Айналым активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтер, дамуы және тиымдылыгы

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20

2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23

3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.

3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31

Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 330.00 Кб (Скачать)

   Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік  құнды азайту болып табылады. Өнімнің  өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.

   Өнім  өндірудің қандай көлемінде, өткізуден  түскен табыс өнімнің толық өзіндік  құнына тең болатын және табыс  та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.

   Оның  негізгі мақсаттары:

- Өндірістің  қаупі көлемін анықтау;

- Өнім  өткізуден түскен табыстың қаупті  көлемін анықтау;

- Тұрақты  шығындардың қаупті деңгейін  есептеу;

- Өткізудің  қаупті бағасын  есептеу болып табылады.

   “Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды  бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің  рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.

   Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын  үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға  және өткізудің қаупті бағасын есептеуге  өте қажетті болып табылады.

   Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық  жалғасы – кәсіпо-рын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

   Жағымсыз  жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын  жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер  көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады [4].

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын тұрақтандырудың  ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына  келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық 

   Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін  азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен  облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

   Кәсіпорынның  банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер  көлемін азайту немесе төлеуден уақытша  бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [4].

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды  көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

   Кәсіпорынның  материалдық техникалық базасын  жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір  түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

   Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды  іске асыру мақсатымен кредиттер  тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [5].

   Меншікті  капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                  

   Меншікті  қаржы ресурстарынының көлемін  арттыру жолдары:

-тұрақты  шығындар сомасын азайту

-айнымалы  шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

   Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [4].

   Тәжірибеде  кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:

Меншік  иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда  әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық  тәуелсіздігінің немесе қаржылық  тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде  қаржылық тұрақтылықтың төмен  болуы болашақта міндеттемелер-ді  өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы  мүмкін, ал бұл өз кезегінде  кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз 2.

   Кәсіпорынның  төменгі төлемқабілеттілігі мен  рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.

   Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың  бірнеше жолда-рын атап көрсетуге  болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [3].

   Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа  дейін қысқарту пайда алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

   Жоғарыда  айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [7]. 
 

Қорытынды. 

   Бұл курстық  жұмыста кәсіпорынның айналым активтерін, қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның айналым активтерін талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

   Кәсіпорынның  айналым активтерін талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-

да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жаб-

дықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін  алдағы уақытта субъектілер болса  оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

   Аяқтай  келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым активтерінің жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.

   Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                  

   Кәсіпорынның  айналым активтерінің қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-

ды:                                                                                                                                        

1) көлденең  талдау;                    

2) тікелей  талдау;                                                                                                                    

3) трендтік  талдау;                                                                                                              

4) салыстырмалы  талдау;                                                                                                     

5) факторлық  талдау;                                                                                                                  

6) қаржылық  коэффициенттер әдісі.                                                                                                                                                                  

   Екінші  бөлімде  «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстылығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды:

   Кәсіпорынның  мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі  құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.

   Кәсіпорынның  негізгі проблемаларының бірі - төменгі  төлем қабілеттілік пен өтімділік  болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.

   Қаржылық  тұрақтығы жағынан кәсіпорын  сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.

   Кәсіпорынның  тағы бір негізгі проблемаларының  бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шығын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендегенімен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.

   Үшінші  бөлімде кәсіпорынның айналым активтерінің дамыту перспетивалары қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасалынды. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.

Информация о работе Айналым активтер