Шағын және орта бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының маңызды компоненті болып табылады. Дамыған елдер экономикасында осы шағын және орта бизнес үлесі басыңқы. Сондықтан осы елдер экономикасы жоғары дамыған болып саналады. Себебі, ол халық тұрмыс жағдайына, әл-ауқатына, жұмыссыздық деңгейіне - жалпы айтқанда экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ
Шағын және орта бизнес түсінігі.....................................................................4
1.2 Шағын жіне орта бизнестің ел экономикасына әсері және оны дамыған мемлекеттермен салыстыру....................................................................................6
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы және оның мониторингі............................................................................................................10
ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары………..............................……..............................................................18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

шағын және орта бизнес.docx

— 99.32 Кб (Скачать)

    Жоспар 
 

Кіріспе.......................................................................................................................3

І ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ

    1. Шағын және орта бизнес түсінігі.....................................................................4

1.2 Шағын жіне  орта бизнестің ел экономикасына  әсері және оны дамыған мемлекеттермен  салыстыру....................................................................................6

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

    1. ҚР-дағы шағын  және  орта  бизнестің  жағдайы және оның мониторингі............................................................................................................10
    2. ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары………..............................……..............................................................18

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының маңызды компоненті болып табылады. Дамыған елдер экономикасында осы  шағын және орта бизнес үлесі басыңқы. Сондықтан осы елдер экономикасы жоғары дамыған болып саналады. Себебі, ол халық тұрмыс жағдайына, әл-ауқатына, жұмыссыздық деңгейіне - жалпы айтқанда экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді. Кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.

    Бәрімізге мәлім, кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

    Сондықтан   осы  курстық жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

    Шағын  және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі  болып  тұрған  проблемаларды  қарастырып, оларды шешу  жолдары  арқылы  осы  секторды  дамыту  жолдарын  зерттеу курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.

    Міндеттері:

  1. Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы ролін  қарастыру;
  2. Шағын және  орта  бизнестің Қазақстан Республикасындағы жағдайына мониторинг жүргізу;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

    Жалпы еліміздің қазіргі экономикалық шағын және орта бизнес жағдайын сипаттап білу үшін статистикалық мәліметтер келтірілді. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан ІІ бөлімі негіз бола отырып, сонымен  қатар экономикалық әдебиеттер, интернет-журналдар  мәліметтері қолданыла жазылды. 

І  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ 

1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі 

    Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін  ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу  көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі./2/ Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген./3/ Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады./4/ Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды. Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

    Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар  және сату көлемі 20 млн доллардан  аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ  бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

    Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады »./5/

    Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін–бірі алмастырады. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі–біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқа да ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.  

1.2 Шағын жіне орта бизнестің ел экономикасына әсері және оны дамыған мемлекеттермен салыстыру 

    Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды роль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

  • қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
  • ассортименттің кеңеюімен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
  • тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
  • экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
  • өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
  • қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
  • адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
  • еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
  • меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
  • ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
  • жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
  • ірі кәсіпорындарға комплектелінетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
  • арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату.

    Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

    Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі  экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы  жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

    Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз-өздерін теңгеруі.

    Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

    Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше  мемлекеттік органдардың жиі  араласуы.

    Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал–жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

    Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік  маңызды мәселелерінің бірі болып  табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік–ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

    Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару  объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері  бар. Егер бұл сұраққа басқару  қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін  көрсетуге болады:

  • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
  • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
  • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
  • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу).

    Шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет./6/ Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

    Көптеген  шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді./7/ (1 кесте) 

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту