Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6

1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40

Работа содержит 1 файл

Қаржы курстық жұмыс.docx

— 108.98 Кб (Скачать)

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жургізуші субъектілерінің  қаржысы қаржылардың негізін  құрайды, материалдық өндірісте  нақтылы өнім — қоғамның қаржы  ресустарының негізгі көзі жасалынатындықтан  ол қаржы жүйесінің бастапқы саласы болып табылады.

 

Халық қаржы - (үй шаруашлығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.

2010 жылғы бюджеттің атқарылуы  Елбасы тапсырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі негізгі даму  бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Бюджет саясаты тек  дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар макроэкономикалық  тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге де бағытталған.

Елбасының Үндеуінен туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі  іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін  арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданды. 

Ұлттық қордың қаражатын  қалыптастыру және пайдалану жөнінде  жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан жыл сайынғы  кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ  доллары немесе 1,2 трлн. теңге  деңгейінде бекітілді.

Салық саясаты саласында  Салық кодексіне бірқатар ставкаларды  сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, нақты ынталандыру шаралары көзделді. Арнайы экономикалық аумақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды  корпоративтік табыс салығы бойынша  аванстық төлемдер есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық  рәсімдері жеңілдетілді, салық режимі жақсартылды. Көлікке салынатын  салықты есептеу мақсаттары үшін көлік құралдарын жіктеу тәртібі нақтыланды.

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру  үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын  операцияларды қосылған құн салығынан  босату жөнінде түзетулер көзделді.

Егер бюджеттің негізгі  атқарылу қорытындылары туралы айтар  болсақ, олар мынадай. Мемлекеттік бюджетке 4 388,8 млрд.теңге түсті, бұл 2009 жылға  қарағанда 878,5 млрд.теңгеге көп. Мемлекеттік  бюджеттің кірістері 4 299,1 млрд. теңгені  құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 млрд. теңгені құрады.

Негізгі салық түрлері  бойынша жылдық жоспар артығымен  орындалды, оған елдің оң даму қарқыны,  кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына  және Беларусь Республикасына импорттың  өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда  мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша  ақы төлеу нәтижесінде мұнайға  салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға  қарағанда  қосылған құн салығын қайтару  сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.

 

 

 

Кесте 1 - 2010 жылғы мемлекеттік  бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы:

 

Атауы

Жоспар

Факті

Ауытқуы

Атқарылуы, %

2009 жылғы факті

Ауытқуы

1

2

3

4

5

6

7

Салықтық түсімдер, жалпы

2 703

2 934,1

231,1

108,5

2 228,7

705,4

Оның ішінде:

           

КТС

847,9

837,2

-10,7

98,7

643,7

193,5

ЖТС

301,3

312,3

11

103,7

264

48,3

Әлеуметтік салық

243

253,8

10,8

104,4

232,8

21

ҚҚС - жалпы

590,4

677,2

86,8

114,7

515,9

161,3

оның ішінде ІӨТ-ға ҚҚС

179

241,4

62,4

134,9

111,3

130,1

Импортқа салынатын ҚҚС

411,4

435,8

24,4

105,9

404,6

31,2

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

190,6

231,3

40,7

121,3

201,2

30,1

Халық аралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салық

288,9

373,8

84,9

129,4

152,2

221,6


 

Сонымен бірге 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер жөнінде бересі 199,0 млрд. теңгені  құрады.

 

2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда  бересі 98,7 млрд. теңгеге, оның ішінде  бересінің өсуін айқындап отырған,  жалған кәсіпорындар бойынша  89,5 млрд.теңгеге ұлғайды. 

 

Жинақтаушы зейнетақы  қорына міндетті зейнетақы жарналары  бойынша бересі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,4 млрд.теңгені құрады. Ол 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 30,0 пайызға, немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының активтері 2010 жылы 2 394,5 млрд.теңгеге толықты және 2011 жылғы 1 қаңтарда 5 691,2 млрд.теңгені құрады. Салықтар түрлері бойынша Ұлттық қорға түсімдер келтірілген.

 

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2010 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 913,1 млрд.теңгеге арттырылған және іс жүзінде 4 916,1 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет 4 284 млрд.теңгеге немесе жоспардың 99,1 пайызға орындалды.

 

Игерілмеген қалдықтар үлесі  шығыстардың жалпы сомасында 0,9 пайызды  немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд.теңгеге  кем. Бұл ретте 10,4 млрд. теңге жалғасатын инвестициялық жобалар бойынша 2010 жылғы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінде Бюджет кодексіне  сәйкес ағымдағы жылы төленетін болады.

 

Енгізілген нәтижеге бағытталған  бюджет саясаты арқасында 2010 жылы қаражат  стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге  және нәтижелерді алуға бағытталды. Бұл ретте, мемлекеттік органдардағы алқаларда жасалған қорытындылар ел азаматтарының өмір деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау, индустриалдық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша  Ел Басының Қазақстан халқына  Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер  іске асырылғанын көрсетті деп айтқым келеді [13].

 

Осыған байланысты, қалған 27,1 млрд. теңге Президент біздің алдымызға қойған жаңа міндеттер  үшін пайдаланылуы мүмкін резерв болып  табылды.

 

2010 жылы әлеуметтік шығыстардың  басымдылығы сақталғанын айту  маңызды деп есептеймін. Білім  беруге, денсаулық сақтауға және  әлеуметтік қамтамасыз етуге  арналған мемлекеттік бюджет  шығыстарының оң серпіні бар,  соңғы бес жылда олар екі  еседен артық көбейді. 2010 жылы  олардың көлемі жалпы ішкі  өнімнің 10,4 пайызына жетті. 

 

Осылай, 2010 жылғы 1 қаңтардан  бастап базалық зейнетақы төлемдерін арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы  мөлшері 25 пайызға арттырылды. Мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 9 пайызға арттырылды.Бала күтімі бойынша  ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері, сондай-ақ 4-ші және одан да көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

 

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған  адамдарға бір ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952 теңге) жаңа жәрдемақы  енгізілді.

 

2010 жылы Ұлы Отан соғысында  Жеңістің 65-жылдық құрметіне біржолғы  материалдық көмек төлемдері  жүргізілді, сондай-ақ ардагерлер  мен соғыс мүгедектеріне жеңілдікпен  жол жүру қамтамасыз етілді. Осы  мақсаттарға республикалық бюджеттен  өткен жылы 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Жеке өңірлерде тұратын  халыққа медициналық көмекке  қол жетімділікті арттыру мақсатында телемидицинаның енгізілуі, жоғары білікті мамандардың қашықтан консультация өткізуі бойынша жұмыс жалғастырылуда. Заманауи медициналық жабдықпен  жарақтандырылған және дәрігерлер бригадаларымен жасақталған жылжымалы медициналық  кешендер сатып алынды.

 

«100 аурухана» жобасы шеңберінде 50 денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде есепті жылы жалпы сомасы 79 млрд. теңге 33 объекті аяқталды.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде білім беру саласында республикалық  бюджеттен мемтапсырманы орналастыру  есебінен балалардың мектепке дейінгі  тәрбиесі үшін 90,0 мың орын енгізілді. Балалардың жалпы қамтылуы балалардың жалпы санының 37 пайыздан 41,6 пайызға  дейін артқан.

 

«100 мектеп» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 104,3 млрд. теңге 103 мектептің  құрылысы,оның ішінде 2010 жылы сомасы 6,4 млрд. теңгеге 24 мектептің құрылысы аяқталды.

 

Жоғарғы білім беру жүйесінде  «Назарбаев Университеті» елдің  индустриалдық-инновациялық даму үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын  әлемдік деңгейдегі университет  ретінде танылған жаңа бір серпін болды.

2010 жылы осы университеттің  дамуына бюджеттен 16,1 млрд. теңге  бөлінді.

Әлеуметтік шығыстармен  қатар бюджет шығындарының жоғары деңгейі  инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға, отандық кәсіпорындардан  шығатын өнімдерге сұранысты  қамтамасыз еткен ауыл шаруашылығын дамытуға және экономикадағы жұмыспен қамтуға келеді.

 

Экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытуға жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шараларын  іске асыру үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға өткен  жылы 921,5 млрд.теңге жіберілді.

 

Бағдарлама шеңберінде 2010 жылы елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін мультипликативтік әсері  бар (Балқаш жылу энергия станциясы, «Шар-Өскемен», «Хоргос-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік  шекарасы» темір жолдар салу,  «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ  құбырын салу басталды) ірі инфрақұрылымды және стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы нысаналы индикаторларына сәйкес елді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындылары бойынша: алтын, қорғасын, мырыш, көмір, уран мұнай  мен газ қорларының өсіміне қол  жеткізілді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабуға, сондай-ақ экспорттық жеткізілімдерді  қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

Мал шаруашылығы саласында  да тұрақты өсу қарқындары сақталды. Барлық мал түрлерінің саны орташа есеппен 2-3 пайызға өсті, мал шаруашылығы  өнімін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу  саласында өндіріс қарқынының 13 пайыздық өсіміне қол жеткізілді.

2010 жылы Ауылдық аумақтарын  дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын іске  асыру аяқталды. Даму әлеуеті  жоғары ауылдық елді мекендердің  саны 1548 бірлікке, оларда тұратын  халықтың үлес салмағы 22-ден  52 пайызға дейін артты. 

2010 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды. Тасып әкелінетін суды пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мың адамнан 83 мың адамға қысқарды.    

2010 жылы 22 гидротехникалық  құрылғыны реконструкциялау аяқталды  және олардың күнделікті жұмысы  қамтамасыз етілді, төтенше жағдайлардың  туындау тәуекелі төмендеді. 

2008-2010 жылдарға арналған  тұрғын үй құрылысын дамыту  жөніндегі мемлекеттік бағдарлама  аяқталды, оның шеңберінде 19,6 млн.  шаршы метр тұрғын үй пайдалануға  енгізілген болса, оның 6,4 млн.шаршы  метрі 2010 жылы тапсырылды.

Жол картасы іске асырылды, оған республикалық бюджеттен 90,4 млрд. теңге сомада қаражат бөлінді, жергілікті бюджеттерден бірлесе қаржыландыру 46,4 млрд. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы  – 2020» бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды  жалғасы болып табылды, ол үшін 2010 жыл пилоттық болып отыр. Оны іске асыру шеңберінде республикалық  бюджет өңірлеріне 13,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: 9,0 млрд.теңге – жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 4,8  млрд.теңге  – индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға.

Жергілікті атқарушы органдардың 2010 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық  бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеруі туралы ақпарат: 

(алдын ала деректер)

 

                                                                                                            Млрд. теңге

Информация о работе Қаржы жүйесі