Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,
мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5
I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің
анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11
II .2. Қаржы нарқы конъюнктурасын
сипаттаушы көрсеткіштер……………………………………......16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18
ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген
элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджментінің мәні.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе.................................................................................................3

 

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық  тұжырымдамалар.

 

    І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,

          мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5

   I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

 

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.  

 

  II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің

          анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11

   II .2. Қаржы нарқы  конъюнктурасын  

           сипаттаушы  көрсеткіштер……………………………………......16

 

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

 

  III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18

  ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген

           элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

 

Қорытынды.......................................................................................................28

 

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасында  нарық қатынасының дамуы жалпы  қаржының сонымен қатар салалық  қаржының ролінің артуына ықпалын  тигізді.

Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Әрбір дамыған қоғам, қоғам мүшесі немесе мемлекет өзінің қаржылық шығындары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат, алдын-ала  жоспар жасайды. Бұл заман талабы. Қазіргі таңда кез-келген дамыған нарықтық экономикалы елді алып қарасаңыз, осы мәселеге жолығасыз. Қаржылық менеджмент негізінен қажеттіліктерді анықтап, оған қанша қаражат, қандай көлемде, қай бағытта жұмсау керек екендігі туралы ақпарат болып табылады. Ол өткен жылғы мәліметтерге және шетел тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді.

Менеджмент — ағылшын  сөздігінде "manage" — басқару деген ұғым. Осыған байланысты, қаржы менеджменті - қаржыны басқару немесе кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы — оны пайдалану, тарату және ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын әдістер мен басқару шешімін іске асыру принциптерінің жүйесі. Қазақстан Республикасында тиімді қаржы менеджменті практикасы әлі бастапқы даму кезенінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық  қиыншылықтары, нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан қажетті мамандарды дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.

Еліміздің нарықтық экономикаға  енуі қаржылық басқарудың жаңа тәсілдерін талап етті, басқару жүйесінде  жаңа мамандықтың - қаржы менеджментінің пайда болуына ықпал етті. Қаржы менеджментінің түпкі мақсаты косіпорынның нарықтық құнын барынша молайтуды қамтамасыз ету,   пайданы   қалыптастыру   және   тиімді пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын арттыру. Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорын пайдасының өсуі бір-біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам, өндірістің дамуына инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан қашады,ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Қаржылық менеджмент бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі. Қаржыны басқару кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен  анықтауға   болады.   Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы   менеджменті   жұмыс   істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.

Кәсіпорындардың қаржы  қызметкерлеріне қойылатын жаңа талаптар "Қаржы менеджменті" курсының оқу жоспарының құрылымын және пәннің мағынасын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық  тұжырымдамалар.

  

 І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны, мағынасы және атқарымы

Нарықтық экономика  кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімінің бірі - қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып, "қаржылық менеджмент" деген атқа ие болды. Жұз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтті де өзінің пайда болған кезінен бастап көптеген өзгерістерге ұшырады.

Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білінуі туралы қаржы әдебиеттерінде екі негізгі бағыт (көзқарас) қалыптасқан:

1.   Қаржы екі  атқарым — тарату және бақылауды  орындайды.

2.   Қаржы   үш   атқарымды   орындайды:   табысты  қалыптастыру;     шығын     жасау-тарату;     тиімді бақылау.

Екі бағыттың ішіндегі дұрыс  негізделгені екінші бағыт. Шындығында, қаржыны тараптас бұрын, алдыменен  табысты қалыптастыру керек, яғни ресурстарды  қатыстыру арқылы ақша қаражаттары  қорын қалыптастыру қажет.

Соныменен, бірінші атқарым  қаржы менеджерінің жұмысында қаржы ресурстарын ақша қаражат қорына толық шоғырландырылуы арқылы айқындалады. Атап айтқанда толық және өз уақытында қаржы ресурстарын белгілі ақша қаражат қорына жинақтау қаржы-несие жүйесінің барлық бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында, табыстың толық туспеуі, яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің түспеуі, өндірісті қаржыландыруды, әлеуметтік төлемдерді төлеу және т.б. қаржыландыруды бұзады. Бұл дегеніміз қаржы менеджерінің жіберген қателіктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздестіру арқылы, шара қолдануды қажет етеді.

Өз уақытында табыстың түсуінің қажеттігі қаржы менеджерінің басты принциптерінің бірі болып  есептелінеді. Екінші атқарым — шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және қайта таратуда байқалады. Соныменен, қаржы менеджерінің қолындағы қаржы магниті уақытша бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді объектіге салған жөн болады.

Қаржылық менеджмент — бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың  шаруашылық әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.

Қаржыны басқару —  кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің  ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алуі мақсатыңда қаржы  ағымын басқаруды ұйымдастырумен  анықтауға   болады.   Қаржы   менеджменті   жұмыс   істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.

Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен  орындалады, ол басқарушы және басқарылушы  екі қосалқы жүйеден құралады.

Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектісі)


Қаржы қызметі және оның бөлімшелері



Басқарылушы қосалқы  жүйе (басқару объектісі)

қаржы қатынасы

қаржы

ресурстарының көзі

қаржы

ресурстары 

ақша     

айналымы


Кәсіпорынның қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі

 

Басқару субъектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі қаржы қызметі, оның бөлімдері және қаржы менеджері саналады. Қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып кәсіпорынның ақша айналымы саналады.

Кәсіпорынның қаржы  тетігі - бұл қаржы құралдары, қаржы  әдістері арқылы кәсіпорынның қаржы қатынасын басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетігінің негізгі элементтері: қаржыны басқару объектісі ретіндегі қаржы қатынасы, қаржы әдістері, қаржы құралдары, қаржыны басқаруды ақпараттармен және құқықпен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржы қатынасы.

Кәсіпорын деңгейінде қаржы қатынасының қамтитындары:

  • басқа кәсіпорындардан және мекемелерден шикізат, материалдар жеткізу, құрастырушы мүліктер, өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;
  • есеп айырысуға банкілік қызмет көрсету, несиелерді алғанда және жапқанда, валютаны сатып алу және сатуда және басқадай операциялар жасауға банк жүйесімен қатынас;
  • коммерциялық және қаржы тәуекелдіктерді сақтандыру жөніде сақтандыру компанияларымен және мекемелермен қатынас;
  • өндірістік және қаржы активтері операцияларына байланысты тауарлар, шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
  • инвестицияны орналастыру туралы инвестициялық институттарымен қатынас;
  • кәсіпорын қызметкерлерімен қатынас;
  • салық қызметімен қатынас;
  • аудиттік фирмалармен және басқадай шаруашылық етуші субъектілермен қатынас.

Барлық көрсетілген  түрлерге ортақ болып есептелетіндер, олардың ақша түрінде көрсетілуі және жинақы төлемі мен ақша қаражаттарының түсуін көрсету. Жалпынамасына қарамай жоғарыда аталған қаржы қатынастарын төрт топқа, олардың екі тобын сыртқы және екі тобын — ішкі қаржы қатынасына біріктіруге болады.

Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас. Бұл ақша төлеу көлемі жағынан ең ірі топ. Кәсіпорыңдар бір-бірімен дайын өнімдерді сатумен және шаруашылық әрекетке материал құндылығын алумен байланысты. Бұл топтың қаржы қатынасы бастапқы ролді атқарады, өйткені материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасалынады, кәсіпорындар өнімдерді са-тудан түсім және пайда алады. Бұл қатынастарды дұрыс ұйымдастыру өндіріс әрекетінің түпкі нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Қаржы-несие жүйесімен  қатынас әртүрлі болады. Алдыменен, бұл қатынас әртүрлі деңгейдегі бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен, салық төлемімен, сондай-ақ қаржы нарқы инфрақұрылымының мекемесімен байланысты.

Кәсіпорынның ішкі қаржы  қатынасы — бұл кәсіпорынның әртүрлі құрылымдағы бөлімдерінің арасындағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар, бригадалар, сондай-ақ, кәсіпорынның қызметкерлері — жұмысшыларының қатынасы.

Фирмалардың ішкі бірлестіктерінің қаржы қатынасы: жоғарғы тұрған ұйымдармен қаржы қатынасына, холдинг жағдайындағы фирмалардың ара қатынасына бөлінеді.

Қаржы қатынасындағы  оларға ортақтығы, олардың кәсіпорынның өздері жасаған шаруашылық операцияларының  нәтижесінде пайда болуында. Сондықтан  кәсіпорынның қаржы жағдайы алдымен  оның өндірістік-шаруашылығының күй-жайының сипатымен анықталады. Қаржы жүйесінің көрсеткіштері арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның шаруашылық әрекетіне әсер ете алады. Қаржы көрсеткіштеріне талдау жасағанда, жоспарлағанда, кәсіпорынның қаржысын басқаруда қолданылады және олар төмендегі топтарға бөлінеді:

- кәсіпорынның мүлкін бағалау көрсеткіштері;

- кәсіпорынның төлем   қабілеттілгі  және     өтемділік көрсеткіштері;

- кәсіпорын капиталы құрылымының көрсеткіштері;

- айналым қаражаттары жайының көрсеткіштері;

- рентабельдік және т.б. көрсеткіштер.

Қаржы әдістері — бұл  қаржыны басқару әдістері, оларға жататындар: қаржы есебі, талдау, жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны  реттеу, есептесу жүйесі, несиелеу, салық  салу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг  және т.б. Аталған әдістердің құрамды элементтері болатындар қаржы басқарудың арнайы әдістері: несиелер және қарыздар, пайыздық нормалар, дивидендтер және т.б.

Қаржы құралдары жалпы  түрде кез келген келісім шартпен  түсіндіріледі, онда бір мезгілде бір  кәсіпорынның қаржы активі және басқаның қаржы міндеттемесі ұлғаяды. Соныменен, қаржы құралдары — бұл ақшалай құны бар құжат, соның көмегімен қаржы нарқында түрлі операциялар орындалады. Қаржы құралдары бірінші және екінші түрге бөлінеді. Біріншіге жататындар: ақша қаражаттары, құңды қағаздар, ағымдағы операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар және т.б.

Белсенді нарық ортасының  қалыптасуы кәсіпкерлік әрекетте екінші қаржы құралдарының қалыптасуына және оның банк жүйесінде, өнеркәсіптік және сауда фирмаларының қаржы бөлімінде қолданылуына ықпал етеді.

  

 I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті

 

Қазіргі нарықтық экономикадағы  шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорындар әрекетінің әртүрлі аспектілерін басқару  жүйесіндегі ең бір күрделісі  және жауапкершілікті бөлімі қаржыны басқару, өйткені оған аса маңызды міндеттер жүктеледі:

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар