Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

diplom оригинал.doc

— 673.50 Кб (Скачать)

 

Сурет 6


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жоғарыда келтірілген барлық материалдар негізінде келесідей қорытындыға келуге болады, кәсіпорынның қаржылық нәтижелер есебі үшін және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау үшін ең маңызды мәліметтерді бухгалтерлік баланстан алады. Яғни, бухгалтерлік баланс – жинақталған күйде кәсіпорын құралдарының айналымын және кәсіпорын осы айналым барысында түсетін қаржылық байланыстарды бейнелейтін жүйелік модель болып табылады. Қаржылық нәтижелер есебін беруде бухгалтерлік баланс ең маңызды ақпаратты форма ретінде бағаланады.

Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы сол кейбір жағдайларда қаржылық нәтижелер есебін «баланстық талдау» деп атайды. Сондай – ақ, баланс бойынша қаржылық нәтижелер есебінде және жұмыстағы жетіспеушіліктер, олардың себептері  анықталады. Өзінің жинақталған формасы арқылы баланс өте ыңғайлы  құжат болып келеді. Ол  тек қана кәсіпорынның мүлкі туралы ғана емес, сонымен қатар, ол сол кезеңде болған өзгерістер туралы да толық  ақпарат береді.

Жұмысымның бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық нәтижелер есебінің негізгі ақпарат көзі қызметін атқаратын - бухгалтерлік баланс түсінігі мен экономикалық мазмұнына байланысты сұрақтар қарастырылып, батыс тәжірибесі мен ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды.  Негізгі қаржылық нәтижелер есебі мазмұнының жалпы көрсеткіштері, қаржылық нәтижелер есебін нақты бағалайтын негізгі талдау бағыттары туралы айтылады.

Екінші бөлім дипломдық жұмысымның объектісі етіп алынған «Азовсков» ЖШС- ң қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беріп, оны талдауға арналады берілген мәліметтер бойынша  төрт кесте толтырылады. Кесте қорытындылары бойынша  жағымды көрсеткіштері aктивтеpдің нaқты құнын көpсететін бaлaнс вaлютaсының 2013 жылы оpтa есеппен  11376780  теңгеге өскені, яғни кәсіпоpын қызметінің нәтижесі жоғapылaғaны болып келеді. Кәсіпоpынның сaтудaн түскен түсім сомaсы жылдaн жылғa ұлғaйып, 2013 жылы сaтудaн түскен түсім 7051023 теңгені құpағаны да саналады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық жағдайы бірқалыпты даму жағдайында екенін көрсетеді, яғни кәсіпорынның өзіндік құралдары шығындарын жабу мүмкіндігі үстінде.

Үшінші бөлімде ХҚЕС- на сай бухгалтерлік балансты қайта құру ерекшеліктеріне тоқталып, соған сәйкес қазіргі таңда бухгалтерлік балансты құрудағы компьютеризация мәселелері қарастырылады.

Жұмыста кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану  және жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу  тәртібі мен құрылымын, сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең ішінде қолдану есебін, өндірілген өнімдерді, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау, жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету және бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебінің тәртібі негізге алынады.

Ал бухгалтерлік балансты компютеризациялау жетістіктеріне жаңа бағдарлама «1: Бухгалтерия 8» айтуға болады. Бұл бағдарлама арқылы бухгалтерлік балансты ХҚЕС шот жоспарлары бойынша толтыруға болады, бұл бухгалтердің тиімді жұмыс атқаруына ықпалын тигізеді және  біршама тиімділіктерге қол жеткізе алады.Бухгалтерлік баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай - ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алынады.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе мынадай ұсыныстар жасалады:

  • кәсіпорынның жағдайын жақсарту үшін активтің мобильді құрылымын қалыптастыру қажет, ол құралдардың айналымдылығын тездетуде үлесі зор;
  • есептік жылы көбейген таза табыс  үлесінен кәсіпорынның азайып кеткен материалдар  құрамын көбейту қажет;
  • кәсіпорын өз міндеттемелерін, бережақтарын өтеу үшін құралдар мен  резервтер қолданып , өз қаржы ресурстарын шығындауда қатаң  экономияны сақтап,есептік жылы жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған  кәсіпорынның негізгі құралдарын кепілдікке беріп отвру қажет.

Кәсіпорын басшылары өндіріс және қаржы басқармасының дұрыс әдістері мен тәсілдерін қолданып, жұмыстың керек бағдарламасы мен тактикасын таңдаса, кәсіпорынның қаржылық нәтижелері одан әрі жақсаруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Аудиторлық қызмет туралы заңы Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-№ ІІІ
  2. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңы,  28.02.2007 № 234-III
  3. Бухгалтерлік есеп стандарттары - Алматы : ЛЕМ, 2004
  4. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 2006ж
  5. 1- ХҚЕС  (IAS 1) «Қаржы Есептілігін Ұсыну».
  6. Қазақстан Республикасының Салықтық Кодексі – Алматы: LEM, 2006
  7. Қазақстан Республикасының Салықтық Кодексі ( өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: Центральный дом бухгалтера, 2007
  8. Абдиманапов А. Терминология и признание элементов финансовой отчетности// Бух.учет и аудит, 2005г., №2, 3 бет (5)
  9. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы: Экономика,2003 ж.
  10. Айрих Н. Формирование бухгалтерского баланса на дату перехода МСФО//Бюллетень бухгалтера,2012, № 11, 10 бет
  11. Айрих Н. О бухгалтерском учете и финансовой отчетности// Бюллетень бухгалтера, 2009г.,№ 12, 13 бет
  12. Артеменко В.Г. Беллендир М.В.  «Финансовый анализ». –М.,2005г.
  13. Астахов В.П. «Теория бухгалтерского учета». –М., 2003г.
  14. Ахметова Б.  Бухгалтерский баланс // Бух.учет на практике, 2006, №2 (3)
  15. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы жєне принциптері»-Алматы: АЙАН, 2001ж. (9)
  16. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә. Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит».                 Алматы, 2006 ж.
  17. Баймұханова С.Б «Бухгалтерлік есеп», Алматы. Издательство/ Маркет, 2005
  18. Биримкулова К.Д. «Аудит: Проблемы и решения»2005
  19. Богатая И.Н, Хахонова Н.Н «Бухгалтерский учет», Ростов на Дону: Феникс,2003
  20. Витулева Т. Бухгалтерский баланс. Форма 100.38// Бух.учет на практике, 2007, № 2
  21. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2001 (4)
  22. Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. Анализ финансовой устойчивости предприятия// Библиотека бухгалтера и предпринимателя -2004г., № 3
  23. Жарылғасов Б.Т «Анализ бухгалтерской финансовой отчетности» Москва: Экономист, 2004
  24. Казюбинский А.О,Грашев С.В «Ехсеl для бухгалтера в примерах» Москва: Главбух,2010 г.
  25. Каморджанова Н.А,Картамов И.В «Бухгалтерский и финансовый учет» СПб:Питер,2003
  26. Камышев П.И, Камышанов А.П «Бухгалтерская (финансовая) отчетность: составление и анализ» , Москва:Омега,2003
  27. Капасов Р. «Финансовая отчетность как база для проведения финансового анализа» Бух.учет на практике, 2012г., № 12, 33 бет
  28. Кеулімжаев К. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы: Экономист, 2003
  29. Қасымтаева Ж «Қаржы есебі», Журнал  Бухгалтер// №8, 2012 ж., 35бет
  30. Миржакыпова С.Т «Бухгалтерский учет в РК» Алматы:Экономика,2002
  31. Назарова В.В «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы:Экономика,2005
  32. Нургазина Ж.К Составление баланс// Бухгалтер, Астана: Әлем, №3, 2000,48 бет
  33. Нурсеитов Ә. « МСФО: принципы перехода и преминения», Бух.учет на практике, 2012г., №5 12 бет
  34. ТарасоваЛ.И Как организовать бухгалтерский учеттна компьютере?// Бухгалтер, №11, 2012 ж.,59 бет
  35. Төлегенов С.Т «Бухгалтерлік  ақпарат жүйелері» Алматы: Экономика, 2001
  36. Хахонова Н.Н «Основы бухгалтерского учета и аудита» Ростов на Дону:Феникс,2003
  37. Шеверницкая Т. Приложение № 38 и № 38/1 Бухгалтерский баланс// Бюллетень бухгалтера, 2012г., № 4-5, 99 бет
  38. Шеверницкая Т. Приложение № 38 Бухгалтерский баланс// Бюллетень бухгалтера, 2012г., № 4-5, 118 бет
  39. Шербинина Е. Переходим на 1С: Бухгалтерия 8. для Казахстана// Бюллетень бухгалтера, 2013г., № 17, 7 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны