Қаржы жүйесінің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 02:07, курсовая работа

Описание работы

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның /саяси экономиканың / негіздері.Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының обьектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I Қаржы туралы ғылым.

1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
1.3 Қаржы жүйесінің мәні
II Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі

2.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Қорытынды”

Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қаржы жүйесінің мәні.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

     Нарықтық  қатынастарға  көшу  барысында  қаржы жүйесінің   рөлі мен  маңызы шұғыл артады.Қаржы  - кредит  нарықтық  механизмдердің  неғурлым   тиімді  жұмыс істейтін  секторларының біріне  айналуы тиіс.

     Қаржы ең  алдымен  бюджет  жүйесі жалпы  ішкі  өнімнің   өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық  табысқа, макро - және  макроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының  және салаларының   дамуына  және халықтың  көптеген  жігінің  хал-ахуалына  айтарлықтай ықпал жасайды.

      Қоғамда  істің  жайы қаржы   ахуалымен анықталады, сондықтан  тұрақтану мен дамудың бағдарламасы  бірінші  кезекте  экономиканың  тиімділігін арттыру  жөніндегі  жалпыэкономикалық  шараларды   іске асыруда қарастыруы  тиіс.Бұл шаралардың қатарында-өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық  шарушылықтың  құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогоесті тездету.

     Сыртқы  экономикалық  қызметті  жандандыру, ішкі  өндіріс есебінең тұтыну  рыногын   толықтыру проблемасын шешу   шаралары тұр.Қаржы шараларының ішінде  инвестицияларды ойластыру, басқару аппараттын ұстауға жұмсалатын  шығындарды  азайту, шаруашылық  жүргізудің   барлық   деңгейінде  үнемдеу   режимін қатандандыру қажет” экономиканың  төменгі деңгейінде - залалдықты болдырмау, коммерциялық еспті дамыту,

қаржы жүйесінің барлық буындарында  қаржылық  өзара  қарым - қатынастарды  индикативтік реттеу  қажет.

                          1.3  Қаржы жүйесінің мәні

Қазіргі  жағдайда  қандай  мемлекеттәң  және  экономикалық   құрылымын  зерттелеу, оның қаржы жүйесін талдаусыз  мүмкін емес.Бұл жүйе  қаржы  қатынастары  жиынтығының және оны реттейтін  институттардың құрамды  бөлігі.Мемлекет қаржы  жүйесі арқылы саяси экономикалық  және әлеуметтік  алуан түрлі  түрлі қызметтеріне  қажетті  қаражаттарды  жинақтап пайдаланады.

  Мемлекеттік   қаржылар  ұлттық табысты  қайта  бөлуде, қоғамдық  ұдайы  өндірісті  дамытуда  қоғамның  экономикалық  құрылымның қалыптастыруда   өндіргіш күштерді  жетілдіруде маңызды рөл  атқарады.Мемлекеттің  қаржылары  әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға  мемлекеттің басқару  аппараты  мен  қорғанысқа тәртіп сақтау  күштерін қаржыландыруға  сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

 Қаржы   жүйе  мемлекеттің  көптеген  қаржыландыру  институттарын қамтиды.Олар  әр – түрлі бағыттағы  несие  институттарымен тығыз байланысты  негізінде  әрекет жасайды.

              

                       2.1 Мемлекеттің  қаржылық  қызметі

Мемлекеттің  қаржылық  қызметі оның  ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану  сияқты үш жалпы бағытта  іс - әрекет  ететін  толып жатқан  және сан  қырлы  функцияларында  білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы  ажырағысыз элемент  бақылаудың  функциясы болып табылады.

  Мемлекеттің   қаржылық  қызметінің  сан   алуандығы қаржы  жүйесін   құрудың  ерекшеліктері  мен  анықталады.Мемлекет  әр - түрлі   орталықтандырылған  және  орталықтандырылмаған  қорларға, сондай – ақ  меншіктің  басқа  нысандарының шаруашылық  жүргізуші  субьектілерінің ақша  қаражаттарына өзінің  ықпалын жая отырып, бюджет  ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу  және  пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге  асырады.

 Сол   немесе  өзге функциялардың   мазмұны,  рөліне  және  іс - қимылының  ауқымдарына  қарай  қаржылық  қызмет  мемлекеттік билік  немесе мемлекеттік  басқару  / атқарушы - өкімші қызмет / түрінде  жүзеге  асыралады.Мемлекеттің  биліктің  жоғары  органы-Қазақстан  Республикасының  Парламенті, мемлекеттік  биліктің  жер-жердегі  органдары – депутаттардың  жиналысы-маслихаттар.Атқарушы  биліктің  басшысы  Президент  болып табылады, атқарушы - өкімші  қызметті  Қазақстан  Республикасының Үкіметі, жергілікті  әкімшіліктердің  аппараты  жүргізеді.

 Мемлекеттің  қаржылық  қызметі  мына  факторларға”

 Мемлекеттің   іс - қимыл  етуінің  нақтылы   кезендеріндегі оның міндеттеріне” 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Қаржылық  бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу

             

                     

 
 

 
 
 
 

 
 
 
 
 

 
 
 

 
 

         

  -  қаржы құқығы  субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

  • мемлекет  кірістерінің  көздеріне”
  • ақша  қаражаттарын  пайдаланудың  мақсаттарына
  • мемлекеттің  қарамағына  түскен қаражаттар  мен оларға  деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты  әр  түрлі әдістерімен жүргізіледі.

Мемлекеттің  қаржылық  қызметінің  мынадай  әдістері пайдаланылады

   -1 Орталықтандырылған  мемлекетті  қорларға мемлекеттік бюджетке, бюджеттен  тыс қорларға сақтық  және кредит  қорларына  төленетін   міндетті  және  ерікті  төлемдердің әдістері.

Міндетті  төлемдерге  салықтар, қаражаттардың  аударымдары /  әлеуметтік  мақсаттарға, арнаулы  және бюджеттен  тыс  қорларға аударылатын  аударымдар  жатады /.Ерікті  негіздерді  жалпы  сақтандыру  мен  өмірді  сақтандыру,  мемлекттік  қарыздар, ақшалай – заттай  лотереялар,

банктерге салынатын  салымдар – депозиттер бойынша  төлемдердің  бір бөлігі  жүзеге асырылады.

   -2  Мемлекеттің ақша  қаражаттары бөлген кезде мына  әдістерді ажыратады қаржыландыру – қаражаттарды  қайтарусыз  және  өтеусіз беру  және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және  өтеулілік негіздерде  ақша бөлу.

   -3 Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен  қолма – қол ақшасыз және  қолма – қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

  Сыртқы  экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары  мен әдістері  түрліше болып келеді.

           

      2.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

Банк  жүйесін ұйымдастыру белгілеріне  қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері  бар банктергк және банктік топтарға бөлуге болады.Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

   Ұлттық банктің рұқсатымен банктер  Қазақстан Республикасы аумағында  және одан тысқары жерлерде  банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

  Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме.Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттары мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

  Банк өкілдігі  – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

  Еншілес банк – жарғылық қордың 50 /  - нан астамы бас банкіге тиесіле, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

  Қазақстан  бұрынғы КСРО – ның монополиялық  банктік жүйесін қабылдады.Бұрынғы  мамандандырылған банктері / Тұран  – банк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанк, Әлембанк, Халық  банкі / республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған кқммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды / мысалға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б. /

  Әлемдік  банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

  Бірақ,  жоғарыда аталған мамандандырылған  банктердің күрделі иерархиялық  құрылым болады.

Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келеді.

  Шетелде  банк филиалдары заңды тұлға  болуға және дербес мекеме  ретінде тіркелуге құқылы.Көптеген  банктердің филиалдары тұтыну  несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. мамандандырылған.

  Қазақстандағы  соғы уақыттарда құрылған барлық  коммерциялық банктер филиалсыз,  яғни шоғырланған болып келеді,

  Батыс  еуропа банктік жүйесінде ірі  банктердің азғана топтары елдің  барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.

  1988 – жылы Германияда  6 ірі коммерциялық  банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың /жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді қосқанда / филиал саны 39,7 мыңға теңесті.Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.

  АҚШ  – тағы банк жүйесі біршама  өзгеше құрылған.Штаттардың заңында  жекелеген банктерді ашуға шек  қойылады.Сондықтан, кейбір штаттар  қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол  қалада болса ғана, банктерге филиалдар ашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілеоі бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады.Бірде – бір банк өз штатынын тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды.Осыған сәкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.

  Банк  бөлімшелерін ашуға қойылатын  шектеулер штаттағы сепаратизм  дәсүрінең және ірі банктердің  монополиялық қоқынышынан келіп  туындайды.Дегенмен де, бірқатар  жағдайларға байланысты / өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аудару және т.б. / банк филиалдарының торабы тез арада өсуде” 1970 – жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін.

  Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке” бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі  және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  Теріс жағы ретінде мұнда бас кңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

  Банкті  ұйымдастырудың осындай және  өзге де формасын таңдау көптеген  факторлармен анықталады” банктің  стратегиялық міндеттерімен, оның  бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен.Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырылған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары

орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама  түрде анықталады.Сондықтан да банктің  бір – екі бөлімшесі болатын  болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді.Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел  басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

  Банктің  ұйымдастырылу құрылымы басты  екі әдіспен ашықталады – банктің  басқарылу құрылымы және оның  функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Информация о работе Қаржы жүйесінің мәні