Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 02:07, курсовая работа
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның /саяси экономиканың / негіздері.Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының обьектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.
Кіріспе
I Қаржы туралы ғылым.
1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
1.3 Қаржы жүйесінің мәні
II Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі
2.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Қорытынды”
Пайдаланған әдебиеттер
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге әне жалпы мемлекетке тәң нәрсе.Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттін оңтайлы салық саясатымен таза табысты тұтыну мен қорланмға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін” кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасын олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік – бір процестің - шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьектісі сфеарасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2 Жоспарлық қағидаты - кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленгенәдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді.Есеп - қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.Кәсіпорыннын болжалды қызметі факторларынын тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей – тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің,өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің және қорытындылаудың негізіңде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады.Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын
ірірек шаруашылық құрылымға
- бірлестік, ассоциация, концерн
және т.с.с. кіргенде
3 Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары – мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерін және олардын заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуынын мемлекет кепілдігінде жузеге асырылады меншіктенуші өз білгеніншк өзінін мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс - әрекект жасайды, мүлікте кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4 Кәсіпорындардың қаржысы ұйымдастырудың қажетті қағидаты-басқарудың барлық деңгйлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардын қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай - ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және ілеуметтік дамумен байланысты шығындарды /ойда болмаған шығындарды / қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерісте болады.Әріптес кәсіпорындардың деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс - қимылы нығайып келеді.Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды - экономикалық мүдделермен, біріңғай акцилармен және мемлекеттің мүлікткгі үлесім байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
1.2
Қаржы жүйесі және оны
ұйымдастырудың
қағидаттары
“Қаржы жүйесінің”” ұғымы қаржы
ұғымының одан әрі дамуы және
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттін қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс - әрекет ететін бір - бірімен өзара қаржы байланысты қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті.Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектеледі.
Классикалық капитализм жағдайында батыстын көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО – ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмеімен мемлекет мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы
жүйесі терминнің жоғарыда
келтірілген анықтамасында
1 қаржы қатынастарының жиынтығы”
2 ақша қорларының жиынтығ”
3 басқарудың ақша аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші, субьектіле, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінең мына екі сфераны қамтиды.
1” мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономика ақша қатынастары,
2” кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша ұорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы
қатынастарының буындарына тәң
болып келетін тиісті
Қаржының
материалдық мазмұны өзінің
көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда
Қаржы
жүйесі интеграциялық
Қаржы
жүйесін сыныптаудың
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес, бастапқы элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орында алады, өйткені жуйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекет қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлутуралы, мемлекет пен оның шаруашылық субьектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік - мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалар мен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория.Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
А / арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар”
Ә / бюджеттен берілетін субсидиялар”
Б / қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары”
В / ерікті жарналар және қайырмалдықтар”
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыру кепілдендіреді” олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резервті рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарынын қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттін заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарың қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы
жүйесіне жиі сақтандыруды да
жатқызады, бірақ көптеген
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субьектілерге келтірілетін мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналарының есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру
- айрықшалықты, өзінің буындары
бар сфера ”әлеуметтік
Материалдық өндіріс сфурасының шаруашылық жүргізуші субьектілеінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім – қоғамнын қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді”
1 материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы.Коммерциялық есеп - шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындар мен ең көп табыс алу болып табылады.
2 Коммерциялық емес сферанын қаржысы.Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.Бұл сферадағы қаржы қатынастарының бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің” бағалардың кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады.