Айналым активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтер, дамуы және тиымдылыгы

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20

2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23

3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.

3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31

Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 330.00 Кб (Скачать)

Кесте-3 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

   3-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

   Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

   Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

   Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

   Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                           

   Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы қарыздың

   үлесін  сипаттайды.                                                                                                                               

   Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі  жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда  оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

     Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

   Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

   Мк - меншікті капитал;                                                                                                              

   Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

   Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

   Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:              

жыл басында  – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында  – 4,96 (299410:60355).                                                                            

   Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңі-нен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

   Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                       

   Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                     

   Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

   Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне  салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:            

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);                                                                     

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).                                                                                 

   Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің  басында активтерге салынған меншіктік  қаражаттардың  әрбір теңгесіне  қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын  дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.                    

   Арнайы  әдебиеттерде [2, 10] бұл көрсеткіш  үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет [10].                                           

   Кәсіпорынның  тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін  сипаттайтын ең бір маңыз-ды көрсеткіштердің  бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша  инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак                                                                                                  

   Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                        

   ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                     

   Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                                                                                                       

   Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда  анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс  тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті [6]. Біздің кәсіпорынымызда бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуел-сіздік коэффициентінің мәніне тең.:                                                                                    

жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);                                                                    

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).                                                                                             

   Капиталдың  құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар  инвестициалау коэффициентінде  қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықта-лады.

Ки=Мк / Нк                                                                                                  

   Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;      

   Мк  – меншікті капитал;                                                                                                                       

   Нк -  негізгі капитал;                                                                                                                                      

   Біздің  мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), со-ңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық бе-руінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, мен-шікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айна-лым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, бар-лық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады 
 

       3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары. 

     3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау 

     “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі  мен төлем қабілеттілігін талдау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі  ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.

   Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

   Осылайша  кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен  кредиторлар алдындағы қысқа  мерзімді міндеттемелерін уақытында  өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

   М.А.Федотов  өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді  қайта құрылымдау;

в)қысқа  мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар  активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару  шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).

   Мен бұл дипломдық жұмыста активтердің  өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:

1) Қысқа  мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді  қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл  әрине өз алдына банктің өзінің  несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық  мөлшерлеменің өзгеруіне алып  келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы  материалдық қорлардың мөлшерін  азайта отырып, ақша қаражатта-рының  көлемін арттыру. Сол арқылы  активтердің абсолютті өтімділігін  артты-руға қол жеткізу болады.

   Жоғарыдағы  айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

   Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша  обли-гациялар шығарумен алуға болады.

   Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.

   Бірінші әдіс  25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге  ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.

Информация о работе Айналым активтер