Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:43, реферат
Қазақстанның қаржы жүйесі - бұл экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі деп ойлаймын, өйткені ол Қазақстанның қаржы жүйесі. Қаржы жүйесінің қайнар көзі және оның экономикадағы тиісті ақша қорлары құрылып, қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
I. КІРІСПЕ………………………………………………………………….3
II.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ……………………………………………..4
1.1 ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ ……………….4
1.2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАҒИДАТТАРЫ………………………………………………………………........7
III. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...17
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ…………………………………………18
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес
жоғары мектебі
Тақырыбы: Қаржы жүйесін
ұйымдастыру қағидаттары
I. КІРІСПЕ……………………………………………………………
II.ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ……………………………………………..4
1.2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАҒИДАТТАРЫ…………………………………………………
III.
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
IV.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ…………………………………………18
К
І Р І С П
Е
Қазақстанның қаржы жүйесі - бұл экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі деп ойлаймын, өйткені ол Қазақстанның қаржы жүйесі. Қаржы жүйесінің қайнар көзі және оның экономикадағы тиісті ақша қорлары құрылып, қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
“Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын “Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты.
Оқулық кафедраның “Қаржы” пәнінің оқу - әдістемелік әзірлемелері негізінде әзірленеді және оның құрылымы “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша білім береді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы – кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар.
Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандырады:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарын аса кең қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын “қаржыға” ғана тән қасиет”
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте обьективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуіне тиіс болады.
“Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын “Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты.
Қаржының обьектісі -
қаржы ресурстары
мен мақсатты
ақша қорлары, олардың
қалыптасуы, қозғалысы
және пайдалануы
қаржының обьектісі,
ал қоғамдық өмірдің
ұйымдастырушысы
ретіндегі мемлекетті
қоса алғанда
қызметтің өндірістік
және өндірістік
емес сфераларының
сан алуан шаруашылық,
қоғамдық және
басқа ұйымдары
оның субьектілері
болып табылады.
I.
қазақстанның қаржы
жүйесі
1.1
Қаржы ұғымы, оның
мәні мен қажеттілігі
Қаржы / “қолма – қол ақша “, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanсe сөзінен шыққан / қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақшаның айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір – бірімен қолма қол ақшасыз жасалатын есеп айрысулары: негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу: табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда, ішкі шаруашылық айналымның қорларын қалыптастыру; мемлекет бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына құаражат төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар – ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субьектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорлардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы: шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімінің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді.
Қаржының іс - әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігінде қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс - әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады.Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу * процесінде ұшырап, мақсатты арналым мен субьектілері бойынша бөлінеді.
Қоғамдық қатынастардың
иерархиясында ақша
қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады,
ал экономикалық қатынастары
өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің
айқындаушы бөлігі -
өндірістік қатынастарға
кіреді.( 1– ші сызбада
көрсетілгенқ) . Бұдан
қаржы қатынастарын
өндірістік қатынастардың
бірі бір бөлігі,
яғни олар базистік
әрі негізгі қатынастар
болып табылады.
1 – сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының
құрамы.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдық өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар -
бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір жағын сипаттайды және абстрақтты, қорытынды түрде көрінеді; оларғ баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс және т.б.
Қаржының жұмысын істеуінің шарты – ақшаның болуы, ал қаржының пацда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс - әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттілігі обьективті мән – жайдан – тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінең туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының обьективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдалануды әр – түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүогізуші субьектілердің қаржы ресурстарына деген қажетіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау
2– сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі.
(бағыныңқылығы)
“ Қаржы жүйесінің ” ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттін қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс - әрекет ететін бір – бірімен өзара қаржы байланысты қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті.Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі.
Классикалық капитализм жағдайында батыстын көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО – ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмеімен мемлекет мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.