Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:36, курсовая работа
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерінмен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімді, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарға ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белглі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша орандарын ұрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (маслихаттар, депутаттардың жиналысы) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады. Яғни, олар бақылауды екі нысанда – алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.
Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.
Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдан ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.
Ішкішаруашылықтық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық службалары – бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с. жүргізеді. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды роль атқарады. Мұнда субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады. Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау – тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, бирожаларда, банктерде және т.б.) ішкішаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық одақтардың, ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді. Сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексері.
Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекетік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таржға жеткізді және басқалары.
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:
1.2 Қаржылық бақылау түрлері мен нысандары, әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық бақылау болып ажыратылады. Бұл талданған жіктемелерді келесі кестеден көруге болады.
Кесте – 1 Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша жіктелуі
Қаржылық бақылау | ||
Мемлекеттік |
Қоғамдық | |
Жалпы-мемлекеттік |
Ведомстволық
|
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерплердің, түрлі қорлардың бақылауы |
Ішкі-шаруашылықтық | ||
Парламенттік |
бақылау | |
Аудиторлық бақылау |
Жоғарғы кестеден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау
объектілері – Қазақстан
Мемлекеттің қаржылық бақылау
органдары – Республикалық
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ҚР Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақлыау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленгеннормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақлау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда мекемелер және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банкттік қадағалаумен, бақылаумен кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарына кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқырылуы туралы есепті қарайды.