Қаржылық бақылау агенттігінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына жүргізген бақылауларына талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерінмен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімді, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарға ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белглі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша орандарын ұрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ қаржылық бақылау.doc

— 346.50 Кб (Скачать)

Аудиттің тексеруден айырмашылығы -  тексеру қорытындысы кәсіпорындардың болашақтағы дамуына бағытталуында. Қорыта келгенде, аудитпен тексеруші арасындағы негізгі ерекшеліктері осылар болып табылады.

Қаржылық бақылауды  жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру. Aудиторлық бақылаудың мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспортық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді. Қаржы аудиті деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржа-шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.

Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау  аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20 қарашасынан бастап «Аудиторлық  қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұрғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Аудиторлық қызмет –  бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.

Аудиторлық қызметтің  негізгі принциптері:

  • Тәуелсіздік
  • Объективтілік
  • Кәсіби біліктілік
  • Құпиялық.

Аудит мынадай дәйекті  стадиялар бойынша жүргізіледі:

  • Жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеу;
  • Аудитор обьектісі туіралы ақпарат алу және оны бағалау;
  • Аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
  • Бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
  • Аудит рәсімін жүргізу;
  • Аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.

Аудитор – бұл кәсіпорындар мен  ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа үлгідегі нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде де аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашлық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:

  • Аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесмін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттік мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізцші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
  • Аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді. Тексерістерді жоғары орган немесе мемлекет төлейді;
  • Аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
  • Аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
  • Аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.

 

 

 

2. Қаржылық бақылау агенттігінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына жүргізген бақылауларына талдау

 

2.1 Қаржылық  бақылау агенттігінің 2007 жылдың  тамыз айындағы көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының  қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын  бақылау Агенттігінің банктік сектор, сақтандыру нарығы, жинақтаушы зейнетақылық жүйе, бағалы қағаздар нарығы, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау туралы 2007 жылдың мәліметтерін қарастырып өтсек.

2007 жылдың 1 тамызында  екінші деңгейлі банктер саны 33, соның ішінде 14 шетелдік қатысушылары бар банктік секторда белгіленген. Банктің тұтас активінің көрсеткіші 26203 млн тенгеге (0,23) өсті, ол 11199,9 млрд. тенгені құрады. 2007 жылдың 1 тамызында банктік сектордағы тұтас есеп айырысудағы өзіне меншікті капитал 1595,1 млрд. тенгені құрады, ол дегеніміз шілде айында 74,6 млрд. тенгеге (4,9) көтерілген. Есеп беру кезеңіндегі барабар капиталы к1 – 0,10, к2 – 0,13 құрады. Банктердің ссудалық портфелі шілде айында 327,9 млрд тенгеден 8560,6 млрд тенгеге дейін көтерілді. Банктердің несиелік портфелінің құрылымы бойынша 2007 жылдың 1 тамызындағы стандартты несиелердің көлемі 42,9 күмәнді несиелер – 55,9 , үмітсіз несиелер – 1,1. Заңды және жеке тұлғалардың тарапынан банктерге салымдарының көлемі 6315,5 млрд тенгені құрады, өткен аймен салыстырғанда 2,16 көтерілді, заңды тұлғалардың салымы – 4848,2 млрд тенге, ал жеке тұлғалардың салым көлемі – 1467,2 млрд тенгені құрады, бұл дегеніміз 7,15 көтерілді.

Екінші деңгейлі банктердің тұтас табыстарының сомасы 2007 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіші 927,7 млрд тенгі құрады. Ал шығындардың көлемі – 784,6 млрд тенге болды, өткен жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 103,7 көтерілді. Банктердің таратылмаған таза табысы 143,1 млрд тенге болды, өткен жылға қарағанда 112 жоғары.

2007 жылдың 1 тамызында  Агенттікпен берілген лицензиясы бар 41 сақтандыру ұйымдары жұмыс істеуде. Сонымен қатар 6 ұйым өмірді сақтандыру қызметін, 30 транспортты сақтандыру ұйымы, 13 сақтандыру брокерлері мен 39 актуарийлер өз қызметтерін жүргізуде. 2007 жылдың 7 айының ішінде сақтандыру ұйымының тұтас активтер көлемі 27,7 көтеріліп, 2007 жылдың 1 тамысызда 173,1 млрд тенгі құрады. Тұтас меншікті капитал 27,7 көтеріліп, 102,4 млрд тенгі құрады. Сақтандыру резервтерінің сомасы 93,3 млрд тенгені құрады.

2007 жылдың қаңтар-шілде  айының ішінде тура сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру сыйлықтары 88,0 млрд тенге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,1 жоғары. Соның ішінде міндетті сақтандырудағы сақтандыру сыйлықтары 29,1 құрап 10,6 млрд тенге болды. Ерікті жеке сақтандыруға 9,5 млрд тенге және ерікті меншікті сақтандыруда 67,9 млрд тенгені құрады.  «Өмірді сақтандыру» бөліміне болса 39,7 құрап, 2,7 млрд тенге болды.

2007 жылдың 1 тамызында  14 жинақтаушы зейнетақы қоры өз  қызметтерін ұсынуда, сонымен  қатар олардың республика аумағында 59 филиалдар мен 60 өкілдіктері бар. Оларды атап кетсек: АҚ «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры», АҚ «Қазақстанның Халық Банктінің жинақтаушы зейнетақы қоры», АҚ» Банк Тұран Әлем», АҚ «БТА Қазақстан», АҚ «Капитал» жинақтаушы зейнетақы қоры», АҚ «Казақмыс», АҚ «Отан».

Міндетті зейнетақылық салымшылардың индивидуалды зейнетақылық есептері 2007 жылдың 1 тамызында 8 999 632 құрады. Ерікті зейнетақылық салымдардың көлемі шілде айында 292 (0,74) жоғарылап, 1 тамызда 39865 болды.  Ал зейнетақылық қорланулардың толық сомасы 1069,0 млрд тенгені құрады. Зейнетақылық активтерді инвистициялаудағы «таза» инвестициялық табыстың сомасы шілде айында 9,5 млрд тенгеге дейін барып, ал 2007 жылдың 1 тамызындағы көрсеткішпен 299,6 млрд тенгені құрады. Салымшылардың зейнетақылық қорлардың инвестициялық табыстағы «таза» үлесі 28,03 құрады. Зейнетақылық қорлардың салымшыларының бір қордан екінші қорға аударымдары шілде айында 5,3 млрд тенгеге өсті және тамыз айындағы көрсеткіші 176,9 млрд тенгені құрады.

2007 жылдың 1 тамызында корпоративті құнды қағаздар нарығындағы акционерлік қоғамдардың 2190 ұйымды құрады. Сонымен бірге 96 брокер-дилерлер, 17 тіркеуші, 10 кастодиан-банктер, 11 зейнетақлық активтерді инвестициялық бақылау ұйымдары (ООИУПА), 51 инвестициялық портфельді бақылаушы және 2 трансферагенттер бар.

Шілде айында 27 акциялардың  шығарымы, 2 акцияның шығарымы жойылды. 2007 жылдың 1 тамызында 2315 акциялар көлемі болды. Сондай-ақ 6,0 млрд тенгелі жалпы  номиналды құнымен  3 облигация  шығарымы тіркелді. Және де 14,0 млрд тенгелі 1 облигация шығарымы тіркелді. 2007 жылдың 1 тамызында мемлекеттік емес 271 жұмыс істейтін облигация болды, олардың номиналды құны 1351,4 млрд тенге құрады. 2007 жылдың шілде айында пайлық инвестиялық қорлардың 6 тіркелген.

Пайлық инвестициялық  қорлардың нарықтағы құнды қағаздар көлемі 155 (123 - жабық, 15 – ашық, 17 – интервалды). Сонымен қатар, 6 акционерлік инвестициялық қорлар тіркелген. Сайып келгенде нарықта 33 акционерлік инвестициялық қорлар бар.

2007 жылдың 1 тамызында  мемлекетік емес құнды қағаздардың Қазақстан Республикасының эмитеттік шығарымы, КАSE ресми қосылғандардың тізімі құрады: «А» категориясы бойынша 240, «В» категориясы бойынша 71 шығарымдар тіркелген.

2007 жылдың 1 тамызында  республиканың қаржылық нарығында  10 ипотекалық компания бар, сондай-ақ 16 банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар лиценциямен жұмыс істеуде. Және де бұл көрсеткіштің алдағы уақытта жоғарылауына болжам жасауда.

2007 жылдың 1 тамызында  тұтас активтердің соммасы 176,8 млрд тенгені құрады, бұл дегеніміз 39,7 көтерілді. Тұтас міндеттер сайып айтқанда екі есеге өсіп 143,6 млрд тенгені құрады. Ипотекалық компаниялардың меншікті капиталы 33,2 млрд тенге болған, бұл 1,2 өткен айдан жоғары.

2007 жылдың шілде айында  Агенттікке заңды және жеке тұлғалар тарапынан 197 шағымдар түсті, және мемлекеттік органдар тарапынан да түсті. Оның ішінде, 148-не анықтама берілген, ал 49 анықтама берілуге дайындауда. Толық берілген шағымдардың арасында, 31,98 хаттар екінші деңгейлі банктерге қатысты, 20,8 – құнды  қағаздар нарығының субъектісіне, 10,15 – сақтандыру ұйымдарына, 13,7 – жинақтаушы зейнетақы қорына, 23,35 – түсіндірмелі мінез-құлықтарға қатысты болып табылды. Осы талданған көрсеткіштер төмендегі кестеден көруімізге болады.

Кесте – 2 Қаржылық ұйымдарға келіп түскен шағымдар

 

Қаржылық ұйымның атауы

Шағымдар саны

Қаржы нарығындағы лайықты  сектордың салыстырмалы салмағы

 

Банктік қызмет

   

1

АҚ «Валют Транзит  Банк

19

30,16

2

Ақ «Альянс Банк»

3

4,76

3

Ақ «Қазақстанның халық  банкі»

8

12,7

4

АҚ «Банк Туран Әлем»

7

11,12

5

АҚ «Казкомерцбанк»

4

6,35

6

АҚ «Евразиялық банк»

2

3,17

7

АҚ «ТехаКаВаnk

2

3,17

8

Басқасы

18

28,57

 

Барлығы:

63

31,98*

 

Сақтандыру  қызметі

   

1

Ақ «Ск «АТФ –Полис»

2

10,0

2

АҚ «СК «Алтын Полис»

6

30,0

3

АҚ «СИК «Казахинстрах»

5

25,0

4

Басқасы

7

35,0

 

Барлығы:

20

10,15*

 

Құнды қағаз  нарығы

   
 

Соның ішінде:

   

1

Акционерлердің құқығын  бұзушылық

2

4,88

2

Дивиденттердің төленбеуі

7

17,07

3

Басқасы

32

78,05

 

Барлығы

41

20,82*

 

Жинақтаушы  зейнетақылық жүйе

   

1

АҚ «НПФ «Валют-Транзит»

3

11,1

2

АҚ «ДО «АҚ «Банк  Туран Әлем» НПФ БТА казақстан

4

14,81

3

АҚ «НПФ Қазақстанның Халық Банкі»

8

29,63

4

АҚ «НПФ «Нефтегаз-Дем»

4

14,81

5

АҚ «НПФ «ГНПФ»

3

11,1

6

Басқасы

5

18,53

 

Барлығы

27

13,7*

 

Анықтама

46

23,35*

 

Барлығы

197

100


    

2.2 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардағы бақылау жағдайына талдау

2007 жылдың қыркүйек  айындағы банктік сектор, сақтандыру  нарығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, құнды қағаз нарығы, жеке банктік  операцияларды жүзеге асыратын ұйым секторы алдыңғы айға қарағанда көптеген өзгерістерге ұшырады. Осы айда барлық көрсеткіштер өз қызметтерін жақсы атқарған болатын. Бұл дегеніміз қаржылық бақылауда ешқандай шарттардың бұзылмағанын, керісінше 100% орындалғанын байқатты.

Кесте – 3 Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық бақылау нәтижесі

Көрсеткіштер атауы

1.09.08

1.08.08

Ауытқу

Өсу қарқыны

 

Банктік сектор бойынша

       

1

Тұтас актив

11550,9

11199,9

351

103.1

2

Тұтас есеп айырысудағы  меншікті капитал

1614,9

1595,1

19,8

101.2

3

Ссудалық портфель

8834,1

8560,6

273,5

103.1

4

Заңды және жеке тұлғалардың  салымы

6419,0

6315,5

103,5

101.6

5

2 деңгейлі банктердің  тұтас табысы

1 100,1

927,7

172,4

118.5

6

Шығын көлемі

946,1

784,6

161,5

120.5

7

Таратылмаған таза табысы

154,0

143,1

10,9

107.6

 

Сақтандыру  нарығы

       

1

Тұтас актив

179,3

173,1

6,2

103.5

2

Тұтас меншікті капитал

107,7

102,4

5,3

105.1

3

Сақтандыру резерві

93,3

93,3

0

100

 

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі

       

1

Міндетті зейнетақылық салымдар

9017831

8999632

18199

100.2

2

Ерікті зейнетақылық салым

40197

39865

332

100.8

3

Зейнетақылық қорлардың  толық сомасы

1086,4

1069,0

17,4

101.6

4

«Таза» зейнетақылық активіндегі инвестициялық табыс  сомасы

300,3

299,6

0,7

100.2

5

Салымшыларының бір  қордан екінші қорға аударымдары

181,7

176,9

4,8

102.7

 

Құнды қағаз  нарығы

       

1

Пайлық инвестициялық  қордың нарықтағы құқнды қағаз көлемі

164

155

9

105.8

2

Акционерлік инвестициялық  қорлар

34

33

1

103

 

Жеке банктік  операцияларды жүзеге асыратын ұйым секторы

       

1

Тұтас актив сомасы

187,2

176,8

10,4

105.8

2

Тұтас міндеттер сомасы

153,8

143,6

10,2

107.1

3

Меншікті капитал

33,4

33,2

0,2

100.6

Информация о работе Қаржылық бақылау агенттігінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына жүргізген бақылауларына талдау