Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,
мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5
I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің
анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11
II .2. Қаржы нарқы конъюнктурасын
сипаттаушы көрсеткіштер……………………………………......16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18
ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген
элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджментінің мәні.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

Ағымдағы шығындар өнімдерді  өндірумен және оларды сатуменен  байланысты. Олар кәсіпорынның барлық шығындарының ішінде үлесі ең көбі және ол шығындар негізінен өндіріс  процесінде ішкі заттарды және материалдарды, негізгі өндірістік қорларды, жанар және жағар майларды, энергияны, еңбек ақы және т.б. пайдаланумен байланысты.

Ағымдағы шығындар кәсіпорынға  өндірістік цикл және өнімдерді сатқанынан кейін сатылған өнімдерден түскен түсімнің құрамында қайтып оралады. Ағымдағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына жатқызу әдісіне, өндіріс көлеміне байланысты жіктеледі. Қаржы менеджментінде ағымдағы шығындарды басқару өндіріс әрекетінің нәтижесіне қатаң байланыстылықта қаралады. Ағымдағы шығындардың құрамын, құрылымын және көлемін жоспарлауға шешім қабылдау үшін төмендегі мәліметтерді қолданады:

- өнімдердің нақтылы өзіндік құны және алған пайда туралы мәліметтер;

- болатын шығындар және табыс туралы ақпарат.

  Егерде өндіріс көлемімен  оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезендегі мәліметтерді (инфляция индексін қолдана отырып) пайдалануға, болады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе, онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады, олардың құрамы, құрылымы және балама варианттар қаралады, өндірілген өнімдердің көлемі, оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне өсерін бағалайды.

Осы жағдайларға қарай  қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ағымдағы шағындары төмендегіше  бөлінеді:

- шартты-өзгермелі; 

- шартты-тұрақты;

- аралас.

Шартты-өзгермелі шығындар - өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне  тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс  көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды  және, керісінше, өндіріс     көлемінің азаюына байланыстым кемиді. Атап кететін жай, өзгермелі шығының өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады.

Шартты - өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта  болады. Өндіріске қатысты шартты-өзгермелі  шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық, жанармай және энергия, өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б.

Өндіріске жатпайтын  шартты-өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда-комиссиялық  жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнін көлеміне байланысты болады.

Атап  кететін жай, "шартты-өзгермелі шығындардың" атының аталуы және оларды өндіріс  көлеміне қатаң байланыстыру шартты жай. Практикада түрлі жағдайлар  кездеседі, кейбір баптағы өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне қарағанда басқа қарқынмен өзгереді. Мысалы, шикізатты сатып алуда, сатып алатын партияға байланысты оның құнында ауытқу болуы мүмкін. Жұртқа мәлім, сатып алу шамасы көп болса оның бағасы соғұрлым төмен болады.

Шартты-тұрақты шығындар — бұл шығындар белгілі уақыт кезіңіндегі өндіріс  көлемінің серпініне байланысты емес.

Оларға жататындар: амортизациялық төлемдер басқару персоналдардың еңбекақысы, ғимараттарды жылыту, жарық беру шығындары, жалдам ақы, администрация-шаруашылық қажеттілікке және т.б ақша шығындары.

Шартты — тұрақты  шығындар өндірістің көлемінің өзгеруімен байланыссыз, факторлардың әсерінен өзгеруі  мүмкін. Мұндай факторларға жататындар бағаның өсуі, негізгі қорларды қайта  бағалау, амортизациялық төлемдері  мөлшерінің өзгеруі және т.б. өзімен бірге шартты-тұрақты шығындардың өсуіне әсер етеді. Бұдан басқа, жекелеген шығын түрлерін белгілі бір жағдайда не тұрақты, немесе өзгермелі шығындарға жатқызуға болады. Мысалы, еңбекақысына кесімді ақы төлеуді шартты-өзгермелі шығындарға жатқызады; тұрақты айлықта бұл шығындарды тұрақты шығындарға жатқызады. Аралас шығындарға кейде тұрақты және сондай-ақ өзгермелі шығындар жатады. Оларға жатындар: байланыс және телеграф шығындары,   жабдықтардың ағымдағы жөндеу шығындары, іссапар шығындары, материалдық техникалық жабдықтау шығындары және т.б.

Шығындарды тұрақты  және өзгермелі түріне жіктеу басқару  шешімдерін қабылдауға қажет және қаржы  менеджеріне келесі міндеттерді  орындауға көмектеседі:

- шығындардың өтемділігін бағалау;

- пайда шамасын оптималдау;

- кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығы мүмкіншілігін

Өнімдерді сатудан түскен түсімді жинақы шығындармен салыстыру  арқылы пайданың шамасын анықтауға  мүмкіншілік түғызады. Пайда шамасын оптималдау мақсатымен қаржы менеджері берілген тұрақты және өзгермелі шығындар қатынасындағы өндіріс көлемінің өзгеруінің пайданың мөлшеріне әсерін анықтайды.

Мысалы, жоспарлы кезеңде  өнімді сатудан алынған түсім 12000 мың.тг. тең, ондағы өзгермелі шығындар 1000 мың.тг және тұрақты шығындар 1600 мың.тг. Осы жағдайдағы жоспарлы пайда мөлшері 400 мың.тг тең болады. Сатудан түсетін түсімді 2% өсірсе, пайда 10% көбейеді: (12240-10200-1600)=440.

Түсімді бес пайызға  өсіру пайданы 25% көбейтеді. Кәсіпорын  өз мүмкіншілігіне қарай тұрақты  және өзгермелі шығындардың арақатынасын өзгерте отырып, пайданың мөлшерін оптималдау сұрағын шеше алады. Бұл байланыстылық "Өндіріс тұтқасының нәтижесі" деп аталады.

Өндіріс тұтқасының әсер ету күші өнімдерді сатудан түскен түсіміне өзгермелі шығындарды кемітіп, нәтижені алынған пайдаға бөлу арқылы анықталады.

 

Өндіріс                  Өнімдерді сатудан - өзгермелі шығындар түскен түсім

тұтқасының =   ---------------------------------------------------------------------------------

әсер ету күші         сатудан түскен пайда

 

Тұрақты шығындардың үселісінің өсуі өндірістік тұтқаның әсер ету күшін оннан аса көбейтеді. Осыған байланысты келесі қорытынды туады:

-   өндірістік тұтқаның әсер ету күші кәсіпорынның активтерінің құрылымына және айналымнан тыс активтердің үлесіне байланысты. Неғұрлым негізгі қордың қүны көп болса, соғұрлым тұрақты шығындардың үлесі көп болады;

- тұрақты шығындардың үлес салмағының жоғары болуы, ағымдағы шығындарды басқарылу шекарасын тарылтады;

-   неғұрлым өндіріс тұтқасының әсер ету күші көп болса, соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел жоғары болады.

Ағымдағы шығындарды тиімді басқару рентабельдіктің  шегін (порог) анықтаусыз мүмкін емес. Рентабельдіктін, шегі ендіріс көлемінің сондай жетістігін сипаттайды, егерде тұрақты және өзгермелі шығындардың өтемділігіне жетсе. Бұл көлемнен төмен өнім шығарылса, ол пайдасыз болады.

Соныменен, ағымдағы шығындарды басқару стратегиясын анықтауға  керектісі:

- белгілі көлемдегі өнімдерді шығаруға қажетті жинақы ағымдағы шығындар;

- тұрақты және өзгермелі шығындардың оптималды арақатынасы;

- қаржы қорының орнықтылығы;

- кәсіпорынның ағымдағы шығындарының өтемділік мерзімі.

Қаржы менеджері ағымдағы шығындарды калыптастырудың әтүрлі варианттарын талдау негізнде өз кәсіпорынның нақтылы экономикалық жағдайына сәйкес келетін варианты тандап алады.

 

 

         

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қорытынды.

 

Қорытынды ойды тұжырымдайтын  болсам, қаржылық менеджмент бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі. Қаржыны басқару кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен  анықтауға   болады.   Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы   менеджменті   жұмыс   істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді. Әрбір дамыған қоғам, қоғам мүшесі немесе мемлекет өзінің қаржылық шығындары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат, алдын-ала жоспар жасайды. Бұл заман талабы. Қазіргі таңда кез-келген дамыған нарықтық экономикалы елді алып қарасаңыз, осы мәселеге жолығасыз. Қаржылық менеджмент негізінен қажеттіліктерді анықтап, оған қанша қаражат, қандай көлемде, қай бағытта жұмсау керек екендігі туралы ақпарат болып табылады. Ол өткен жылғы мәліметтерге және шетел тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді.

Қаржы құралдары жалпы  түрде кез келген келісім шартпен  түсіндіріледі, онда бір мезгілде бір  кәсіпорынның қаржы активі және басқаның қаржы міндеттемесі ұлғаяды. Соныменен, қаржы құралдары — бұл ақшалай құны бар құжат, соның көмегімен қаржы нарқында түрлі операциялар орындалады. Қаржы құралдары бірінші және екінші түрге бөлінеді. Біріншіге жататындар: ақша қаражаттары, құңды қағаздар, ағымдағы операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар және т.б.

Белсенді нарық ортасының  қалыптасуы кәсіпкерлік әрекетте екінші қаржы құралдарының қалыптасуына және оның банк жүйесінде, өнеркәсіптік және сауда фирмаларының қаржы бөлімінде қолданылуына ықпал етеді.

Нарықтық экономикасы  дамыған   елдерде   қаржы қызметінің   құрылымына   міндетті түрде бухгалтерия қаржыны басқаруға керекті ішкі қаржы ақпараттарынының негізгі көзі болып есептелінеді, сонымен қатар, қаржы директорының мәртебесі бас бухгалтердің мәртебесінен жоғары. Ресейде басқаша, бухгалтерия қаржы қызметіні құрылымына    кірмейді,    сондықтан бас бухгалтердің мәртебесі  қаржы директорының  мәртебесінен  жоғары. Бірақ, біздің елде  бухгалтерия   мен   қаржы   қызметі атқарымдығы жағынан, олардың алдында тұрған көптеген міндеттеріне байланысты тығыз   байланыста болады.

Әрбір басқару жүйесінің тиімділігі көп жағдайларда оны ақпаратпен жабдықтауға байланысты. Нарықтық экономикаға ену жағдайындағы белгілі формула «уақыт-ақша» - осы сияқты: «ақпарат-ақша» формуласымен толықтырылады. Бұл жүйенің нормативтік көрсеткіштері ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция портфелін қалыптастыруға, қысқа мерзімді қаржы беруді жүргізу және басқадай қаржылық менеджмент аспектілерін орындауды басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылады.Қаржылық менеджментке қатысты ол жанадан тура мағынаға ие болады, өйткені басқару шешімін қабылдағанда қолданылатын ақпарат сапасына; байланысты: қаржы ресурстарының шығын көлемі, пайда, деңгейі, кәсіпорынның нарықтық құны, инвестициялық жобалар және инвестициялаудың қаржылық аспаптарың балама тандау және тағы басқа көрсеткіштері кәсіпорын иесіне жан-жақты жақсылық денгейін және оны: экономикалық даму қарқынын қалыптастырады. Кәсіпорын пайдаланған капиталының мөлшер неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сапалы ақпараттың ролі арта түседі, өйткені кәсіпорын экономикасының тиімділігін арттыруға қабылданатын қаржылық шешімдер сапалы ақпаратқа байланысты. Қаржылық менеджменттің ақпараттық жүйесі кәсіпорынның барлық қаржылық аспектілері бойынша тиімді оперативтік басқару шешімдерін жоспарлау және дайындау, сондай-ақ қажетті талдау жүргізуге толассыз бағытталған қажетті ақпараттық көрсеткіштер, дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1. Қ.Қ Ілиясов,  С.Құлпыбаев «Қаржы» Алматы 2005 жыл

2.  Әубәкіров  Я. Ғ, Байжұманов Б. О. «Экономикалық  теория» Алматы    қазақ университеті 1999 жыл.

3. Василевский  А «Конспект лекций по экономической  теории.

4. Жүнісов Б.  А. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы 2002 жыл.

5. С.Найманбайев «Салық құқығы» Алматы 2005 жыл

6. Крымова В  «Экономикалық теория», Алматы 2003 жыл.

7. Колесникова  В. «Экономикалық теория», Москва 2000 жыл.

8. Осипова Б.  «Экономикалық теория» 

9. Сейтқасимов  Ғ. С. «Ақша, несие, банктер», Алматы 2001 ж.

10 «Қазақстаның қазіргі жағдайы»  Л.А . Разакулова  // Жетісу, 2003 жыл   25 қаңтар

11 // Егеменді Қазақстан, 2005 жыл 1 ақпан, 4 маусым, 6 сәуір, 11 мамыр.

12  «Қазақстан Республикасының стратегиясы»  //  Атамекен, 2002 жыл 1 ақпан,5 маусым, 17 қаңтар.

13. «Қазақстаның нарықтық экономикаға көшуі» // Атамекен 2006

жыл 1 ақпан, 11 қаңтар.

14 «Нарық дамуындағы  өзгерістер»  Е.Б Қожақметова// Қаржы қаражат, 2005 жыл №7

15. Қазақстанның статистикалық жылнамасы, Алматы 2001-2005 жыл

17. Қазақстан Республикасының президентінің халхына Жолдауы 2005, 2006 жылдар.   

18. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельности в

экономике Казахстана», Алматы 2002 жыл.

 

 




Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар