Шағын және орта бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының маңызды компоненті болып табылады. Дамыған елдер экономикасында осы шағын және орта бизнес үлесі басыңқы. Сондықтан осы елдер экономикасы жоғары дамыған болып саналады. Себебі, ол халық тұрмыс жағдайына, әл-ауқатына, жұмыссыздық деңгейіне - жалпы айтқанда экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ
Шағын және орта бизнес түсінігі.....................................................................4
1.2 Шағын жіне орта бизнестің ел экономикасына әсері және оны дамыған мемлекеттермен салыстыру....................................................................................6
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы және оның мониторингі............................................................................................................10
ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары………..............................……..............................................................18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

шағын және орта бизнес.docx

— 99.32 Кб (Скачать)

    Ағымдағы  жылда қаржылай қолдау мақсатында  шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына  екінші деңгейдегі банктер арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржатын шартты орналастыру бағдарламасы бойынша 3,4 млрд. теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасын іске асыру аясында екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлердің 10,3 млрд. теңге сомасындағы кредит бойынша 63 өтінімін қарауға алды, соның ішінде  1-бағыт бойынша – 528,0 млн. теңге сомасындағы кредитке 5 өтінім, 2-бағыт бойынша – 8,7 млрд. теңге сомасындағы кредитке 56 өтінім (5 өтінім АФК кредиттеу комитетіне жолданылды), 3-бағыт бойынша – 1,1 млрд. теңге  сомасындағы кредитке 2 өтінім (1 өтінім РКС-ке қаралуға ұсынылды). «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚ филиалы бірінші ағымдағы жарты жылдықта 33,3 млн. теңге сомасында шағын кредиттер берді, сонымен бірге ауылдағы шағын және орта бизнесті кредиттеу бағдарламасы бойынша облыстық бюджет қаражатынан 2,0 млн. теңге бөлінді. «Продкорпорация» АҚ өкілдігі арқылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына 173,4 млн.теңге бөлінді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға, инвестициалық жобаларды қаржыландыруға және қайта өңдеу құрал-жабдықтарын алуға 3004,3 млн. теңге, соның ішінде қаржылық лизинг бойынша 495,3 млн. теңге, инвестициялық жобалар бойынша 2509,0 млн. тг бөлді. Облыстың қалалары мен аудандарында кредиттік бірлестіктер жұмыс істейді, олар 50,5 млн. теңге сомада кредит бөлді. Екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік үшін қаражат ұсыну көлемі бойынша негізгі кредит көзі болып табылады. Өткен жылы (5 ай ішінде) шағын бизнес субьектілеріне екінші деңгейдегі банктер 14,0 млрд. теңге бөлді, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 89,7%  құрады.

    Кәсіпкерлерді мүліктік қолдау мақсатында өндірістік үй-жайлармен қамтамасыз ету үшін бос тұрған немесе пайдаланылмайтын мемлекеттік меншік объектілерін ақысыз жалға немесе сенімгерлік басқаруға  беру жүргізілуде. Ағымдағы жылы сенімгерлік  басқаруға 4, меншікке 1 объект берілді.

    Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мақсатында 566 жер учаскесі табысталды, 84 пәтерді  қайта жоспарлауға рұқсат берілді. 
Шағын бизнес кәсіпорындарынан тауарлар мен қызметтер сатып алу мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің облыста өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуы қамтамасыз етілуде, субъектілердің аталған санатындағы көлемі 11,3 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 41,2% құрады./11/
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Жалпы кәсіпорындардың  3 түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды роль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді. Кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. 2010 жылғы 1 қазанға ШОК - та жұмыспен қамтылғандар саны 2156,9 мың адамды құрады. Бұл, әрине қуантарлық жайт. Проблемалар бар және олар әлі алда болады, дегенмен іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылда қаржылай қолдау мақсатында  шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына  екінші деңгейдегі банктер арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржатын шартты орналастыру бағдарламасы бойынша 3,4 млрд. теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлерді мүліктік қолдау мақсатында өндірістік үй-жайлармен қамтамасыз ету үшін бос тұрған немесе пайдаланылмайтын мемлекеттік меншік объектілерін ақысыз жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жүргізілуде. Ағымдағы жылы сенімгерлік басқаруға 4, меншікке 1 объект берілді. Міне, осындай шаралар қолданылуда әрі дамытылу үстінде. Еліміз алдағы уақытта алдыңғы қатарлы дамыған 50 ел қатарына қосылуына бір үлкен үлесін қосатын осы шағын және орта бизнес мәселесін ерекше қарастырады. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер осы жайттарды толығымен сипаттап, жылдан жылға шағын және орта бизнес субъектілер саны көбейіп, облыстар бойынша өсіп, жұмысбастылық деңгейін көтеретінін көріп отырмыз.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан «Қазақстан – 2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде, 2-бөлім, 50-52 бет: Астана, 2007.

2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход, 63-66 бет: Алматы, 1999 г.

3. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ, 87-105 бет: Алматы, 1999г.

4. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом, 23-27 бет:Москва,  1999 г.

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

6. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.

7. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты, 96-101 бет: Астана,

1996 г. 

8. www.stat.kz

9. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Жедел ақпарат: № 06-04/332

2010 жылғы 14 қазан.

10. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Жедел ақпарат: № 05-04/70 2010 жылғы 15 ақпан.

11. www.kaz.gazeta.kz

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту