Айналым активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтер, дамуы және тиымдылыгы

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20

2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23

3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.

3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31

Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 330.00 Кб (Скачать)

   1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс  екі бөліктен: актив және пассивтен тұ-ратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ре-тінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

   Мүліктің  түрлері және олардың қалыптасу  көздері сапалық біркелкі белгіле-рі бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде  баланстың активі мен пас-сиві мүлік  және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады [4]                                                                                                                                          

   Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай  ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері  мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйекті-лікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтім-ді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шот-тардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.                                                                                                          

   Баланс  пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.                                          

   Бухгалтерлік  стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-ды.

     Олардың түсіндірмесі нарықтық  экономикасы дамыған елдердің  бухгалтер-лік есеп және аудит  тұрғысындағы жетекші ғалымдардың  еңбектеріне арқа сү-йейді.

   Осыған  орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері  теориялық көзқарас болып та-былады.

   Жоғары  оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер  мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-былады. [7]                           

   Активтер  дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

   Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құра-лында  былай жазылған: Баланс - бұл белгілі  бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл  бе-рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие бо-лады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс[14].

   Әрі қарай олар баланстың негізгі  элементтерін келесідей сипаттайды: Актив-тер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.                                                                                                                    

   Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей  анықталады:                                                                            

   «Актив  дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын  және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.                                                                                                                             

   Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда  болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.

   Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа   кетуіне) әкеліп соқтырады.                

   Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».                                                                                                        

   Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл  анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымыз-да берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттеме-сі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.[4]                                                                                                                       

   «Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

   Баланс  активі мен пассивін құру принциптері  бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне  байланысты, өтімділігі төмен активтерден  өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

   Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ  мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы  активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ  мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) ағымдағы  міндеттемелер.                                                                                           

   Баланс  қаржылық есеп беруде үш элементті  сипаттайды: активтер, меншікті капитал  және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

   Қаржылық  жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            

   1.Баланс  табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

   2.Баланс  кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде  статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып  жүрген есеп саясатына сай  осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы  қандай жағдайда тұр деген  сұраққа жауап береді, бірақ бұл  жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне  жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        

     3.Баланста салыстырмалы шаруашылық  аралық талдау жүргізу үшін  қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік  және уақыттық салыстырулармен  қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

     4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының  айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді. [4]                           

     5.Баланс есепті кезеңнің басы  мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің  жиын-тығы болып табылады, яғни  онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық       

операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік  жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен  баланстың динами-калық баптарына  қатысты, олар "материалдар", "дайын  өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар.                                                                                                                  

Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп бо-луы  мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.                                                                                             

   6.Баланста  кәсіпорынның активтерін сатып  алуда тарихи бағаны коддану  принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді. [4]                           

Информация о работе Айналым активтер