен бірге жалпыға бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу үшін «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер олардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.
Сурет 3
Регламенттелген есептеме анықтамасы. «Регламентированная отчетность» анықтамасымен регламенттік есептемені алуға болады. Регламенттелген есептеме «Отчеты — Регламентированные отчеты» менюында орналасқан. «Регламентированная отчеты» анықтамасында әр регламенттелген есеп анықтаманың неке элементі ретінде ұсынылады.
Анықтама элементі есептеме түрлері бойынша топтарға біріктіріледі. Регламенттелген есеп функциясын құратын файлға немесе конфигурация объектілерінің біреуіне анықтаманың әрбір элементтің ссылкасы болады.
«Регламентированные отчеты» анықтамасында регламенттелген есеп анықтамасы толтырылған: мұнда конфигурацияға қосылған барлық есептер көрсетілген. Конфигурацияны жаңартқан кезде есеп тізімі де автоматты түрде жаңарады. Бұл жағдайда анықтамада бар формадан басқа да, жаңа форма құрылуы мүмкін.
«1С: Предприятие 8» анықтама жүйесі арқылы жеке есептемелерді өшіру және көшіру жүргізіледі. Есептемені және есептеме топтарын қолданушы өз тілегі бойынша өзгерте алады. Ол үшін есеп тізімі бөлімінің жоғарғы жағында «Стрелка вниз» кнопкалар арналған. Есептерді бір топтан келесі топқа көшіруге болады. Ал, егер кәсіпорын есептің қандай да бір түрін көрсетпесе, онда оны «Скрыть» кнопкасын басып тізімнен алып тастауға болады. Алдыңғы уақытта тағылған есеп формаларын көрсету үшін «Восстановить» кнопкасы арналған. Осы кнопканы басу арқылы есеп тізімі толық қайта көрсетіледі.
«Обновить» кнопкасын басу арқылы есеп тізімінің алғашқы түрін шығарады. Регламенттелген есеп формасын құру үшін конфигурация объектісін немесе конфигурацияға жаңа есеп формасы қосылған.
Сурет 4
Таңдалған есеп тізімінің диалогының төменгі жағына қысқа сипаттама береді. Есеп формасының редакциясы туралы мәлімет, құжат нормативтері, есеп формасының кезеңделуін көрсету және оның қызметінің мерзімін арнайы формада алуға болады. Ол анықтама командалық панеліндегі «Регламентированные отчеты» «Подробнее» кнопкасын басу арқылы немесе «Регламентированная отчетность» есеп формасының тізім түрін алуға болады.
«Регламентированные отчеты» анықтамасына стандартты конфигурациядағы есептермен, ішкі есептермен байланысты жаңа элементтер қосу керек. Анықтамаға жаңа элементтер қосу кезінде:
«Наименование» реквизитін толтырыңыз – регламенттік есеп тізіміне енгізілетін есеп формасының қысқа түрі, «объект» немесе «файл»-ды таңдау. Егер «объект» таңдаса, «Отчет» конфигурация типінің жолақтың оң жағында объекті атын көрсетіледі.
«Описание» реквизитінде есеп формасының толық сипаттамасын көрсетуге ұсынылады. «ОК» кнопкасын басу арқылы жаңа элемент анықтамада сақталады.
Регламенттік есепті дайындау. Регламенттік есептің жаңа түрін енгізу үшін есеп тізімін «Регламентированная отчетность» форма да табу және сол жерге тышқанды 2 рет басу керек немесе есеп атын ерекшелік «Новый» кнопкасын басыңыз.
Экранға старттық терезе көрінеді, онда мекемені көрсету қажет, оған есеп құрылады. Есеп көрсету кезенін таңдау кезінде ай сайын немесе квартал сайын немесе есептік құру кезеңін таудау. Ай сайын және жылды көрсеткен есепті «Ежеквартально» кезеңін тандап, есеп кезеңінін екі кварталын немесе төрт квартлын көрсету керек.
Егер регламенттік есеп түрлі формада құрылады, «Выбрать форму» кнопкасын старттық формада және қолданушыға регламеттік есеп формасынан редакция түрін мүмкіндігі болады. Есеп формасындағы ақырғы редакцичсын салық органдарда талап ету бұл форма пайдалы. «ОК» кнопкасы басу арқылы регламенттік есеп формасы ашылады. Алғашында, есеп бланкасында мекеме туралы мәліметтер және мекемедегі жауапкер тұлғалар туралы мәліметтер туралы толтырылған. Егер есеп көптеген бөлімдерден тұрса, онда оның формасы закладқаға сәйкес, ал старттық терезенің жоғарғы каманда панеліндегі «Настройка» кнопкасы бар.
Сурет 5
Ақпараттық база мәліметтерінің автоматты түрде есеп формасына толтыру үшін командалық панелдің үстінгі жағындағы «Заполнить» (для отчетов, заполняемых без вызова стартовой формы, кнопка «Сформировать») кнопкасын басу керек. Оны басқан кезде ақпараттық базада мәліметтер бойынша есеп толтырылады немесе есеп бланкасын толтыру керек. «Очистить» кнопкасын басу арқылы есепті тазартады. Толтырылған есеп кесте түрінде көрсетіледі. Редактірлеу үшін ұяшықтың қол жетімділігі олардың түрі түсін анықтайды.
Ұяшықтардың жарты бөлігі ақ түспен боялған-мұндай ұяшықтарды редактілеуге болмайды.
Сарыға боялған ұяшықтар қолмен толтыруға арналған: мұндай ұяшықтарға қолданушы қосымша ақпараттар толтырыла алады.
Жасыл түсті ұяшық берілген мәліметер негізінде автоматты түрде есепке алынады.
Егер есеп көп бөлімдерден тұрса, онда оның формасы закладкалар құрамында болады. Ал командалық понельдің жоғарғы жағында «Настройка» кнопкасы бар. Бұл кнопканы басу арқылы құрылым диалогы ашылады.
Регламенттік есептер проводкалардың автоматты түрде құрулуын қамтамасыз етеді. Сондықтан салық және бухгалтерлік есепте құрылымдық есептер көрсетілуі керек, сәйкесінше праводкаларды қолмен толтыру қажет.
Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны