Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:36, курсовая работа
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерінмен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімді, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарға ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белглі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша орандарын ұрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқаруңшы органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау, яғни, нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы прорцесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, аржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық бақылау қаржы стратегиясын талдап-жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылық бақылау оның бұрыңғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалары басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.
Аудиторлық бақылау –
Шетелдік аудиторлық ұйымдар
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану
жөніндегі операциялар
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы
жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық-қаржы
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезіндеанықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-кұйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобалаврын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттар тексерісте құжаттарды құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары. Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар бойынша жүргізеді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерістердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салықтар, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әртүрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақтамалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас, мәмілелері т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындар: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есееп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру, шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру, қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайдың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығу бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – кейінгі келесі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, батапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, қолда бар қашаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
Іріктемелі тексеріс
кезінде бақылау қаржы-
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, он талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері:
материалдық құндылықтарды
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл ұшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету, тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу, түгендеуді жүргізу, тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы, шаруашылық қызметті алдын ала талдау, тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру, тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру, акт немесе анықтама жасау, ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылыққызметінде жіберілген бұзшылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болп табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.
Соңғы жылдары «аудит» түсінігі шаруашылық қызметін бақылаудың жаңа бағыты ретінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық және коммерциялық қызметін қаржылық бақылаудың жаңа ұйымдастырушы түрі ретінде анықталады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл түсінік «қаржылық бақылау» түсінігінен біршама кең. Өйткені, ол көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруді ғана емес, сондай-ақ шығындарды рационавлизациялау мен пайданы заңдық негізде оптимизациялау мақсатымен шаруашылық қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындауды қамтиды. Сонымен қатар аудитті тексерумен, аудиторларды тексерушілермен теңестіруге болмайды. «Ревизия» термині латынның «revisio» сөзінен аударғанда «қызметті зерттеу» дегенді, ал «ревизор» термині «ревизияны жүргізуші адам» деген мағынаны білдіреді. Тексеру мен аудит мазмұны жағынан бақылаудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар жүйеленген түрде мына кестеде көрсетілген.
Аудит ешқашан да белгілі бір сыңар жақ мақсатымен жүргізілмейді және өзінің алдына клиентке зиян келтіру мақсатымен негативтің материалды жинау және топтау міндетін қоймайды. Ал ревизия көп жағдайда мыңар жақ бағытта болып өзінің алдына ұнамсыз тұлғаларға қатысты, оның беделін түсіретін материалдар жинауды міндет етіп қояды. Тексеруді «орнынан дабыл» деп аталған сылтау болады, яғни қарапайым тілмен айтқанда кәсіпорын басшысының сыртынан сөз тасу немесе жоғары тұрған ұйымдарға жеткіліксіз сыйламаушылық сылтау болады. Болашақ қаралаушы бола отырып, ол өзіне тән қылықтарымен айыптаушы болады. Кейбір аса ақылды емес тексерушілер өзінің түрімен және мінез-құлқымен тексерілушіге көбірек қорқыныш ұялатуға тырысады; талап етпей керіліп, минут сайын есеп жұмысшыларын олардың ағымдағы жұмысынан алаңдаттырады. Мұндай тексерудің салдарымен аудиторлар әлі де соқтығысуда, есеп жұмысшыларының көздерінде тексерушінің алдындағы қорқыныш ұялап тұрады.
Аудитордың тексерушіден ерекшелігі тексерушінің тексерілушімен серіктестік қалпына тән. Мұнан өзге, оның жұмысында көп орынды клиентке коммерциялық қызметтің түрлі қиын сұрақтарына жауап табуға кеңес беру қызметі алады. Ол клиентке кеңес беріп көмектесуі қажет. Аудитордың тексерушіден өзгешелігін түсіндіре отырып аудиторды адвокатпен, тексерушіні кінәлаушымен салыстыруға болады.