Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6

1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40

Работа содержит 1 файл

Қаржы курстық жұмыс.docx

— 108.98 Кб (Скачать)

- орналастыру;

- қайта бөлгіштік;

- тұрақтандыру функциялары.

 

Орналастыру функциясы мемлекеттің  тауарлар мен игіліктерді өндіру және халықты  қамтамасыз ету үшін ресурстарды  бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде  көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды  «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымын, мөлшерін таңдауда болып отыр.

Қоғамдық  тауарлардың  ресурстары көбінесе салықтардың  есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері  шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

 

Фискалдық құралдар арасында бөлініс мыналар  арқылы орындалады:

-Табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық – трансферттік тәсілі арқылы;

-Баламалы түрде бөлініс жолдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сияқты қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;

-Қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

 

Тұрақтандырудың қосалқы  жүйесінің іс-әрекеті  сыртқы сауда  мен төлем балансының жай-күйінің  нәтижелерін ескере отырып бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы  дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің  шығындары мен салық салудағы өзгерістерге сәйкес қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды. 

 

2.3 ҚР қаржы  жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші  субьектілердің рөлі

 

ҚР қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша  сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің қаржысы  қаржы жүйесінің  бөлігі ретінде  қоғам экономикасының іргетасын  қалыптастырады, себебі мұнда материалдық  және материалдық  емес игіліктер  жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек  және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда  ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысы жалпы мемлекеттің  қаржысы сияқты тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мне қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.

Даму  ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің  маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта  құрудың қуатты құралы болып табылатын  шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік  әрі жақсы қалыптасқан қаржыларсыз  мүмкін емес.

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілер қаржысы  өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің  сан алуан  сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, геологиялық барлау, жобалау  қызметін, халыққа тұрмыстық  қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын-үй коммуналдық  қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг  және де басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, салалық  министірліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, кооперативтік  ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің құрамына материалдық  өндірістің барлық кәсіпорындары  және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді. Материалдық өндіріс  сферасының кәсіпорындары бүкіл  қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық  өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің  бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа  бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның  ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Ал өндірістік емес сфера  қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді  жасаудың процесі оларды тұтыну процесімен тоқайласады.

Бұл айырмашылықтар сфералардың  қаржысын ұйымдастыруға–қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының  жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік қосалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға  сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.   [10. 147-б]

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің қаржысы қызметтің  сипаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Сыныптаудың бұл  белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру  қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына; коммерциялық есепке немесе белгілі  бір деңгейде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қажеттіліктерін жабатын  бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға  ұшыратады; мұндай қызметтің өзін-өзі  қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

Коммерциялық  қызметтің  мақсаты табыс алу  болып табылады. Коммерциялық негізде  материалдық  өндіріс сферасы  кәсіпорныдарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің  едәуір бөлігі жұмыс істейді. Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық  сақтау мен білім берудің, мәдениеттің  және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық  емес сферада қалып отыр.

Коммерциялық  емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам  үшін, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функцияларды орындауға бағытталған. Коммерциялық емес ұйымдарға заңды тұлға –  мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанындағы  мекемелер жатады. Ал коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысанындағы мекемелер жатады.  [ 8.135-б]

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілерді сыныптаудың маңызды  белгісі меншіктің белгілі бір  нысанына тиістілігі болып табылады. Конституцияға сәйкес Қазақстан  Республикасында меншіктің екі  нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде  болады. Жеке меншіктің айрықша түрі қоғамдық ұйымдардың меншігі. Ал мемлекеттік  меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

Меншіктің бұл нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлеін туғызатын  әр түрлі шаруашылық құрылымдары  қалыптасуы мүмкін:

Мемлекеттік меншікке негізделген  мемлекеттік кәсіпорындар, соның  ішінде республикалық және коммуналдық  меншіктегі кәсіпорындар. Республикалық  – Қазақстан Республикасының  экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін  шешу үшін, ал коммуналдық меншік тегі кәсіпорындар тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін  қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді  шешу үшін жергілікті бағынышта болады.

 

Заңды тұлғалардың жеке меншігіне  негізделген кәсіпорындар: әр түрлі  тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктер, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен  ұйымдар.

  • Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
  • Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
  • Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
  • Меншіктің әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

 

Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің қаржысы  жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Шаруашылық жүргізуші  субъектілер  қаржысының бөлу функциясы қаражаттардың  жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген  экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінеді. Мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс  процесінде құнды бөлу және қайта  бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай  қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы  өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.

Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл  процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден  түсім – ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану  арқылы болып жатады. Табыстың бір  бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті  кеңейту  және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының бақылау  функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз  және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге  болмайды. Ақшамен бақылау тек  шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы  ұйымдармен және қаржы-несие мекемелерімен  өзара қарым - қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге  және орындалған жұмыстарға ақы төлеу  кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс әрекет кезінде бақылау  бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Сөйтіп  шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы дегеніміз  өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай  табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.    

 

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН  ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

Жиырма жылдық тәуелсіздігіміздің ең басты  экономикалық мазмұны орталықтандырылған жоспарлы жүйеден нарыққа өту  болды. Сол жылдары нарықты тиімді қалыптастыру үшін институционалды  және негізгі алғы шарттар құрастырылды.

Бұл жолдың әрбір этаптарында  көзделген  шараларға сәйкес бір  стратегиялық мақсатқа бағытталған  нақты, басты мәселелер шешіліп отырды.

Қазақстан экономикасын реформалау процесінде маңызды  рөлді сыртқы капитал атқарады. Себебі оның құрылымдық өзгерісіне қаражат  пен жабдық қажет  болды, алайда, мемлекеттің  өзінде олар шектелген болатын.

Тағы бір ескере кететін жайт, бұл өтпелі кезеңде және қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық өсуі үшін тікелей инвестициялардың маңызы.

Республиканың тәуелсіздік  жылдарының ішінде олардың  көлемі 40 млрд АҚШ долларына дейін  жетті. Бүгінгі күнге дейін қазақстандық экономикаға инвестициялардың көлемі бойынша лидерлік орынға АҚШ ие, бұл барлық капитал салымдардың 1/3 бөлігіне тең. Бұдан кейін Еуропалық  Одақтың мемлекеттері, соның ішіндегі біріншілері – Ұлыбритания және Италия.

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі  тек қана, әдетте, «әлеуметтік қамтамасыз ету» деген атауға ие, тікелей шараларды (ақшалай төлемдер және тегін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру) қолданып қана емес, сонымен бірге жанама реттеу арқылы да жүзеге асырылып отыруы қажет. Ал, мұндай реттеудің оңтайлы түрі салық саясаты.

Мемлекет  тарапынан жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама мен экономикалық саясаттың  түрлі элементтері  арасында жеткілікті түрдегі нақты  байланыс бар. Сондықтан, мемлекеттің  қаржы ресурстарын  қалыптастырудың  негізгі көзі –  салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын әлеуметтік саясаттың  өзара байланыстылығын және халыққа  салық салудың әлеуметтік шегін  анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының  салық жүйесінің  әлеуметтік тұрғыдағы  мәселелеріне төмендегілер жатады:

- жеке табыс салығы бойынша шегерімнің айлық есептік көрсеткіш бойынша жасалынуы;

- корпорациялық табыс салығы бойынша ставканың салыстырмалы түрде жоғары болуы;

- степендия және зейнетақыға салық салынуы;

- өндірістік кәсіпорындарға арнайы салық жеңілдігінің қолданылмауы.

 

Жалпы тұжырымдай келе, Қазасқтандық салық  жүйесінің ерекшеліктері  туралы айтатын болсақ, нарықтық экономикасы  дамыған елдерге қарағанда бізде  әлеуметтік-экономикалық даму жағдайының дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда  терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай біздіңше, салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайға сәйкес келуіне баса назар  аудару қажет. [17. 22-б]

Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

Информация о работе Қаржы жүйесі