Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,
мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5
I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің
анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11
II .2. Қаржы нарқы конъюнктурасын
сипаттаушы көрсеткіштер……………………………………......16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18
ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген
элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджментінің мәні.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның  қаржы ақпаратын негізгі пайдаланушылардың  құрамына сипаттама

Өз уақытында болуы — жинақталған ақпараттық материал дер кезінде қолданылуы керек. Жекелеген ақпараттық көрсеткіштер, қаржылық менеджменте қолданғанда оның ақпарат жүйесінде бір күн ғана пайдаланылады. (Мысалы, шетел валюта бағамы, жекелеген қор бағамы және ақша құралдары), басқалары — айда, маусымда қолданылуы мүмкін.

Түсініктілік—ақпарат  белгілі стандартқа сәйкес, түсінікті, қарапайым жасалынып, барлық пайдаланушыларға жарайтындай болуы керек. Біреулерге түсінікті, басқаларға түсініксіз күрделі  болмауы тиіс.

Талғамалылық - кәсіпорынның қаржы әрекетін басқару процесінде жиналған ақпараттын пайдалану деңгейі  өте жоғары болады. Қаржылық менеджмент жүйесінде "ақпараттың көтігі" басқару  шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттық мәліметтерді тандап алу процесін қиындатады, бұл өз кезегінде мағынасыз, балама жобаны қалыптастыру шешімін қабылдау, кәсіпорынның қаржы әрекетін басқаруға қажетті ақпараттың процесін қымбаттатады.

Салыстырмалық арқылы жекелеген  активтердің құнын бағалау және кәсіпорынның қаржы нәтижесін сол сияқты кәсіпорынмен салыстыру мүмкіншілігі туады. Мұндай салыстырмалық жекелеген ақпараттық  көрсеткіштердің анықтауды сәйкестендіру арқылы қамтамасыз етіледі. Мұнда ұлттық және халықаралық қаржы есебі пайдаланылды.

Тиімділік - қаржы менеджментінің қаржы жүйесіне баскару шешімін дайындауға пайдаланылған ақпаратты қалыптастыруға керекті ақпарат шығыны тиімділіктен артпауы керек.

Қаржылық менеджментті ақпараттық жүйемен жабдықтау мағынасы, оның кендігі және терендігі кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен анықталады, олардың ұйымдастырылуы - құқықтық жұмыс істеу түріне және т.б. байланысты. Бұл жүйенің нақтылы көрсеткіштері сыртқы және ішкі ақпарат көзі арқылы қалыптастырылады.

Қаржылық менеджментті ақпаратпен жабдықтау жүйесінің  сыртқы көзі арқылы қалыптастыру көрсеткіштері, төрт негізгі топқа бөлінеді.

Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын сипаттаушы көрсеткіштер.

Бұл ақпараттық жүйе көрсеткіштері  тобы негізінен кәсіпорынның қаржысының стратегиялық дамуына (актив және капиталдық даму стратегиясы, инвестицияны пайдалануы, қаржылық менеджменттің болашақ бағытын сипаттаушы көрсеткіштерін. қалыптастыру жүйесі) талдау жасау және сыртқы қаржы ортасының жағдайына болжау жасауға қажет.

Бұл жүйе көрсеткіштерін қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика көрсеткіштерін пайдалануға болады.

Бірінші топ құрамына енуші көрсеткіштер — екі блокка бөлінеді.

Бірінші    блока - "Макроэкономиканың    даму көрсеткіштері"

Кәсіпорынның қаржысын басқару процесінде: қолданылатын төмендегі  негізгі ақпараттық көрсеткіштерден  тұрады:

  • ішкі жалпы  өнім және  ұлттық табыстың даму қарқыны;
  • қаралған кезендегі ақша эмиссиясының көлемі;
  • халықтың ақшалай табысы;
  • тұрғындардың банктегі  салған ақшасы;
  • инфляция индексі;    
  • орталық банктің есептеу мөлшерлемесі.

Екінші блокка — "Саланың  даму көрсеткіштері" кәсіпорынға   қатысты   сала   туралы   негізгі   ақпараттық көрсеткіштерді көрсетеді:

  • өндірілген (сатылған) өнімдердің көлемі,  оныңі серпіні;
  • кәсіпорынның жалпы активтерінің құны, оның ішінде айналым активі;
  • кәсіпорынның меншікті капиталының құны;
  • кәсіпорынның баланстық пайдасының сомасы, оның ішінде негізгі (операциялық) істен;
  • негізгі  жұмысы  бойынша  пайдаға  салық  салу мөлшерлемесі;
  • кәсіпорын өндірген өнімдеріне қосымша  құн салығының мөлшерлемесі және өнімге  акциздік салым;
  • қаралып отырған   кезенде   сала   өнімдеріне белгіленген баға индексі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II .2. Қаржы нарқы  конъюнктурасын  сипаттаушы көрсеткіштер

 

Бұл жүйенің нормативтік  көрсеткіштері ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция портфелін қалыптастыруға, қысқа мерзімді қаржы беруді жүргізу және басқадай қаржылық менеджмент аспектілерін орындауды басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылады.

Бұл жүйенің топтарын қалыптастыру мерзімдік басылымдар, коммерциялық қор,  валюталық биржалар және электрондық ақпарат көздерінде негізделеді.

Екінші   топқа   енуші    көрсеткіштер,    екі    блока бөлінеді:

Бірінші блокка — "Қор құралдары  нарқы конъюнктурасын сипаттаушы, көрсеткіштерге" төмендегі негізгі ақпараттық деректер кіреді:

  • биржада және биржадан   тыс қор   нарқы айналымдағы   негізгі   қор      құралдары   (акциялар, облигациялар және т.б.) түрлері;
  • негізгі қор  құралдарының түрлеріне  ұсыным және сұраным бағалары;
  • негізгі қор құралдары бойынша жасалған сауда көлемі және бағасы;
  • қор нарығындағы баға индексі.

Екінші блокка -"Ақша құралының нарық конъюнтурасын сипаттаушы көрсеткіштері" төмендегі ақпаратты қамтиды:

-   жекелеген коммерциялық банкте, қаржы несиесін мерзімі бойынша жіктеп   берудегі несие мөлшерлемесі;

-    жекелеген   коммерциялық   банктегі   депозиттік мөлшерлеме;

- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қатынаста жұмыс істеуіндегі қолданылған жекелеген валютаның бағамы;

-   коммерциялық   банк   бекіткен,   валютаны  caтудағы сатылу бағамы.

Контрагенттер және бәсекелестер ісін сипаттаушы көрсеткіштер.

Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі негізінен қаржы ресурстарының жекелеген аспектілерін қалыптастыруға және пайдалануға опсративті басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер әлбетте төмендегі блоктар бойынша қалыптасады: "Банктер", "Сақтандыру компаниялары", "Өнімдерді жабдықтаушылар", "Өнімдерді сатып алушылар", "Бәсекелестер" және т.б. Бұл топтын көрсеткіштерін қалыптастыру көзі - прессада басылған есеп беру материалдары, төлемді бизнес анықтамалары, жекелеген компаниялардың ақпараттары. Әрбір блоктың ақпараттың көрсеткіштерінің құрамы — олардың көлемі, инвестициялық және қаржылық жұмыстары, серіктестік қатынастың ұзақтык мерзімі және т.б. жағдайлары нақтылы қаржыны басқару мақсатымен анықталады. Ішкі көздерден қалыптасқан қаржынын менеджментті ақпаратпен жабдықтау жүйесінің көрсеткіштері үш топқа бөлінеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайын және қаржы әрекетінің нәтижесін сипаттайтын керсеткіштер.

Бұл ақпараттық жүйе көрсеткіштері  сыртқы және ішкі пайдаланушылармен  кеңінен қолданылады. Ол қаржыға  талдау жасау, жоспарлау, қаржы стратегиясын жасау, кәсіпорын бойынша қаржы  әрекетінің нәтижесінің көрсеткіштерін дайындауға қолданылады. Бұл топтың көрсеткіштері кәсіпорынның қаржы есебіне, деректеріне негізделеді. Бұл топ көрсеткіштерінің артықшылығы, олардың жалпы қолданылуы стандарттық есеп принциптеріне негізделген (типтік технология және қаржы ресурстарының жекелген аспектілерінің қалыптасуы және таратылуы жөнінде қаржы есептерінің алгоритмі пайдаланылады).

Сонымен қатар, қаржы  есебі негізінде қалыптасқан  ақпаратгың кейбір кемшіліктеріде бар, олардың негізгілері: ақпараттық көрсеткіштерді тек тұтас кәсіпорын деңгейінде көрсету, нәтижесінде ол жекелеген  салалардың қаржы әрекеттері туралы басқару шешімін қабылдауға кері әсерін тигізеді; есеп жасалуының өте төмен кезендігі (маусымына бір рет, ал жекелеген есептің түрі — жылына бір рет жасалынады); тек құндық көрсеткіштердің қолданылуы (қаржы ресурстарын қалыптастыруға баға өзгерісінің әсерін талдауды қиындаттырады).

Кәсіпорынның жекелеген  бөлімдерінің қаржы нәтижесін сипаттаушы көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі кәсіпорынның қаржы әрекетін ағымдағы және оперативті аспектілерін басқаруда қолданылады. Бұл топтардың көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру кәсіпорында ұйымдастырылған басқару есебің мәліметтеріне негізделеді.

Бұл есептің түрі біздің еліміздің кәсіпорындарының халықаралық  бухгалтерлік есебі жүйесіне ауысуына байланысты дамуда, ол қаржы есебін елеулі толықтыруға мүмкіндік тудырады.

Қаржыменен салыстырғанда  басқару есебі келесі ерекшелігімен  байқалады: ол тек қана құндық көрсеткіштермен қоса натуралдық көрсеткіштерді де қамтып көрсетеді (соған байланысты шикізаттың, дайын өнімдердің бағасының өзгеруі беталысы және т.б.) басқару есебінің нәтижесің беру кезені оперативті басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратқа толығымен сәйкес (қажет болған жағдайда ақпарат күнделікті беріліп турады).

Кәсіпорынның қаржысының дамуымен байланысты жоспарлау-нормативі көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер қаржы әрекетін орындауды ағымды және оперативті бақылау процесінде қолданылады.

Олар тікелей кәсіпорында  келесі екі блок бойынша құралады:

а) кәсіпорынның қаржысының дамуын реттеуші ішкі нормативтер жүйесі. Бұл   жүйеге кәсіпорынның жекелеген активтерінің нормативті қосылады; жекелеген активтер түрінің арақатынасы және капиталдын құрылымы, қаржы  ресурстары  және  шығындарынын нормативтерінің үлесі шығыны және т.б.;

б) кәсіпорынның қаржысының дамуының жоспар жүйесінің көрсеткіштері. Бұл блок көрсеткіштерінін құрамына  ағымдағы   және  оперативтік қаржы жоспарының барлық түрлерінің жиынтық көрсеткіштері қосылады.

Сыртық және ішкі көздерден  қалыптастырылғаң барлық көрсеткіштерді пайдалану, әрбір кәсіпорыңда қаржы  менеджментке қажетті бағытталған ақпарат жүйесін құруға мүмкіндік тудырады, сол арқылы стратегиялық қаржылық шешімдерді қабылдауға және қаржы әрекетін тиімді басқаруға ықпал етеді.

 

III-бөлім.  Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының  көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты

 

Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде  қарыз қаражатын қатыстырумен байланысты. Қарыз қаражатын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша  кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында – кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.

Кез келген бизнестің  негізі, оның меншікті капиталы болып  есептелгенмен, жекелеген экономика  салаларындағы кәсіпорындардың  пайдаланған қарыз қажаттарының көлемі меншік капиталының көлемінен  біршама артық болады. Осыған байланысты қарыз қаражаттарының қатыстыруды және оның тиімді пайдалануын басқару кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің жоғарға түпкі нәтижесін қамтамасыз етуге бағытталған қаржы менеджментінің маңызды атқарымының бірі болып есептеледі.

Кәсіпорынның пайдаланған қарыз капиталы, оның қаржы міндеттемелерінің жинақы көлемін сипаттайды. Бұл қаржы міндеттемелер қазіргі шаруашылық практикасында төмендегінше жіктелінеді:

  • ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме. Бұған кәсіпорынның атқарьшындағы пайдалану мерзімі бір жылдан астам қарыз капиталының барлық түрлері жатады. Бұл міндеттеменің негізгі түрлеріне ұзақ мерзімді банк несиесі және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары жатады;

қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме. Оған бір жылға дейінгі  пайдалануға қатыстырылған қарыз капиталының барлық түрлері жатады. Бұл міндеттемелердің негізгі түрлеріне қысқа мерзімді банк несиелері және қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, кәсіпорынның әртүрлі несиелік қарыздары (тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету; берілген векселдер бойынша алынған аванстар; бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп бойынша; еңбекақы; басқадай несие берушілер) және басқадай қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер жатады. Кәсіпорындардың нарықтық экономикадағы даму процесінде оның қаржы міндеттемелермен есеп айырынсуына қарай жаңадан қаржы қаражаттарың қатыстырудың қажеттілгі пайда болады.

Кәсіпорындардың қаржы  қаражаттарын қатыстыру түрлері  мен көздерінің көптеген түрлері  бар. Кәсіпорындардың  қатыстыратын қарыз қаражаттары   негізгі   белгілері    бойынша жіктелінеді.

Қатыстыру мақсатына  қарай:

- айналымнан тыс   активтер  өндірісін   қамтамасы  етуте қатыстырылған, қарыз қаражаттарына;

-  айналым   активтерін  толықтыруға қатыстырылған қарыз   қаражаттарына; 

- басқадай шаруашылық қажеттілігін немесе әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін қатыстырылған қарыз қаражаттарына    жіктелінеді;

Қатыстыру көзіне байланысты:

  • сыртқы  көздерден  қатыстырылған қарыз қаражаттарына;
  • ішкі көздерден қатыстырылған қарыз қаражаттарына жіктелінеді. Қатыстыру кезеңіне байланысты:
  • ұзақ   мерзімді   кезеңге  қатыстырылған қарыз қаражаттарына;
  • қысқа  мерзімді кезеңге қатыстырлған қарыз қаражаттарына жіктелінеді. Қатыстыру түріне қарай:
  • ақшалай  түрінде   (қаржы несиесі) қатыстырылған қарыз қаражатына;
  • жабдықтар   түрінде  (қаржы  лизинг) қатыстырылған қарыз қаражатына;
  • тауарлар түрінде (тауарлық немесе коммерциялық несие) қатыстырылған  қарыз қаражаттарына;
  • басқадай материалдық немесе материалдық емес түрінде қатыстырылған қарыз қаражаттарына жіктелінеді.

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар