Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6

1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40

Работа содержит 1 файл

Қаржы курстық жұмыс.docx

— 108.98 Кб (Скачать)

Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау  анағұрлым жоғары сапалық  деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды немесе берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін  жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Мемлекеттің қаржылық қызметі  оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану  сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы  функцияларда білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандылығы  қаржы жүйесін  құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын  жоя отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік  кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Қаржылық қызметті жүзеге асыру  кезінде мемлекеттік органдар  өзінің өкілеттікті шегінде қаржы  ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану,  оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы  жоспарларын және мемлекет алдындағы  қаржылық міндеттерді орындау жөніндегі  қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен  бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды. 

Қоғамның  саяси және әлеуметтік өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік  құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі  өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформалардың дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға  шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылқ қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банктік қызмет туралы, сақтық қызмет туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар  туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалар.

Аталған заңдардың қаржы  қатынастарын да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау  үшін база болып табылады. өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарықтық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін  ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар  ретіндегі қаржы қатынастарын дамытуға бағдарланған шаруашылық тіршілігі, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызметі  аймақ кәсіпорындар мен ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.  

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта  құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта  құрудың басты міндеті  – оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге  ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыр  артады. Қаржы-несие  нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың біріне айналуы тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы  ішкі өнімнің өсуіне және оның басты  бөлігі – ұлттық табысқа, макроэкономика және микроэкономика кәсіпорындардың, фирмалардың және салалардың дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай  ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы  ахуалымен анықталады, сондықтан  тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін  арттыру жөніндегі  жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.

Бұл шаралардың қатарында - өндірісітк қатынастарды жетілдіру, экономиканы  әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың  құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы  экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын  шешу шаралары тұрақты қаржы шараларының  ішінде инвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режимін  қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі  деңгейінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы  жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

Қорытындылай  келе, Қазақстан  нарықтық және демократиялық  реформаларды жүзеге асырды, саяси-әлеуметтік тұрақтылығын сақтады, әр түрлі салада көптеген жетістіктерге  жетті – осындай қиын жодардан өтті.

       Республикадағы  макроэкономикалық тұрақтылыққа жеттік, құрылымдық реформалар өткізілді.

Ақырғы  бес жылда Қазақстан  Орта Азия мемлекеттерінің арасында жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша  алдыңғы қатарда және де Еуропа мен  Азия арасындағы көпірге айналды. Енді, Қазақстан тұрақты, сенімді серік болып табылады.

Негізгі инвестициялар пайдалы  қазбалар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, әлеуметтік сферадағы объектілердің  дамуына және туризмнің дамуына  бағытталған. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналысуына байланысты ірі аймақтық мемлекет ретінде, яғни соңғы жылдарда ноу-хау және қажетті  қаржыларды өзіне қарата алады.

Таяудағы 25 жыл ішінде шетел  инвесторлары 100 млн АҚШ долларынан жоғары болатын келісім шартқа отырды.

Қазақстан әлі де еуропалық  мемлекеттермен экономикалық серіктесуге тырысады. [19. 3-б]

«Бүгінгі  күнде біз, яғни Қазақстан мемлекеті алдымызға  шамданушылық мәселе қоямыз – бәсекеге тұрақты дамыған 50 елдің қатарына қосылу», - деп Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы курстық жұмысты қорытындылай келе мен қаржы, қаржы жүйесі ұғымдарына тоқталып, олардың мәніне, құрылымына, бағыттарына, жетілдіру алғышырттарына және тағы басқа мәселелерге тоқталып өттім. Қаржы жүйесі ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Қаржылық жүйе қызметі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.

 

Президенттің  Қазақстан  халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің  кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және саяси тұрақты  Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру  керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси  тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың  жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының  денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен  байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды  іске асыру мемлекеттен орасан зор  қаржылық ресурстарды жұмылдыру  мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

 

Мемлекет  экономикасында қаржы жүйесінің  атқаратын қызметтері өте маңызды  болып табылады. Қаржы  жүйесінің  жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің  қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын  туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы  ұдайы өндірісте құру,  пайдалануды  жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

 

Курстық жұмысымның бірінші  бөлімінде қаржының пайда болу тарихын, қаржы жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні қатысты сұрақтарды қарастырдым, Олардың әрбіреуіне жеке – жеке тоқталып өттім. Мысалы Қаржы әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

 

Қаржы - жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса  отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық  ресурстар бөлігінің ақшалай  тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының  ақша нысаны және ақшаның нақтылы  қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан  ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

 

Қаржы жүйесі тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген.

 

Екінші  бөлімде қаржы  жүйесінің құрылымын қарастырдым, олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып өттім. Мысалы мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды  рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен  қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

 

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің қаржысы материалдық  және материалдық емес игіліктер  жасалатын және елдің қаржы ресурстарының  негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың  талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен  қорланымдарды бөлу және пайдалану  үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы  шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының  проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты  құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі  экономикалық қатынастар жиынтығын  туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы  ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды  жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

 

Үшінші  бөлімде Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін жетілдірудің алғышарттары көрсетілді. Қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің жағдайы бағаланды, яғни мемлекеттің салық жүйесіне, бюджет жүйесіне талдау жасалды және инвестициялардың мемлекетке қалай әсер ететіндігі туралы сипатталды, қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашылды, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстырылды, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстырдым.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Құлпыбаев С. « Қаржы» Жоғарғы оқу орнына арналған оқулық. - Алматы, 2007ж, 5 бет.

 

2.Баязитова Ш. «Қаржы теориясы» Оқу құралы. – Алматы, 2009, 47 бет.

 

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы .

 

4.К.Бердалиев  «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Алматы 2001жыл, 37 бет .

 

5.Аль  Пари» журналы «Мемлекеттік қаржы  жүйесіндегі бюджеттік процедураның  орны мен рөлі» Л.У.Мырзабай 2004ж.  №1 б.64-67.

 

6.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл, 81 бет.

 

7. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Қаржы» Алматы 1994 жыл . б.75

 

 

8.А.Сахариева,  С.Сахариев «Жаңа кезең экономикалық теориясы» оқулық Алматы 2004 жыл . 30 бет.

 

9.«Қаржы-Қаражат»  журналы «Бюджеттік жоспарлауды  жетілдірудің мәселелері» А.Орманбаев  , Б.Есенгелдин 2011ж. №8.

 

10.«Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның қаржылық жүйесінің мықтылығы және оның факторлары» Искакова З. 2011 ж. №5.

 

11.Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономикалық теория», Алматы – 2004 ж, 278.

 

12.Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы», Алматы – 1998 жыл, 325 бет.

 


Информация о работе Қаржы жүйесі