Айналым активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтер, дамуы және тиымдылыгы

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20

2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23

3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.

3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31

Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 330.00 Кб (Скачать)

   Баланс  жиыны кәсіпорын активтері мен  оны жабу көздерінің есептік баға-сын  ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл  активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.                                                                                                                                                                                                              

   1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін  қаржылық талдаудің әдістері 

   Нарықтық  қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар. [1]                                                                                                                         

   Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің  екі түрі бар: Акционерлерді, қалың  жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.  [6]                                                                                                                              

   Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік  ұсыныстар жарық көр-ді.

   Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.                    

   Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде  және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың  қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. [6]                           

   Жаңа  қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып  табылады.                                                                                                                             

   Нарық жағдайында айналым активтерін қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-тылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.[6]                                                                                                                                      

   Кәсіпорынның  айналым активтерін талдаудың әлемдік тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады: 

1) көлденең  талдау;                                                                                                                 

2) тікелей  талдау;                                                                                                                     

3) трендтік  талдау;                                                                                                               

   Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір  позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. [2]                                                                                                                                            

   Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері  бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.                                                                                                                      

   Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-тан да есептік  бухгалтер үлгі құрылымы секілді  оның  жеке  көрсеткіштерінің динамикасын  да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.                                          

   Трендтік  талдау барлық көрсеткіштер 100% деп  алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-теуге негізделеді. Басқаша  айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі. [2]                                                                                                                                             

   Қаржылық  талдаудың   нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.                                                                                                     

   Коэффициенттер  салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке бапта-рының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.    [4]                                                                                       

   Шешімдер  қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы оларды дұрыс  түсіндіруге байланысты болады. Бұл  – қатынастарды талдау-дың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.

   Қатынастарды  үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.                                                            
 

  

         2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері 

      2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері 

       «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

   Компанияның орталық офисі  Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

   Жұмысшылар  саны 85 мың адамды құрайды.

   Кәсіпорынның  әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері  бар, солардың қатарында Қазақстан  да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

   Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

   Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.»  компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

   Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

   Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай  және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

   Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен  бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда  Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

   Баланс  активтерінін құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген  түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

   Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.                                             

   Баланс  мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.   

   Активтер Сомасы, мың тг.    Құрылымы, %    Өзгеріс (+ ; -)
 
    
Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл соңында Мың тг. Үлес салмағы, %
Ұзақ  мерзімді активтер                              
Негізгі құралдар 147 795    210 260    40,03    58.44    +62 465    +42,26
Аяқталмаған өндіріс 45 300    17 280    12,27    4,80 -28 020    -61,85
Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар 18 590    18 590    5.03    5.17    0    0
Алдағы  кезең шығындары     395    655    0,11    0,18    +260    +65,82
Жиыны    212 080    246 785    57.44    68,60    +34 705    +16,36
Қысқа мерзімді активтер              0,00    0,00    0    0,00
Тауарлы-материалдық  қорлар 57 780    53 600    15,65    14,90 -4 180    -7,23
Дебиторлық  борыш 91 595    47 525    24,81    13,21 -44 070    -48,11
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар    0    670    0,00    0,19    +670     
Ақша  қаражаттары    1 505    5 470    0,41    1,52 +3 965    +263,46
Басқа да қысқа мерзімді активтер    6 290    5 715    1,71    1,58    -575    -9,14
Жиыны    157 170    112 980    42,56    31,40    -44 190    -28,12
Барлығы    369 250    359 765    100,00    100,00    -9 485    2,57

Информация о работе Айналым активтер