Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 18:32, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8

1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14

1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері

2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22

2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24

2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары

3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30

Қорытынды.................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер................................................................................33

Қосымша

Работа содержит 1 файл

каржы нарыгы.doc

— 218.50 Кб (Скачать)
        1. Кредит нарығындағы болып отырған өтімділік деңгейі банктердің тәуекелдерді басқару және заемшылардың төлем жасауға қабілетінің құлдырауына байланысты шығындарды төмендету мақсатында өздерінің кредиттік ресурстарын неғұрлым қысқа мерзімдерге беруге бейімділігін айқындайды. Бұл ретте қорландырудың ішкі көздерінің, сондай-ақ халықаралық қаржылық институттардың қаржыландыру бағдарламалары бойынша кредиттерінің кредит ресурстарына қысқа мерзімді сұраныстарды қанағаттандыру үшін қазіргі уақытта неғұрлым жоғары мәні бар.
        2. Сұраныстың төмендеуіне кредиттеу талаптарының, атап айтқанда пайыздық ставкалардың өсуі және  кепілдік талаптардың қатаңдатылуы неғұрлым үлкен дәрежеде әсер етті. Осы қатаңдатулар ірі банктер бестігінің қызметінде айқын көрсетілді, бұл олардың несие портфелінің сапасына және корпоративтік кредиттеудегі шоғырландыру тәуекелінің төмендеуі жөніндегі шараларға  алаңдаушылығынан туындап отыр. Осының салдары ретінде, барлық банктердің өтімділікке байланысты проблемаларды бастан кешірмеуіне қарамастан, нарықта негізгі ойыншылардың арасында экономиканың нақты секторының субъектілерін кредиттеудің неғұрлым қатаң әдісі байқалады.

      2008 жылғы бірінші жартыжылдықта  қаржылық емес ұйымдарға қатысты  кредит саясатын қатаңдатуға  әсер еткен негізгі факторлар:

  1. кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелі;
  2. жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективалары;
  3. заемшылардың төлем жасауға қабілетінің жалпы деңгейі;
  4. жалпы экономикалық күтулер;

     5) жоғары тәуекелді заемдардың  несие портфеліндегі үлесінің  өзгеруі болып табылды.

     Сонымен қатар бәсекелестік және қорландыру мен капитал ресурстарының факторлары осы зерттеліп отырған кезеңде аз әсер етті. Ірі банктердің бестігі ерекшелік жасады, ол үшін сыртқы және ішкі капитал нарықтарындағы қорландыруға қол жеткізу мен құнының соңғы жылдары бастапқы дәрежедегі мәні болды және жоғарыда аталған факторлармен кредит саясатының қатаңдатылуына бірдей дәрежеде әсер етті.

      Кредит  нарығы өзінің пайда болуының жүйелік  сипатын көрсете отырып, экономиканың нақты секторына қалыпты түрде  ауысқан өтімділіктің жалғасып отырған  дағдарысы жағдайында жұмыс істеуде. Нарықтардың өзара байланысы және нақты сектордың қаржы секторына тәуелділігі банктердің қызметіне әсер етпей қоймады. Банктердегі кепілмен қамтамасыз етуді құнсыздану тәуекелі, сондай-ақ құрылыс секторындағы жағдайдың нашарлауы банктердің заемшылармен жұмыс істеу тәсіліндегі өзгерістерге әсер етті. Басымдық кепілмен қамтамасыз ету құнынан заемшылардың қаржылық жағдайының мониторингі жағына қарай ауысты.

      Мемлекет  капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік  қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің тәуекелдерге бейімділігі олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржы қадағалау агенттігі ең соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін.

     Екіншіден, Стресті активтер қоры  құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

     Банктерден мұндай қарыздарды  сатып алу банктердің балансын  өтімділігі аз активтерден тазартуға  және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

     2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 Қазақстан Республикасында  қаржы нарығын жетілдіру жолдары

3.1. Қаржы нарығы мен  ұйымдарды реттеу  мен бақылауды  дамыту 

ерекшеліктері 

     Қазақстан қаржы нарығының жеткілікті дамуы  үшін қаржы құралдарының әртүрлілігіндегі инвесторлық сұранымды қанағаттандыру қажет. Бұл үшін:

  • қаржы құралдары мен сауда-саттықты және қаржы нарығының жағдайы туралы Интернетті, Рейтер желісін және басқа арналарға қоса ақпаратты ұйымдастыру жөніндегі сапалы және технологиялық алдыңғы қатарлы қызметтерді жеткізуші ретінде Қазақстанның қор биржасын дамыту;
  • сауданы валюталық және пайыздық тәуекелділіктерді, басқа мақсаттарды хеджерлеуге арналған әртүрлі биржалық қаржы құралдарын ұйымдастыру және қолдау;
  • бағалы қағаздардың орталық депозитарийі мен қазақстандық банк арқылы есеп айырысудың үздіксіз қызмет етуін, оның ішінде оларды бағдарламалық-техникалық және технологиясының баламалы күй-жағдайын қолдау арқылы қамтамасыз ету, олардың бағдарламалық-техникалық кешендерінің сенімділігі мен ақпараттық қауіпсіздігін жасау;
  • қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын жетілдіру және олардың қолдану саласын кеңейту;
  • рейтингілер, қор индекстері, қаржы нарығының мониторгинтері сияқты өнімдерді ұйымдастыру мен жетілдіруге мүмкіндік жасау;
  • айналымға бағалы қағаздардың жаңа түрлерін және басқа да қаржы құралдарын енгізу;
  • Қазақстанның қаржы нарығында айналымға көрші мемлекеттерден басқа да қаржы құралдарын, қолайлы инвестициялық сапа шарттары кезінде оларға жіберудің қарапайым сипатын белгілей отырып тарту;
  • қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін Ұлттық банк пен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан, оларға нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, қаржы нарығының субъектілерімен тікелей өзара іс-қимыл мен жеке құрамның жоғары біліктілігін қамтамасыз ете отырып, қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды.

     Орта мерзiмдi перспективада қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы мемлекеттiк саясат мүдделерiн, ел экономикасының қазiргi заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады. 

      Банк  секторының бәсекелестiгiн ырықтандыру және арттыру Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қол жетiмдiгiн ырықтандыру, банктердiң сыртқы қарыз алуларының өсуiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, банктер активтерiнiң сапасына сыртқы қарыз алулардың өсу әсерiнiң мониторингi, банк секторы активтерiнiң сапасына жылжымайтын мүлiк нарығын тұрақсыздандыру ықтимал терiс әсерiн азайтуға жәрдемдесу, екiншi деңгейдегi отандық банктер қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыру мақсатында алдағы жылдары экономиканың банк секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жалғасатын болады. 2007 - 2009 жылдары мынадай iс-шараларды орындау керек. Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қол жетiмдiлiгiн ырықтандыру мақсатында республиканың қолданыстағы банк заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, осы бағыттағы қалыптасқан ахуалды, экономикалық орнықтылықты және халықаралық практиканы ескере отырып, сыртқы қарыз алулардың оңтайлы көрсеткiштерiн айқындауға, жылжымайтын мүлiкке бағалардың төмендеуiне байланысты тәуекелдерге банктердiң орнықтылығын арттыруға; екiншi деңгейдегi отандық банктер қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға; активтердi жiктеу ережесiн жетiлдiруге және олар бойынша провизиялар құруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау. 2007 - 2009 жылдары сақтандыру ұйымдары қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға, сақтандыру қызметтерiнiң отандық нарығының сыйымдылығын ұлғайтуға, қайта сақтандырудың iшкi секторын, жинақтау сақтандыру жүйесiн дамытуға, шаруашылық субъектiлерiнiң және ел тұрғындарының сақтандыру мәдениетiн, мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жолымен қол жеткiзiлетiн болады. Экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында алдағы кезеңде: сақтандыру ұйымдары қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау; 
мiндеттi сақтандыру жүйесiн жетiлдiру;түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда, республика халқының сақтандыру мәдениетiнiң деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар қабылдау ұйғарылып отыр. 

 Акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыру, қор нарығының өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету, халықтың жеке жинақтарын жұмылдыру акцияларын нарығын дамыту, ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту мақсатында жоспарланатын кезеңде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру қажет. 
      Акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға корпоративтiк басқару қағидаттарын енгiзу арқылы қол жеткiзiлетiн болады. Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын құру қор нарығының өтiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығында жоспарланып отырған инвесторларды - заңды тұлғаларды оқыту және инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту халықтық жеке жинақтарын жұмылдыруға ықпал ететiн болады. Корпоративтiк басқару жүйесiн енгiзу мақсатында бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды мемлекеттiк реттеудi өздерiнiң қызметi туралы ақпаратты ашу, бағалы қағаздар бойынша кiрiстердi аудару және төлеу кезiнде төлем тәртiбiн арттыру жөнiндегi талаптарды олардың орындауы бөлiгiнде күшейтудi; бағалы қағаздарды иеленушiлердiң құқықтарын бұзғаны үшiн компаниялар басшыларының әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн күшейту, акциялардың бақылау пакетiн иеленбеген акционерлердiң құқықтарын қорғайтын нормативтiк кесiмдер қабылдауды көздейтiн корпоративтiк басқару мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау қажет. 
      Сондай-ақ қазақстандық компаниялардағы корпоративтiк басқару деңгейiн корпоративтiк басқару нормалары мен қағидаттарын сақтауын бағалауға жетекшi рейтингiлiк агенттiктердi тарту қажет. Мыналар: бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жариялау; мамандандырылған әдебиет шығару; бағалы қағаздардың әлеуеттi эмитенттерi үшiн семинарлар өткiзу жолымен халықтың бағалы қағаздар нарығы туралы хабардар болуының деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Қаржы құралдарын инвестициялау үшiн ұсынылатын спектрдi кеңейту мақсатында мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту, секьюритилендiру тетiктерiн шығару, мемлекеттiң толық және iшiнара кепiлдiгiмен облигациялар шығару жолымен мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiн дамыту көзделiп отыр.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Курстық жұмысымды қорытындылай келе  экономикадағы  қаржы нарығының  ұйымдастырылуы экономиканың қалыпты  бір тетігі болып табылады. Қаржы нарығы қоғамдық қатынастардың бір сипаты іспеттес. Осы қаржы нарығы арқылы экономиканың көптеген тетіктерін жаңартуға болады.

     Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің  бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

      Бағалы  қағаздар нарығының кейбір белгілері  қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу  белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың  басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, оның ішінде Қазақстанда  басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық мнешік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналсуда.

      Бағалы  қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі, мемлекеттік заң актілерінде  елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Мысалы, экономиканың дағдарысы жағдайы  кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады.

      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар-оларды шығарушылар және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке тұлғалар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.

      Жинақтаушы  зейнетақы қорларының инвестициялық  портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

     Қаржылық қадағалау агенттігі  жинақтаушы зейнетақы қорларының  инвестициялық саясатын жетілдіруді,  сондай ақ  зейнетақы активтерінің  сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады.

Информация о работе Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері