Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,
мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5
I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің
анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11
II .2. Қаржы нарқы конъюнктурасын
сипаттаушы көрсеткіштер……………………………………......16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18
ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген
элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджментінің мәні.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

- банкрот болудан және ірі қаржы сәтсіздігінен қашу;

- бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның жұмыс істеуі;

- кәсіпорынның нарықтық құнын барынша молайту;

- кәсіпорынның экономикалық әлуетінің даму қарқынын қамтамасыз ету;

- өндіріс көлемін және сатуды өсіру;

- пайданы барынша молайту;

- шығындарды барынша азайту;

- негізгі әрекетіне қажетті рентабельдік деңгейін қамтамасыз ету жөне т.б.

Қаржы менеджментінің түпкі  мақсаты косіпорынның нарықтық құнын барынша молайтуды қамтамасыз ету,   пайданы   қалыптастыру   және   тиімді пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын арттыру. Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорын пайдасының өсуі бір-біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам, өндірістің дамуына инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан қашады,ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын, орындау процесінде келесі негізгі міндетті орындауға  бағыттайды:

  • алдағы кезенде кәсіпкерлік кәсіпорынның даму міндетіне сай қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті «тиімділік деңгейін қамтамасыз ету»;
  • алдағы кезенде кәсіпорынның пайдасын барынша молайтуды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның барлық даму кезеңдерінде жоғарғы деңгейлі қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету және т.б.

Қаржы қызметін ұйымдастыру.

Қаржы менеджменті басқарушы  жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы әрекетінің көлемі көп емес шағын кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажеттігі жоқ. Жекелеген шағын және орташа көсіпорындарда қаржы қызметін- ұйымдастыру құрылымына қарай бухгалтерлік бөлімі атқарады. Бұл бөлімнің міндеті есеп ақпаратын жинақтап, оны қаржыны басқарушы кәсіпорынның бастығына береді. Кәсіпорынның кәсіпкерлік әрекетінің кеңеюіне қарай, қаржы әрекетінің көлемінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған кәсіпорынның қаржысын басқарумен байланысты өз өкілеттігінің бір белігін және міндетін тапсырады. Әлбетте, бұл жағдайда қаржы қызметін қаржы бөлімі немесе қаржы-экономикалық бөлімі атқарады. Шағын және орташа кәсіпорындардың қаржы бөліміндегі жұмысқа, әлбетте, кәсіпорынның қаржысын басқарудын барлық атқарымен орындаушы кең профилді қаржы менеджерін тартады. Ірі кәсіпкерлік фирмаларда қаржы қызметінің құрылымы өте күрделі, өйткені қаржы ағымы бұндай фирмаларды тек қана өндірістік және қаржы әрекетімен байланысты емес, сондай-ақ басқадай кәсіпкерлік мекемелердің капиталда қатысуына байланысты болады. Қаржы қызметінің әрекеті кәсіпорынның экономикалық және қаржылық мүмкіншілігінің артуына байланысты кеңейеді. Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қаржы қызметіне кең профилді қаржы менеджерлері, сондай-ақ атқарымды қаржы менеджерлері тартылады. Біріншісі, әлбетте жалпы қаржы әрекетін басқаруға, ал екіншісі-қаржыны басқарудың нақтылы міндетін орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды қаржы менеджері кәсіпорынның қаржы әрекетінің бір саласындағы басқару атқарымына маманданған біржақты маман (мысалы,инвестицияны басқарушы менеджер, тәуекел-менеджер және т.б.).

Ірі фирмаларда қаржы  қызметін қаржы департаменті атқарады, оның құрамына бірнеше мамандандырылған бөлімдер кіреді. Қаржы қызметін бұндай ұйымдастыруда әрбір бөлім атқарымды   орындайды.   Қаржы   менеджментін жалпы басқаруды қаржы директоры атқарады, олар:

  • фирманың жалпы қаржысының дамуын және саясатын анықтайды;
  • фирманың әрекетін жалпы басқаруда жоғарғы басшылардың құрамында жұмыс істейді;
  • фирманың қаржы әрекетін реттеуде, зандарды сақтауды қамтамасыз етеді;
  • фирманың қаржысын басқару ережелері мен принциптерін әзірлейді;
  • қаржыны жоспарлауға жалпы басшылық етеді;
  • қаржы жөнінде стратегиялық шешім қабылдау үшін, фирманың басшысына жалпы аналитикалық eceпті дайындайды;
  • фирманың қаржы қызметінің құрылымына кіретін, қаржы бөлімінің бастығымен тығыз байланыстылықты жұмыс атқарады.

Соныменен, қаржы қызметінің құрылымы фирманың дамуымен және оның саласының кеңеюіне байланысты күрделенеді. Фирмалардағы қаржы қызметі тұрақты түрде дамуда, өйткені оған сыртқы факторлардың әсерінің күшеюі, қаржы ағымдарының молаюы және күрделі қаржы құралдарын пайдалану әceр етуде.

Шағын, орта және ірі кәсіпорындардағы қаржы қызметін ұйымдастыруға келтірілген мысал белгілі мөлшерде шартты, бұл қызметті ұйымдастыру басқадай болуы мүмкін, оны фирма әрбір нақтылы жағдайға және қаржы әрекетінің түріне байланысты анықтайды. Нарықтық экономикасы  дамыған   елдерде   қаржы қызметінің   құрылымына   міндетті түрде бухгалтерия қаржыны басқаруға керекті ішкі қаржы ақпараттарынының негізгі көзі болып есептелінеді, сонымен қатар, қаржы директорының мәртебесі бас бухгалтердің мәртебесінен жоғары. Ресейде басқаша, бухгалтерия қаржы қызметіні құрылымына    кірмейді,    сондықтан  бас бухгалтердің мәртебесі  қаржы директорының  мәртебесінен  жоғары. Бірақ, біздің елде  бухгалтерия   мен   қаржы   қызметі атқарымдығы жағынан, олардың алдында тұрған көптеген міндеттеріне байланысты тығыз   байланыста болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II –бөлім  Қаржы менеджментінің негізгі  (базалық) көрсеткіштері.  

 

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің

          анықталуы. Дюпон формуласы

Бұл тақырыпта дүние  жүзінде қолданылатын кәсіпкерлік  терминдер және ішкі фирмалық қаржы  жүйесінің көрсеткіштерін меңгеруге  міндетті. Онсыз біз шет елдегі әріптестерімізбен тең сөйлесе  алмаймыз, сонымен қатар қаржы менеджментінің маңызды тәжірибесін үйрену мүмкіншілігінен айырыламыз.

Сонымен, төрт негізгі  көрсеткіштер, батыстағы және отандық  практикада қолданылады:

Біріншісі: қосылған құн (ҚҚ). Егер де белгілі бір кезенде өндірілген өнімнің (дайын өнімдер қоры жөне аяқталмаған өндірісті қосқанда) құнынан өндіріске колданған материал қаражаттарының (шикі зат, энергия және т.б.) және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі — шындығьшда шикізатқа, энергияға және т.б. құнына қосылған құн болып шығады. Қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Қосылған құннан қосылған құн салығын шегеру арқылы келесі  көрсеткіштерді құрастыруға көшеміз.

Екіншісі: инвестицияны пайдаланудың брутто-нәтижесі (ИПБН).

Қосылған құннан еңбекақы және оған байланысты кәсіпорынның міндетті төлемдері (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы  төлемі және т.б.), сонымен қатар барлық салықтарды, кәсіпорынның салық төлемдерін (пайдаға салынатын салықтан басқасын) шегеру арқылы (ИПБН) анықталады.

ИПБН - қаржылық менеджментте кәсіпорын әрекетінің  негізгі  аралық қаржы шаруашылық нәтижесінің  бірі ретінде қолданылады. Қосылға  құндағы ИПБН  үлес салмағына  қарай кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтауға болады және кәсіпорынның мүмкін рентабельдігін білуге болады.

Үшіншісі   инвестицияы   пайдаланудың   нетто нәтижесі немесе  несие төлеміне дейінгі пайызы және пайдаға салынатын салық. Алдағы  қаралған көрсеткіштерден   негізгі   қорды   қалпына   келтіру  үшін жұмсалған барлық шығындарды  шегереміз — бұл инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі   болады. Шындығында, кәсіпорынның  шығыннан   алған  бұл экономикалық тиімділігі кәсіпорынның несиеге, қарыз; төленетін  және  пайдаға  салынатын  салықты  төлеуге дейінгі пайдасы.

Төртіншісі - активтердің  экономикалық рентабельдігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының  экономикалық рентабельдігі, оның меншікті және қарыз қаражатының сомасы.

Дюпон формуласы.

Коммерциялық маржа әрбір айналымдағы 100 теңгені пайдалану қандай нәтиже беретінін көрсетеді. Мәнісіне келсек, бұл айналымның экономикалық рентабельдігін немесе сатылған өнімнің рентабельдігін көрсетеді.

ТК — активтің әрбір теңгесінен қанша теңге айналымнан алынатындағын, қандай айналымға активтің әрбір теңгесі трансферттелінетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, ТК-ті активтің айналым ретінде қабылдауға болады.Мұндай жағдайда   ТК   ағымды   мезгілде   әрбір   теңге қанша рет айналымға түсетінін көрсетеді. ЭР-тің реттелуі оның екі құрылымы коммерциялық маржаға және трансферттік коэффициентіне әсер етеді. Коммерциялық маржаға баға саясаты, шығын құрылымы мен көлемі сияқты факторлар әсер етеді. ТК-ке салалардың қызмет жағдайы, сонымен бірге сол кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясы да әсер етеді. Жоғарғы коммерциялық маржаны, жоғарғы трансформациялық коэффициентпен салыстыру өте қиын, өйткені айналымды есептегенде, біреуі алымында, екіншісі бөлімінде қарастырылған.Факторларды талдау нәтижесінде рентабельдіктің өзгеруінің негізгі көрсеткішінің қайсысы, коммерциялық маржа немесе трансформациялық коэффициент жылдам және жай өзгеретіндігін анықтауға болады. Рентабельдіктің осындай өзгерістерін Дюпон формуласы арқылы анықтайды. Практикалық жұмыста кәсіпорын үшін әрқашанда саланы тандау маңызды. Шынында, қор сыйымдылығы және баға факторының айырмашылығы экономикалық рентабельдіктің көлеміне  шешуші ықпал етуі мүмкін.

Қаржылық менеджменттің  төрт негізгі көрсеткіштері және Дюпон формуласы кәсіпорынның көптеген қаржы жағдайын қарастыруға жеткілікті.

Айта кететін жай, Дюпон формуласында айтарлықтай қажетті модификация, акционерлік капиталдың таза табысына талдау жасауына болатындай көрсеткіштер бар. Бұл таза пайданы қарапайым акциямен акционерлік капиталдың соммасына бөлу.

         Жоғарыда айтып өткендей, трансформациялық коэффициенті активтің айналымы ретінде қарастыруға болады, қазіргі кезенде активтің 1 теңгесі қанша рет айналымда екенін көрсетеді. Өзімізге белгілі айналымның едәуір жетістігі кәсіпорынның көптеген жетістіктеріне әкеледі.

Экономикалық рентабельдікті реттеу екі құрамдас бөлікке әсерін тигізеді: коммерциялық маржаға (KM) және трансформациялау коэффициентінеде (ТК). "Сатудан алынатын пайдалылықтың азаюына қарай айналым капиталын және оның элементтерінің айналымдығын жылдамдату керек және керісінше, кәсіпорынның белгілі себептерге байланысты іскерлік белсенділігінің төмендеуін өндірген өнімнің шығынын азайту арқылы немесе өнімдердің бағасын өсіру арқылы өтемдеуге болады, басқаша айтқанда     сатудың рентабельдігін арттыру арқылы".

KM - келесі факторлар, баға саясаты, өнімдердің көлемі және шығындардың құрылымы және т.б. әсер етеді. Ал, ТК - кәсіпорынның экономикалық стратегиясының, салалық әрекетті жағдайынан қалыптасады. Өте жоғарғы коммерциялық маржаны өте жоғарғы трансформациялық коэффициентпен қалыпастыру өте қиын.

Қаржы менеджментін ақпаратпен жабдықтау жүйесі.

Әрбір басқару жүйесінің  тиімділігі көп жағдайларда оны ақпаратпен жабдықтауға байланысты. Нарықтық экономикаға ену жағдайындағы белгілі формула «уақыт-ақша» - осы сияқты: «ақпарат-ақша» формуласымен толықтырылады. Қаржылық менеджментке қатысты ол жанадан тура мағынаға ие болады, өйткені басқару шешімін қабылдағанда қолданылатын ақпарат сапасына; байланысты: қаржы ресурстарының шығын көлемі, пайда, деңгейі, кәсіпорынның нарықтық құны, инвестициялық жобалар және инвестициялаудың қаржылық аспаптарың балама тандау және тағы басқа көрсеткіштері кәсіпорын иесіне жан-жақты жақсылық денгейін және оны: экономикалық даму қарқынын қалыптастырады. Кәсіпорын пайдаланған капиталының мөлшер неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сапалы ақпараттың ролі арта түседі, өйткені кәсіпорын     экономикасының тиімділігін арттыруға қабылданатын қаржылық шешімдер сапалы ақпаратқа байланысты. Қаржылық менеджменттің ақпараттық жүйесі кәсіпорынның барлық қаржылық аспектілері бойынша тиімді оперативтік басқару шешімдерін жоспарлау және дайындау, сондай-ақ қажетті талдау жүргізуге толассыз бағытталған қажетті ақпараттық көрсеткіштер, дайындау. Қаржылық менеджменттің ақпарат жүйесі тек басқарушы персоналдар мен кәсіпорының иесін қажетті: ақпаратпен жабдықтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар         ол сыртқы шеңбердегі көптеген пайдаланушылардың қажеттілігін қантамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық ақпаратын негізгі пайдаланушылар төменде көрсетілген. Қаржы менеджмент ақпараты жүйесіне қатысты, ақпаратты пайдаланушылардың   құрамын  сипаттай отырып, атап кететін жай мынада, ақпарат пайдаланатын ішкі және сыртқы пайдаланушылардың ақпаратқа ымталылығы біршама ажыраңқы.

Сыртқы пайдаланушылар — ақпараттың белгілі бөлігін  яғни кәсіпорынның қаржы нәтижесі және оның қаржылық жағдайын сипаттайтын бөлігін пайдаланады. Бұл ақпараттық басым көпшілігі кәсіпорынның қаржы есебіңде болады.

Ішкі пайдаланушылар - жоғарыда аталған ақпараттан басқа  кәсіпорынның қаржы әрекеті жөнінде  коммерциялық құпиялығы бар көптеген ақпараттарды пайдаланады. Мұнан басқа, ішкі ақпарат пайдаланушылар біршама сыртқы көздерден құралатын қаржылық көрсеткіштерді пайдаланады.

Тиімді басқару шешімдер дайындауға және қабылдауға қаржылық ақпарат маңызды роль атқарады. Сол себепті қаржылық менеджмент сапалы ақпараттық жүйесін қалыптастыруға өте жоғары талап қояды.

Маңыздылық қаншалықты алынған ақпарат қаржылық шешім  қабылдау нәтижесіне әсерін тигізетіндіктігін  анықтайды, алдыменен кәсіпорынның қаржы стратегиясын қалыптастыру процесінде, қаржы аспектісінің бағытталған саясатын жасауда, оперативті қаржы жоспарын дайындауда маңыздылықтың ролі зор.

Толықтық - талдау жасауға, жоспарлауға және косіпорынның қаржы  жұмысының барлық аспектілері бойынша  оперативтік басқару шешімдерін қабылдауға керекті ақпараттық көрсеткіштердің жеткіліктігін көрсетеді.

Ақиқаттылық - қалыптасқан  ақпараттың қаржы нәтижесін және жағдайын нақтылы көрсетеді, сыртқы қаржы ортасын нақты сипаттайды.

 

 

Қаржы ақпаратын негізгі  пайдаланушылар:


Ішкі пайдаланушылaр


  • Кәсіпорының басқарушысы (директорлар)
  • Барлық деңгейдегі қаржылық менеджерлер
  • Кәсіпорының иелері (акционерлер)
  • Басқадай ішкі пайдаланушылар

Сыртқы пайданушылар


  • Кәсіпорының несиегерлері
  • Потенциалды инвесторлар
  • Кәсіпорынның    операциялың    жұмысы    жөніндегі контрагенттері       
  • Салық органдары
  • Аудиттік фирмалар
  • Қаржы   жөніндегі    шақырылған   кеңесшілер   және сараптаушылар    
  • Қор биржасы
  • Басқадай сыртқы пайдаланушылар

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар