Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 18:32, курсовая работа
Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.
Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8
1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14
1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19
2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері
2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22
2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24
2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27
3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары
3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30
Қорытынды.................................................................................................31-32
Қолданылған әдебиеттер................................................................................33
Қосымша
Ан = Д/ Кп*100%
Бұнда А/ н-акция нарқы немесе биржалық курс
Д-дивиденд
Бұл формула экономикалық мағынасы мынада: егер акцияны сатып алушы банкте дивидентіне тең кіріс алғысы келсе, оның банкке акция нарқына тең сома салуына тура келер еді.
Бағалы қағаздар курсы қозғалысының ең белгілі қорытынды көрсеткіші Доу-джонс индексі болып табылады. Ол ХІХ ғасырдың аяғынан бері «Доу-джонс энд компании» фирмасы жариялап келе жатқан, АҚШ-тың бір топ аса ірі компанияларының акциялар курсының орташа көрсеткіші.
Қалыптасып келе жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементі-бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлік қоғамдар мен банктер, акция, облигация, вексель, сертификаттар және тағы басқа түрінде шығарады. Осы бағалы қағаздарға қысқаша болса да түсініктеме берейік, онсыз қаржы нарығының мәнін түсіну қиынға түседі.
Акция (француз сөзі) дегеніміз- акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде қаржы енгізілгенін және дивидент түрінде табыс алып отыру құқын куәландыратын бағалы қағаз. Ал дивидент-латын тілінен аударғанда бөлініске түсетін деген мағынаны береді. Дивидент акция иесінің, яғни акционерлік қоғам құрылтайшыларының алатын табысы, басқаш айтқанда акционерлік қоғам пайдасының белгілі бір бөлігі.
Акциялар категриялары бойынша елеулі түрде айрықшаланады: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорындардың акциясы және акционерлік қоғамдардың акциялары. Еңбек ұжымының акцияларын шығару құқы мемлекеттік кәсіпорындарда, арендалық, ұжымдық кәсіпорындарда болады. Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорынның өз жұмыскерлерінің арасында ғана таратылады, ал еңбек ұжымына мүше емес азаматтарға берілмейді.
Кәсіпорынның акциялары еңбек ұжымының акцияларын шығаруға құқы бар кәсіпорындар ғана емес, сонымен бірге кооперативтер одақтарымен, коммерциялық банктермен, шаруашылық қоғамдары және серіктестерімен, шаруашылық ассоциацияларымен де шығарылады.
Акционерлік қоғамның акциялары кәсіпорын мүлкінің барлық сомасына немесе оның жарғылық қорына шығарылады, сондықтан меншіктің кез-келген нысанындағы кәсіпорын акционерлік кәсіпорынға айналады.
Облигация дегеніміз - көрсетілген кірісті оның иесіне төлеу жөніндегі міндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсіпорындар шығарады. Облигация, оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландырады және соған белгіленген проценті төлеу уақыты көрсетілген нақты (номиналды) құнының орнын толтыру міндетін дәлелдейді. Процент, әдетте бірдей мөлшерде займның барлық мерзімі бойынша төленеді. Кейбір облигациялар бойынша процент ресми есептелмейді, бірақ өтеу кезінде облигациялар сатып алынатын баға мен олардың иелеріне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрінде төленеді.
Облигацияның бірнеше түрі болады: мемлекеттік, жергілікті (муниципалды) және кәсіпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлімдеушіге арналған, және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын және айналым өрісі шектелген облигациялар болып та шығарылады.
Вексель заң бойынша үлгіде толтырылатын құжат. Ол вексель иесіне вексель бойынша қарыз адамнан көрсетілген соманы белгілі бірмерзімде және белгілі бір орында талап етуге құқық береді. Нарықты экономикада вексель несие құралы және төлем қаржысы ертінде үлкен роль атқарады, ал вексельдік айналым жолымен-ақшаның орнына жұмсалады. Вексельді басқа біреуге беру индоссамент нысанындағы берілу жобасы жолымен жүзеге асады. Өздерінің нысанына қарай вексельдер жай және аударылатын болып бөлінеді. Жай немесе қарапайым вексель-бұл бір немесе бірнеше адамның белгілі бір ақша сомасын белгілі бір мерзімде төлейтіні туралы шұбасыз жазбаша міндеттемесі: жай вексель ортақ жауапкершілікті бірнеше адамдармен берілуі мүмкін.
Аударылатын вексель (тратта), бір адамның басқа біреуге, үшінші адамға белгілі бір ақша сомасын белгілі бірмерзімде төленетін жазбаша нысандағы бұйрық болып көрінеді. Мерзімі көрсетілмеген аударылатын вексель мәлімдеме бойынша төлеуге жатады. Жалпы, аударылатын вексельдің кең тарағанын атап айту керек.
Депозиттік сертификат-бұл банкімен шығарылатын ақша нарығының құралы. Мерзімде депозиттік сертификатта төлем және процент нарқын төлеудің күні болады. Сертификат жеңіл өтімді қысқа мерзімді инвестициялық құрал болғандықтан инвесторлармен, кәсіпорын және ұйымдармен кеңінен қолданылады. Депозиттік сертификаттар, көбінесе уақытша бос ақша қаржыларды орналастыру құралы ретінде қаржылық емес корпорациялармен сатып алынады.
Жинақ сертификаты -ақша салушының депозитін белгіленген мерзімі өткеннен кейін оған берілген процентті алу құқын дәлелдейтін несие мекемесінің ақша қаражаттарын депозитке салғаны туралы жазбаша куәлік. Сертификаттар мемлекеттік банкпен және басқа банктермен шартта белгіленген процент бойынша белгіленген мерзімге немесе оны талап етуге дейін шығарылады. Жинақ сертификаттары атаулы және мәлімдеуші сертификаты болып та беріледі. Атаулы сертификаттар айналымға жатпайды, ал оларды сату заңсыз болады.
Чек-
белгілі нысандағы банкіден ақша
алатын немесе алу-беру шотына белгіленген
ақшаны аударуға нұсқау жазылатын арнаулы
құжат. Оларды ақша немесе есеп айыратын
чектер деп айырады. Ақша чегі бойынша
банктен қолма-қол ақша алады.
1.3.
Қаржы нарығы мен
ұйымдарды бақылау
агенттігінің міндеттері
Халықаралық сауданы кеңейту және капиталдың халықаралық ағымдарын дамыту халықаралық капитал операцияларына қызмет көрсету қажеттіліктерінің артуымен тура үйлесімді. Бұл көптеген елдерден қаржы нарықтарының қызметін жандандыруды және оларға көрші елдерді тартуды талап етеді. Қаржы нарықтарын аймақтандыру жалпы экономикалық дамумен қатар жүреді. Ішкі ақша жинақталымдарын немесе шетел капиталын өнімді күрделі капитал жұмсалымдарына бағыттау үшін қаржы нарығының тиімді тетіктері қажет.
Қазір Франкурттағы, Париждегі және Цюрихтегі сияқты көптеген ұлттық қаржы нарықтары айтарлықтай шамада халықаралық операцияларға тартылған, яғни олар шын мәнінде дүниежүзілік қаржы орталықтарына түрлендірілді- халықаралық валюталық кредит, қаржы операцияларын, құнды қағаздармен, алтынмен мәмілелерді жүзеге асыратын банкілер мен мамандандырылған кредит-қаржы институттарының шоғырланған орны
Еуропаның қаржы нарығындағы біріншілік үшін Ұлыбританияның Монетарлық Одағына қатыспағандығына қарамастан екі ірі қалалар Франкфурт және Лондон арасында бәсекелестік жүруде. Бірақ соңғы кезде Франкфурт өз жайғасымдарын бірте-бірте әлсіретуде. (1 қосымша)
Қаржы мәртебесін құру және нығайту үшін кез-келген қаржы орталығы келесі кезеңдерден өтеді:
Қаржы орталықтарының пайда болуына Еуропаның ірі агломерацияларына капиталдар шоғырлануы мүмкіндік туғызды. Алайда ол өзінен-өзі қаланы қаржы орталығы сияқты дамытуға әкелмейді. Оның қалыптасуы болашақ коммерциялық жобаларды қаржыландыруы кәсіпкерлердің жинақталған капиталдарын жаппай тарту көзі ретінде басталады. инвестициялау үшін қол жетерлік капиталдардың өсімдері жаңа қаржы құралдарының ыңғайласпа ұсыныстарын тудырады. Мұндай оңайлатылған үлгі бойынша дүние жүзінің қаржы орталықтары Лондон мен Нью-Йорк қалыптасты.
Жасырақ қаржы орталықтары-Гонконг, Сингапур, Бахрейн және басқалары капитал мен қаржы құралдары ағындарын әдейі ынталандырып, олардың кәдеге жарамауын көздеді. Тартымды және ымырашыл тетіктер ретінде кеден және салық тәртіптемесі, мемлекеттік реттеу тәртіптемесі мен қаржы орталықтарының тұрмыстық және бизнес-сервистің жоғары сапасымен қоса атқарылатын ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың белсенді қызмет етулері үшін келесі шарттар мен көрсетілетін қызметтер қажет:
Ќаржы
институттарын 2 топќа бөлуге болады:
бірінші топ – депозит
Ќаржы делдалдары міндеттемелердің шот есебінен ресурстыќ базасын ќўрайды және ол ќаржыларға бағалы ќағаздарды сатып алып, ссудаларды ўсынады. Ќаржылыќ делдалдар уаќытша бос ќаражаттары бар тўлғалармен аќшалай аќшалай ќаражаттарға мўќтаж тўлғалар арасындағы ара ќатынасты ўйымдастыруға маманданады, осы буында әлемнің дамыған елдеріндегі ќаржылыќ жүйелер ең алдымен инвистициялыќ маќсаттарға ќолданылатын күрделі ќаржылыќ ресурстарына бағытталған.
Коммерциялыќ
банктің ерекше рөлі: біріншіден, коммерциялыќ
банктер аќшалай ағымдарды
Нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып-валюталық нарық табылады. Бұл шетел валютасын сатып алу-сату операциялары бойынша (банкнот, қазыналық билет пен монета түріндегі ақша белгілері) экономикалық-қаржы қатынастар жүйесі. Валюталық операцияға қатысу делдалдық, брокерлік биржа арқылы жүзеге асады.
Валюта-бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданады. «Валюта» ұғымы 3 мағынада қолданылады:
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:
Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді. Біздің ұлттық валютамыз «теңгеге» келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады.
Нарықтық
экономикада ұлттық валюта теңге
нарықтың қалыптасуына және онда бәсекенің
болуына көмектеседі, ішкі бағаны нақтылайды,
отандық өндірісті әлемдік
Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің барлық атрибуттарының толық безендірілуінің соңғы қадамы болды. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында алғашқы рет өзінің ұлттық ақша бірлігі-теңгені енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылады.
Барлық елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде қарастырылады, прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалық қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз-алдымен экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау, ал валюта-қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта-несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасында өндірістің құлдырауы кезінде бюджет тапшылығының барынша аса ұлғаюында және ұздіксіз инфляцияда теңгенің қажетті конверсиялану шарты мыналар болмақ:
Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайында жүзеге асады. Қаржылық бұл шетел мемлекеті валютасына конверсиялануы. Тауарлық-бұл кез келген тауардың шығу тегіне қарамай-ақ алу мүмкіндігі.
Информация о работе Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері