Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазақстанның қаржы жүйесі - бұл экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі деп ойлаймын, өйткені ол Қазақстанның қаржы жүйесі. Қаржы жүйесінің қайнар көзі және оның экономикадағы тиісті ақша қорлары құрылып, қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

Содержание

I. КІРІСПЕ………………………………………………………………….3
II.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ……………………………………………..4
1.1 ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ ……………….4
1.2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАҒИДАТТАРЫ………………………………………………………………........7
III. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...17
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ…………………………………………18

Работа содержит 1 файл

срс по каржы.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

        Қаржы  жүйесі  терминнің  жоғарыда  келтірілген  анықтамасында қаржысын  мәнділік сипаттамасын, оның  қоғамдық – экономикалық  процесстегі  орнын  негіздей  отырып,  қаржы  жүйесін сыныптаудың қағидалы  үлгісі  қойылған.Осы  критерийге  сәйкес  қаржы  жүйесі  үш бөлікті  қамтиды:

    1. қаржы  қатынастарының жиынтығы;
    2. ақша қорларының жиынтығы;
    3. басқарудың  ақша аппараты;

         Ақша қорларының қозғалысына   байланысты  мемлекет,  шаруашылық

жүргізуші, субьектіле, салалар, аймақтар  және  жеке  азаматтар арасында 

пайда  болатын  экономикалық, ақша  қатынастарының  жиынтығы  қаржы қатынастарын  құрайды.

        Қаржы  қатынастары  негізінең   мына  екі  сфераны  қамтиды:

  1.    мемлекеттік бюджетке  жинақталатын  мемлекеттің

орталықтандырылған  ақша  қорларын  қалыптастырып, пайдаланумен

байланысты  болатын  экономика  ақша  қатынастары;

  1.   кәсіпорындардың орталықтандырылмаған  ақша  қорларының 

толық айналымын  ортақтастыратын  экономикалық  ақша  қатынастары;

        Қаржы  қатынастары  өзінің  экономикалық  табиғаты  жөнінен   бөлгіштік қатынастар болып  табылады, оның  үстіне  құнды  бөлу ең алдымен субьектілер  рөлі  қаржы  қатынастары  жіктемесінің  алғашқы  обьективті белгісі  ретінде көрінеді. Қаржы  қатынастарының  буындарына 

тәң болып  келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша  қорларының жиынтығы  қаржы  жүйесінің  екінші бөлігін  құрайды.

        Қаржының  материалдық  мазмұны   өзінің  көрінісін  қаржы   ресурстарын  қалыптастырып, пайдалануда   табады, бұл  рессурстар  бюджет, мемлекеттік  және  мемлекеттік   емес  әлеуметтік  сақтандыру  және  қамсыздандыру, амортизация,  айналым  қаражаттары, тұтыну  резерв  және  басқа  көптеген ақша  қорларын  кіріктіеді.Бір  қорлар едәуір  дәрежеде, біреулер аз  дәрежеде орталықтандырылған, бір  қорлар  үнемі  жұмсалады, басқалары  уақытша

        Мемлекет  қаржысы   – қоғамдық  өнімнің  құнын  және  ұлттық байлықтың  бір  бөлігін  бөлу  және  қайта бөлу  туралы, мемлекет  пен оның шаруашылық  субьектілерінің  қарамағына  қаржы  ресурстарын қалыптасты сақталады, үшіншісі  қорланады.

        Қаржы  жүйесі  интеграциялық   тұрпатты  жүйе  болып  табылады, оған кіретін  элементтердің   тығыз  байланысымен  және оның  қосалқы жүйелерінің  бірде  – бірі өзінше өмір сүре  алмайтындығымен сипатталады” қаржы   бір жағынан, өндірістік  қатынастардың  бір бөлігін  білдіреді  және  осы қатынастар  жүйесінің  элементі  болып  келеді, екінші жағынан, өзінің  функциялық  өзіндік  ерекшелігі  бар  өзара  байланысты элементтерден  тұратын  жүйе  болып  табылады.Функциялық  сыныптауға сәйкес  қаржыларда  функциялық  қосалқы  жүйелер  ретінде  мыналарды айтуға болады.” салық, бюджет, сыртқы  экономикалық, қаржылық  жоспарлаудың,  қаржылықбақылаудың  және басқа қосалқы жүйелері.

        Қаржы  жүйесін  сыныптаудың   функциялық  критерийінен басқа   қаржы субьектілерінің  белгісі  бойынша  сыныптау  қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар  мен буындар бойынша ” мемлекеттің қаржысына,

шаруашылық  жүргізуші субьектілердің қаржысына, халықтын қаржысына шектеуге мүмкіндік  береді.

       Қаржы жүйесін  құрайтын жеке  элементтердің орны мен рөлі бірдей емес, бастапқы  элемент  жүйенің  басқа элементтерінің  арасында алдыңғы 

орында  алады, өйткені  жүйе  элементтері  мен  буындардың  өзара  байланысындағы  оның  рөлі  айқындаушы  болып  табылады.Бұл – бірінші   кезекте  мемлекеттік  бюджетпен  көрінетін  мемлекеттің  қаржысы.румен және  мемлекеттің  қаражаттарын олардың  жұмыс  істеуімен  байланысты шығындарға  жұмсаумен  байланысты  ақша  қатынастары.Мемлекеттің қаржысы  өзіне  мемлекеттік бюджетті,  мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті  кіріктіреді.

       Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік - мәдени 

мұқтаждарды, қорғаныс  пен мемлекеттік  басқарудың  мұқтаждарын 

қаржыландыруға  арналған  елдің  орталықтандырылған   қорын  жасаумен 

және  пайдаланумен  байланысты ұлттық  табысты бөлу  және қайта бөлу  туралы  мемлекеттің заңи  және жеке  тұлғалар мен  пайда  болатын  ақша  қатынастарымен   көрінетін  экономикалық  категория.Мемлекеттік  бюджет  орталық  және  жергілікті  бюджеттерді  кіріктіреді.

       Мемлекеттік бюджеттен  тыс қорлар –  қорлардың   ұйымдық  дербестігі  негізінде  кешенді  пайдаланылатын  бірқатар  қоғамдық қажеттіліктерді  қаржыландыру  үшін  тартылатын  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлу  мен пайдаланудың  айрықшалықты нысаны.

     Қалыптасу көздері:

  1.   арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар”
  2. бюджеттен берілетін субсидиялар”
  3. қосымша табыстар мен үнемделген  қаржы ресурстары”
  4. ерікті  жарналар және  қайырмалдықтар

       Бюджеттен тыс қорлар толық  көлемде ресурстарды  мақсатты пайдалануды  және  аса  маңызды  әлеуметтік  шараларды  дер кезінде қаржыландыру  кепілдендіреді ” олар  қаржылық  қиыншылықтар жағдайында  мемлекеттік  билік  органдары  иек  артатын  қаржы  резервті  рөлін орындайды.

       Мемлекеттік  кредит – мемлекеттік  билік  органдарынын  қарамағына уақытша бос ақша  қаражаттарын  жұмылдырумен  байланысты мемлекеттін заңи  және  жеке тұлғалармен,  соның  ішінде  шетелдіктермен  және  оларды  мемлекеттің  шығыстарың  қаржыландыруға  пайдаланумен  байланысты  пайда  болатын  кредит  қатынастарының  жиынтығы.

        Қаржы  жүйесіне  жиі сақтандыруды  да жатқызады,  бірақ  көптеген  ғалымдар оны   дербес, бірақ   қаржымен  өзара  іс - әрекет  ететін  категория деп  есептейді.

       Сақтандыру - шаруашылық  жүргізуші  субьектілерге  келтірілетін  мүмкін болған  зиянды  немесе  болған  сақтық  жағдайларының салдарына байланысты  отбасыларының  кірістеріндегі  ысыраптарды  өтеуге  арналған  ақша  жарналарының  есебінен  мақсатты  сақтық  қорларын  құру туралы  оның  қатысушылары  арасындағы  тұйық  қайта бөлгіштік  қатынастардың жиынтығы.

       Сақтандыру – айрықшалықты, өзінің  буындары  бар сфера :

  • әлеуметтік сақтандыру;
  • жалпы  сақтандыру;
  • өмірді  сақтандыру;
  • жауапкершілікті сақтандыру;
  • кәсіпкерлік  тәуекелдерді  сақтандыру  және  т.б. материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің  қаржысы 

қаржылардың негізін құрайды, материалдық  өндірісте  нақтылы өнім – қоғамнын қаржы  ресурстарының  негізгі  көзі  жасалынатындықтан ол  қаржы  жүйесінің  бастапқы  сферасы болып

табылады.

        Шаруашылық жүргізуші  субьектілер қаржысының  құрамына мыналар 

кіреді:

  1.   Материалдық өндірістің  барлық  кәсіпорындары және нарықтық  экономика жағдайында  өзінің  экономика жағдайында  өзінің қызметін коммерциялық  есеп  негізінде  жүзеге  асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық  есеп шаруашылықты  жүргізу  әдісі, оның  мақсаты  рентабелділік  деңгейде шаруашылық  жүргізуді  жалғастыруға  жеткілікті  ең  аз  шығындар мен ең  көп  табыс алу  болып

табылады.

  1.   Коммерциялық емес сферанын  қаржысы. Коммерциялық емес қызмет   

белгілі  бір  табыс алуды  мақсат  етпейді.Бұл  сфераны  қаржыландыру

үшін  пайдаланылатын  қаржы  ресурстары.

         Қаржы жүйесіндегі  өндірістік  емес  сфера  қаржысының  орны  мен

рөлі  оның  ұлттық табысты  бөлу  және  пайдалану   жөніндегі  бастапқы  құрылымдарында  және олардың  арасында, қаржы  жүйесінің басқа  буындарының, өзге  экономикалық  жүйелердің ”  бағалардың кредиттің  және  басқа  буындардың  арасында  пайда   болады. Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі  мақсатта сипаттағы сан алуан ақша қорларын қалыптастыру  арқылы одан әрі тұтыну   мақсатында  құнды  қайта  бөлудің  каналдары  бойынша жасалынған құнның  қозғалысына  қызмет  көрсетеді.

         Қоғамдық  бірлестік – азаматтар  мүдделерінің  бірлігі негізінде  біріккен олардың  өз еркімен  көңіл білдіруі  нәтижесінде  пайда  болған  ерікті құрылым.

          Қоғамдық   ұйымдар  қаржысының  экономикалық  мазмұны  өзіне  ақша қатынастарының  мынадай  түрлері  мен топтарын  кіріктіреді”

  • түрлі  жарналар  төлеумен, материалдық  көмек  көрсетумен  және басқалар мен  байланысты  қоғамдық  ұйымдар  олардың  мүшелері  арасындағы  ақша қатынастары;
  • қоғамдық  ұйымдардың  қорларына  аударылуы  мүмкін ерікті қайырмалдықпен  байланысты  кәсіпорында мен  және мекемелермен қоғамдық  ұйымдардың  ақша қатынастары;
  • мақсатты  ақша  қорларының  қалыптастыру  мен пайдалану жөніндегі қоғамдық  ұйымдардың  ақша  қатынастары.”
  • қоғамдық  ұйымдардың   жоғарғы және төменгі құрылымдары  арасындағы  ақша қатынастар;
  • қоғамдық  ұйымдар  мен  оған  бағынышты  өндірістік  құрылымдар арасындағы  ақша  қатынастары;

         Коммерциялық  емес  мекемелердің  қаржы – шаруашылық   қызметі 

қаржы  ресурстарын  пайдаланудың  үш әдісің  үйлестіреді ” өзін - өзі 

өтеушілік, сметалық  қаржыландыру  және  шаруашылықты жүргізүдің 

шаруашылық  есеп әдісі.

          Халықтың  / үй  шаруашылығының /  қаржысы   қаржы  жүйесінің ерекше бөлігі  болып  табылады. Халық  өзінің ақша қаражаттары мен жалпымемлекеттік  қаржы  жүйесімен  және меншіктің барлық нысандарының  шаруашылық  жүргізуші  субьектілерінің  өндірістік және  өндірістік  емес сфераларымен  қарым – қатынас  жасайды.Бұл сан алуан  қатынастар  халыққа еңбекке  ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы  жүйесінең  ақша  қаражаттарын төлеумен,материалдық  және  материалдық  емес игіліктерді  алумен  байланысты” басқа  жағынан, халық өзінің   ақшалай  табысынан  салық   төлейді, өндірістік  және өндірістік  емес  сфералардың   мемлекеттік  және басқа мекемелер мен  ұйымдардың  қызметін  төлейді. Мұндай  қатынастар айырбасқа  жататын  сауда  органдарында, рыноктарда,  халыққа  қызмет  көрсететін  кәсіпорындар  мен   

ұйымдарда / көлік, байланыс, тұрмыстық  сектор  және  т.б /  тұтыну  тауарлар  мен  қызметтерді  сатып алуға  байланысты  болатын  ақша  қатынастарын  қоспағанда, қаржы  қатынастары  болып  табылады.

         Сонымен  бірге  азаматтардың   жеке - дара  және  шағын  кәсіпкерлікпен  айналысумен  байланысты  бұл   сферада  көлемді  қаржы қатынастары пайда болады ” мұндай  қатынастар  шаруашылық  жүргізүші субьектілердің  қаржылары сферасында  пайда болатын қатынастарға ұқсас.

        Жеке  меншік   және  мемлекеттік   кәсіпорындардың  қаржысы сфервсының  бастапқы  табыстары, сондай - ақ  азаматтардың табысы кез - келген  мемлекеттің  қаржы  жүйесі  құрамының негізің қалайтының  ескеру  қажет. Және  бұл тек  теорилық  жайт  қана емес, өйткені  бұл  ресурстардың бүкіл  жиынтығы  Қазақстанның  қаржы  ресурстарының  байланысында  қамтып  көрсетіледі.

        Қаржы  қатынастардың  нысандары   мен ақша қорлары  басқарылатын  материалдық  обьектіні  құрайды. Басқарушы субьект қаржыны басқарудың  мемлекеттік және  қоғамдық  аппараттарының  жүйесі – қаржы   аппараты  болып табылады. Қаржы  қызметін  ұйымдастыру мен  жоспарлау  процесіндегі  экономикалық   және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары  буындарының  байланысын  жетілдірумен  айналысатын  қаржы  аппараты  қаржы  жүйесінің  басқа  бөліктерімен  қабысып, етене қондырмалық  қатынастардың  да  айқыш – ұйқыш  тоқайласуын  және оның басқарымдылығын  білдіреді.

Информация о работе Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары