Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6

1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40

Работа содержит 1 файл

Қаржы курстық жұмыс.docx

— 108.98 Кб (Скачать)

Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы  мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы,шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және  тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы —  ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат  тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен  құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік  қаржы құрамына: мемлекеттік  болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік  қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік  салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Шаруашылық  жүйесіндегі  қаржыны (мемлекеттік  және мемлекеттік  емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің  ақшалай қаржысын құрайды.

Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік  емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен  техника қорының ақшалай қаражаты.

Тұрғындардың  қаржысы  —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы  мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты  құрайды.

Қаржының пайда  болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып  есептеледі.

Тауар өндірісінің  негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың  әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың  әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті  ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған  еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған  күш-жігерге баламалы тұтынудың  өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің  объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс  процесінің үздіксіз жалғасып жататын  белгілі  өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын  тауарлар ретіңде болады: өнім оны  тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді

Қаржы ғылыми ұғым ретінде  қоғамдық өмірде сан алуан  нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Экономикалық  өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі  әр түрлі қатысушылар  қаражаттарының қозғалысы түрінде  болып жатады. Құбылыстар бетінде  бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бір-бірімен қолма-қол  ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады. "Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

 

1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні

 

«Қаржы  жүйесі» ұғымы  қаржы ұғымының одан әрі дамуы  және нақтылана  түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі»  ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалану негізіндегі  қатынастардың  жиынтығын және де осы қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы  жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы  қатынастарының пайда болуы кезінде  қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен  мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін  екі негізгі буын – мемлекеттік  бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік  берді, бұл буындардың көмегімен  мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды:

 

  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

 

  1. ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

 

  1. басқарудың қаржылық аппараты.

 

Ақша  қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы жүйесі оған кіретін  элементтердің  тығыз байланысымен және оның қосалқы  жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді  және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар  өзара байланысты элементтерден  тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды  жатқызады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен  қаржылар ақшалай құралдар қорының  қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

Қаржы жүйесі экономикалық мәні тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. [7. 52-б]

Қаржыдағы функционалдық  сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп  атауға болады.Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа  қаржы жүйесін звенолар бойынша  шектеуге мүмкіндік беретін қаржы  субъектілерінің нышаны бойынша  мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы, халық қаржысы  деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы  қатынастары, қаржы қорлары, басқару  аппараты тәрізді элементтерден  тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру  қаржы жүйесіне интеграциялық сипат  береді.Қаржы жүйесінің жекелеген  құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент  басқа элементтер жүйесінде жетекші  орынға ие болып келеді. өйткені  оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып  келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік  бюджет түрінде берілген мемлекеттік  қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды  және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені  материалдық өндірісте нақты  өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі  көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар  баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

 

1.3 Шет мемлекеттердің  қаржы жүйесі

 

Американдық федерациясында қаржы жүйесі  АҚШ Конституциясымен қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті, сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.

 

Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың  бюджеті де үш негізгі  функцияларды орындайды:

- өмемлекеттік құралдарды ұстау (басқару аппараты, әскер, соттар және тағы басқалар);

- әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік топтардағы тұрғындар   - мен территориялар арасындағы табыстарды қайта бөлу;

- экономикалық өсуге жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудағы шарттарды қалыптастыру үшін бюджетті құрал ретінде қолдану.

 

АҚШ-тың  бюджеттік құрылымы федеративті  болып саналады және үш деңгейден  тұрады:

- федеративті бюджет;

- 50 штаттардың бюджеттері – федерация мүшелері;

- әкімшілік, шаруашылық-кәсіпкерлік, мәдени және басқа бөлімшелердің 12,7 мың бюджеттері. 

 

АҚШ-тағы федеральды бюджет – бұл негізгі  бағыттар және бағдарламаларға сай  түсімдердің  көздері бойынша  барлық мемлекеттік  табыстар мен  шығыстардың сметасы. Бюджеттік  табыстар негізін салықтық және салықтық емес түсімдер құралады, сондағы біріншісі үлкен бөлігін құрайды.

Федеральды  бюджеттің  табыстар мен шығыстар құрылымы негізінен  мемлекеттің  бюджеттік-қаржылық саясатына  байланысты жыл сайын өзгеріп  отырады. АҚШ-тың  феральды бюджеттің  құрылымына саяси  оқиғалар күшті  әсер етеді. Сондықтан мемлекеттің  қаржылық стратегиясын президенттің әкімшілігі анықтайды.

Әлеуметтік  бағдарламалар  маңызды екі функцияны  орындайды:

  • адамның капиталына инвестициялардың түсуін қамтамасыз етеді;
  • қоғамдағы әлеуметік тұрақтылыққа кепілдік ретінде болады.

 

2010 жылғы бюджетте аса  маңызды  мән болып АҚШ-та  білім жүйесін  жетілдіру саналды.  Бұл бюджет бойынша қаржы-қаражатты  үш еседей бөлу, яғни 5 жылға 5 млрд  доллар бөлінді.  Президент әскери  бюджетті 4,8%-ке ұлғайтуды ұсынды. АҚШ-тың 2010 жылға бюджеті 2 трлн 230 млрд долларды құрады және американдық экономиканы ынталандыру бойынша жоспарларды қамтиды.

Федеральды  үкіметтің  бюджеттік жылы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады, көптеген штаттарда – 1 шілдеден келесі жылдың 30 маусымына дейін. Штаттардың жартысынан көбі бюджетті екі жылға  тәжірибелейді.

АҚШ-тағы штаттардың және жергілікті органдардың бюджеттері едәуір дербес немесе тәуелсіз деп айтуға болады. Оларды әкімшілік бірліктердің басқару  органдары құрастырады, қабылдайды және орындайды. Федеральды өкімет  штаттардың бюджеттерін бақыламайды. Штаттардың өкіметі қаржы және бюджет бойынша федерация алдында жауап  бермейді. Шығыстардың сметасын бюджеттік  және қаржылық бюролар құрастырады, ал табыстар сметасын – салықтық әне  басқа органдар. Бюджеттің проекті  жергілікті заңнамалық органдарға тапсырылады.

Штаттардың  ең ірі шығыстары: ағарту (35% бюджеттің шығыстық бөлігі), әлеуметтік қамтамасыз ету (13%), денсаулық  сақтау (9%), қоршаған ортаны қорғау, үй құрылысы.

Жергілікті  бюджеттер  мемлекеттік игіліктерді  қаржыландыру мақсатында жұмсалады: тауарлар мен  қызмет көрсетулерді сатып алу, мемлекеттік  ұйымдар мен кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақыны төлеу.

Жергілікті  өкімет органдарының бюджеттері бөлектенген  және әрбір  мемлекеттік басқару  бөлімшесі  өзінің бюджеті өзі  құрастырады, қарастырады және орындайды.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде  маңызды орынды дербес қаржылық мекемелер  ретінде  қалыптасқан арнайы қорлар атқарады. Олар мақсатты мағынасы бар  аұшалай  ресурстардың жиынтығын  көрсетеді. Табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер, сонымен қатар  федеральды бюджеттің қаражаттары  есебінен қалыптасады. Арнайы қорларға жатқызылады:

- әлеуметтік сақтандыру қорлары – қартайғанда, денсаулығын жоғалтқан жағдайда және басқалар;

- шаруашылық өмірді реттеуге бағытталған экономикалық қорлар;

- ғылыми-зерттеушілік қорлар;

- әскери-саяси қорлар – президенттің қарамағындағы резервтер.

 

Салықтық  төлемдердің  жүйесін көбінесе бюджеттің  табыстық бөлігі анықтайды. Сондықтан  АҚШ-тың  салықтық жүйесі өзінің құрылымы жағынан бюджеттік жүйеге ұқсас  және федеральды бюджеттің, штаттар  мен жергілікті органдардың бюджеттердің табыстарының басты көзі болып есептеледі. Федеральды үкімет барлық салықтық түсімдердің 70%  алады, штататрдың үкіметі - 20%, жергілікті өкімет - 10%. [17. 4-б]

 

Қазіргі федеральды салықтар құрылымына сегіз  бағыттар (түрлер) кіреді:

- жеке табыс салығы (2010 жылы федеральды бюджеттің табыстық бөлігінің 48%);

Информация о работе Қаржы жүйесі