Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазақстанның қаржы жүйесі - бұл экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі деп ойлаймын, өйткені ол Қазақстанның қаржы жүйесі. Қаржы жүйесінің қайнар көзі және оның экономикадағы тиісті ақша қорлары құрылып, қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

Содержание

I. КІРІСПЕ………………………………………………………………….3
II.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ……………………………………………..4
1.1 ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ ……………….4
1.2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАҒИДАТТАРЫ………………………………………………………………........7
III. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...17
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ…………………………………………18

Работа содержит 1 файл

срс по каржы.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

        Қаржы  жүйесі  ұғымымен  қатар  қаржы – кредит   жүйесінің   жалпылама  ұғымы да бар,  оған  қаржы жүйесінің  буындары  ғана емес, сондай – ақ  кредит  жүйесі  де  кіріктіріледі. Қаржы – кредит   жүйесі  бірлескен  түрде көбінесе  материалдық  өндіріс  сферасында  қызмет етеді, өйткені  кредит мекемелері  өндірістік емес сфераға  жатқанымен  өндірістік  емес  сферада  несие  қатынастары шектклінген.

        Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығын қарамастан, қаржы қатынастарын 

ұйымдастырудың  нысандары  мен  олардың  сыртқы көрінісі әр түрлі.Бұл мағынада қаржы  құрамы туралы айтуға болады. Қаржы  қатынастарының сфералары  мен  буындары  өзара  тығыз  байланыста болады және елдің 

біртұтас  қаржы жүйесінің құрамын  құрайды. Сонымен бірге  қаржы құрамын  мемлекеттің  қаржы  саясатын  жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы  қаржы органдары болып  табылатын  қаржы  жүйесінен ажырата  білген жөн.

         Қазақстан  Республикасында   микро - және  микроэкономиканың  қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы  қатынастары мен ақша ресурстарының  жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен  несиелендіруге  байланысты  бөлуді  жүзеге  асыратын қаржы  мекемелері құрайды.

        Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес  мына  сфераларынан  тұрады:

  • мемлекет бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік кредит;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  қаржысы;
  • халықтың  қаржысы;

        Қаржы  қатынастарының алғашқы   үш  бөлігі  жалпымемлекеттік  яғни орталықтандырылған қаржыларға  жатады және макродеңгейдегі   экономика мен әлеуметтік қатынастарды  үшін пайдаланылады. Шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  қаржысы  орталықтандырылмаған  қаржыларға  жатады  және микродеңгейдегі  экономика мен  әлеуметтік реттеу  және ынталандыру үшін пайдаланылады.

       Жергілікті  қаржы  мемлекеттің   қаржы  жүйесінің  маңызды   құрамы болып  табылады.Жергілікті  қаржының  әлеуметтік  рөлі, оның  құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың  сипатымен, сондай – ақ мемлекеттің  әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси  экономикалық  бағыттылығымен  анықталады.

        Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы  екі ірілендірілген  бөлікке біріктіріледіі:

  • мемлекеттік  және  муниципалдық  қаржы;
  • шаруашылық  жүргізуші субьектілердің қаржыс;

       Мемлекеттің  қаржысы  қаржы   ресурстарының  орталықтандырылған  қорын  жасаудың  экономикалық  нысаны  мен мемлекеттің  негізгі  қаржы жоспары  ретіндегі  мемлекеттік бюджетте, қоғамдық  құжаттарды мақсатты  қаржыландырудың  қосымша көзі   ретіндегі бюджеттен тыс

арнаулы  қорларда, мемлекеттік  кредитте  көрінетін  қаржы  қатынастарын 

қамтиды.

         Кредит  қатынастарының  қаржы   қатынастарынын  айырмашылығы болғанымен  мемлекеттік  кредит  қаржы   жүйесіне қамтылады.Бірақ 

кредиттің бұл түрі  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  жабу мақсатына 

бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын  қамтамасыз  ететіндіктен, ол бойынша  есеп айырысу  бюджет  қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын  қаржы  жүйесін де, сондай – ақ  кредит жүйесіне де  жатады  деп  есептеуге болады.

        Қаржы қатынастары   сфераларының   әрқайсысының  ішінде буындар бөлінеді, оның  үстіне  қаржы  қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша  қоларының  құрамы  мен  арналымына  белгілі  бір  әсер ететін субьект

қызметінің  сипатына  қарай  жүргізіледі.Бұл  белгілі  кәсіпорындар мен 

 ұйымдар   қаржысы  сферасында  мынандай  буындар  беруге   мүмкіндік                                        

 береді:

  • коммерциялық  кәсіпорындар мен  ұйымдардың  қаржысы;
  • коммерциялық емес ұйымдардың  қаржысы;

        Қаржы  жүйесінің  әр  буыны   өз кезегінде  буыншаларға  / ондағы қаржының  өзара  байланысының  ішкі  құрылымына  сәйкес / бөлінеді.Мәселен, салалық  бағыныштылығына  қарай  коммерциялық  негізде жұмыс  істейтін  кәсіпорындар  қаржысының  құрамына өнеркәсіп,

ауыл  шаруашылық, сауда, көлік, құрылыс  және  т.б. кәсіпорындарынын  қаржылары болып мүшеленеді.Мемлекет  қаржысының  құрамында буындар ішіндегі  қаржы қатынастарын топтастыр, мемлекеттік басқарудың  деңгейіңе сәйкес  жүзеге асырылады.Сақтық  қатынастары сферасында  буындардың  әрқасысы  сақтандырудың  түрлеріне / жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру / бөлінеді.

       Мемлекеттердің  көпшілігінде  қаржы   жүйесін  құрудың қағидаты-фискалдық  /қазыналық/  федерализм  қағидаты.

       Қаржы  жүйесінің  функциялық  құрылысы  мынадай  негізгі  қағидаттарды  қанағаттандыруы тиіс:

         Шаруашылық  қызметінің  нәтижелігіне  мүдделік  бірдей  дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың  ұжымдарына, жеке  қызметкерлерге әне жалпы  мемлекетке  тәң нәрсе. Бұл  қағидатты  іске  асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттін оңтайлы салық саясатымен  таза табысты тұтыну мен  қорланмға бөлуде  экономикалық  жағынан  негізделген үйлесімдерді сақтаумен  қамтамасыз  етілуі  мүмкін” кәсіпорындардың   ұжымдарын  қаржылық  ынталандырудың  қуатты  тұтқасын  олардың өздері  тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени  мақсаттарға  жұмсалатын  шығындар  болып  табылады.

     Қаржылық  жауапкершілік пен мүдделік – бір процестің - шаруашылық  жүргізудің  тиімділігін арттырудың  ынталандырмаларын жасау мен іске  асыру процесінің екі жағы.

      Сөйтіп, екі экономикалық  категорияның – экономиканың  негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық  субьектісі  сфеарасындағы қаржы мен коммерциялық  есептің өзара байланысы көрінеді.

  1. Жоспарлық   қағидаты - кәсіпорынның  қаржылық  қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға  жетудің  белгіленгенәдістеріне жетудің  дәйектілігі  мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы  алдын ала қарастырылатынын  білдіреді.Есеп - қисаптар негізінде және  белгіленген  қаржы нормативтерін пайдалану  арқылы арнаулы құжатта - қаржы  жоспарында  қамтылып көрсетілетін қаржылық  көрсеткіштер анықталады.Кәсіпорыннын болжалды қызметі  факторларынын  тұрлаусыздығы  жағдайында  қаржылық көрсеткіштерді егжей – тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау  қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді  зерделеудің,өзгермелі  факторларды  ғылыми өңдеудің  және қорытындылаудың  негізіңде  кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады.Болжам  кәсіпорындардың  шаруашылық қызметінің  нұсқалары бойынша  бағалау  және  кейінгі  шешімдерді  қабылдау  үшін қызмет етеді.

      Кәсіпорын   ірірек  шаруашылық  құрылымға  - бірлестік, ассоциация, концерн   және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың  қаржы жоспарларының көрсеткіштері   бұл  ұйымдардың жиынтық   қаржы  жоспарларына біріктіріледі. 

  1.   Кәсіпорындар  мен ұйымдар  меншігінің барлық  нысандарының теңдігі қағидаты  қатынастардың  тұрақтылығы   мен меншіктің түрлі нысандары   – мемлекеттік, жеке  меншік, шетел  мемлекеттерін және олардын заңи  ұйымдары  мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың  нысандары дамуынын  мемлекет  кепілдігінде  жузеге асырылады  меншіктенуші  өз білгеніншк  өзінін мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады  және  басқарып  ұйымдастырады, оған  қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс - әрекект  жасайды, мүлікте  кез  келген шаруашылық  және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
 
  1.   Кәсіпорындардың   қаржысы  ұйымдастырудың  қажетті   қағидаты-басқарудың барлық деңгйлеріндегі  қаржы резервтерінің болуы.Қаржы  резервтері  әр түрлі әдістермен өндірістік  және әлеуметтік  қорлардың мөлшеріне  пайызбен, пайда  немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар  арқылы жасалуы  мүмкін.Қаржы  резерві  уақытша болатын қаржы  қиыншылықтарын  жоюға және шаруашылықтардын қызметіне  қажет қалыпты  жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай - ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын  өндірістік және ілеуметтік  дамумен байланысты шығындарды  /ойда болмаған шығындарды /  қаржыландыруға арналған.
 

  Нарықтық  экономика жағдайында  кәсіпорындардың   қаржысын ұйымдастыруда елеулі  өзгерісте  болады.Әріптес  кәсіпорындардың деңгейлес  байланыстар  күшейіп  келеді, олардың  банк жүйесімен өзара іс - қимылы  нығайып келеді.Бұл  процестер  салалық  құрылымдардан бас тартып, жаңа  үлгідегі құрылымдарды - экономикалық мүдделермен, біріңғай  акцилармен және  мемлекеттің  мүлікткгі  үлесім байланысты  ұқсастық  негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда  көрінеді, бұл  құрылымдар  рынок жағдайында  анағұрлым  өміршең болып келеді.

     біріншіден, қаржы жүйесінің  жеке  алынған  әрбір  буыны ақша қатынастарының  аса кең   қамти алады, бұл  жалпы  категория  болып табылатын  “қаржыға” ғана  тәң  қасиет;

     екіншіден, тұтастай  алынған  қаржы жүйесі  әрбір  нақты сәтте обьективті  экономикалық  категория  ретінде қаржының қағидалы мәндік  сипаттамаларына  және  функциялық  арналымына  дәл сәйкес келуіне тиіс.Қаржы  жүйесін  құрұдың  негізіне мына  қағидаттар  қойылған;

        Қаржы  жүйесін  ұйымдастыруда  централизм  мен  демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілдежергілікті қаржы органдарына және  шаруашылық  жүргізуші субьектілергекең  құқық пен дербестік берілген.

        Бұл қағидат  жергілікті  қаржы  органдарының  тиісті  жергілікті  әкімшілікке  және   жоғарғы  қаржы  органдарына екі  жақты бағынышты

жүйесін  алдын  ала айқындайды.

        Салалық  қаржыларды  басқарудағы   демократиялық  негіз  шаруашылық  жүргізуші органдарға  капиталды  / негізгі  және айналым кпиталдпры / бекітіп беруге, оларға  әр түрлі  мақсатты  арналымның  ақша  қорларын жасауға  және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.Жоғары тұрған

органдар  өзінің  құзыры  шегінде  салалық  қорлар  мен  резервтерге орналастырылатын  қаражаттардың  бір  бөлігін  қайта бөлу тұралы шешім қабылдайды, оларды   мақсатты  пайдаланудың тәртібін анықтайды.

        Кәсіпкерлік  секторда  қаржы   дербестігі  неғұрлым  толық көрінеді”  оның  қатысушылары мемлекеттің   қаржы  жүйесі  алдындағы   міндеттемелерді  орындағаннан  кейін  қаржы  ресурстарын  еркін  иемденеді.

        Ұлттық  және аймақтық  мүдделерді  сақтау.Аймақтарды  дамытудың 

әлеуметтік  жағынаң  қабылдауға  болатын  деңгейі  сияқты  бұл  қағидаттын

талаптары  қаржы  қатынастарында  ұлттық  теңдікті  қамтамасыз етуге                                       

шақырады.Қаржы  жүйесін  қүрудағы  оның  көрінісі  мемлекеттік   қаржы  органдары  құрылымының  ұлттық – мемлекеттік  және  әкімшілік – аймақтық   құрылымына  сай  келуі.

         Қаржы  жүйесі  бірлігінің  қағидаты орталық  қаржы органдары  арқылы мемлекеттің  жүргізіп  отырған бірыңғай  мақсаттарымен  алдын  ала айқындалып отырады.Қаржылардың  барлық  буындарын  басқару бірфңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді.Қаржы  жүйесінің 

бірлігі  қаржы  ресурстарының басты  көздерінің  ортақтастығында, олардың  қозғалысының  өзара  байланыстығында, қажетті  қаржылық  көмек  көрсету  үшін   қаражаттарды  аймақтар  салалар  арасында қайта  бөлуде  болып отыр.Қаржы  жүйесі  бірлігінің  қағидаты экономиканы басқарудың  барлық  деңгейлерінде  жасалатын  қаржы  жоспарлары мен байланыстардың  өзара  үйлесу  жүйесінде  өзінің  нақтылы  көрінісің  табады.

          Қаржы  жүйесінің  жеке  құрамды   элементтерінің функциялық арналымының   қағидаты  қаржының  әр буыны  өз міндеттерің  шешіп отыратындығынан көрінеді.Оған айрықша  қаржы  аппараты сәйкес келеді.Мемлекеттік  бюджеттің  ресурстарын  құрып, пайдалану жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыруды  республиканың Қаржы  министрлігі  мен Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  жүзеге  асырады.

Информация о работе Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары