Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 18:32, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8

1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14

1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері

2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22

2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24

2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары

3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30

Қорытынды.................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер................................................................................33

Қосымша

Работа содержит 1 файл

каржы нарыгы.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

     Сондай-ақ валютаны конверсиялануы бойынша сыртқы және ішкі деп жіктейміз. Сыртқы конверсиялану-бұл  елдің ішінде ұлттық валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматтарына да солай болуы.

     Сыртқы  экономикалық байланыстар бойынша /шетел валютасын сатып алу, төлем  және импорттық іс әрекеттер/ резиденттердің валютаны қолдануына шектеу болған жағдайда, онда ішкі конверсиялану орын алады.

     Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің  ақша бірлігінде бағасы болады. Бұл  валюталық немесе айырбастау курсы  болып табылады. Басқаша айтсақ, валюталық курс-бұл ұлттық валюта бірлігінің саны және ол шетел валютасы бірлігіне айырбасталуы мүмкіндігі. Айырбасталу курсының төмендегідей түрлері бар:

     Номиналды (атаулы) айырбас курсы-бұл ұлттық валюта мен шетел влаютасы бірлігі  санының арақтынасы, ол тіркелген  ретте және қалқымалы негізде  жүзеге асады.

     Нақты айырбас курсы-бұл екі елдегі баға деңгейінің арақатынасын ескеретін айырбас курсы. Атаулы айырбас курсының салыстырмалы елдегі баға индексі арақатынасына бөлгендегі жекелеген ретте есептелініп шығарылады.

     Валюта  курсы сұраным мен ұсынымның  оған деген арақатынасымен анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерінен валюталық курсытң едәуір ауытқуы, күшті және әлсіз үшін де тән.

     Шетел валютасына деген сұранымның көлемі төмендегідей факторлармен байланысты:

    • тауар мен қызмет көрсету импортына елдің тұтынысы;
    • туристтердің шығындары;
    • әртүрлі төлем түрлеріне және тағы басқалар.

     Валютаның ұсыным мөлшері елдің экспорт  көлемімен, сыртқы заиммен және т.б. анықталады. Одан басқа валюта курсының динамикасына әсер ететін факторларға  мыналарды жатқызамыз:

    • ұлттық табыстың көлемі және өндіріс шығындарының деңгейі;
    • ақшаның нақты сатып алу қабілеттілігі және елдегі инфляция деңгейі;
    • төлем балансының жағдайы;
    • елдегі пайыз мөлшерінің деңгейі;
    • әлемдік нарықтағы валютаға деген сенімділік және тағы басқалар.

     Валютаны  тұрақтандырудың нолдендіру, девальвациялау, ревальвациялау, деноминациялау әдістері бар. Нөлдендірудің экономикалық мәні мынада: мемлекет құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз деп жариялауы керек. Ескі ақша белгілері жаңасына белгілі бағаммен айырбасталады. Девальвация-бұл ұлттық валютасы курсының шетел валютасына қатынасы бойынша немесе халықаралық ақша бірлігі есебіне төмендеуі.

     Ревальвация-бұл  ұлтық валюта курсының шетел валютасы қатынасына қарай көтерілуі. Деноминация-ақша белгісі ұлттық құнының бекемделуі және оларды жаңа ақша бірлігіне айырбастау, сондай арақатынаста баға, тариф жалақы және т.б. бір мезгілде есептеуді жүргізу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Қазақстандағы қаржы  нарығы мен ұйымдарды  басқару мен бақылау  негіздері 

2.1.Қаржы  нарығы мен ұйымдарды  бақылау агенттерінің  қызметтері 

     Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі сақтандыру компанияларының қаржы нарығындағы инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару. Қаржы нарығындағы негізгі субьектілер қаржы институттары, оны тиімді басқаруға қадамдар жасауда.

     Макроэкономиканың тұрғысынан алып қарағанда қаржы  делдалдарының ролі жыл сайын артып келеді. 2000 жылы барлық қаржы институттарының активтері 648,8 млрд теңге болса, 2006 жылы осындай көрсеткіш 1432,4%-ға артып, 9,9 трлн теңгені құрады. Жалпы ішкі өнімге шаққанда активтері 2000 жылы 25%-дан 2006 жылы 102,1%-ды құрады. Сөйтіп, қаржы институттарының активтері 2006 жылы психологиялық қажет көрсеткіштен асып түсті.

Көрсеткіш Нақты  
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
Барлығы қаржы институттарының активтері (млрд теңге) 648,8 1007,8 1437,6 2065,0 3218,1 5249,2 9942,0 13756,8 17672,1 22131,1
Барлығы қаржы институттарының активтері (млн доллар) 4552,3 6845,5 13874,0 23933,4 39358,5 78283,5 113038,7 147883,5 147883,5 188149,6
ЖІӨ-ге %-бен 25,0 31,0 38,1 46,4 58,1 70,4 102,1 115,8 125,9 133,8
Барлығы инстутуционалды инвесторлардың активтері (млрд теңге) 120,9 191,2 292,6 389,0 528,4 734,1 1067,4 1877,0 3214,4 4763,6
Барлығы инстутиционалды инвесторлардың активтері (млн доллар) 848,3 1298,7 1902,7 2613,5 3929,7 5504,6 8404,7 15423,2 26898,6 40,498,6
ЖІӨ-ге %-бен 4,7 5,9 7,7 8,7 9,5 9,9 11,0 15,8 22,9 28,8

Мәлімет көзі: Қзақстанның Ұлттық банк мәліметі негізінде 
 

Қаржы институтары бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатып алу және қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және  халықытң уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа да рыноктармен етене байланысты болып табылады.

      Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы  институттары қаржы ресурстарын  үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалыстарын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы институттары экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында ақшаны қайта бөлудің барлық әртүрлі нысандарында реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын білдіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

      Қаржы нарығының институттары негізінен, ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады, олар қаражатты ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз жұмсалғанын немесе берілгенін яғни негізгі қорлар қозғалысына қызмет ететінін айғақтайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы-кәсіпорындардың, банкілердің мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

      Нарықтардың барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы институттары болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтердің кез-келген түрлері мен айналымы бойынша сұранымы мен ұсынысының тепе-теңдігі;
  2. Ұлттық банкі тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
  3. Несие нарығын жандандыру толық оны коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру, несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банкі проценттің есептік ставкасын коммерциялық банкілердің, міндетті резерв нормасын белгілеу, ашық ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі.

    Мыналар қаржы институттарының қызметінің алғышарттары болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлектетік сектордың материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту; кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субьектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ссуда қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен олардың жай күйі 

      Қаржы институттарының-бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалыстарын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

      Мемлекеттік әлеуметттік сақтандыру қоры. Бұл  қор сақтық әдістерімен жасалды.

      Жасалу  көздері:

  1. кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары
  2. мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
  3. санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
  4. басқадай көздер;

    Қордың  қаражаттары мынаған жұмсалды:

  1. жәрдемақылар төлеуге.
  2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетулерді қаржыландыруға;
  3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге;

    Мемлекеттің жинақтаушы зейнетақы қоры.

    а) зейнеткерлер мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы  ісін ұйымдастыру;

    ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу;

          Бұл қордың қаражаттары мынандай көздерден  жасалынды:

  1. Міндетті зейнетақы жарналары
  2. меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салқтар
  3. жоғарғы органдардың қаражаттары;
  4. ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

    Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:

  1. заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
  2. балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
  3. материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
  4. зейнетақыларды инекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар.

Қазақстанның  ТМД-да және Орталық Азияда қаржы  секторында аймақтық көшбасшы болуына  қол жеткізу үшін 2007-2011 жылдар аралығында негізгі күш-жігер Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын арттыруға, кәсіпорындарды және халықты  қаржы секторының қызмет көрсетуімен қамтуға оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамытуға бағытталады, мұның өзі қазақстандық қаржы ұйымдарының ішкі нарықтағы позицияларын күшейтіп, аймақта оның қаржы тарту және ауқымды аймақтық экспансия орталығы болып қалыптасуына негіз болады.

Бұл ретте  негізгі міндеттердің бірі қаржы  секторының бәсекелестік қабілетін  арттыру болып табылады, бұл Қазақстанның алда болатын Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі жағдайында аса маңызды. Жалпы алғанда, біздің қаржы секторымыз шетелдік компаниялардың келуіне дайын. Алайда, тәжірибе тіпті айтарлықтай дамыған және ірі қаржы секторы бар елдердің де тура БСҰ-ға кіргеннен кейін шетелдік ойыншылардың тарапынан болған бәсекелестіктің күрт өсуі салдарынан өз дамуында проблемаларға кездескенін көрсетеді. Сондықтан қаржы секторының төлем қабілетін күшейту үшін күш-жігерді оны капиталдандыруға жұмылдыру қажет, бұл тек қаржы институттары қызметінің айқындығын арттырған жағдайда ғана мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері 

     Қорландыруға  байланысты қиындықтарының әсер етуімен  банктер кредиттеуді шектеді  және қыркүйектен бастап кредиттің  өсуі тоқтады. ЖІӨ-нің нақты көрсетілген  өсуі соңғы екі тоқсанда күрт бәсеңдеді, жылжымайтын мүліктің бағалары төмендеді және  қызмет көрсетілмейтін кредиттер өсуде. Миссия 2009 жылы 6 пайыздан сәл жоғары қалыпты деңгейде көтерілгенше, ЖІӨ-нің нақты көрсетілген өсуі 2007 жылғы 8,5 пайыздан 5 пайызға дейін төмендейді деп болжайды. Біз осы перспектива үшін тәуекелдер күтіліп отырған деңгейге қол жеткізбеуден тұрады, әсіресе әлемдік экономика одан әрі әлсіреген немесе ішкі банктік сектордағы шиеленіс сақталған кезде.

Информация о работе Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері