Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 13:00, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................2
I ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІ.
1.1 Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы...4
1.2 Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және Тұжырымдамасы. ...................................................................................................................6
1.3. Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар......7
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі міндеттемелері және құқықтары....9
2.2. Жеке және ұжымдық еңбек келісім шарттары..............................................11
2.3. Еңбек ақы және еңбекті мөлшерлеу.............................................................12
2.4. Еңбек даулары...................................................................................................15
III НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОСПАРЫ.
3.1 Персоналды жоспарлауды ұйымдастыру және персоналдың құрылуы..........18
3.1.1 Кәсіпорындағы персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау..............................22
3.2.2 Кадрларды жинақтау және қабылдау, іріктеу................................................24
3.1. Персоналдың еңбек қорларының дамуы.........................................................25
3.2.1 Персонал еңбегінің нәтижесін бағалау...........................................................26
3.1.1. Персоналды оқыту...........................................................................................27
3.1.2. Персонал мотивациясы...........................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................30
Персоналды басқару жүйесін құру қағидалары. Басқару қағидалары – басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез – құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:
Персоналды
басқарудың шартты қағидаларына персоналды
басқару функцияларының қалыптасуы
мен өндірістің мақсаты және өзгеру
жағдайлары жатады.
1.2
Персоналды басқару құрамы, басқару аспектілері
және тұжырымдамасы
Персоналды басқарудың құрамы. Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы ретінде қарастырылады
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.
Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.
Кіші және орта ұйымдарды персоналды басқару жөніндегі көп функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.
Кәсіпорынның персоналын басқару өзара байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:
Персоналды басқару аспектілері:
Персоналды
басқару тұжырымдамасы –
«Адам қорларын басқару » тұжырымдамасының шеңберінде персонал негізгі капиталға «теңестіру құқығына» ие және оған жұмсалатын шығын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады; кадрлық жоспарлау өндіріспен үйлеседі және қызметкерлер корпорациялық стратегиялардың объектісі болады; еңбекті топпен ұйымдастыру белсенді енгізіледі; сондықтан да бар күш команда құруға, адамдардың қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталады; кадрлық қызметтер ұйымдастырушылық және талдау-сараптау мәселелерін шешеді; сонымен қатар, компаниядща қызметкерлердің меңгеруін жетілдіру мақсатында бөлімше жетекшілеріне қолдау көрсетіледі.
Персоналды басқару тұжырымдамасының «ұлттық нақышы» бар деп есептелінеді. Мысалы, АҚШ – та ол прагматикалық түрде; адам мұқият сақтықпен қарайтын және салымдарды толық қайтара алатын ресурс есебінде қарастырылады, ал Жапонияда адам тек ресурс қана емес, сонымен бірге өз бетінше құндылық; бұл жерде корпорациялық мәдениет пен ұйымдастырушылық бағалылықтардың рөлі айтарлықтай жоғары. Қазақстанда персонал өзінің нағыз тұжырымдамасына әлі «қолы жеткен жоқ», бірақ отандық дәстүрлі көзқарас әрбір персоналды «өгей бала» түрінде қарау қалыптасқан.
Персоналды басқару әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.
Персоналды басқару әдістері төмендегіше топтастырылады:
Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларға еңбек ету керек екенін түсінген саналы себепке (мотивке) бағытталған. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі.
Экономикалық әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық әдістер оның әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің ынталандыруы орындалады.
Персоналды
басқарудың мазмұны – кәсіпорынның
тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің
жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында
жұмыскердің еңбек ету сапасын пайдалану
үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі
жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта
бөлу процестеріне өзара байланысқан
ұйымдастырушы-экономикалық және әлеуметтік
шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы
түрде ұйымдастырылған әсері.
1.3 Персонал қызметі
және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі
талаптары
Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде кадрлар қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелердің қатарына қойып отыр. Бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі ретінде кадрлар жұмысын қайта құру өткір түрінде белгілі болып тұр.
Экономиканың барлық салаларындағы сияқты өнеркәсіпте де:
Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін –кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.
Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорынның кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Бүгінде
отандық кәсіпорындардың
Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет.
Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
Егер әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі бұл мәселелер екінші дәрежеде болса, нарыққа өту жағдайында олар алдыңғы қатарда орын алып, оның шешілуіне әрбір ұйым мүдделі болып отыр.
Кадрлар қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару – бұл функция тек қана кадрлар қызметіне жатпайды. Осы және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субъектілері - өндірістік бөлімшелердің сызықтық жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысады.