Персоналды баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 13:00, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................2
I ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІ.
1.1 Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы...4
1.2 Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және Тұжырымдамасы. ...................................................................................................................6
1.3. Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар......7

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі міндеттемелері және құқықтары....9
2.2. Жеке және ұжымдық еңбек келісім шарттары..............................................11
2.3. Еңбек ақы және еңбекті мөлшерлеу.............................................................12
2.4. Еңбек даулары...................................................................................................15

III НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОСПАРЫ.
3.1 Персоналды жоспарлауды ұйымдастыру және персоналдың құрылуы..........18
3.1.1 Кәсіпорындағы персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау..............................22
3.2.2 Кадрларды жинақтау және қабылдау, іріктеу................................................24
3.1. Персоналдың еңбек қорларының дамуы.........................................................25
3.2.1 Персонал еңбегінің нәтижесін бағалау...........................................................26
3.1.1. Персоналды оқыту...........................................................................................27
3.1.2. Персонал мотивациясы...........................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................30

Работа содержит 1 файл

дана курсовая.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

      Басқарудың  жоғары сатыларында стратегиялық сипаттағы  мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы мен  тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады, оның орындауына бақылау қойылады және кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық бөлімшелерде жалпы жетекшілік жасайды.

      Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы  және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қадағалауы керек.

      Ұйымның персоналын басқару жүйесі – персоналды басқарудың функциясын жүзеге асыратын жүйе. Ол жалпы және сызықтық жетекшіліктің  кіші жүйелерінен, сонымен қатар, біркелкі функцияларды орындауға мамандырылған  функционалды кіші жүйелердің қатарынан  тұрады:

    • жалпы және сызықтық жетекшіліктің кіші жүйесі
    • персоналды жоспарлау және маркетингтің кіші жүйесі
    • персоналды жалдау және есепке алуды басқарудың кіші жүйесі
    • еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесі
    • еңбек етуді қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етудің кіші жүйесі
    • персоналдың дамуын басқарудың кіші жүйесі
    • персоналдың мінез-құлқын мотивациялауды басқарудың кіші жүйесі
    • әлеуметтік дамуды басқарудың кіші жүйесі
    • басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың кіші жүйесі
    • персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыз етудің кіші жүйесі
    • персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етудің кіші жүйесі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     II ҚР ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ  
 

     2.1 Жұмыс берушімен жұмыскердің негізгі міндеттемелері мен құқықтары  

      Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар.

      Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.

      Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.

      Жұмыс беруші мен қазметкер арасындағы еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған, «Қазақстан Республикасының  еңбек туралы» заңына сәйкес бекітілген, жеке немесе ұжымдық келісім шарттармен, құқықтық нормативті актілермен реттеледі.

      Қызметкерлердiң  негізгi құқықтары мен мiндеттері

      1. Қызметкердiң құқықтары:

      1) жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген  тәртiппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

      2)  тең еңбегi үшiн қандай да  болсын кемсiтусiз тең ақы алуға; 

      3) қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына  сай келетiн еңбек жағдайларына;

      4) егер басқа заң актiлерiнде  өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға  немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға;

      5) демалысқа; 

      6) өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына  байланысты денсаулығына немесе  мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге;

      7) кепiлдiктер мен өтемақылар алуға; 

      8) еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен  немесе сот тәртiбiмен шешуге;

      9) жұмыс берушіден жеке еңбек  шартында тараптың атынан өкiлдiк  ететiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн  растауды талап етуге; 

      10) ұжымдық шартпен және жұмыс  берушiнiң актiлерiмен танысуға;

      11) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға  құқығы бар.

      2. Қызметкердің міндеттері:

      1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда  және жұмыс берушінің актiлерінде  жазылған еңбек міндеттерін адал  орындауға; 

      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;

      3) жұмыс процесiнде жұмыс берушiге  мүлiктік зиян келтіруге жол  бермеуге;

      4) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;

      5) жеке еңбек шартына сәйкес  өзiне сенiп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

      6) адамдардың өмiрі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер  мүлкінің сақталуына қатер төндiретiн  ахуал туындағаны туралы хабарлауға;

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

      7) міндетті зейнетақы жарналары  есебінен зейнетақымен қамсыздандыру  туралы шарттың көшірмесін ұсынуға; 

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді

      8) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы  зейнетақы қорынан басқасына  аударған кезде міндетті зейнетақы  жарналары есебінен зейнетақымен  қамсыздандыру туралы жинақтаушы  зейнетақы қорымен шарт жасасқаны  жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге;

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

      9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушіні оның еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен  мiндеттерi

      1. Жұмыс берушінің құқықтары:

      1) Осы Заңда белгiленген тәртіппен  қызметкерлермен жеке еңбек және ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

      2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден  осы Заңда көзделген, белгiлi  бiр еңбек қызметімен айналысуға  және (немесе) белгiлi бiр қызметтi  атқаруға мүмкiндігін растайтын  құжаттар берудi талап етуге; 

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда

      3) өз өкілеттігі  шегінде жұмыс берушінің актілерін  шығаруға.

      Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің  келісімімен ғана жүзеге асырылады;

      4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды  осы Заңда және өзге де нормативтiк  құқықтық актiлерде белгiленген  тәртіппен тәртіптiк және материалдық  жауапкершілiкке тартуға; 

      5) өзіне қызметкер келтiрген зиянды  өтеттіруге;

      6) 2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен алып тасталды

      7) өз құқықтары мен мүдделерiн  бiлдiру және қорғау мақсатында  жұмыс берушiлер бiрлестiктерiн  құруға және оларға кiруге;

      8)   қызметкерге сынақ мерзiмiн белгілеуге;

      9) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқытып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар.

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда  
 
 

      2. Жұмыс беруші міндеттері:

      1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

      2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын  қарауға, келіссөздер жүргізуге  және ұжымдық шарт жасасуға;

      3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;

      4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған  кезде онымен жеке еңбек шартын  жасасуға, қызметкерді ұжымдық шартпен  және жұмыс берушінің актілерімен  таныстыруға; 

      5) жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеп тұруға;

      6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы  еңбек демалысын беруге;

      7) Қазақстан Республикасының еңбек  туралы, еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың  талаптарын сақтауға;

      8) қызметкердің еңбек міндеттерін  атқаруы кезінде оның денсаулығы  мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;

      9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына  келтірілген зиянды Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  өтеуге;

      10) қызметкерлердің еңбек қызметін  растайтын құжаттардың және оларды  зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге;

      11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің  өмірі мен денсаулығына қауіп  төндірсе, оны тоқтата тұруға;

      12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы ескертуге;

      13) жұмыс орындары мен технологиялық  процестерде қатердің алдын алу  жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік  және ғылыми-техникалық прогресті  ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге;

      14) қызметкерден міндетті зейнетақы  жарналары есебінен зейнетақымен  қамсыздандыру туралы шарттың  көшірмесін талап етуге; 

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді

      15) жұмыс уақытының, соның ішінде жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс, әрбір қызметкердің зиянды (өте зиянды), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында, ауыр дене еңбегімен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебін жүргізуге;

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен профилактикалық, алдын ала және міндетті медициналық тексерулерден өткізілуге тиіс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.  
 

      2.2 Жеке және ұжымдық еңбек келісім шарттары  

      Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

Информация о работе Персоналды баскару